Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адам экологиялық зерттеу объектісі ретінде




Ақпараттық дидактикалық бөлім

 

 

Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін,өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.

Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.

Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады.

Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады.

Популяцияның түрлері:

Қалыпты популяцияда – барлық жастағылар тең болуы қажет.Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады.Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады.Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады.Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трфикалық байланыстар қалыптаспаған.

Өнімдерді алу саны және оның алу тәсілі популяцияның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойластырылады.Мысалы: жануарларды топ болып өмір сүретін, алуға болатын шегіне дейін алуға болады,одан көп алса,тіршілік процесінің оптимизациясын жоғалтады.

Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады.Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады.Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады.

Әр-бір популяцияға биотикалық потенциал тән-ұрпақты көп қалдыру.Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады.Мысалы, ашытқы саңырау құлақ.

Популяция динамикасының екі түрі бар:

1)Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді.Бұл жағдайда особьтар санының өсуі түрі J-түрі тәрізді қисықпен жүреді:Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады.Бұл адамдар популяциясына тән.Ол ең біріншіден,балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты.

Популяциядағы особьтардың өсу санын биотикалық факторлар реттеп отырады.Онып популяцияның реттеуші факторы деп аталады.

2) Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі-особьтар саны жоғарғы өлім- жітіммен сипатталады.

Бұл жағдайда особьтар санының өсуі S-тәрізді қисықпен сипатталады:мұндай қисықты логистикалық деп аталады. Логистикалық өсу қисығына обиотикалық факторлар әсер етеді (ауа-райы құбылыстары, тамақтың бар-жоқтығы әр-түрлі катастрофалар т.б.).Осындай фактор популяцияның уақытша шексіз өсуіне, сондай-ақ 0-ге дейін төмендеуіне қамтамасыз етіп отырады.Осындай факторларды модификалық фактор деп атайды.

Популяцияның гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы.Реттеуші фактор популяциялық гомеосстазды туғызады.Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым-қатынасы жатады.Жемтіктің көп саны жыртқыштардың көбею жағдайына себеп болады.Реттеуші факторлар түраралық фактор және тіршілік ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді.Гомеостаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады.Тіршілік гомеостаздың негізіне бәсекелестік жатады.Оның екі түрі бар:1)қатал тіршілік гомеостаз-коннибализм;2)Жайлы түрдегі тіршілік гомоостаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді.Бұл механизмде күшті особьтардың сыртқы ортаға тежеуіш (әлсіреткіш) заттарды бөледі:стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция.

Орманшылар осыған байланысты ағаш кесуде популяцияның экологиялық – биологиялық ерекшелігіне сәйкес ойластырады.

Ағаш кесу 2 үлкен топқа бөлінеді:1)аралық пайдалану; 2)басты пайдалану.

Аралық ағаш кесу орман тіршілігінің барлық жастық кезенінде болады.

Басты ағаш кеесу пайдалануында ағаштарды кемелді шағындағыларды алады.

Адам экологиясы – ғылым,адамды биоәлеуметтік жаратылыс ретінде мен оның қоршаған орта қарым-қатынасын және байланысын зерттейді.Бұл басқа да жаратылыстану,ғылымдарымен өте тығыз байланыста болады.Адамның оны қоршаған ортасымен байланысын оқып білу, табиғи экожүйеге антропогендік факторының әсерін түсінуді және ғылыми қарым-қатынастың дамуына әкеледі.

Адам жануарларға қарағанда табиғатта өмір сүру процессінде биологиялық түр ретінде әсерін тигізбей әрдайым әр түрлі еңбек жасау арқылы белсенді қалыптастырады.Бұл адамның жануардан басты айырмашылығын және қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктеріне биологиялық механизм есебінен ғана емес, сонымен қатар табиғи өзгерістердің төзімділігін қалыптастыру шаралар мен ажыратылады.Осыған байланысты тропикалық аймақтарда адамзат барлық ғылымдардың жалпы орналасып,экологиялық нашарлауына шыдамдылық танытады.Табиғатқа белсенді әсерін тигізіп,табиғи экожүйені антропогендікке алмастырып,басты экологиялық фактор болып өзі қалыптпасады.Бірақ бұл жасанды қалыптасқан экожүйе энергия мен басқа да ресурстармен толықтырылып отырылмаса жойылуы мүмкін.Өзінің техникалық мүмкіншіліктеріне қарамастан адам өзі бөлігі болып табылатын биосфераға тәуелді.

Тамақтану шарттарына адамның бейімделуі,бейімделудің түрлері.Ұйымдастыру деңгейінің жоғарлығы және организмнің қандай да басым қоршаған ортаның әр-түрлі жағдайларына бейімдеушілігімен биологиялық түр болып табылады.Адамның бейімделуі жекелеген және топтық деп екіге бөлінеді.

Жекелеген бейімдеушілік аз уақыт ішінде жүреді және басты түрде қызметтік табиғатты иеленеді.

Мысалы, жоғарыға көтергенде адамға оттегі жетіспей тау ауруы дамуы мүмкін.Шаршағыштық,бас ауруы, зейінін жоғалту пайда болады.Ентігу нәтижесінде қанда көміртегі төмендеп, оттегі-сілттілік тепе-теңдікті жоғалтады.Мүшелердің қызметінің көрсеткіштері уақыт өткенде қалыпты деңгейге келеді.Бұл жағдай бейімделу ретінде белгіленеді.

Топтық бейімделу қолайсыз экологиялық ұзақ әсер етуінде және жаңа морфологиялық белгілермен осы ортаның шартына қалыптасушылықты қамтамасыз етуші физиологиялық реакциялардың генетикалық негізінде жетіледі.

Ерте полиолит (40 мың жыл бұрын)дәуірінен әртүрлі географиялық аймақта өмір сүруші адамдарда негізгі әлемдік – диагностикалық сипаты қалыптасты,ортаның шартына байланысты:тері түсі,шаш түрі,мұрынының пішіне және т.б.әр бір аймақтың әртүрлі геоклиматтық шарттарына қалыптасу процессінде оларға ұқсас бейімделген белгілер өнделеді.Нәтижесінде бейімдеушілік типтер қалыптасты.

Бейімдеушілік тип – популяцияның белгісін морфофункционалді ерекшілктерін генетикалық жиынтығы,тіршілік ортасының факторларына бейімделуі биологиялық қалыптасуын жақсартады.

Ең ежелгісі болып тропикалық бейімдеушілік тип табылады.Доминерлеуші экологиялық факторларға жоғарғы температура мен ылғалдылық,эпидемиялық ауруларға жоғарғы аурушаңдық жатады.

Тропикалық бейімдеушілік типке келесі морфологиялық белгілер сипаты:дене мүсінінің ұзаруы,аяқ-қолдарының ұзаруына қарағанда дене салмағының салыстырмалы аздығы,кеуде клеткасы аумағының кіші болуы,тері беткейі ауданының бірлігіне тер бездері санының көп болуымен байланысты қарқынды терлегіштік,негізгі зат алмасудың төмен көрсеткіштері және қанда холестириннің аз көрсеткіші.

Арктика мен Антарктикада арктикалық типтің белгілерінің дамуына салқын климат,майға және ақуыздарға бай тағамдармен және де ауада оттегі мөлшерінің төмен болуымен байланысты болуы мүмкін.

Арктикалық тип белгілері – дене пішіні тығыз,сүйек-бұлшық ет жүйесі күшті дамыған, сүйектерінде минералды заттар мөлшері жоғары,кеуде клеткасы ауқымды және цилиндрі тәріздес,сүйек кемігі массасы ұлғайған, қан құрамында эритроциттер саны артқан.Осымен қатар энергия алмасуы күшейген,қан сарысуында холестерин мен гамма-глобулин жоғары концентрациясы май қышқылдарының жоғарлауымен сипатталады.

Бірқалыптығы климаттық зонада табиғи ландшафтарының әр түрлілігіне қарамастан салыстырмалы жағымды климаттық жағдайлар тән.Бұл зоналардың тұрғындарында екі типтегі кездесетін морфологиялық көріністерінің аралық белгілері тән.

Биік тау тұрғындарының бейімдеушілік типініңанықтаушы негізгі орта факторы болып төмен температура мен гипоксия табылады.Бұл типтегі адамдарға бойының ұзын болуы,қаңқа сүйектерінің ұзаруы және кеуде клеткасының көлденең-жолақты индексінің көбеюі тән.Бұндай морфологиялық ерекшеліктер негізгі алмасудың деңгейінің жоғарлауымен,гемоглобин мөлшерінің артуы және эритроцит мөлшерінің көбеюімен сәйкес келеді.

Анықталған бейімдеушілік типінің ерекшілігі эмбриогенезде қалыптасады.Мысалы,негроидтер мен европоидтардың дене пропорциясының айырмашылығы жатыр ішілік кезеңнің аяғында білінеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных