Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Генетиканың басқа ғылымдармен байланысы




Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудегі генетиканың қысқаша даму тарихынан оның басқа биологиялық ғылымдармен, ең алдымен эволюциялық іліммен байланыстылығын көреміз.

Генетиканың дамуында цитология ғылымы үлкен орын алады. Хромосомалардың құрылысы және оның қозғалу сипаттары жөніндегі классикалық зерттеулер нәтижесінде табылған негізгі фактілер мен заңдылықтар, сол сияқты қазіргі цитологиялық әдістермен (электрондық микроскопия, цитофотометрия, радиоавтография) зерттеуден алған жаңа мәліметтер, тұқым қуалау мен өзгергіштіктің цитологиялық негіздері жөніндегі біздің түсінігімізді едәуір кеңейтті.

Соңғы үш онжылдықтар ішінде генетиканың дамуы биохимия және молекулалық биологиямен тығыз байланысты. Өйткені геннің құрылысы мен әсерін зерттеу оның химиялық табиғатын білмей тұрып ешқандай мүмкін емес. Жеке организмнің тіршілігі мен оның онтогенезіне әсер ету биохимиялық және молекулалық процестер арқылы ғана жүзеге асырылады. Рекомбинантты ДНҚ әдістерінің дамуы, яғни әртүрлі биохимиялық манипуляциялар арқылы гендерді бөлу генетикалық процестердің молекулалық механизмдерінің көптеген мәселелерін түсінуге мүмкіндік береді.

Вирустар мен бактерияларды зерттеу объектілері ретінде пайдалану генетиканың микробиология және вирусологиямен өзара тығыз байланысын қамтамасыз етті. Плазмидтердің генетикалық құрылымын, олардын рекомбинациялану процестерін, генетикалық реттеу механизмдері мен фенотиптік көріністері, ауыспалы генетикалық элементтермен эксперименттер, ДНҚ-ның гибридті молекулаларын конструкциялау әдістері, фагтардың, плазмидтер және бактериялардың нуклеин қышкылдарымен жүргізіліп жатқан зерттеулер қазіргі микроорганизмдер генетикасының барлық бағыттарда дамуына мүмкіндік туғызады.

Генетиканың дамуына басқа да көптеген биология ғылымының салалары - физиология, эмбриология, иммунология т.б. үлкен әсер етті.

Жоғарыда көрсетілгендей, генетиканың алдында тұрған көптеген мақсаттар мен міндеттерді шешу физиканың, химияның, математиканың қазіргі жетістіктерін пайдаланбайынша ешқандай да мүмкін емес.

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных