Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері




Құжаттағы мәтіннің авторын анықтау мақсатында жүргізілетін криминалистикалық зерттеулер, криминалистикалық автортанудың құзыреттілігіне жатады. Криминалистикалық автортанудың бұл түрі қолжазуды криминалистикалык зерттеу барысында жазба тіл заңцылығын зерттейтін нақты бір арнайы ғылымды қолдану негізінде қалыптасқан.

Мәтінді орындаушы жөніндегі мәселені шешу кезінде жазу тіл белгілері көмекші маңыздағы ғана рөлді атқарады. Ал автортану зерттеулерінде, олар басты рольді атқара отырып қүжатты толтырған автордың жеке басы туралы белгілі бір қорытындыға келуге негіз болады. Бұл әсіресе мәтінді орындаушы мен автор әртүрлі тұлғалар болған жағдайдағы іс үшін өте маңызды болып табылады.

Жазу тілдің қызмет етуінің негізін тілдік және интеллектуалдық дағдылар кешені қү-райды. Тілдік дағдыға жоғарыда көрсеткендей - тарау, бөлім, пункттік, орфографиялық, лексико-фразеологиялық, синтаксистік және стилистік дағдылар жатады.

Интеллектуалдық дағды эр адамға тән болмысты тану әдісін сипаттайды және қабылдау, ойлау, есте сақтау дағдыларынан тұрады. Бұл дағдылардың мазмұнын адам психикасынан көрініс табатын меңгерілген және жекеленген тілдік және ойлау нормалары мен одан ауыткулықтар құрайды.

Дағдылар мазмұны, олар нақты тұлғаларда қалыптасу жағдайы мен ерекшелігіне тікелей байланысты болады және де қабылданған мәліметтерді сол тұлғаның қолдануымен анықтачады.

Жекеленген тілдік және интеллектуалдық дағдылар ойлау, сөйлеу нормала-рының белгілі бір жиынтығының әрбір адамда қалыптасуы мен оларды сөйлеу барысында колдану ерекшелігінен көрініс табады.

Мұлда адам қандай да бір норманы қолданып сөйлеуге үйреніп, қалыптасады және ол эдетте өзінің ойын жеткізу кезінде сөз құрамының барлығын емес, жартылай ғана жеткізуге дағдыланады. Осыған байланысты әр адамда сирек кездесетін қайталанбайтын тілдік жиынтықтар мен интеллектуалдық дағдылар пайда болады. Осы жекелей қалыптасқан дагдылар арқылы зерттелетін құжат мәтінінің авторын идентификациялауға болады.

Криминалистикалык автортанудың гылыми негізін - адам тілінің сөйлеу шарты мен заңдылығын, тілдің жекелену себебін, динамикалық тұрақ-тылығын, жазба тілінің алуан түрлілігін анықтау туралы және қылмысты тергеу максатында оны зерттеу әдістері жөніндегі білімдер жүйесі құрайды. Криминалистикалық автортану келесідей салааралық ғылым мәліметтерін жинақтайды: адамдар арасындағы қатынас теориясы - коммуникациялык, лингвистикалық, психологиялық және психолингвистикалық, криминалистикалық мәліметтер (идентификация теориясы, криминалистикалық қолжазба). Сонымен қатар, қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде де қолданылады.

Жалпы анықталатын мәселелер екі топқа бөлінеді:

• Идентификациялық - бір немесе бірнеше қүжаттың нақты авторын анықтаудан (идентификациялық мақсатта);

• Идентификациялық емес - автордың ұлтын, топтық қатынасын, яғни оның білім деңгейін, кәсібін, жазу тілінің стильдік дағдысының болуы,әлеуметтік-демографиялық көрінісі туралы және т.б. (классификациялық-диагностикалық мақсатта) жағдайларын анықтаудан.

Соңғы уақыттарда бұкаралық ақпарат құралдарында тіл тигізуге байланысты келтірілген моральдық зиянды өтеу арыздары көбеюде. Осы саннаттағы істер бойынша ақиқатқа жету үшін соттар автортану сараптамасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын лингвистикалық сараптаманы тағайындайды. Сараптаманың шешуіне идентификациялық сипаттағы сүрақтар қойылады:

• мәтінде осы азаматты қорлайтын және тіл тигізетін сөздер, сөз тіркестері кездесе ме?

• мәтін авторының азаматқа беріп отырған мінездемесі қандай?

• басылымда моральдық және т.б. қағидаларды сақтау көзқарасымен азаматтың жеке басьш, кызметін негативті жағынан сипаттайтын мәліметтер,мән-жайлар бар ма?

Криминалистикалық автортанудың объектілері - бұл әртүрлі құжат мәтіндері, жазба, жазылған мәтіндер, сонымен қатар принтер, ризографтар, баспаханалық құралдарды қолдана отырып көбейткіш тәсіл көмегімен алынған құжаттағы мәтіндер. Автортануда мәтін деген түсінікке бір ойды білдіретін сөйлемдер жиынтығы жатады. Жеке сөйлемдер мен сөз тіркестері осы автортанудың объектісі бола алмайды. Сөйлемдер мәтін материалының мазмұнын ғана қү-райды. Автортану зерттеуінің бірлігі болып сөйлемдер қарастырылады, ал қолжазбатанудың зерттеу бірлігіне жеке жазба белгілері жатады (әріп және сан).

Құжаттың мәтіні күрделі жүйелі кұрылым болып табылады, олардың элементгері белгілі бір өзара әрекет ету заңцылығымен байланысты. Идентификациялық зерттеу жүргізу үшін мәтіннің минималды көлемі шамамен бірнеше сөйлемдерден тұруы қажет.

Мәтіннің авторын анықтау барысында мәтіннің қүрылымдық қасиетін көрсететін мәліметгер қолданылады. Бір жағынан танылатын объект ойлау заты туралы мәлімет. Бұл мәліметтерден автордың қатынасқа түсетін заттары мен құбылыстары, сондай-ақ оның араласатын адамдары туралы ақпарат алуға болады. Осы мәліметтер бойынша оның шынайы өмір сүру ортасын; әлеуметтік, этникалық, кэсіптік және біліктілік деңгейі анықталады. Мұндай ақпараттарды зерттеу мен қолдану арнайы білімді қажет етеді. Қүжат мәтінін зерттеудің бастапқы кезеңінде автордың жеке басы туралы шартты моделін қалыптастырып аламыз. Автор өзінің ойын сөйлеу қабілетімен білдіреді. Осы арқылы автордың білім деңгейі, жазу тілін меңгеру дагдысы, этникалық көзқарастары, эмоциялық жағдайымен басқа да оның жеке басын сипаттайтын мәліметтерді ала аламыз. Алынған мәліметтер арнайы білімі бар адамның жазба тілі белгілерін зерттеу нәтижесінде анықталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных