Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тор қабық артериялары бітелуінің консервативті емі




Консервативті ем принциптері

Ø Зақымдалған артерияда қысқа мерзімде қан айналымын қалыпына келтіру.

Ø Тор қабық ишемиясы аумағын азайту.

Ø Басқа тамырла аурулар дамуының алдын алу.

Ø КІҚ деңгейін төмендету

Ø Көзді басып массаж жасап, КІҚ төмендеткен соң, эмбол артериямен негізгі бұтақтан перифирияға қарай ТОА бір бұтағына өтуі мүмкін, соның нәтижесінде тор қабықтың зақымдалған аймағы азаяды. Бұл тәсілді, көруі жойылғанынан 8 сағат аспағанда қолданылу мүмкін, сол себептен осы емдеу әдісін, көбінесе, науқастың күрт көруі төмендуінің куәгері болған терапевт немесе невролог қолдануы мүмкін. Көзге массаж жасағанда КІҚ көтерілуі - ұсақ көз артерияларының 16 % рефлекторлы кеңеюіне әкеледі, ал көз алмасын басуын тоқтатқан соң КІҚ күрт төмендеуі қан айналым көлемін 86 % көбейтеді, соның нәтижесінде эмбол тамыр арқылы төмен қарай ығысады.

Ø ТОА жедел бітелуіндегі көз алмасы массажының тәсілі:

§ Тор қабықтың қанмен көректенуінің ортостатикалық нашарлауын болдырмау ұшін, пациенттің басы төмен жатуы қажет.

§ Саусақтармен қабақ сыртынан көз алмасын басамыз.

§ Көз алмасын көз шара ішіне қарай басында жайлап, соң қатты басып енгіземіз, 3-5 секунд өткен соң кенет жібереміз.

§ Бір-неше секундтан кейін процессті қайталаймыз

§ Қажет болса пациент көз алмасының массажын өзі жасай алады.

Гипотензивті ем

Ø Офтальмотонусты төмендету мақсатымен гиперосмотикалық дәрі глицерол қолданылады ішуге – науқас дене салмағының 1 кг/1-2 г мөлшерімен.КІҚ максималды төмендеуі 1 сағаттан соң болады, әсері 5 сағат сақталады.

Ø Емдеу барысында глицерол қабылдауын 5 ретке дейін қайталауға болады, қарсы көрсеткіштерді еске алып отыру қажет (несеп шығуының кенет тоқтауы, гиперволемия, қант диабеті, сусыздану, жүрек, бүйрек, бауыр едәуір патологиясы).

Ø Дәрілер парентерально қолданылады.

Ø КІҚ эпибульбарлы тамшылармен де төмендетуге болады (жергілікті b-адреноблокаторлар, бринзоламид) олардың қарсы көрсеткіштерін есепке алу қажет.

Ø Дегитратация(ацетазоламид) және КІҚ түсіру мақсатымен диуретиктерді абайлап қолдану қажет, қан ұйылымдығы жоғарылау мүмкіндігі бар болғасын.

Вазодилататорлар

Ø ТОА жедел қан айналымының бұзылуын (ЖҚАБ) анықтаған соң тіл астына 1 таб. валидол немесе нитроглицерин қабылдаған жөн.

Ø Вазодилататорлар тағайындалады (10 мл 2,45% аминофиллин ертіндісі тамыр ішіне 10-15 күн, 1 мл 1% никотин қышқыл ертіндісін бұлшықетке немесе 2 мл тамыр ішіне тамышылы 7-10 күн)

Ø Тамыр ішіне тамшылы 5 мл пентоксифиллин және дексаметазон қосып декстран ертіндісі (немесе физиологиялық ертіндісі) енгізіледі.

Ø Карбогенді қолдану ұсақ тор қабық артерияларын кеңейтеуін туғызады да тор қабықтың көректенбей қалған тіндерін оттекке байытады.

Ø Осы мақсатпен гипербариялық оттектендіру көрсетілген, егер де ТОА ЖҚАБ белгілері анықталғанынан 2-12 сағат өтсе.

Қанның реологиялық көрсеткіштерін жақсарту.

Ø Басқа атеросклеротикалық сырқаттар болса науқасқа ацетисалицил қышқылын тағайындауға болады (тәулігіне 100-250 мг)

Ø Парабульбарлы 500 ЕД гепарин мен 0,5 мл дексаметазон немесе 0,3 мл надропарин кальций (фраксипарин) ертіндісі салынады

Ø 5% этилметилгидроксипиридин сукцинат ертіндісі т/і тамышылы түрде 25 мл 4 күн бойы салынады, кейін б/е 2 мл-ден 4-6 күн салынады, одан соң 400 мг пирацетам + 25 мг циннаризин күніне 1-2 капсуладан 3 рет 1-1,5 ай бойы.

Ø Сонымен бірге, радикалды көз артериясының проксималды бөлігіне сан артериясы арқылы зонд салып тромболитикалық агенттерді енгізу әдісі ұсынылады. Бұл әдіс, кальций- немесе холестерин құрайтын эмбол емес, тромб (геморрагиялық эмбол) болғанда ғана әсерлі болады.

Ø Қан рН көтеру және қан жүруінің ұзындық жылдамдығын жоғарылату жолымен ацидоз бен клеткааралық ісінуді азайту үшін магнитотерапия және көру жүйкесінің электростимуляциясын тағайындаған мақсатқа сай болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных