Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 40. Мастит кезінде жасалатын тіліктер.




1 – радиалды тілік; 2 – Барденгейер тілігі; 3 – параареолярлы тілік.

Әсіресе бірінші рет босанатын әйелдерге баланы емізу, омырауды күту, денешынықтыру ережелерімен таныстыру өте маңызды. Жаңа туған нәрестелерді, олардың аналарын іріңді хирургиялық инфекциядан сақтауда, перзентханада санитарлы – эпидемиологиялық тәртіптің қағидалары мұқият сақталуы керек. Медперсонал арасында жасырын эндогенді іріңді хирургиялық инфекциялармен ауыратындарын анықтап, санациялау, күнделікті палаталарды жуу, дезинфекциялау, желдету, бактерицидты лампаларды пайдалану, т. б.

Лимфангиит дегеніміз лимфа тамырларының қабынуы. Фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, панариций, іріңді жаралар және т.б. аурулардың жайылған асқынған түрлерінде кездеседі, сондықтан екіншілік болып есептеледі. Этиологиясы. Көбінесе стафилококтар әсерінен беткейлі, терең орналасқан лимфа тамырларының қабырғалары, айналасындағы тіндер ісініп, ол арада лимфоциттер түзіліп қабыну дамиды.

Клиникалық көріністері. Лимфангиитпен асқынған іріңді процестерде науқастардың жағдайы төмендейді, дене қызуы 39 – 40°С дейін көтеріліп, қалтырау, тер басу, әлсіздік, лейкоцитоз орын алады. Лимфангииттің тор тәріздес (сетчатый) түрінде тері қызарып, тілмеге ұқсас келеді, айырмашылығы тілмедегідей шекарасы анық болмайды. (41-сурет).

Сурет 41. Тор тәріздес лимфангиит

Тармақталмаған, бағаналы (трункулярлы) лимфангиитте (42-сурет) ошағына таяу ораласқан лимфа бездеріне бағытталған қызыл жолақтар (гиперемия) көзге көрінеді, пальпациялауда қабынған лимфа тамырларының ауырсынуы, шнур тәріздес қатаюы анықталады. Терең орналасқан лимфа тамырлары қабынса, теріде
қызару болмайды. Қол- аяқ ауырып, ісінеді, шап, қолтық асты бездері шошынады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных