Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалпы стилистика салаларын сипаттаңыз.




Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды. Ең алдымен, стилистика ғылымы аясының кеңеюіне, жаңа бағыттарының пайда болуына танымдық бағдарларға негізделген ғылыми ілімдердің қарқынды дамуы ықпал етуде. Соған орай қазіргі тіл білімінде стилистика ғылымын дамудың жаңа аспектілері тұрғысынан зерттеп-зерделеп, ғылыми тұрғыдан негізделіп, жүйелі қарастырыла бастады. Оның түрлері айқындалып, салалары орныға бастады: ортостилистика, мәтін стилистикасы, прагмастилистика, экспрессивтік стилистика, тарихи стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, кодтау стилистикасы, декодтау стилистикасы, т.т. Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Лингвистикада тіл стилистикасын зерттеудің бағыттарын және соған сәйкес стилистиканың салаларын мынадай бинарлық қарама-қарсы қою әдісі арқылы ажыратып көрсетуге болады: зерттеу нысанына қарай бөлінісі; тіл мен сөйлеудің дихотомиясына қарай стильдердің бөлінісі; тілді зерттеудегі мақсат-міндетіне қарай бөлінісі; тілдерді өзара салыстыра зерттеу ерекшелігіне қарай бөлінісі; темпоралдық салыстыруларға қатысына қарай бөлінісі. Осыған байланысты қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының жалпы стилистикалық жүйедегі орны, соның ішінде функционалды стилистикамен байланысы және қатынасы анықталады.

 

 

5. Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мақсат-міндеті мен мазмұны.

Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады

Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда кеңейіп, тармақтала түсті. Барынша жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады. Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы ескерілмей, ол тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін болып шығады. Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер туралы ғылым деп қана қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің стилистикалық қорын (ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі стилистикалық қор функционалды стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте келе белсенді қатысады. Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы жалпы стилистикаға тән анықтама деуге болады. Жалпы стилистика зерттеу бағыттарына қарай іштей тармақталады. 1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы - құрылымдық стилистика. 2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім — функционалды немесе қолданымдық стилистика. 3. Көркем әдебиет стилистикасы. 4. Нормативті, практикалық стилистика. Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін олардың нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшелікте, ауызша, жазбаша т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады. Көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың ерекше салада, ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді. Ал, практикалық стилистиканың міндеті - стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастыру. Бұған негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның өзі сөз қолданудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптастырады

Мақсаты: - студенттерге қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті негізгі ұғымдары мен категориялары туралы базалық білім беру, кез-келген қазақ тілінің стилистикасы мәселелерінің ғылыми және қоғамдық проблемаларын жетік меңгеру, қазіргі қоғамдағы лингвоэкологиялық жағдаяттарды толық игерту, қазақ тілінің стилистикалық мәселелерін анықтап білу осы курстың мақсаты болып табылады.

Міндеттері: - қазақ тілінің стилистикасын ғылым ретінде толықтану;

- қазіргі элемдік және қазақ тілінің стилистикасы ғылыми – теориялық мәселелерін анықтау;

- ҚР -дағы қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті негізгі аспектілерін мәселелерімен салыстыра отырып талдау жүргізу;

- қазақ тілінің стилистикасының негізгі басты ұғымдарын анықтау;

- қазіргі қазақ тілінің стилистикасының негізгі тілдік емес факторларын саралау;

- қазіргі қазақ тілінің стилистикасының і негізгі тілдік факторланын дәйектеу.

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.

Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.

Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.

Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай түйіндейді:

1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;

2) Стиль - тарихи категория;

3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.

Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады

 

 

6. Сөз байлығы, сөз дәлдігі, сөз қолданудың стильдік ерекшелігі туралы түсінік.

1. Сөздің дәлдігі

Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес» деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар - әдеби тіл нормасынан сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттандырмайды, өйткені сол «жаман емес» - тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сыяды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес» - тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің беруін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты пайдаланғанымыз болып шығады.

Сөз дәлдігі туралы сапаға қойылатын талаптар әр түрлі. Солардың бірі- сөздерді тілдегі мағынасына лайық қолдана білу. Бұл тұрғыдан мектеп оқушыларында стильді-лексикалық қателер кездеседі: а) «бұл кеншарда қой басын өркендетіпті» деген сөйлемдегі ойды түсінуге болады, бірақ «өркендету» мағынасында қолданбаған. Атап айтқанда, қой шаруашылығын өркендету деп айтуға болғанмен, қой басына байланысты санын көбейту деген сөзді қолдану тиімді. ә) сөздің ұғымы мен мағынасын және статистикалық реңін нақты білмеуден қате жібереді. Сөздерді өз мағынасына сай колдану, дәлдіктен көз жазып қалу, басқалардан гөрі дыбысталуы ұқсас, бірақ мағынасы әр басқа немесе бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болған сөздерді (паронимдерді) жұмсауда кездеседі. Мысалы: 1.Шешесі суйектерін сырқыратып орнынан тұрды. 2. Жігіт жусан иесіне еліктеп мас болғанын сезбеді. 3. Мүйізден зерделеген сандықтың құрсау қаңылтырлары ғана жатыр. Бұл жерде сырқыратып емес, сыртылдатып, еліктеп емес елітіп, зерделенген емес зерленген. б) дәлдікке қатысты мәселенің бірі, зат, құбылыс пен оның атауы сөз арасындағы байланысты жете тани алмаудан қате жібереді. Мысалы: Күздің алтын күрек желі есті деген сөйлемдегі «алтын күрек» деген тіркес күзде емес, халық көктемде қарды ерітетін жылы желді айтады. в) сөз-белгілі зат пен құбылыс атауы. Сөзді білгенмен оның қандай затты, құбылысты белгілейтінін білгенмен немесе шала-шарпы ғана игерген оқушы дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осы айтылғандар керісінше зат пен құбылыстың дәл атауын, қалай аталуын білмеу, не оған мән бермеу сөз дәлдігінен жаңылуға себеп болады. Мысалы, бота деудің орнына түйенің баласы деп қолданады т. б.

2. Сөздің логикалығы.Логикалық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз.Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, формальдық логиканы заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал, мұндай қателер көп реттерде ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі логикалық екпінді қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына тиісінше мән бермеушіліктен болып жатады.

3. Сөздің тазалығы.Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас кейбір жерлері кездеседі. Тілдің мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұсқан келтіретін факторлар аз емес. Оларға, мәселен, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерлен енген сөздерді қалай болса солай жұмсау (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздерді (деалектизмдер) талғамсыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың, әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады.

Әрине, бұл аталғандар мүлдем қолданыстан шығып қалуға тиіс деген жаңсақ ұғым тумасқа керек. Әңгіме олардың жөнсіз пайдаланыла бермеуінде болып отыр. Ал, көркем шығармадағы кейіпкер сөздерінде, тиісті ортаға байланысты олардың жұмсалу реттері болатынын теріске шығармаған жөн.

Тіл тазалығына кедергі келтіретін ілгеріде айтылған жайлардың бірі – варваризмдер. Бұл құбылыс қазақ тілінде баламасы бола тұра орыс сөздерін қолдануда байқалады.

Таза ана тілін шұбарлайтын екінші фактор – жергілікті тіл ерекшеліктері. Шындыққа келгенде, диалектизмдер де ана тілінің байлығын, кең тынысын, зор ауқымын танытады. Алайда, бұл – статистикалық тұрғыдан алғанда жай. Тұтастай алғанда, жергілікті тіл ерекшеліктеріне тосырқай қарау, жатсыну дұрыс та болмас. Қазақтың белгілі сөз шеберлерінің талайы тілімізде диалектілік құбылыстардың бар екеніне күмән туғызады. Ол – жекелеген авторлардың пікірі делік, ал диалектизмдердің біздің тілімізде де бар екендігін үлкенді-кішілі ғалымдарымыз ондаған жылдар бойы дәлелдеп келе жатыр.

Тіліміздің байлығының көрінісі бола тұра, диалектизмдердің қолданылуында белгілі заңдылықтың сақталғаны дұрыс. Атап айтқанда, жергілікті ерекшелігі бар сөздерді бірден әдеби тіл ретінде қолданылудың біршама қиындығы бар, себебі тыңдарманға немесе оқырманға бірден түсінікті бола бермейді. Тіпті әңгіме диалектизмнің түсінікті немесе түсініксіздігінде ғана емес, дағдыдағы қолданыста болмаған соң, тіл шұбарлаушылық көзге ұрып тұрады. Кейбір жағдайда күлкі туғызуы әбден мүмкін. Мәселен, шығыстың қазағы таңданарлық құбылысқа не әлдебір нәрсеге эмоциялық күйін «көрім» деген сөзбен білдіріп тұрса, тыңдаушысының (бұрын бұл сөзді естіп, оқымаған болса) бей-жай тыңдап тұруы екіталай. Сондай-ақ, оңтүстік қазағының «биыл төрт бөлмелі жақсы там тұрғызып алдық» деген сөйлемін естіген солтүстік қазағының төбе шашы тік тұруы ғажап емес, өйткені солтүстік аймақта «там» сөзі тек о дүниелік болып кеткен адам адам басына қойылатын үй туралы түсінеді.

Ауызекі сөйлеуде болсын, салқын қанды хабарларды жазуда болсын кәсіби сөздер мен кеңсе қағаздарына тән сөздерді, сөз тіркестерін (канцеляризмдер) қолдануда тілдің тазалығына белгілі дәрежеде нұқсан келтіреді. Мәселен, экономика мен шаруашылықтың, мәдениеттің әр саласында пайдаланылуға тиісті сөздердің сол тиісті салалардың мамандарына түсінікті болары мәлім, ал олар қалың көпшіліктің, қабылдауына оңтайлы бола бермейді. Жаңадан пайда болып жатқан сөздерді (неологизмдерді) жұмсағанда да осы әдебиет беттерінен жиі кездестіргенімізбен, интеграция, конфронтация, спикер тәрізді сөздерді баршаның бірдей түсінуі қиын шығар. Сондықтан мүмкіндігінше ол сөздерді қолданғанда, жақша ішіне қазақша баламасын келтіріп немесе ауызша сөйлеу ретінде қысқаша болса да түсініктеме бере кетудің артықшылығы жоқ. Ондай түсініктеме болмаса, екі жақты жағымсыз жайға тап болатынымыз шындық: біріншіден, айтып тұрған сөздеріңізді көпшілік қабылдай алмаған соң, алға қойған мақсат та орындалмайды; екіншіден, сол сөздерді айтып тұрған кісі туралы да (білгішсінген, аудиторияны меңгере алмаған немесе өзінің білетінін барлығы да білуге тиіс дегендей) көңілге қонымсыз ой тууы мүмкін. Тіл мәдениетіне әркімнің сөйлеу әдептілігі ғана емес, психологиясының да қатысы бары сөзсіз.

Тіл мәдениетіне біршама нұқсан келтіретін тағы бір жай ілгеріде айтылғандай, жаргонизмдер. Жаргонизмдер жолдас-жораның, қатар құрбының арасында немесе үлкен-кіші болса да, әзілдері жарасқан адамдардың бір-бірімен тіл қатысқанда айтатын қалжың-оспақ сөздері болып табылады. Бір-бірін түсінетін мұндай адамдар ондай сырт көзге байқалатын оспадар, дөрекі сөздерге мән бере қоймауы мүмкін, бірақ ондай сөздерді қалың қауымға, көпшілік ортасына арнап айтудың қисыны жоқ. Демек, жаргонизмдер шағын ортада пайдаланылады, сондықтан да оларды көпшілік орындарда қолданудың әдепсіздігі өзінен-өзі белгілі болып отырады.

4. Сөздің мәнерлігі

Мәнерлілік сөздің эмоционалдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Ойлаудың, сөйлеушінің сана қызметінің дербестігі; не туралы айтылып тұрғанына және ол сөздің кімге бағытталып, арналып тұрғанына назар аудару; сөздің мәнерлілік құралдарын жақсы білу; тілдегі функциональдық стильдерді бір-бірінен айқын ажырата білу; тілдік дағдыларды қолдануда тәжірибе жасап отыру, жаттығу ісі, мәнерлілікті сақтау үшін психологиялық қажетті жағдайларды жасау; сөйлеушінің не жазушының өзінің мәнерлілікті қамтамасыз ететін құралдарды игере білуі де, осы шарттардың барлығы бір жерден шығып, біріккенде ғана, сөздің мәнерлігінің күш-қуаты, қолданылуының қолайлығына көз жеткізуге болады.

5. Сөздің байлығы

Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі.

Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттілігі туралы мәселе.

Біріншісі қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.

Тілдің байлығын жақсы игермей тұрып, оның даму барысына назар аудармай, тіл мәдениеті үшін күресу немесе тіл мәдениетін сақтау өте қиын. Кең көлемде алу керек болса, тіл байлығы ұғымы ілгеріде айтылған тіл мәдениеті сапаларының барлығына да тікелей қатысты. Адамның тіл арқылы қарым-қатынас жасау барысында сөз байлығы неғұрлым мол болса, ол соғұрлым ойын еркін, қиналмай және әсерлі жеткізе алады, тыңдарманын да оқырманын да тарта біледі. Жай ғана оқытып, тыңдатып қоймайды, сөзін еріксіз тыңдауға, жазғанын бас алмай оқуға әдеттендіріп, «бұғаулап» тастайды.

6. Сөздің қисындылығы

Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.

Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функционалдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілмен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдаланылу табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымының болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегідей сөздің стилистикалық бояуын қолданудың еш қисыны болмайды.

Азақ стилистика туралы жазылған алғашқы оқу құралдары, пікірлер (М.Балақаев, Р.Сыздық, М.Серғалиев, Н.Уәлиев, Д.А.Әлкебаева т.б.).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных