Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары




5. «Электрондық үкімет»

5.1. Қазақстандағы электронды үкіметтің дамуы

5.2. Электронды үкіметтің жетістіктері

5.3. Электронды үкімет жобаларындағы ақпараттық жүйелер

5.4. Электронды үкмет порталының пайдаланушылары

5.5. Электронды үкіметтің қызметтері мен сервистері

 

II. Бөлім

D – да құрастыру сызбасын орындау

D – да дененiң сызбасын орындау

Кіріспе

Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі – адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға көшуінің тұғырын және материалдық базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізумен сипатталады.
Әлемде мынадай үрдістер байқалуда:

1. АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;

2. Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларында алға басу;

3. Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне бара-бар дамыған ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу;

4. Халықтың ақпараттық қорларға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5. Барлық деңгейдегі азаматтарды, қоғамдық институттарды, мемлекеттік билік органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.

Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.
Жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық және инновациялық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын үйлестіру, бизнесті, ұлттық стартегияны іске асыру бойынша барлық қоғамдық институттар мен азаматтарды үйлестірудегі жетекші рөлдің мемлекетке тиесілі екендігін көрсетеді.
Біздің елімізде ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда, ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек.
Сондықтан, ақпараттық қоғамға көшуге ықпалдастық жасайтын барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметік жаңғырту: Жалпыға ортақ қоғамдық еңбекке қарай жиырма қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.
Бағдарламаны әзірлеу барысында Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинава хартиясы (Окинава қ., Жапония, 2000 жыл), Ақпараттық қоғамды құру қағидаттары декларациясы (Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис міндеттемелері әрекеттерінің жоспары (Тунис қ., Тунис Республикасы, 2005 жыл), өзге де халықаралық құжаттар, сондай-ақ, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған стратегиялық даму жоспары ескерілді.
Ақпараттық қоғамды құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды:
мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;
қоғамды әлеуметтік-экономикалық және медени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру;
отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Аталған бағыттардың шеңберінде АКТ-не жер-жерде енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық әрі ұтқыр үкіметті құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту бойынша міндеттер шешіледі. Ақпараттық қоғамды дамыту адами ресурстарды дамытумен сүймелденуі қажет екендігін ескере отыра, Бағдарламамен азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді эектрондық денсаулық сақтау қызметтерін алуға жағдай жасау көзделген. Сондай-ақ, еліміздің ашық, қолжетімді және бәсекелеске қабілетті экономикасын құру үшін, Бағдарламамамен шаруашылықтың негізгі салаларына зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді.
Ақпараттық қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтерді көрсету жөніндегі бизнес пен мемлекеттің күшін шоғырландырудан байланысты болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных