Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіби және созылмалы улану аурулары




Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1 Кәсіби және созылмалы улану аурулары

2 Кәсіптік аурулардың анықтамасы

3 Кәсіби аурулар мен уланулардың алдын алу

ІІІ Қорытынды

Пайдаланган әдебиеттер тізімі

 


 

I Кіріспе

 

Кәсіби аурулар-белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіби ауруларды ғана емес, басқа ауралардың да пайда болуына әкеліп соқтырады.

 

 

Жұмыс беті 33, пайдаланылған әдебиеттер 2, электронды ресурс саны 4.

 

Кәсіби және созылмалы улану аурулары

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 294 бұйрығымен бекітілген.

Осы кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, тексеру, есепке алу және олар бойынша есеп беру ережесі кәсіби аурушаңдықты, улануды тіркеу, тексеру және есептеу және есеп беру тәртібін айқындайды. Кәсіби ауруларды және улануды есептеу жүйесі, кәсіби ауруларды жағдайына талдау жасай отырып, өндірістік зиянды факторлардың адам денсаулығына ететін әсерін болдырмау шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың алдын алуға бағытталған жетілдірілген бағдарламаны практикаға енгізуге арналған.

Кәсіби аурулардың және уланудың тізімі бойынша кәсіби аурулар мен улану оқиғаларын есепке алу және оған байланысты тексерістерді жүргізу осы ереженің 1-қосымшасына сай жүргізіледі.

Тез өрбіген кәсіби ауруларды және улану диагнозын азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық, медициналық көмек көрсеткен ұйымдар, ал созылмалы кәсіби ауруларды (улануды) - кәсіби патология орталықтары немесе кәсіби аурулар клиникасы анықтайды.

Орталықта бағытты, кәсіби тұрғыдан патологияны сараптау комиссиясы құрылады. Кәсіби патологиялық сараптау комиссияның құрамының жалпы саны 3 адамнан кем болмауы керек.

Кәсіби патологиялық сараптау комиссиясы кәсіби ауру және улану диагнозын қоюға арналған материалдарды:

1)медицина ұйымының жолдама қағазы;

2) аурудың медициналық (амбулаториялық, стационарлық) картасынан алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы, одан соң кезеңді медициналық тексерістерден өткендігі туралы және зертханалық, функционалдық тексерістер туралы толық мағлұмат;

3) тұрған орындарынан алынған эпикриздерінің көшірмесі;

4)осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес толтырылған еңбек ету жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;
5)белгіленген тәртіп бойынша расталған еңбек кітапшасының көшірмесі сияқты құжаттар болған жағдайда ғана қарайды. Кәсіби патологиялық сараптау комиссиясы келесі шешімдерді қабылдай алады:

1) кәсіби факторлардың әсерінен пайда болатын ауруларды, оның ішінде кейіннен болатын түрлерін;

2) кәсіби факторлардың әсерінен пайда болатын аурулары;

3) өндірістік зиянды факторлар әсер ету салдарынан пайда болатын жеке белгілердің болуы ("К" тобы);

4) кәсіби аурудың өршуі (тоқтаусыз өрбуі);

5) кәсіби аурудың өршуінің тоқтауы немесе кері жүруі;

6) кәсіби ауру жоқ дегізетін кәсіби аурудың қалдық белгілері (ұзақ уақыттан кейінгі салдары), аурудың салдары;

7) қайталай тексерістер жүргізу арқылы қосымша мағлұматтарды жинау (көрсетілсін);

8) жоғарғы дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек алу және тереңдетілген тексерістер жүргізу үшін кәсіби патология клиникасында тексеріліп, кеңес алуды қажет етеді.

Кәсіби патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысында кезекті емдеу-профилактикалау шаралары көрсетіліп, диспансеризацияға алу, медицинаық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері шешілуі керек.

Егер аурудың пайда болуын анықтауда қиындықтар кездесетін болса және ауырған адаммен келіспеушілік болған жағдайда, қолдағы материал республикалық кәсіби-патологиялық сараптау комиссиясында қаралуға жіберіледі.

Кәсіби аурудың диагнозын анықтауға керекті негізгі құжат (атқаратын жұмысына немесе кәсібіне байланысты) ретінде тізім болып саналады. Тізімде зиянды, қауіпті және өндірістік қолайсыз факторлардың әсер етуінің арқасында пайда болатын аурулар қарастырылған. Тізімде атқарылатын жұмыстар мен өндірістердің тізімі берілген.

Тез өрбитін кәсіби аурулар мен улануларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлар қанықпаның шектеу шегінен немесе рұқсат етілген деңгейден көп есе жоғары болып, бір реттен кейін (бір жұмыс ауысым ішінде) кенеттен пайда болған аурулар жатады.

Созылмалы кәсіби ауруларға (улануға) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың көп уақыт бойы әсер етуінің салдарынан пайда болған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) тез өрбіген, сондай-ақ созылмалы кәсіби аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт өткеннен кейінгі салдары (жүйке жүйесінің, жүрек қан тамырларының, гепатобилиарлы және басқа да жүйелердің өндірістік уларымен улануының салдарынан пайда болатын тұрақты органикалық өзгерістер) жатады.

Еске сақтайтын бір жағдай кәсіби аурулардың пайда болуы зиянды және қауіпті заттармен жұмысты тоқтатқаннан кейінде (кеш пайда болатын силикоздар, бериллиоздар, қуықтың папилломалары, қатерлі ісіктер) пайда болуы мүмкін. Кәсіби ауруларға мынандай аурулар да жатады. Ондай аурулар кәсіби аурулардың фонында немесе олар пайда болатындай жағдай жасаған аурулар (асбестоз, силикоз немесе шаң бронхитының негізінде пайда болған өкпе обыры) жатады.

Кәсіби ауру және улану диагнозын қойғанда, аурудың клиникалық формаларының ерекшеліктері, әсер ететін этиологиялық фактордың және атқаратын жұмыстың, өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жағдайы және зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы жұмыс өтілі еске алынады. Егер өндірістік орта жағдайына тексеріс жүргізілмесе, ол кәсіби ауру немесе улану деп диагноз қоюға кедергі бола алмайды. Мұндай да ғылыми әдебиеттің, модельдеудің және осыған ұқсас өндірістік жағдайларға ұқсату арқылы диагноз қоюға болады.

Егер аурудың себептері әртүрлі факторлардың салдарынан пайда болған болса, оның ішінде кәсіби факторлар орын алса, онда мұндай ауру кәсіби деп саналынады.

Күрделі сараптау мәселелерін шешу үшін кәсіби аурулар және улану диагнозын қоюда қарама-қарсы пікірлер орын алғанда Денсаулық сақтау министрлігі арқылы сараптаудың республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясы құрылады.

Республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының құрамына мыналар кіреді: комиссия төрағасы, тұрақты мүшелері (3 адамнан кем емес) және комиссияның жауапты секретары болуы керек. Керек болған жағдайда комиссия жұмысына Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау министрлігінің, кәсіподақтың басқа да ұйымдардың өкілетті адамдарын жұмысқа тартуға болады.

1) Пайда болған ауру кәсіби факторлардың әсерінен пайда болған, бұған кейіннен пайда болған аурулар да жатады;

2) Пайда болған ауру кәсіби факторлардың әсерінен пайда болмаған;

3) Кәсіби аурулардың қалдық түрін (кейіннен пайда болған) анықтаумен қатар бұрынғы болған кәсіби аурудың жоқтығын анықтауға дейін;

4) Белгіленген уақыттан кейін (мезгілі көрсетілгенде) қосымша мәліметтерді (түрі көрсетілсін) тапсырғанда қайта қарауды қажет етеді;
Кәсіби патология клиникасы жағдайында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қажет етіп, соңынан қайта қарауды талап еткенде тереңдете жүргізілген тексеріске немесе кеңес беруге жіберіледі.

Медициналық тұрғыдан қалпына келтіруге берілген ұсыныстары бар, республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының қорытындысы ауруға жеке беріледі.

Тез өрбіген кәсіби аурулармен уланудың әрбір жағдайына осы ауруды анықтаған немесе ауру бар-ау деп күдіктенген дәрігер арқылы жедел хабарлама толтырады. Хабарлама 12 сағаттың ішінде тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органының басшысына (жұмыс берушіге) жіберіледі.

Аурудың диагнозын анықталғанда немесе өзгергенде, оны анықтаған медицина ұйымы жаңа шұғыл хабарламаны толтырып, оны 24 сағат ішінде ауру жұмыс істейтін орынның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органының және ұйымның басшысына жібереді. Мұндай жағдайда өзгерген (нақтыланған) диагноздың аты жазылып, оның қойылған айы, күні көрсетіледі.

Жедел хабарлама жіберген медицина ұйымы бағыттау қағазынан басқа, шұғыл түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына телефон арқылы хабарлап немесе әрбір төмендегідей жағдайды электронды поштамен хабарлайды:
1)еңбек ету қабілеті жоғалған аурулардың саны 2 және одан көп болған жағдайда тез өрбитін кәсіби ауруды (улануды);

2)ауырған адамның кәсіби қызметіне байланысты күйдіргі, сарып, тырысқақ, құтырма аурулары анықталғанда.

Созылмалы кәсіби ауру (улану) туралы алғашқы рет анықтағанда хабарлама беру. Ауруға нақты диагноз қойылғаннан кейінгі 3 күннің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына немесе ұйымға (жұмыс берушіге) және медициналық ұйымға хабарлама жіберіледі.

Кәсіби аурудың (уланудың) әрбір жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен арнайы тексеруге жатады.

Тексеріс барысында мыналар анықталынуы керек:
1)кәсіби аурудың (уланудың) пайда болу жағдайы немесе оның себептері анықталынуы керек ауру пайда болған жұмыс орнына (жұмыс аумағында, өндірістік учаскеде, цехта) тексеріс жүргізіледі;
2)керек болған жағдайда зиянды өндірістік факторларды зертханалық жолмен, құрал-саймандарды қолдану арқылы тексеріс жүргізіледі;
3)жұмыс атқарушының жұмыс істеу жағдайына санитарлық-эпидемиологиялық баға беріледі.

Ұйымға берілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс актілері, зертханалық тексерістердің қорытындысы, жұмыс орнын аттестациялау жағдайы, жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің материалдары тексеріліп, еңбек ету жағдайы мен оны қорғауды жақсартуға бағытталған санитарлық-сауықтыру шаралар тексеріледі.

Тұрақты жұмыс орнынан (оқудан) тыс жерге жіберілген адамдарда кәсіби аурудың және уланудың пайда болу жағдайын тексеруді кәсіби ауру (улану) орын алған нысандарды бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.

Кәсіби аурулар мен улану орын алғанда, оларды тіркеу және есепке алу жұмыстарын ауырған (зақымданған) адамның негізгі жұмыс орнындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы жүргізуі керек.

Кәсіби аурумен ауырған адамдарға диспансерлік бақылау жұмысын осы салада жұмыс істейтін медицина ұйымы жүргізуі керек. Тапсырма берілген ұйым 1 ай мерзім ішінде сұралған құжаттардың көшірмесін жіберулері керек.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің және медициналық ұйымдардың мемлекеттік органдарында (кәсіби патология орталықтарында) кәсіби аурумен ауырғандар кәсіби ауруларды (уланғандар) тіркейтін журналға тіркелінуі керек.Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары кәсіби аурумен (уланумен) ауырғандардың есептеу картасын жүргізіп, ондағы мәліметтер автоматтандырылған түрде талдалынуы керек.[1]

Кәсіби аурулар– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін.

Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді.

Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеуметтік қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.[2]

Еңбек ету шарттарының өз деңгейінде орындалмауынан қолайсыздықтың тууы, қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстар ауқымының ұлғаюы, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуы, аурудың алдын алу бойынша профилактикалық - медициналық тексерулердің сапасы мен қамту көлемінің төмендігі, медициналық-санитариялық бөлімдер мен бекеттердің, профилакториялардың жаппай жабылуы, жойылуы, бұрынғыдай жұмысшылардың шипажайларда, сауықтыру орындарында, жылына бір рет демалып, күш-қуат жинап, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасалынбауы кәсіби аурулардың бел алуына және түрлі аурулардың асқынуына, өзге де аурулардың пайда болуына мүмкіндік жасап, аурушаңдыққа Мәселен, Қазақстанда кәсіби аурулардың мынадай нозологиялық түрлері жиі кездесіп отыр: тыныс алу органдарының (39,2%), діріл ауруы (12,7%), қимыл-қозғалыс жүйесінің бұзылуы (22,9%), есту органдарының зардаптануы (7,6%), инфекциялық жұқпалы аурулар (13,6%). Кәсіби созылмалы аурулар ішінде шаң-тозаңнан болатын тыныс алу мүшелерінің зақым дануына байланысты түрлі аурулар (11-13%), пневмокониоздар (13-14%), демікпе ауруы (51%-ға дейін). Кәсіби уланулар, көбіне жұмыс орнында улану (5-6%) фактілері негізінен қорғасынның әсерінен және оның қосындылары: сынап, көмірқышқыл тотығы, хлор және фосфордан уланулар бойынша көбірек тіркелед. Жалпы кәсіби аурулардың ішінде әсіресе жұмыс істеу қабілетін уақытша жоғалту жоғары деңгейде қалып отыр. Ал бұл біздің қоғам үшін ойланатын, шешімін табуға тиіс жағдай. Кәсіби аурушаңдықтың салдарынан еңбекке қабілеттіліктің және өмір жасының ұзақтығының төмендеуі байқалады. Жұмысшылар арасында кәсіби аурумен ауыратындардың көп үлесін әйелдер құрап отыр. Денсаулыққа зиянды жағдайда еңбек ететін әйелдердің саны көбеюде. Соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне бай-ланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр. Экономикалық тұрғыдан мүдделіктің болмауынан және жұмыс берушінің жұмысшылардың денсаулығы мен жұ-мысшы еңбегін қорғау шарттарын орындауға құ-лықсыздық танытуынан, жауапкершілік сезінбеуінен, аз уақыт ішінде тез пайда табуға мүдделігінен кәсіби, өндіріске байланысты аурулардың көбеюіне, тәуекел етуге көбірек жол беруінің салдарынан келеңсіздік жағдайларға душар болу фактілерінің көбеюі жол берілуде. Сондай-ақ, кәсіби қызметіне орай жұмысқа алу кезінде медициналық ұйғарымы түгілі, есепке алуды да өз міндеті санамау да бар. Себебі, жұмысшы ауырып қалып, жұмыстан босату кезінде келісім шартта көрсетілген әлеуметтік мәселелерге қатысты міндеттер-ді орындамау, қолданыстағы бекітілген заңдардағы кейбір заңнамалықтарды орындауға құлқының болмауы мүдделіліктің жоқтығынан көрінеді. Халықаралық Еңбек Ұйымының еңбек және денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі және Еңбек медициналық қызмет жөніндегі Конвенциясына сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмысшыларға медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша медициналық қызметтің еңбек ұйымы болуы шарт. Профпатология жоғарыда айтылған мәселелердің түп негізі болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес әркім өзі еңбек ететін жерінде қауіпсіздік және еңбек гигиенасы шарттарын талап етуге құқылы. Жұмысшылардың еңбек шарт-тарының орындалуы олардың кәсіби аурулары мен сол аурулар нәтижесінде мүгедек болу көрсеткіштерінде анық көрінеді. Өндірісте жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын қорғау болып табылатын медициналық аспектілер: Еңбек ету шарттарына санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу. Ірі өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың денсаулығына бақылау үшін мониторинг жүргізетін, болжам жасайтын, жұмысшыларға диспансерлік бақылау жүргізетін, кәсіби ауруларды дер кезінде анықтау, ауруға дифференциалды диагностика жасау және оны тиімді емдеу мақсатында профпатологиялық кабинеттерді ашу. Денсаулық сақтау саласында, жұмыс істеу жағдайларына зиянды кәсіби факторлар әсер ететін медициналық және психологиялық тұрғыдан еңбекке бейімделу мәселелерін көтеретін әдістемелік оқу бағ-дарламаларды әзірлеу.[3]

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных