Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Уандыкова Раушан Кенесбаевна – биология ғылымдарының кандидаты, доцент




Негізгі ғылыми зерттеу бағыты:Экология және тамақтану: проблемалар және шешу жолдары.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері:40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы. Республикалық және Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушысы, ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша патент иегері, бірнеше оқу-әдістемелік құрал, монография авторы, жетекшілік етуімен бір кандидаттық диссертация қорғап шықты.

Ерманова Салтанат Ақбердиевна- медицина ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ профессоры. Профилактикалық медицина мен медициналық білім және ғылым әдістемесі кафедрасының оқытушысы.

Есентаева Жұлдыз Мадиқызы- дәрігер акушер-гинеколог.Профилактикалық медицина мен медициналық білім және ғылым әдістемесі кафедрасының оқытушысы.

Табылдиева Ақерке Елшібековна- дәрігер терапевт.Профилактикалық медицина мен медициналық білім және ғылым әдістемесі кафедрасының оқытушысы.8 халықаралық және республикалық журналдарға жарияланған мақаласы бар.

Тулешова Айсара Кумысбековна- дәрігер гигиенист-эпидемиолог. Профилактикалық медицина мен медициналық білім және ғылым әдістемесі кафедрасының оқытушысы.

Есалиев Еркін Сұлтанбайұлы- дәрігер гигиенист-эпидемиолог. Профилактикалық медицина мен медициналық білім және ғылым әдістемесі кафедрасының оқытушысы.

Байланысу ақпараты: Түркістан қаласы, университет қалашығы, Профилактикалық медицина мен медициналық білім және ғылым әдістемесі кафедрасы (2-корпус 4-этаж, ауд. 410).e-mail: proph.med@mail.ru

 

 

2. Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

 

 

Кіріспе

Қазіргі жағдайда қоғамның денсаулығы көбінде оның санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығымен, өмір сүретін ортасының қауіпсіздігіне азаматтардың құқығы шын мәнінде қамтамасыз етілуімен және аурудың алдын алумен анықталады. Адам организмі мен қоршаған орта арасында тығыз байланыс бар, ортаның қолайсыз факторларының организмге тұрақты түрде әсер етуі халықтың денсаулық потенциалы төмендеуінің және көптеген аурулар дамуының себебі болып табылады. Әсіресе сыртқы орта карқынды ластанып жатқан жағдайда және адам денсаулығы үшін қауіпті жаңа техногендік факторлардың спектрі тез кеңейіп жатқан қазіргі кезеңде. Ауру дамуының қауіп-қатерін төмендетуте, популяцияның денсаулығын сақтауға тек адамның өмір сүретін жағдайын сауықтыруға бағытталған алдып алу шаралары ғана қабілетті. Гигиена ғылымының негізін қалаушы Ф.Ф.Эрисман осыған байланысты «Егер ауруларды дұрыс анықтау және оны дұрыс емдеу тәсілдері өте маңызды және мәнді деп саналса, сол аурулардың және өлімнің себебі болып табылатын қоғамдық санитариялық сырқаттарын анықтау және жою барлық рецепттер мен дәрілердің бәрін бірге алғандағыға қарағанда қалай өте жоғары дәрежеде маңызды деп айтпасқа» деген.

Профилактикалық медицина тек дәрігер-гигиенист маманының еншісі емес. Гигиена білімінсіз кез келген емдеу дәрігерінің жұмыс істеуі мүмкін емес, өйткені оның күнделікті кәсіптік жұмысы ауруханада, балалармекемелерінде, өнеркәсіп кәсіпорындарында, тамақ өнеркәсібінде болсын гигиенамен тығыз байланысты.

Қоршаған ортаның әр түрлі факторларының адам организміне әсер ету сипатын білу де болашақ дәрігерлер үшін маңызды, себебі ол аурудың себебін анықтап дұрыс диагноз қоюға, сондай-ақ дәлелді емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Гигиеналық білім халық арасында санитариялық ағарту жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдай, халықтың гигиеналық сауаттылығы, сауықтыру шараларының тиімділігін қамтамасыз етудегі звеноларының бірі болып табылады.Сондықтан гигиеналық ойлау тәсілі және бұл сала туралы білімнің негізі студенттік кезден қалануы тиіс, ал болашақ дәрігерлер дайындауда профилактикалық медицина өзіне сай орын алуы тиіс.

Гигиена - қоршаған орта факторларының адам организміне әсері туралы заңдылықтарды зерттейтін профилактикалық медицинаның ғылыми негізі болып табылады. Гигиеналық нормативтерді, санитариялық ережелерді және шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер етузаңдылықтарын зерттейтін ғылым.

 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина мамандықтарының бітірушілері көрсететін оқытудың соңғы нәтижелері келесі компетенцияларды дамытуға бағытталған.

 

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер   Салыстырмалы үлестірілімі
  Б.1.1   ҒАЛЫМ,ЗЕРТТЕУШІ (1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ медициналық емес, биомедициналық, клиникалық әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.       0,4
  Б.4.2     ДЕНСАУЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1) ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ халық денсаулығы жайлы мәліметті жинау және сұрыптау қағидаларын түсінеді       0,3  
  Б.4.3   ДЕНСАУЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1) ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА жекелеген адамдардан топтардан және қауымдардың денсаулығына әртүрлі факторлардың әсер етуін түсінеді       0,3

 

 

2.2 Пәннің мақсаты: этиологиясы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың ішкі және салдарын алдын алуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар дұрыс диагноз қою, адекватты емдеу және науқастарды қалпына келтіру, халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қажетті болатын гигиеналық білім негізін қалыптастыру.

 

2.3 Оқытудың мақсаттары:

1. адамның тіршілік жағайлары мен өдірістік іс әрекетіндегі қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығы мен қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты жөнінде түсінік беру;

 

2. аурудың алдын алу, тұрғылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімдерін қолдануды үйрету;

 

3. аурудың этиолгиялық немесе қатерлі факторлары ретінде болу мүмкін қоршаған орта факторларының рөлін анықтауды және осы білімдерді өзінің кәсіптік қызметінде қолдануды үйрету;

 

4. келешектегі дәрігерлік жартысында нақты кәсіби міндеттерін шешу үшін гигиена ғылымының қазіргі таңдағы жетістіктерін үйрету;

 

5. халықтың санитариялық мәдениетін арттыру үшін гигиеналық білімдерін қолдануды үйрету.

 

 

2.4 Пәнді оқудың соңғы нәтижесі:

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі

 

Білім алу деңгейі   Рөлдермен берілген құзіреттіліктер     Пәнді оқудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)  
Б.1.1 ҒАЛЫМ,ЗЕРТТЕУШІ (1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ   Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: Жалпы гигиена пәнінің даму тарихын, жалпы гигиеналық зерттеу әдістерін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың негіздерін есте сақтайды. Түсінеді:Жалпы гигиена пәнінің мақсатын түсінеді. Қолданады: студент үнемі күнделікті сабақтан және дәрістен алған білімдерін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдікпен орындайды: Әдеби деректері дұрыс пайдаланып, компьютер технологиясын қолданып, презентация жасауды дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Қабылдайды:Студент түсіндірілген мәліметтерді дұрыс қабылдайды. Жауап береді: берілген сұраққа жауап береді. Құндылығын үлестіреді: қабылдаған мәліметтердің құндылығын үлестіреді.  
Б.4.2     ДЕНСАУЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1) ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ     Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды:Халық денсаулығына байланысты мәліметті есте сақтайды. Қолданады:Студент жеке адамдар мен халықтың гигиеналық талаптарының дұрыс ұйымдастырылуында гигиеналық нормалаудың негіздерін қолданады. Түсінеді:адамдардан топтардан және қауымдардың денсаулығына әртүрлі факторлардың әсер етуін түсінеді. Дағдылар (психомоторлы) домені: (аффективті) домені: Дәлдікпен орындайды:Студент халық денсаулығы жайлы әр түрлі мәліметтерді жинап,сұрыптау қағидаларын түсініп презентацияны дәлдікпен орындайды. Қарым-қатын ас/мінез-құлық (аффективті) домені: Қабылдайды: Халық денсаулығына байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу шараларын дұрыс қабылдайды. Жауап береді:Қоршаған орта факторларының адам ағзасына әсеріне байланысты сұрақтарға жауап береді. Құндылығын үлестіреді: Халық денсаулығына қатысты мәліметерді жинап жалпы заңдылықтарын ескеріп құндылығын үлестіреді.  
Б.4.3 ДЕНСАУЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ (1) ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА     Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: Жекелеген адамдардың, топтардың және қауымдардың денсаулығына әр түрлі факторлардың әсер етуін есте сақтайды. Түсінеді:кәсіптік зияндылықтардың адам ағзасына әсерін түсінеді. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Қабылдайды: Берілген тапсырмаларды дұрыс қабылдайды Жауап береді: Әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болған аурулар туралы берілген сұрақтарға жауап береді. Құндылығын үлестіреді:Жұқпалы аурулардың алдын алуда санитариялық шаралармен құндылығын үлестіреді.

Оқытудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

• Жалпы гигиенаның даму тарихын. Гигиена ғылымының негізін қалаушыларды. ҚР көрнекті ғалым- гигиена мамандарын. Гигиеналық зерттеу әдістерін. Қоршаған орта факторларын гагиеналық нормалаудың негіздерін;

• ауаның гигиеналық маңызын. Ауа райы мен климаттың, микроклимат жағдайларының, атмосфералық ауаның, үйлердің ауасының химиялық заттармен және бактериялармен табиғи және антропогендік ластануымен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды;

• жұкпалы жэне табиғаты жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың рөлін және олардын алдын алуды. Қазақстанның табиғи және антропогендік биогеохимиялық аймақтарын. Елді мекендерді санитариялық тазалау жөніндеғі шараларды;

• жеке адамның және ұжымның тиімді тамақтануын ұйымдастырудың гигиеналық негіздерін және оларды медициналық бақылауды;

• қоршаған орта факторлары мен балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуының өзара әсерлесуінің гигиеналық мәселелерін. Жеке бас гигиенасы мен салауатгы өмір салты негіздерін;

• ең көп тараған зиянды өндірістік факторлардың (физикалық, онын ішінде, иондаушы жэне иондаушы емес сәулеленулер, химиялық, өндірістік шаң, биологиялық) гигиеналық сипаттамасын. Кәсіби патологиялардың алдын алу шараларын;

• емдік-профилактикалық мекемелерді орналастыруға, жоспарлауға, жабдық-тауға қойылатын гигиеналық талаптарды. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу жөніндегі шараларды;

• елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін;

• соғыс жағдайында медициналық қызметке жүктелетін санитариялық-гигиеналық шаралардың мазмұнын, көлемі мен жүргізу тәртібін;

Студент істей алуы тиіс:

• тұрғын және коғамдық үйлердегі микроклимат параметрлерін, ауа ортасының

сапасын, желдетуді, жылытуды, жарықтандыруды зерттеуді және бақылауды;

• жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторы мен топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу шараларын жүргізуді. Суды зарарасыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың мөлшерін есептеуді және зарарасыздандыру жүргізуді;

• жеке адамдардың тамақтануы мен халықтың ұйымдастырылған топтары тамақтануының ұйымдастырылуын, қауіпсіздігін және құндылығын бағалауды және оған медициналық бақылау жүргізуді;

• кәсіптік зияндылықтардың (өндірістік шаң, шу, діріл, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулер, т.б.) адам ағзасына әсер ету қауіптілігін бағалауды және қажетті алдын алу шараларын ұсынуды;

• балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына, дене дамуына және күн тәртібінің, оқу-тәрбие үдерістерінің, балалар мекемелеріиде болу жағдайлары мен оқытуды ұйымдастырылуына бақылау жүргізуді;

• аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу шараларын жүргізуді. Науқастардың ауруханада болу кезіндегі жағдайларын және ауруханалардың санитариялық режимін бақылауды;

• зертханада зерттеу үшін әскердегі дайын тағамнан жэне судан сынама алуды. тағамдық азықтарды санитариялық сараптауды және олардың радиоактивті және уландырғыш заттармен ластануы кезінде полктің медициналық қызметінің мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін көлемде зерттеу жүргізуді;

• әскерде аурудын, оның ішінде жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралу қауіп-қатер факторларын анықтауды және олардың алдын алу шараларын дайындауды. Дала жағдайындағы судың мөлдірленуіне және зарарсыздандырылуына бақылау жүргізуді;

• гигиена саласынан алған білімдерін халықтың түрлі контингенттері арасында санитариялық ағарту жұмысын жүргізуді.

 

2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:

реквизитке дейінгі: философия, саясатгану, әлеуметтану, кұқық негіздері, информатика, экология, медициналық биофизика, химия, молекулалық биология, медициналық генетика, биохимия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы.

 

реквизиттен кейінгі: эпидемиология, коммуналдық гигиена, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау, ішкі аурулар, балалар аурулары, жұқпалы аурулар, жалпы хирургия, акушерия және гинекология, неврология, оторинолорингология, онкология, жалпы тәжірибе.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных