Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің ерекшеліктері.




Алқабилердіц қатысуымен сот шығарған, занды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға шағым жасау және наразылық білдіру (ҚР ҚІЖК 574-бап).

Алқабилер қатысқан соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағым жасау, наразылық біддіру тәртібі, ҚР ҚІЖК-нің 8-бөлімінде көзделген ережелермен айқындалады, олардың ез ерекшеліктері мынадай болып келеді.

Алқабилердің апелляциялық тәртіппен шағым жасау мен наразылық білдіруге келесі шешімдер жатады:

— алқабилер қатысқан сот үкімдеріне;

— төрағалық етушінің істі тоқтату туралы қаулыларына;

— төрағалық етушінің басты сот талқылауын тағайындау;

— істі алдын ала тындауды жүргізу;

— алдын ала тындау нәтижелері бойынша шығарылған қаулыларына айыпталушыға бүлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негізділігі туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрінің негізділігі немесе негізсіздігі туралы мәселені қарауға міндетті.

Төрағалық етуші шығарған басқа қаулылар шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды.

Алқабилердің қатысуымен сот қараған істерді апелляциялық сатыда іс жүргізу ерекшеліктері (ҚР ҚІЖК 575-бап).

Аппеляциялық сатыда сот ісін жүргізу заң күшіне енбеген шағым жасау мен наразылық біддірулердің, алқабилердің шығарған үкімдері мен қаулыларын занда көрсетілген тәртіппен қайта қарайды.

Апелляциялық сатыда сот шешімдерінің күшін жоюға немесе оларды өзгертуге:

1) істі аяқтау үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкін жол берілетін дәлелдемелерді талқылаудан негізсіз алып тастау;

2) істі аяқтау үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді тараптың зерттеуінен негізсіз бас тарту;

3) істің аяқталуына әсер еткен дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтын іс жүзіндегі деректерді сот отырысында зерттеу;

4) ҚР ҚІЖК-нің 415-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу негіз болып табылады.

Апелляциялық саты сотталған адам онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық занды қолдануға және жасалған әрекеттің дәрежеленуінің өзгеруіне сәйкес жазаны жеңілдетуге құқылы. Бұл ретте, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық занды қолдануға немесе тағайындалған жазаны ауырлатуға құқылы емес[32.45б].

Қылмыстық іс жүргізу заңының прокурордың, жәбірленушінің немесе оның өкілінің дәлелдемелерді ұсыну құқығын шектеген бұзушылық жағдайларын қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімі апелляциялық сатыда күшін жоймауға тиіс.

1.6.Алқабилер қатысқан соттыц заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау.

(ҚР ҚІЖК 576-бап). Алқабилер қатысқан соттың занды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға сот тергеуі немесе сот талқылауы кезінде жіберілген конституциялык құқық бұзушылықтар мен азаматтардың бостандығы немесе дұрыс қолданылмаған зандар негіз бола алады:

— кінәсіз соттауға;

— орташа немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға;

— жәбірленушінінің сот арқылы қорғалу құқығынан айыру;

— сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жек басына сай келмеуі.

Соттың заң күшіне енген актілері қайта қаралуға жатады, егер:

— сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса;

– адам өлім жазасына сотталған үкім апелляциялык карау нысанасы болмаса, кайта каралады.

өлім жазасы туралы занды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін кайта қаралуы мүмкін.

Айыптау үкімі мен каулыны кадағалау тәртібімен қайта қарауға мынадай жағдайларда жол берілмейді;

— неғұрлым ауыр қылмысты қолдану қажеттігіне байланысты жазаның жеңілдігіне қарай;

— немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға соқтыратын жағдайлар;

– соттың ақтау үкімін не қылмыстық істі қысқарту (ҚР ҚІЖК 577-бап).

Жоғарыда сөз болған жағдайлар алкабилер қатысқан сот шешімін қайта карауға негіз болады[32.46б].

Алқабилердің қатысуымен қаралатын сот Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудің жаңа системасы болып табылады, онда қоғамның қажет және талап еткені демократизм принципі негізінде жүзеге асырылады.

Сот алқабилерінің қызметке кіріскеніне аз уақыт болғанына қарамастан сот тәжірибесінің алқабилермен қарастыруына, істі тәртіп бойынша жүргізуге әртүрлі қиыншылықтар мен жаңа занда орнықпаған зандар әсер етеді.

Д. Кисикованың Құқықтық газеттің 2007 жылғы 3 мамырында жарық көрген «Алқабилердің қатысуымен болатын сот жүргізу процесінің мәселелері» атты мақаласында автор алқабилердің қатысуымен болатын соттағы мәселелер жөнінде өз пікірін нақты көрсеткен. Автордың пікірімен келісуге болады және оқырманның назарын төменде көрсетілетін, заң рұқсатымен тез арада шешуі керек[33.16б].

1. Әрекет етіп отырған ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне байланысты алқабиге кандидат орташа айлық алатын адамдар тізіміне кіргізілмеген. Заңда тек алқабилерге сотта болғаны үшін мемлекет атынан төленетін жұмыс жалақысы жөнінде ғана айтылған. Бұл жер тек болашақта занда алқабиге кандидаттарға соттың талабы бойынша тандауға кедергі болады. Барлық кандидаттар өз қаражатына (барып қайту жолы, күндік жататын орны) соттың шақыруы бойынша алқабиге кандидаттарды таңдау рәсімдеріне келуге келісім бермейді.

2. Сот алқабилері құрамына заң бойынша екінші сот төрешісі кіреді, ол сот сұрақтарының құрылуы мен занды талқылауда ғана қатысады, және басқа занды өкілеттілікке ие емес. Сот процесінде оның қызметі шектеулі. Негізінде екінші сотты қызметінен мүлдем босату керек, немесе оны қосалқы сот ретінде қойып, алқабилер санын он екі адамға жеткізу керек. Сонымен алқабилердің құрамын құраудың басқа да түрі, онда төрағалық етуші және екі қосалқы мен қосқанда сегіз немесе тоғыз алқабиден тұруы керек.

3. Алқабилерге қарасты төрағаның сөзі сот отырысы залында емес төрағалық етушінің қайта қарауын түсіндіруі үшін біздің ойымызша кеңесу бөлмесінде айтуы керек.

4. Қылмыстық заң мазмұны сотталушының айыпталып отырған әрекеті бойынша жауаптылықты қарастыратынын, кеңесу тәртібін түсіндіруі, негізгі және жалпы сұрақтар бойынша үкім шығару бюллетендерін толтыру сияқты мәселелерді хабарламауы керек, себебі айыптау мазмұны сот ісін жүргізу принциптеріне және бәсекелестікке және тараптардың тендіктеріне карсы.

5. Қылмыстық заң мазмұндағы хабарлама да сот алқабилерінің қатысуымен болатын іске қарсы.

6. Кеңесуді және дауыс беруді сот отырысы залында емес кеңесу бөлмесінде алқабилерден сол іс бойынша түсінік алуы арқылы жүргізуі керек.

7. Заң сот жарыссөзін екі бөлімге бөледі. Бірінші болып мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші және сотталушы алқабилердің алдында өздерінің дәлелденген немесе дәлелденбеген айыптауға өздерінің таным түсініктерін береді. Екіншісі, мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші және азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер, олардың өкілдерінің, қорғаушы және сотталушының сөздерінен тұрады, онда олар сотталушының іс-әрекетін, жаза тағайындауды алқабилердің жоқ кезінде шешіледі.

Сот жарыссөзін екіге бөлудің керегі жоқ. Бірінші бөлімде мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері сөйлеуі керек, бірақ сотталушының кінәлілігі дәлелденген немесе дәлелденбегені туралы сұрақтар қозғалмауы тиіс. Бұл сұрақтарды сот төрешісі алқабилермен бірге кеңесу бөлмесінде айыпты немесе айыпсыз деп танып шешім шығаруы керек.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардан алқабилердің қатысуымен болатын сот процесінің мәселелері құқықтанушылар мен тәжірибелік жұмыс жасайтындардың занды негізде мұқият жұмыс жасауын талап етеді.

Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық

Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 166 бұйрығы

Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын тиісінше ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Заңы 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген, Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 30 «Халықаралық ынтымақтастық саласында қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту» туралы жарлығының күші жойылды деп танылсын,

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен мекемелерінің бастықтары және қызметкерлері осы бұйрықпен таныстырылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных