Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ІІ. ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ




Негізгі терминдік ұғымдар:

Әдебиеттану, әдебиет теориясы, әңгіме, роман, повесть, библиография, ғұмырнама, поэтика, историография, мәтінтану, мәтін түсініктемесі.

Архитектоника (грекше – architecton) – әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі.

Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтардан туындайды.

Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы.

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр.

Фольклор – халық арасында туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнері, оның айтылу және орындалу ерекшеліктері.

Фольклортану - неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша (ағыл. folkхалық, loreданалық) – халық даналығын зерттейтін ғылым.

Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Нақтылай айтқанда, әдебиеттану – көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым.

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.

Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы.

Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері.

Баллада (французшаballada – би әні) – поэзия жанры, оқиғаға құрылған лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Орта ғасырдағы француз поэзиясының би үстінде айтылатын, махаббат тақырыбын жырлайтын оқиғалы жыры ретінде пайда болған баллада кейінірек ағылшын, шотланд поэзиясына сіңісіп, жаңаша тұрпат иеленіп, халық әдебиетінің лиро-эпикалық әмбебап, шағын жанры болады. Ендігі жерде баллада – өткеннің ерлік істерін, қыз бен жігіттің қайғылы махаббатын, аруақ, жын-шайтан араласқан үрейлі оқиғаларды, т.б. жырға қосатын елгезек жанрға айналады.

Декаденс (французша decadence – түңілу деген мағынаны білдіреді) – ХІX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында сол кезеңдегі рухани өмірде, көркемөнерде, философия мен эстетикада орын алған дағдарыстың әдебиеттегі көрінісі, өмірден түңілу, үмітсіздікке бой алдыру, торығу сарындары басым әдеби құбылыс.

Идиллия (гректің eidyllion – ықшамды өлең) – қарапайым еңбек адамының табиғат аясында қамсыз, алаңсыз өмірін суреттейтін өлеңдер. Алғашқы үлгілерін көне дәуірде ежелгі грек ақындары туғызған. Кейін ХІХ ғасырларда Еуропа әдебиетінде, орыс әдебиетінде осы үлгідегі поэзиялық туындылар пайда болды. Идиллия кең мағынасында алаңсыз, тыныш, тату-тәтті күй кешу деген ұғымды білдіреді.

Классицизм – (латынша classicus – ең үлгілі) – ХҮІІ-ХІХ ғасырларда әдебиет пен өнерде өріс алған әдіс. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы грек және Рим классиктерінің шығармаларын үлгі тұтты. Классицизмге тән ерекшелік көркем шығарманының құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мыс., драмалық шығармаларды «үш бірлікті» сақтай отырып отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік 24 сағаттың ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен бірі туып, бір ізбен дамып отыратын жалғыз ғана сюжеттік шиеленіс болуы керек). Классицизм теорияшылары өзінің жоғары этикалық идеясы мен эстетикалық талғам биігіне сай әдебиеттегі жанрларды «жоғарғы» және «төменгі» деп бөлді. «Жоғарғы» жанрға трагедия, эпопея, ода, т.б. жатса, «төменгі» жанрға комедия, сатира, мысал, т.б. жатқызады.

Новелла (итальянша novella) – көлем жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде, өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таң қаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын, күтпеген жерден аяқталады.

Памфлет (ағылшыншаpamphlet – парақ) – әдеби-публицистикалық жанр. Памфлетте негізінен нақты бір құбылыстың, саяси топтың жетекшілерінің типтік ерекшеліктерін дәл тауып әшкерелейді. Памфлет қарасөзбен де, өлең түрінде де кездесе береді. Ол көпқырлы жанр, онда сол заманның саяси әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындала ашылып отырады.

Реализм (латынша realis– заттылық, шындық) – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат- белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.

Романтизм (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) – әдебиеттегі, көркемөнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.

Сентиментализм – (франц. Sentiment – сезім, сезімталдық деген сөзден алынған) – ХҮІІІ ғасырдаң екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде дамыған көркем әдебиеттегі ағым. Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өрістеді. Сентиментализмде – жазушы айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, өзінің әртүрлі сезім-әсерлерін және басқа сондай жанама жайларды қосарлап бере береді.

Символизм – модернистік ағымның ең мәнді саласы. «Символ» сөзінен бастау алған. Өмірдің құпия тылсымдарын меңзеу, ишаралау арқылы бейнелеуді ұстанатын ағым.

Сонет (итальянша сыңғырлау, сылдырлау деген сөз) – әр шумағы 14 тармақтан құралатын өлең түрі. Өлеңнің шумақтық кестесі мейлінше күрделі болып келеді. Тармақтары екі рет төрт-төрттен, одан соң үштен топтасады. Алғашқы төрт тармақта айтылған ойды одан кейінгі төрт тармақта өрістетіп, кейінгі екі қатар келетін үш тармақтарда түйіндеп, тиянақтап бітіреді. Сонетте ұйқастарды өрнектеп келтіруге, үйлес сөздердің әуезді болып, сыңғырлап айтылуына да назар аударылады.

Янсенизм – (негізін салған голландық Корнелия Янсения атына байланысты) католиктік шіркеу негізіндегі, бірақ оның кейбір догмаларына қарсы тұратын діни ағым. Янсенизмнің философиялық мәні адам жаны құтқарылатын болжамдық және қасиеттілік идеяларына саяды. Янсенистік қоғамдастықтың орталығы Париждегі Пор-Рояль атты әйелдер монастыры болды. Оның рухани жетекшілері – филологтар, заңгерлер, философтар – Аптуан Арно, Пьер Николь, Лансело, Амон, Леметрлер болды.

Элегия (грекше – elegeia – аянышты жыр) – мұңды лирикалық өлең. Көбіне тұңғиық ойға шому, қамығу, жабығу сарындары басым болып келеді. Алғашқы нұсқалары егі тармақты өлең күйінде ежелгі грек, Рим поэзиясында қалыптасқан. Ол кезде тақырыбы, мазмұны алуан түрлі болып, ақынның әр қилы өмір, тіршілік туралы толғаныстары қамтылған. Жаңа дәуірдегі Еуропа әдебиетінен мысалға Гетенің «Рим элегиялары» шығармасын алуға болады.

Эпиграмма (грекше epigramma – жазу) – сықақ өлең, жеке адамға айтылады. Ертеректегі грек, Рим әдебиетінде туған нұсқаларында тақырып ауқымы өте кең болған. Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, әр түрлі қоғамдық жағдайлар сыналған.

Ямб – Еуропа және орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлең жүйесінде қолданылатын өлшемнің бірі, екі буындық ырғақтық өрнек. Бұл өрнек Ежелгі Римде Катулл поэзиясында қолданылған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных