Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Криминалистикалық идентификация теориясы және және диагностика, олардың қолданбалы мағынасы




Дәріс мақсаты: Студенттерге идентификация және диагностика ұғымдарын түсіндіру

Сұрақтар:

1. Криминалистикалық идентификацияның үғымы.

2. Криминалистикалық идентификацияның шарттары.

3. Объектілердің түрлері.

4. Бейнелеу қүрылымы.

5. Криминалистикалық идентифкацияның формалары.

1. Идентификация—берілген объектіні жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша жекешелігін немесе ерекшелігін анықтайтын қүбылыс.

Салыстырудың мүмкіндік жағдайы материалды объектілердің табиғатына қарай қүрылады. Бір жағынан бүл зерттелуші объектілердің жекелігі мен қайталанбайтындығына, шартты түрақтылығы мен өзгермейтіндігіне, екінші жағынан — объектілердің өзіндік белгілерін басқа объектілерде көрсету мүмкіндігіне негізделеді.

2. Криминалистикалық идентификацияның негізгі шарттары мыналар болып табылады:

а) криминалистикалық идентификация объектілерінің жеке өзіндік анықтылығы, объектілерді сипаттайтын тұрақты белгілердің болуы;

ә) салыстырылатын объектілерді түрақты белгілерінің көрінісі бойынша криминалистикалық идентификацияны жүзеге асыру;

б) қылмысты ашу мен тергеу және істі сотта қарастыру процесінде криминалистикалық идентификацияны қолдану.

3. Идентификациялау процесіне екі түрлі объект қатысады:

-идентификацияланатын (ұқсасталынатын) объект- ол ерекшелігі анықталатын объект,

-идентификациялаушы (ұқсастырушы) объект-ол арқылы ерекшелік анықталады.

Идентификацияланатын объект біреу, ал салыстырушы объект бірнеше болуы мүмкін.

Идентификациялаушы объектілердің екі түрі бар: пайда болуы белгілі және белгісіз.

4. Криминалистикалық идентификацияның теориясы мен практикасында екі көрініс формалары бөлінеді: материалды - тіркеуші және психо-физиологиялық.

Криминалистикада идентификацияның төрт түрі белгіленеді:

-материалды тіркелген белгі көріністері бойынша идентификациялау;

-жалпы пайда болу белгілері бойынша идентификациялау (бүтінді бөлшектеп идентификациялау);

-адам есінде қалған ойша бейне бойынша идентификациялау;

- белгілерді сипаттау бойынша идентификациялау.

Идентификацияланатын белгі— салыстырылатын объектілерге тән және идентификациялау мақсатында қолданылатын жекеше белгі.

Белгіні идентификациялаушы ретінде пайдалану үшін, ол келесі шарттарға жауап беруі тиіс:

а) белгінің ерекшелігі-оның ерекшелік сипаттамасы, өзектілігі. Белгі идентификация үшін колданылатын объектінің құрамын толық көрсетуі қажет;

ә) белгінің мазмұндылығы оның түрақты көрінісін сақтау қабілеті. Белгі іздің қалыптасуының әрбір жағдайында пайда болады, сонымен бірге оның көрінісі біркелкі тепе-тең және объект құрамы жөнінде ақпарат беріп отыруы тиіс;

б) белгінің шартты түрақтылығы қоршаған ортадағы жатқан белгіге қатысы жоқ немесе көңіл бөлінбейтін өзгерістер. Кез келген жағдайда идентификацияда салыстырылатын белгінің мәні мен шартты өзгеру сатысына көңіл бөлінеді.

3. Идентификациялық белгілер әр түрлі негіздер бойынша топталады:

-субъектіге толық катынас бойынша: жалпы және жеке;

-сипаттамасы бойынша: сапалы және мөлшерлі

-идентификация процесіндегі маңыздылығы бойынша: дифференцияланатын және идентификацияланатын;

-кезеңнің үзақтығы бойынша түрақты және шартты түрақты;

-табиғаты бойынша: заңды және кездейсоқ;

-объектілер санының көптігіне байланысты: топтық және жекешеленген;

-басқа да белгілермен байланысы бойынша: байланысты және байланыссыз;

-пайда болуы бойынша: жекеше және 'жасанды.

4. Объектінің топтық катынасын анықтау - оның белгілі бір сыныпқа, түрге, топқа, яғни біртоптық объектілердің кейбіреулеріне қатысын айқындау мүмкіндігін тудырады. Объектінің белгілі бір топқа қатысын анықтау - берілген топ объектілердің жалпы белгілерін зерттеу негізінде жүзеге асады.

Топтық тиесілік мына максаттарда анықталады:

а) белгісіз заттың табиғатын анықтау;

ә) заттың болуы мен тағайындалуын анықтау;

б) объектіні белгілі бір топқа, заттар массасына жатқызу;

в) объектінің пайда болу көзі мен шығу әдісін анықтау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных