Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дістемелік нұсқау




Жоғары оқу орнына қойылатын негізгі талап жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болғандықтан, студенттердің өзіндік ізденуіне, талдау, зерттеу жұмысын жүргізуіне, өзіндік ой, сын, пікір пайымдауына, қорытынды, тұжырым жасауға баулуда аудиториядан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сондай – ақ аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің ғылыми ізденісіне де айрықша мүмкіндік туғызып, бағыт-бағдар береді. Тіл біліміне кіріспе пәнін оқыту процесінде жақсы нәтижеге жетудің жолы - тілден берілетін теориялық материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып, беру. Студент өз бетімен тырысып, кейбір мәселеллердің шешімін өзі табуға тырысуы қажет. Осы міндетті шешу мақсатында өздік жұмыс тақырыптары алдын-ала белгіленіп, тапсырмалары мен әдебиеттер тізімі нақты көрсетіліп берілуі тиіс

Студенттің өзіндік жұмысы аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ. Жоғары оқу орнының студенттері қазақ тілін сөйлеу, қарым-қатынас жасау құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша дағдыларын қалыптастыруы тиіс. Мамандығына сәйкес білімді игеріп, дүниетанымын, рухани әлемнің ауқымын кеңейтіп, ойлау мағынасын дамытуы қажет.

Студенттің өздік жұмысының мақсаты – студенттерді ғылымға, кәсіптік терең білім алуға баулу. СӨЖ барысында ауызша, жазбаша тілін жетілдіріп орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық іс-дағдылары қалыптасады.

Баспасөз беттерінде арнайы тақырып төңірегінде де көптеген ғылыми мақалалар, ұсыныстар, ой-пікірлер жарияланып, көпшілік назарына ұсынылып жүр. Студенттер тіл біліміне қатысты ғалымдардың арнайы жинағынан, монография, күнделікті баспасөз материалдарынан қажеттілерін жібермей оқып, өз беттерімен ізденіп, оқығандарын тапжылмай, талай отырып еңбектенбек, сосын тиісті жерінде өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жұмыстың негізіне студенттің өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыбы, сағат саны типтік бағдарлама негізінде құрастырылады. СӨЖ-дің мақсаты мен міндеті қойылады. Қарастырылатын сұрақтар, тапсырмалар және әдебиеттер тізімі беріледі. Пән бір ғана кезең оқытылады, ағымдық бақылау мен 2 шектік бақылау тапсырмалары бар. Осы талаптарды орындаған студент емтиханға жіберіледі. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау, баспасөз материалдары және тақырыптық сөздіктер мен анықтамалар бойынша жоспар құру.

Бақылау түрлері: реферат, конспект, ауызша баяндау, пікірталас, жаттығу жұмыстары.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных