Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ожа Ахмет Иассауи туралы шағын мәлімет жазыңыз.




Ахмет Иассауи– білімпаз ғалым, ақын, ойшыл, бүкіл түрік жұртының рухани атасы. Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып, қазақ жерін Үнді, Қытай, Еуропамен байланыстырған Түркістан қаласында тұрды.

Иассауи жеті жасында ата-анасынан жетім қалып, Түркістанда апасының қолында тәрбиеленді. Екі ұстазы болған. Бірі – Арыстан баб, екіншісі – Бұқарадағы Қожа Иусуф Хамадани.

Екеуі де дүниеге қызықпайтын, дін тазалығын, адамдық жолын ұстаған кісілер еді. Қожа Ахмет Йассауидың өзі де осы жолды таңдады.

Иассуи – сопылық әдебиеттің өкілі. Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға, шәкірт тәрбиелеуге арнады. Ол алпыс үш жасында жер астынан бір кісілік жертөле-қылует жасатып, «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады» – деп қалған өмірін сол жер астында өткізген. 73 жасында қайтыс болған. Ибрахим, Гауһар есімді ұлы-қызы бар екен, ұлы жастайынан қайтыс болыпты. Қызынан тараған ұрпақтары ішінен шығысқа аты мәлім ғалым, жазушылар шыққан.

Иассауи жер астында отырып, соңғы он жылында «Хикметтер» атты кітабын жазған. Кітабы адамдық, ізгілік жолына үндейді. Адамдардың пейілі бұзылып, заманның азғанына қиналады.

Иассауидың даналық ойлары Баласағұни мен Абайдың пәлсапасының орта тұсында жатыр. Сондықтан да осы үш ойшылдың көзқарастары өте ұқсас. Үшеуі де бір арнадан бастау алып, бір дәстүрден сусындаған. Ол –қазақ әдебиетінің терең тамырлары. Мысалы, Йассауи де, Баласағұни де, Абай да бес нәрседен қашық болуды айтқан.

Иассауи сақтандырған бес нәрсе мыналар:

Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол;

Менмен, тәкаппар болма;

Дүние-мүлік үшін арыңды сатпа;

Арамдықтан аулақ бол;

Еріншек болма.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных