Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Биологиялық активті заттар және препараттарды микробиологиялық жолмен өндіру, тағам биотехнологиясының негізгі саласы болып табылады.




Микробиология (гректін, «микрос» — кішкене, «биос» — тіршілік, «логос»—ілім деген сөзінен шыққан) өте ұсақ тірі организмдер— микробтар женіндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің қүрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестердегі олардьщ рөлін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым-қатнасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді.

Микробиологияның дамуы басқа ғылым салалары сияқты өндіріс тәсілдеріне, практикалық жұмыстардьң талабына, жалпы ғылым мен техниканын, дамуына тығыз байланысты.

Микробиология жеке ғылым болғандықтан оны зерттеудің езін-дік әдістері болады. Бұл әдістер практикада кеңінен қолданылып жүр. Молекулярлық биологияның соңғы жылдары қарқындап дамуы микробиологияда жаңа әдістердің, яғни биохимиялық,.биофизйкалық және генетикалық әдістердің енуін қамтамасыз етті. Осы әдістерді қолдану арқасында микробиологияда бұрын зерттелген салалардан бірқатар жаңа деректер алынды.

Микробиология тарихында Л. Пастер (1822 — 1895) ашқан жаңалықтардың мәні аса зор.XIX ғасырдың екінші жартысында Европада өнеркәсіптік капитализм қарқындап дамыды. Осыған байланысты микробиологияда бірқатар жетістіктер пайда болады. Осы жетістіктерге Л. Пастердің тікелей қатысы бар. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1868 жылы жібек қүртының індетін ашты.

1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштapын зерттеп, онымен күресу үшін пайдасы мол микроорганизмдерден вакцина жасады. Ал 1885 жылы құтыру ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын ашты, одан сақтанудың жолдарын көрсетіп берді. Әсіресе Л. Пастердін, 1860 жылы «тіршіліктің өздігінен пайда болуы» деген ұғымға үзілді-кесілді соққы беруі маңызды болды.

«Тіршіліктің өздігінен пайда болуы» философтар арасында өте ертеден талас туғызған мәселе еді. Бұл мәселені дұрыс, дәйекті, ғылыми негізде шешу үшін, Франция академиясы арнаулы сыйлық та белгілеген болатын. Л. Пастер ашу мен шіру процесіндегі микробтар ролін дәлелдеген кезде, ғалымдар арасында ол микробтар қайдан пайда болады деген сұрақ туды. Кейбіреулер мүмкін ашитын сұйықта ол микробтар өздігінен пайда болатын шығар деген пікір айтты.

Ағылшын ғалымы Мидхэм шіріген етте микробтар өздігінен пайда болады деп, бұл пікірін өзі жургізген тәжрибемен дәлелдемек болды. Өсімдіктен немесе еттен қайнатпа жасап, оны колбаға кұйып, белгілі уақыт аузы жабылған колбада қыздырды. Нидхэм сұйықты қыздырғанда барлық микроб толық қырылады деп ойлады. Бірнеше күн өткеннен соң осы қайнатпада тірі организмдердің бар екені анықталады. Сөйтіп Нидхэм тір-шілік өздігінен жаралады деген пікірін барынша корғап бақты.

Бұған Л. Пастер тәжірибесі қирата соққы берді. Пастер Нидхэм тәжірибесінің кемістігін тапты. Ол қайнатпасы бар колбаның ұшын иректей- ұзартып, оны тығынмен жапты. Сонда қайнатылған сұйықта сырттан мик-робтар түспеген соң тіршіліктің нышаны байқалмады. Сөйтіп Пастер тіршілік ешқандай да өздігінен пайда болмайды, қоректік ортадағы өзгеріс микробтар әсерінен болады деп біржолата үзілді-кесілді қорытынды жасады.

Міне Л. Пастердің осындай толып жатқан дәйекті деректерінің арқасында микробиологияда физиологиялық бағыт қалыптасты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных