Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Морфологиялық қателіктер




. Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі. Адамдардың ауызекі сөздері мен жазба жұмыстарында оның мынадай түрлері кездеседі. а) Адамдардың тілінде кейде өзінше «сөз жасау» практикасы кездесіп қалады. Мысалы, мектеп құрылысына баташылар мен сылаушылар, ағаш ұсталары мен ісшілер келді. Бұл сияқты қателер адамның қосымшалардың сөз тудыру, жалғану аясын білмегендігінен болады. ә) Кейбір септік жалғауларынан мағыналық реңдерін түсінбей ауыстырып қолдана береді. Мысалы: Абай жас кезінде молдаға оқыды. б) Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады. Мысалы: Егістіктерде малдар жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар көп болды. в) Бір түрлі жалғауларды сөйлемде қат-қабат қолдану арқылы сөйлемнің көркемдігіне нұқсан келтіреді. Мысалы, көктемде күзде орманның ағаштарының жапырақтарының түсі сарғаяды. г) Сөз таптарының жұрнақтарын сөйлем мен сөйлемді байланыстыру мақсатында немесе негізгі сөздер мен көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуді қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шықты. Мұнда етістіктің қосымша түрінің жұрнағын қайталар үсті-үстіне қолдану жай сөйлемдерді тиянақсыз айтайын деген ойын түсінуді қиындатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных