Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Иранның өзінің шикізат орындарын бақылау жағдайлары




Тең құқықсыз ағылшын-ирандық келісімшартқа сәйкес, Иранның мұнай кен орындары Ұлыбританияның иелігіндегі ағылшын-ирандық мұнай компаниясына (АИМК)-на 60 жылға концессияға берілді. [17] 1954ж. 19 қыркүйекте ХМК мен Иран үкіметі арасында ХМК-ға (мәжіліс 21 қазанда қабылдады) ирандық мұнайды өндіру мен өңдеу құқықтарын беру туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұрын мұндай құқықтар АИМК-да («British Petroleum») болатын. Консорциумның 40% акциясын ағылшындық «British Petroleum» компаниясы, 14%-ын ағылшын-голландтық «Royal Dutch Shell», 40%-ын бес американдық мұнай компаниясы («Standard Oil of New Jersey», «Socony Mobil Oil», «Standard Oil of California», «Texaco», «Gulf Oil Corporation») және қалған 6%-ын француздық «Соmpagnie Francaise des Petroles» иеленді. Келісімшартқа сәйкес, консорциумның құрамындағы компаниялар Иранға таза пайда сомасының 50%-ын төлеп отыруы тиіс болды. Келісімшарттың әрекет ету мерзімі 25 жыл, яғни, 1979 жылдың аяғына дейін деп бекітілді. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін, келісімшарттың мерзімін 1994 жылға дейін ұзарту қарастырылды. [18] Яғни, Иранның барлық ірі мұнай кен орындары толықтай шетел капиталының меншігінде болды.

Қазақстанның шикізат компанияларының көпшілігі, Ирандағыдай, шетел капиталының меншігінде болып табылады. Қазақмыс, Қазцинк, Қарметкомбинат, Еуразиялық топ компаниялары шетелдіктерге тиесілі болып келеді. Қазақстанның мұнай және газ кен орындарының тек қана 20%-ы Қазмұнайгаз арқылы бақыланады, ал қалған 80%-ы шетелдік меншік иелеріне тиесілі.

Иранның этникалық құрамы да пайыздық қатынасы бойынша Қазақстандікімен ұқсас. Иранның негізгі этникалық тобы – парсылар бүкіл халықтың 61%-ын құрайды. Күрдтер мен түркі этникалық тобына жататын әзірбайжандар жалпы халықтың 39%-ын құрайды (2008ж.).[19] Қазақстанда қазақтар да бүкіл халықтың 63,1%-ын, ал славяндар мен басқа этникалық топтар қалған 36,9%-ын құрайды (2009ж.). [20]

Реза Пехлеви шахтың жүргізген қате экономикалық саясаты экономикалық дамудың әркелкілігі мен тепе-теңсіздігіне әкелді. Жұмысшылардың қолындағы өсіп жатқан ақша массасы халыққа қажетті тауар массасымен сәйкестендірілмеді. Шах конституция нормаларымен дұрыс есептеспеді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін шектеді, сонымен қатар, жасырын полицияға (САВАК) кең өкілеттіліктер бере отырып, ықпалды оппозиция жетекшілерін жер аударды. 9 1970-ші жылдардың ортасында төлем балансы тапшылығының өсуі мен инфляция байқалды. Инфляция халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейін айтарлықтай төмендетті. Жемқорлық кең таралды. Халықтың наразылығын Ислам оппозициясы пайдаланды.7 Шейіт көсемдері шахтың қателіктерін ұтымды пайдалана отырып, оған қарсы кесілескен шабуылды бастады. [21] Бұл жағдайда шейіт дінбасыларының көшбасшысы Аятолла Хомейни шахқа ашық қарсы болып қана қоймай, оған қарсы халықты көтере білді, яғни, ислам революциясына жетекшілік ете отырып, оның жеңіспен аяқталуына қол жеткізді. Барлық зайырлы оппозициялық күштер күйретілгендіктен, ирандық мұсылман діні қызметкерлері елді Реза Пехлеви шахтың қате саясатынан азат етуге қабілетті қалған жалғыз күш болып табылды. Мұсылман діні қызметкерлері елдегі билікті алу мен ұстап тұруға қажетті барлық мүмкіндіктерді иеленді. Оларда идея болды және халық осы идеяны қолдады. Бұл идея – ислам заңдарына негізделген әділетті қоғамды орнату. Мұсылман діні қызметкерлері халықтық қозғалыстарды ұлттық көлемде ұйымдастыра алған құрылымға ие болды. Бұл үшін мешіттер пайдаланылды. Сонымен қатар, олар өз қызметтерін қаржыландыру үшін жеткілікті капиталға да ие болды.

1-кесте

Экономикалық көрсеткіштер 1978ж.
  Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің үлесі, % 40%
  Өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің үлесі, % 19%* (1976ж.)
  Қала халқының үлесі, % 51,5%
  Ауыл халқының үлесі, % 48,5%
  Қала халқы, млн. адам  
  Ауыл халқы, млн. адам  
  Жұмыссыздық деңгейі, % 3,5% (1975ж.) [22]
  Сауатты халықтың үлесі, % 50%

 

*1976ж. елдегі жалпы 33,7 млн. адамның 8,8 млн.-ы еңбекпен қамтылды. Олардың өнеркәсіпте жұмыс істегендерінің үлесі 19%-ды (1,7 млн. адам), ал ауыл шаруашылығында жұмыс істегендерінің үлесі 34%-ды (3 млн. адам) құрады. [23]

Статистика көрсеткендей, Иран азаматтарының жалпы сауаттылық деңгейі мен урбандалу дәрежесі басқа революциялар өткен елдермен салыстырғанда жоғарырақ болды. Бұл ретте ауыл шаруашылық өндірісінде жұмыс істегендердің үлесі де төмен болды. Осылай бола тұрса да, Иранда жалпыхалықтық революция орын алды. [24]

2-кесте

  1977/78ж.
Ұсақ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеген тұлғалардың еңбекақылары (10 адамға дейін еңбек ететін), айына мың риал Иелері 19,4 ($ 273)
Тікелей өндірісте қамтылған жалдамалы жұмысшылар 13,2 ($ 186)
Ірі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеген тұлғалардың еңбекақылары (50 адамға дейін еңбек ететін), айына мың риал Қызметкерлер 56,5 ($ 796)
Жұмысшылар 21,2 ($ 300)
Тегеран жұмысшыларының біліктілік дәрежелері бойынша еңбекақылары, айына мың риал Біліктілігі жоқ жұмысшылар 8,5-17 ($ 120-$ 240)
Жартылай білікті жұмысшылар 12-25,6 ($ 168-$ 360)
Білікті жұмысшылар 34-42,6 ($ 480-$ 600)
Техниктер 25-35,4 ($ 350-$ 500)
Тегерандағы кейбір қызметкерлер топтарының еңбекақылары, айына мың риал Зертханалардың жұмысшылары 28,4-35,5 ($ 400-$ 500)  
Орта басқарушы қызметкерлер 35,5-56,8 ($ 500-$ 800)
Бөлім бастықтары 71-142 ($ 1000-$ 2000)
Тау-кен кәсіпорындарындағы еңбекақы, айына мың риал 11,5 ($ 160)
Кеңсе қызметкерлерінің еңбекақылары, айына мың риал 10 ($ 140)
Еркін кәсіппен айналысатын тұлғалардың еңбекақылары, айына мың риал 12 ($ 169)

 

Ескерту. 1977/1978ж. $ 1 71 риалға тең болды. [25]

Нәтижесінде, «ақ революция» 70-ші жылдардың ортасында ішкі қарама-қайшылықтардың күрт шиеленісуі мен елде жаппай наразылықтың орын алуына әкеліп, 1979ж. Ислам революциясымен аяқталды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных