Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу




Дағдыларды бағалау белгілері Әрекет алгоритмі
  Іш айналымын өлшеу.   Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз.
  Жатыр түбі деңгейін өлшеу.   Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз.
  1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу. Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз.
  2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу. Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз.
  3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу. Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз.
  4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу. Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтарды кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз.
  Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.   Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз: егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң немесе сол (І/ІІ позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң немесе сол (I/II позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз.
  Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығы Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігіминутына 110-160 соққы.





Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных