Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: алымдар, төлемдер мен баждар




1. «Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері

2. Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері

3. Баждардың экономикалық табиғаты, мазмұны және құрылу негіздері

 

1с.Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтары бар, атап айтқанда:

1. алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс–әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;

2. салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық береді. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, содан салық төлеуші төлеуіне, айырбасқа ешнәрсе ала алмайды, ал алымда салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңды іс–әрекеттер жасайды;

3. алым біржолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, ұашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;

4. салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс–шаралары қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез–келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.

Қазақстан Республикасындағы алымдар:

тіркеу алымдары;

автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

аукционнан алынатын алым;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым.

Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдар Салық Кодексінің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:

1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

дара кәсіпкерлерді;

жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

2) жоғарыда аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып есептеледі.

Алымдарды төлеуден мыналар:

1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:

шаруа немесе фермер қожалықтары;

І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);

2) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

бөлек тұратын зейнеткерлер;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;

3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде – мемлекеттік мекемелер;

5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;

Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);

кәмелетке толмағандар босатылады.

Алымдардың сомалары белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi;

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн өндiрiп алынады.

Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

Салық Кодексінiң 459-бабында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшін - АЕК-тің 20 еселенген мөлшері;

4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым ставкасы мынаны қамтиды:

автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;

Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.

Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.

Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткі-зу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.

Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсін бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi.

Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.

Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.

Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып белгіленеді.

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берген кезде алынады.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.

Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді.

Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым ҚР-да әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысының, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің жарамдылығын, азмататтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақты, тікұшақ айлағын, авиациялық оқу орталығын, қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттауы үшін алынады.

Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және қызмет саласына, әуе кемесінің салмағына және оның қозғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталатын объектілердің класына байланысты белгіленеді.

 

2 с. Төлемақы дегеніміз — белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар:

– біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;

– екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық–құқықтық қатынастар кезінде туындайды.

Қазақстан Республикасында қазір мынадай:

жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

қоршаған ортаға эмиссия үшін;

жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

орманды пайдаланғаны үшін;

ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.

Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленедi.

Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.

Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мыналар:

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

Рәсімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.

Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

Мынадай:

1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) балық ресурстарын өндіру үшін;

5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.

Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.

Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.

Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етеді.

Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың:

1) ластағыш заттар шығарындыларының;

2) ластағыш заттар төгінділерінің;

3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.

Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;

4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрілік өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн:

мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары;

аңшылық шаруашылығы қажеттерi;

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленеді.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзімдерде берiлетін ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негiзiнде берiледi.

Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi.

Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Төлемақы ставкаларын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.

Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.

Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.

Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мыналар:

1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;

2) Салық Кодексінің 474-бабында аталған төлемақы төлеушілер;

3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;

4) бір станция үшін пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Жылдық төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып радио байланысының түріне, пайдаланылатын жиіліктердің номиналдарына (диапазон жолдарына), радиоұзартқыштар жинақтамасына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметі көрсетілетін елді мекеннің аумағында тұратын халықтың санына байланысты айқындалады.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы):

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.

Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.

Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган ай сайын, келесi айдың 15-інен кешiктiрмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер береді.

Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Төлемақы ставкасы 1 валдық регистрлік тонна үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,26 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру:

1) автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретiн құжат негiзiнде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;

2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.

Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып айқындалады.

 

3с.Мемлекеттік баж уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс–қимылдар жасағаны үшін және құжаттарын бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік баждың салықтардан айырмашылығы мынада:

– мемлекет тарапынан қызметке байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады;

– мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар–ақша қатынастары жүзеге асады.

Баждың алымнан айырмашылықтарына тоқталар болсақ:

– баж бюджеттің табысы, ал алым мемлекеттік мекемелердің көрсеткен қызметтеріне орай табысы болып саналады;

- баждың мөлшері төлеушілерге ұсынылған қызметтерінің құнына байланысты болмайды, ал алым көрсетілген қызметтердің құнынан орай анықталады, яғни өтініш берушінің мемлекеттік органдарға келтіретін шығындары есепке алынады. Сондықтан алымның мөлшері тауар бағасы сияқты нақты болуы тиіс.

Зандық мэні бар іс-қимылдар жасау жэне қүжаттар беру жөнінде мемлекет уэкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке жэне заңды түлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных