Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылмыстық процестегі дәлелдемелер.




Дәлелдеу теориясы – ғылым бөлімі ретінде қылмыстық процестегі дәлелдеу қызметінің мәні мен мазмұнын, мақсатын, құқықтық негіздері мен жүргізу тәртібін, сондай-ақ бұл теорияның ұғымдарын қамтитын ілім, яғни ғылыми қағидалар жиынтығы болып табылады.

Дәлелдеу теориясының ғылыми зерттеулер жүргізудің жалпы және арнайы әдістері мен амалдары туралы таным тоериясында қалыптасқан қағидалар қолданылады.

Қылмыстың мән-жайлары дәлелдемелердің негізінде ғана анықталатын болғандықтан, оларды ұғыну керектігі жөнінде деген сұрақ туындайды.

Дәлелдемелер ұғымы ҚІЖК-нің 111-бабында жазылған. Осы баптың мазмұнына сәйкес, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ұғымын былай тұжырымдаймыз: тергеуші, анықтаушы, прокурор және сот қылмыстың болғандығын немесе болмағандығын, бұл қылмысты айыпталушы жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтауға негіз болатын заңды түрде алынған фактілі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

ҚІЖК сәйкес фактілі деректердің қайдан алатындығы, яғни дәлелдемелердің қайнар көздері көрсетілген. Дәлелдемелердің қайнар көздеріне мыналар жатады: 1) сезіктінің жауабы, 2) айыпталушының жауабы, 3) жәбірленушінің жауабы, 4) куәнің жаубы, 5) сарапшының қорытындысы, 6) заттай дәлелдемелер, 7) іс-жүргізу әрекеттерінің хаттамалары, 8) өзге құжаттар. Осы айтылған қайнар көздерге сәйкес дәлелдемелердің процессуальдық нысаны және түрлері ажыратылады: сезіктінің жауабы, айыпталушының жауабы және т.б.

Дәлелдемелер қайнар көздеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. Дәлелдемелердің түрлеріне мыналар жатады:

1. сезіктінің жауабы;

2. айыпталушының жауабы;

3. жәбірленушінің жауабы;

4. куәнің жауабы;

5. сарапшының қорытындысы;

6. заттай дәлелдемелер;

7. іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары;

8. өзге құжаттар.

 

Сезіктінің жауабы. ҚІЖК 216-бабының көрсетілгендей, сезікті өзіне қарсы туып отырған сезік жөнінде, сондай-ақ іс бойынша маңызы бар өзіне белгілі бір мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. Сезікті жауап беруден бас тартуға құқығы бар. Дегенмен, тергеуші немесе анықтаушы сезіктіден жауап алғанда оның жауабының өзі үшін де маңызы болатындығын түсіндіруі тиіс. Яғни, сезіктінің жауабының екі жақты маңызы бар: 1) дәлелдемелердің түрі ретінде; 2) сезіктінің өз мүдделерін қорғауы үшін.

Айыпталушының жауабы. Айыпталушы өзіне тағылған айыптау бойынша, сонымен бірге іске маңызы бар өзіне белгілі мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнінде айғақтар беруге құқылы. Айыпталушының жауап беруден бас тартуға құқығы бар. Ол жауап беруден бас тартқаны немесе жалған айғақ бергені үшін жауаптылыққа тартымайды. Айыпталушының өзінің жауабы тағылған айыптаудан қорғану үшін пайдалана алады. Сондықтан оның жауабының да, сезіктінің жауабы сияқты, екі жақты маңызы бар: біріншіден, қылмыстық іс бойынша қолданылатын дәлелдемелердің түрі ретінде; екіншіден, тағылған айыптаудан қорғану құралы ретінде.

Жәбірленушінің жауабы. Жәбірленушіден қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар туралы, сондай-ақ өзінің сезіктімен, айыпталушымен, басқа да жәбірленушілер мен куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алынуға жатады. Жәбірленушіден тергеу жүргізу және сотта істі қарау кезінде жауап алынады. Ол жауап беруге міндетті және жауап беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚК-тің 420-421бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Сонымен қатар, іске мүдделі тұлға ретінде жәбірленішінің жауап беруге құқығы бар.

Куәнің жауабы. Куәнің жауабы деп алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе сот отырысынан қылмыстық істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы бұл адам хабарлаған және хаттама түсірілген мәліметтерді айтамыз. Куәнің жауабы дәлелдемелердің жиі қолданылатын түрі болып табылады. Яғни, әрбір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу кезінде және басты сот талқылауында куәлардан жауап алу және олардың жауабын дәлелдеме ретінде қолдану қажет болады.

Сарапшының қорытындысы. Сарапшы қорытындыны өз атынан береді және дұрыстығы үшін жеке басы жауапты болып табылады. Көрінеу жалған қорытынды бергені үшін срапшы қылмыстық жауапқа тартылады. Срапшының қорытындысы заңды және негізделген болуы мүмкін. Қорытындының заңдылығы сраптама жүргізу барысында заңның талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

Заттай дәлелдемелер. Табиғи немесе кейін пайда болған қасиеттері мен белгілеріне байланысты қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауға көмегі тиетін әр түрлі нәрселер заттай дәлелдемелер болып табылады. Заттай дәлелдемелердің мынадай түрлерін ажыратуға болады:

v қылмыс жасаудың құралы болған заттар;

v Қылмыстық әрекеттің объектісі болған заттар;

v Үстінде қылмыстың іздері сақталған заттар;

v Ақша және өзге де бағалы нәрселер;

v Басқа заттар;

v Құжаттар.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных