Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көлденең рамаларды үйлестіру




Көлденең рамаларды үйлестіру жалпақ рамалардың конструкциялық бөлшектерінің габариттік өлшемдерін қондырудан басталады. Тік өлшемдер еден деңгейімен бірдей болады. Көлденең өлшемдер сызықтық осьтеріне тең болады. Барлық өлшемдер негізгі үндестіру жағдайларымен және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес қабылданады.

Бір өткінді рамаларды үйлестіру тәсілі ғимараттың тік габаритті өлшемдері өндірістің технологиялық шарттарына тәуелді және еден деңгейі мен кран рельсінің Н1 басына дейінгі арақашықтықпен және кран рельсінің басымен алып келе жатқан жабын конструкциясының Н2 төменгі жағына дейінгі аралықпен анықталады. Суммада бұл екі өлшемдер цехтың биіктігін Н0 құрайды. Н2 көпір кранның өлшемі болып табылады;

Н2=(Нк+100) + f,

Мұндағы Н2=(Нк+100) – рельстің басы мен кран жүгінің жоғарғы нүктесіне дейінгі аралық, тағы да техника қауіпсіздік талаптарына сәйкес қондырылған 100мм саңылау; f – жабынның иілгіштігін ескеретін өлшем өткінге тәуелді 200-400мм тең етіп қабылдайды (үлкен өткіндерге – үлкен өлшем).

Көпір крандарының габариттік өлшемдері стандартқа сай және завод каталогтарында көрсетіледі. Соңғы өлшем Н2 200мм тең қылып алынады. Цехтың биіктігі – еден деңгейінен итарқалық фермалардың төменгі жағына дейінгі аралық.

Н0 = Н2 + Н1,

Мұндағы Н1 – технологиялық процесс шарттарына сәйкес қойылған кран рельсінің басының ең төменгі белгісі.

3.3. сурет. Бір өткінді ғимараттың көлденең рамасының сұлбасы

(жақша ішіндегілер - өлшемдер, мысал бойынша үйлестіруде анықталған)

 

Н0 өлшемі 1,2-ден – 10,8м дейінгі биіктікте алынады, ал жоғары биіктікте қоршалған конструкциялардың стандартымен алынады. Егер цехтың биіктігін бірнешеге ұлғайтатын болсақ, онда рельс басының белгісін өзгерту қажет, ал Н2 өлшемі минималды күйінде қалдырамыз.

Әрі қарай бағананың жоғарғы бөліктерінің өлшемдері Н2 қойылады, төменгі жағы Нн және ферма тірегінің биіктігі Нф. Сонымен бағананың жоғарғы бөлігінің биіктігі мынаған тең болады:

Нв = hб + hр + Н2

Мұндағы hб – кран астындағы арқалықтардың биіктігі, оны алдын ала - арқалықты өткінге тең етіп алады, hр – кран рельсінің биіктігі, ол 200мм етіп алынады.

Кран астындағы арқалықтарды есептеп болғаннан кейін бағананың төменгі бөлігінің өлшемін есептейміз, мм.

Нн – Н0 – Нв + (600....1000)

Мұндағы (600....1000) мм - әдетте қолданатын тереңдік

 

Бағана рамаларының жалпы биітігі базаның төменгі жағынан ригальдің төменгі жағына дейінгі аралық

Н = Нв+ Нн

Бағана бөлігінің ригельге дейігнгі биіктігі Нф таңдалған итарқалық ферма конструкциясына байланысты. Егер жалпақ шатыр және ұқсас бұрышты фермалар болғанда Нф биіктік 2,25м етіп, өткін 24м, ал 30 және 36м өткінде 3,15м етіп қабылдаймыз. Басқа профильдерден жасалған ферма элементтеріне де биіктікті осылай қабылдаған дұрыс.

Егер ғимаратта жарық аэрационды немесе аэроционды фонарлар болса, Нф биіктік жарық техникалық немесе жылу техникалық есеп бойынша типтік фонардың тыстау биіктігін(1250 және 1750мм), карниз элементінің борттық қабырғасын ескере отырып қабылдаймыз.

Бағананың сыртқы жағының бағана өсіне ілестірілулер(привязка) нольдік, 250мм немесе 500мм болуы мүмкін. Нольдік ілестірілулерді көпірлі краны жоқ және биік емес (бағана адымы 6м болғанда) ғимараттарда қабылдаймыз. Егер кран болған жағдайда оның жүк көтергіштігі 30т аспауы керек. 500мм етіп биік ғимаратттарда, кранның жүк көтергіштігі 100т немесе одан да көп болған жағдайда және бағананың үстінгі жағында өту ойықтары болғанда. Қалған жағдайларда 250мм етіп қабылдай береміз.

Қима биіктігі бойынша тұрақты бағаналарды аспалы транспорт және көтергіш қабілеті аз көпірлі краны бар цехтарда қолданылады. Бұл қима биіктіктерді бағананың сыртқы жақ шегін тораптық осьерді ескере отырып қабылдайды және тораптық оське ферма бойынша қабылданған ГОСТ 23119-78 (200мм). Осының салдарынан бағананың қима биіктігі 450мм (250+200) және 700 (500+200) болуы мүмкін. Егер бағананың мықтылық және қаттылық шарттары бойынша үлкен биіктік қажет болса(әдетте бағананың қима биіктігі бағана биіктігі іргетастың бетінен итарқалық ферма төменгі жақ биіктігіне қарағанда аспауы керек) онда бұл жағдайда қима биіктігін ферма биітігі бойынша 450мм немесе 700мм, ал ферманың төменін – үлкен етуге болады.

Баспалдақ тәріздес бағананың қима биіктігін қабылдар алдында кран цехты бойлай қозғалғанда бағанаға тиіп кетпеуін есеру керек, ол үшін кран асты арқалық осінен бағана осі арақашықтығы мынадан кем болмауы керек, мм,

l 1B 1 + (h н - a) + 75,

мұндағы B 1 – крандық көпір бөлігінің өлшемі, рель осінің қызметін атқарады. Оны кран бойынша ГОСТ тан қабылдаймыз; 75мм – кран мен бағана арасындағы саңылау, ол қауіпсіздік талаптары бойынша қабылданады.

Бағананың кран асты шыбығының осін әдетте кран асты арқалықпен бідей етіп қабылдайды.бұл жағдайда бағананың төменгі жақ қимасының биіктігі мынаған тең:

h н = l 1 + a

Көлденең бағытта цехтың қаттылығын қамтымасыз ету барысында бағананың төменгі жақ қимасының биіктігін Н кем емес етіп, ал көпірлі крандар қарқынды жұмыс істейтін цехтарда Н кем емес.

Бағананың үстіңгі жағын әдетте тұтас жобалайды, екі таврлы етіп; төменгі жағын тұтас етіп ені 1м дейін болғанда ғана қабылдайды, ал үлкен енді етіп тиімді істеу үшін оны теседі.

Фонар енін әдетте 6 немесе 12м етіп қабылдайды.

Үйлестіру кезінде сұлбалар және байланыс өлшемдері, фахверктың және басқа да каркас элементтері қондырылады.

3.3. Көп өткінді рамаларды үйлестіру.

Көп өткінді рамаларды жобалауда мынаны ескерген жөн, қаңқа конструкциясын масималды жетістіктерге жеткізу керек, себебі барлық өткіндер тең және бірдей биітіктерде болуы тиіс.

Өндіріс технологиясының шарттарына сәйкес бірдей өткіндер үнемі ыңғайлы бола бермейді. Мұндай жағдайларда олардың өлшемдерінің саны аз болғанын қамтамасыз етуі керек. Көбіне ғимараттар жалпақ шатырлы (еңіс 1,5%) және ішкі суағармен етіп жобалайды.

Жылытылмайтын ғимараттар үшін сыртқы жағына су шығаратын құрылғы орнатылу қажет. Кейде ішкі суағарлар технологиялық процесте тиімсіз болып келеді (мысалы болат балқытатын цехтерде). Мұндай жағдайларда екі еңісті (двухскатный) жабын орналастыруды талап етеді, себебі ені 70-80м дейінгі ғимараттарға суды алып кету мен аэрацияны қамтамасыз етеді.

Жеке өтіндерді жобалау ғимараттың биіктіктері өндіріс сипатына байланысты. Көп өткінді жылу және газды көп бөлетін ғимараттарда биіктік бойынша аэрационды фонарлар орнатады. Бұл аэрационды фонарь қосымша бүйір беттен жарық беруші ретінде қолданылады.

Әр түрлі биіктіктегі көп өткінді рамалардың конструктивтік сұлбаларын үйлестіргенде бір немесе екі еңісті жабынның қайсысын таңдау керек екендігі деген сұрақ туындайды. Шағын бүйірдегі өткіндерге бір еңісті жабын қолданған жөн (3.4. сурет.б), ал үлкен жапсарлы өткіндерге мүмкіндігінше, ішкі суағар орнатқандықтан екі еңісті ферма орнатқан тиімді (3.4 сурет.а).

Шеткі қатардағы көп өткінді рамалардың өлшемдерін анықтау дәл бір өткіндідегідей жүргізіледі. Егер ғимараттың әр түрлі өткіндерінде бірдей биіктікте крандар жүк көтергіштігі әр түрлі болса, онда Н2 өлшемі (3.3 сурет) жүк көтергіштігі көп кран бойынша қабылданады.

Биіктіктері төмендемейтін ғимараттардың орталық бағаналарының үйлестірілімдік өлшемдері Н1 Н2 Н0 (А – Б өткіні, Б – В 3.4 сурет, а) шеткілері сияқты қабылданады. Орталық бағаналардың жерге батырылуы да шеткілер сияқты қабылданады (600-1000).

Ортаңғы бағананың жоғарғы бөлігінің қима биіктігі hв кранның жүк көтергіштігіне байланысты және бағана биіктігі 400, 700, 1000 мм етіп қабылданады. Төменгі бөлігінің қима биіктігі hв = 2 l1 (3.4 сурет,г)

3.4 суретте биіктіктері төмендетілетін қатарлардағы раманың үйлестірмелі өлшемдері берілген, мұнда ұстындар мен бірге биіктіктер төмендетілуі көрсетілген және жапсармалы өткіндер қабырғамен бөлінген (суретте үзік сызықпен көрсетілген). Бұл жағдайда төменгі өткін кран рельсінің тораптық оське қатынасы анық, ол кем дегенде, мм,

l`1 = а + t + 450 + В1+ 75,

3.4 сурет. Көп өткінді ғимараттардың көлденең рама сұлбасының мысалы:

а – машина құрастыратын заводтағы цех; б – Мартендік цех; в – конвекторлық цех; г – күрделі режимде жұмыс істейтін орталық қатардағы ұстынның көлденең үйлестірілуі; д – дәл сол, бірақ биіктігі қысқарады

 

мұндағы а – бағананың жоғарғы бөлігінің сыртқы қосымша өлшемі; t – қабырға қалыңдығы; 450 - өтетін жер мен қоршаудың габариттік өлшемі, мм; В1 – кран рельсінен шығып тұрған бөлік; 75 – кран мен өтетін жер қоршауы арасындағы қажетті саңылау, мм.

l1 өлшемін жуықтап 250 мм етіп көп жағына қарай қабылдайды. Ұстынның төменгі жағының қима биіктігі h11 = l1 + l1` қосымша шеткі жағы тораптық оське қарағанда асиметриялы. Әр түрлі конфигурациядағы көлденең рамалардың үйлестірмелі өлшемдері ұқсас орындалады.

Итарқаның адымы мен биіктігімен бірге итарқа асты ферма өлшемдері көрсетіледі.

Негізгі әдебиеттер: 3 [311-318]

Бақылау сұрақтары:

1. Қаңқаны қалай жобалаймыз?

2. Жоспарда бағаналарды орнату қандай факторларды есепке ала отырып қабылданады?

3. Ұстындарды жоспарда қалай орналастырады?

4. Көлденең раманы үйлестіру неден басталады?

5. Еден деңгейінен итарқалық ферманың төменгі жағына дейінгі цех биіктігі қалай есептеледі?

6. а – ілестірілуін қалай қабылдайды?

7. Көп өткінді раманың үйлестірілуі қалай жүзеге асады?

 

№4 Лекция. Өнеркәсіптік ғимараттардың қаңқаларының






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных