Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






осарлана ұрықтану процесі және оның маңызы.




Аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу (кариогамия) арқылы жұмыртқаның дамып жетілуіне жағдай тууын ұрықтану деп атайды.

Ұрықтану — кері жүрмейтін бір беткей процесс: Бір рет ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қайтадан ұрықтанбайды. Сингамия (аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылып бірігуі) мен кариогамия ұрықтанудың негізгі мәнін білдіреді.

Өсімдіктерде микроспоралар немесе тозаң түйірлері түзілу процесі микроспорогенез деп, ал мегаспоралар (немесе макроспоралар) түзілу процесі мега немесе макроспорогенез деп аталады.Өсімдіктердегі гаметогенез процесі негізінде жануарлардағы сондай процеске ұқсас болады, бірақ біршама басқа жол-мен өтеді. Өсімдіктерде ұрықтық жол, яғни жыныс клеткаларының окшаулануы ертерек болмайды («Гейетика жөнінен практикалық сабаққа басшылықтағы» 6-суретті қараңыз).

Микроспорогенез және микрогаметогенез. Жабық тұқымды өсімдіктерді жалпы мысал етіп алып, микроспорогенез бен микрогаметогенезді қарастырайық. Жас тозақдықтың субэпидермальды тканінде археспория деп аталатын клеткалар пайда болады, олардың әрқайсысы бірнеше рет бәлінуі нәтижесінде тозаңнық аналық клеткасына айналады да мейоздың барлық фазасынан етеді.

5-сурет

Екі рет мейоздық бөліну нәтижесінде гаплоидты терт микроспора түзіледі. Олар төрт-төрттен жатады, сондықтан -ралар тетрадасы деп аталады. Пісіп жетілу кезінде тетрадалар жеке микроспораларға бөлінеді. Осымен микроспорогенез аяқталады.

Бір ядролы микроспора түзілісімен микрогаметогенез басталады. Микроспоранын, митоздық бірінші бөлінуі нәтижесінде вегетативті және генеративті клеткалар түзіледі. Бұдан ары вегетативті клетка мен оның ядросы бөлінбейді. Онда қоректік заттар жиналады, ол заттар кейіннен генеративті клеткалардың бөлінуін және аналық жыныс мүшесінің бағанасындағы тозан түтігінің өсуін қамтамасыз етеді.

Құрамында цитоплазмасы аз болатын генеративті клетка тағы бәлінеді. Мүндай бөліну тозаң түйірінде немесе тозаң түтігінде орындалуы мүмкін. Осының нәтижесінде аталық екі жыныс клеткасы түзіледі, олардын, жануарлар сперматозоидынан айырмасы қозғала алмайды және спермия деп аталады.

Сонымен, гаплоидты хромосома жиынтығы бар бір спорадан митоз жолымен екі рет бөліну нәтижесінде үш клетка түзіледі. Олардың екеуі — спермия, біреуі — вегетативті клетка. /^ Мегаспорогенез бен мегагаметогенез. Жас түқым бүршігінің субэпидермалық қабатында археспория клеткасы дараланып рқшауланады, көбінесе ол біреу ғана болады. Археспория клеткасы өсіп, мегаспораның аналық клеткасына айналады.

Мегаспора аналық клеткасының мейоздық жолмен екі рет бөлінуі нәтижесінде мегаспоралар тетрадасы түзіледі. Тетраданың әр клеткасы гаплоидты болады. Ал осы тетраданың бір клеткасы ғана ары қарай дами алады, қалған үшеуі дегенерацияланады (дамып жетілудің моноспоралық типі). Бүл клеткалардың тағдыры, жануарлардың жұмыртқа клеткасы пісіп жетілуі кезіндегі редукциялық денелердің тағдырына ұқсайды. Келесі кезеңде мегагаметогенез іске асады. Ларамды күйінде қалған мегаспора ары қарай өсе береді, бұдан оның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бәлінеді. Сонымен клетканың өзі белінбейді, ол ұрық қалтасына айналады.Әр түрлі өсімдіктерде митоздар саны бірден үшке дейін өзгере алады.

Қөпшілік өсімдіктерде (жабық тұқымдыларының 70%) бөліну үш реттен болады, осының нәтижесінде бірдей сегіз ядро түзіледі. Осындай бөліну уақытында ядролар полярлық күйде болады, олардың тертеуі микропильге (спермиялардың енетін жері) жақын жатады, ал қалған төртеуі халаза деп аталатын қарама-қарсы белігінде орналасады. Ары қарай ядролар дербес клеткаларға айналып оқшауланады, ол клеткаларда едәуір мөлшерде цитоплазма болады.

Сурет

Микропиледе орналасқан төрт клетканын, үшеуі — жұмыртқа клеткасымен синергидтер деп аталатын екі клетка — жұмыртқа аппаратын қүрады.Синергидтер ұрықтану кезінде көмекші қызмет атқарады, көп ұзамай олар ыдырап жойылады. Төртінші ядро ұрық қалтасының ортасына кетеді, сол арада халазалық шеттен келген бір ядромен қосылады. Орталық белікте құйылысқан екі гаплоид ядродан бір диплоидты ядро, екінші кезектегі, яки үрық қалтасының орталык ядросы түзі-леді. Ұрық қалтасынын, халаза шетінде қалған үш ядро клеткаға айналып оқшауланады; олар антиподтар деп аталады. Антиподтар, синергидтер сияқты, зиготаның дамып жетілуі кезінде кемекшілік қызмет атқарады да, кеп ұзамай, ыдырап бұзы-Сонымен, митоздық жолмен үш рет бөліну вәтижесінде ұрық қалтасында гаплоидты және бірдей 8 ядро түзіледі, солардың біреуі ғана жүмыртқа клеткасына айналады.

— Біз қарастырып отырған бір мегаспорадан сегіз ядролы ұрық қалтасының түзілу схемасы көп таралған. Бірақ әсімдік-тердің әр түрлі топтарында бүл процесс алуан түрлі болып өтеді.

Өсімдіктер мен жануарлардың филогенездік ажырауы (дивергенция) клеткалы құрылым түзілуінің өте ерте кезінде болды. Соған қарамастан жануарларда және өсімдіктерде жыныс клеткаларының шсіп жетілуш салыстыру, олардың арасындағы толық параллелизмді көрсетеді

Сурет

Жалпы ұрықтану схемасы процесі.

 

Орытынды

Өсімдіктердің жынысты көбею кезінде физиологиялық қасиеттері тұрғысында айырмасы бар гаметалар қосылып, зигота пайда болады.Ядролардың қосылуынан жыныс процесінің негізгі кезеңі ұрықтану орындалады.Жыныссыз көбею споралары немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады.Споралар грекше spore-тұқым) құрлық өсімдіктеріне тән, олар өз бетінше қозғала алмайды.Зооспоралар (грекше «zoon» -жануар,zoospore- қозғалатын спора) суда да, ылғалға қаныққан топырақта өсетін өсімдіктерге тән.Споралар митоз немесе мейоз жолымен пайда болатын арнаулы клеткалар. Митоз жолымен пайда болған спораларды митоспоралар, мейоз жолымен пайда болғандарын мейоспоралар деп атайды.

Өсімдіктің көбею жолдары.Өсімдіктер ұрпақтар арқылы өзін-өзі қайталап, түрдің сақталып, өкілдердің таралуын қамтамасыз ету қабілетін көбею деп атайды.

Өсімдіктер үш түрлі жолмен көбейеді: жынысты, жыныссыз және мүшелері арқылы (вегетативті).Жынысты жолмен көбейгенде жаңа организм екі жыныс клеткаларының-гаметаларддың қосылу нәтижесінде қалыптасады.Жыныссыз көбею споралы өсімдіктерге тән.Оларда жыныссыз диплоидты (спорофит) және гаплоидты (гаметофит) ұрпақтар кезектесіп қайталанып отырады.Жыныссыз көбейггенде жаңа организм спорофитте пайда болатын споралардан дамиды.Мүшелер арқылы көбейгенде жаңа организм қатпаршақ бөлігінен,клеткадан, мүшелерден, немесе бөліктерден дамиды.

Жыныссыз және жынысты көбею жолдарының бірігуі нәтижесінде ұрпақтары қайталанып дамитын түрлер пайда болады.Өте күрделірек балдырлардан бір ұрпағының тармағы тіршілік жағдайларының көбірек бейімделіп, басқаларына қарағанда басым орын алады.Жер бетінде өсетін өсімдіктерде бұл бағыт одан да анығырақ бейнеленген.Мүктерде жыныссыз ұрық өздігінен емес, тек жынысты ұрпақ есесінен тіршілік етеді.Жоғары сатыдағы басқа өсімдіктерде керісінше, редукцияға гаметофит ұшыраған.Егер қырыққұлақтарда ол әлі өскінше күйінде дербестігін сақтаса, гүлді өсімдіктерде микрогаметофит 2-3 клеткалық деңгейге дейін өзгеріп, макрогаметофит алғашқы кезеңде 8ядролы ұрық қабы күйінде қалады.

Гүлді өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі.Өсімдіктердің өсу мүшелері қалыптасып, жынысты көбею сатысына өтуі көптеген кезеңдерге бөлінетің, өте күрделі құбылыс.Гүлденудің дайындық кезеңі экологиялық жағдайға, күндіз түнгі уақыттардың ара-қатынасына байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ж.Қалекенова «Өсімдіктер физиологиясы» Алматы, 2004 ж 278 бет

2. К.С. Сағатов. «Өсімдіктер физиологиясы» Алматы, «Ғылым», 2002ж, 316 бет

3. Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, «Санат» 1998

4. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2004

5. Мұсақұлов Т. Ботаника. – Алматы, 1975.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных