Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КӘСІПОРЫНДА ӨНІМ САПАСЫН АРТТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 

Н. А. Базарбаев, «Менеджмент» мамандығының магистранты.

Қазақ Технология және Бизнес Университеті, Астана қаласы.

Ғылыми жетекші: Мустафаев К. С., э.ғ.к.

 

Резюме: В статье авторами исследованы стратегия формирования и повышение качества продукции, и их осуществление в предприятиях Республики Казахстана

Summary: The authors studied the formation of strategy and product quality implementation in the enterprises of the Republic of Kazakhstan.

 

Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс - әрекет.

Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.

Кәзіргі заманда Қазақстанда өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар келесі:

 

Атауы
  өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
  тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау
  өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту

 

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

Атауы
  жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты
  жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
  өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

 

Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

Атауы
  Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы — нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді
  Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.
  Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
  Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
  Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.

Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау қажет.

А.Жағдайлар.

— тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау;

— басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;

— кемелге келу шексіз деген сенім;

— олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн;

— мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;

— ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы (стандаоттары);

— фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы;

— адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару;

— жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім;

— еңбекті мойындап, қадірлеу;

Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол – бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі.)

Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ».

Б.Талаптар мынаған қойылады:

— бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты;

— өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;

— сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі;

— сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету;

— сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Скорпионы вас не кусали? | Основных типа экономических систем


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных