Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №020. Халықтың тұрмыс дәрежесінің статистикасы




{ 1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері

2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы

3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі}

&&&

$$$002-020-001$3.2.20.1 1. 1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері

{ Әлеуметтік статистика қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымының сандық сипаттамасын зерттейді, адамдардың өмірі мен қызметін, олардың құқық және мемлекетпен өзара қатынастарын зерттейді.

Әлеуметтік статистиканың ерекшеліктері:

- зерттеу шығындары мен объектілері ерекше мәнге ие;

- сандық және сандық емес мәліметтерді пайдаланады;

- мәліметтер сұрақтарға жауап ретінде жиналады;

- әлеуметтік ақпараттарды жинау және өңдеу үшін ерекше әдістер, тәсілдер қолданылады;

Әлеуметтік статистиканың пәні – қоғам өмірінің әлеуметтік қатынастар жүйесінің сандық-сапалық бағасы, адамдардың жағдайын және олардың арасындағы игіліктерді бөлу заңдылықтарын анықтайды.

Әлеуметтік статистиканың зерттеу объектілері негізінен екі типке бөлінеді:

1) жеке объектісі – адам, халық;

2) ұжымдық объектісі – халық топтары: отбасы, үй шаруашылығы (шаруашылықтар), еңбек ұжымы және т.б.

Бақылау бірлігі – зерттеу мақсатына байланысты адам немесе үй шаруашылығы.

Әлеуметтік статистика мынадай бөлім қатарларын қамтиды:

1. Халық құрамының статистикасы;

2. Отбасы және үй шаруашылығы статистикасы;

3. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы;

4. Халықтың табыс және шығыс статистикасы;

5. Халықтың тауар және қызметті тұтыну статистикасы;

6. Халықтың үй жағдайы және тұрмыс ету статистикасы;

7. Халықтың бос уақыты статистикасы;

8. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы;

9. Халықтың денсаулығы және медициналық қызмет көрсету статистикасы;

10. Білім жүйесін дамыту және халықтың білім деңгейінің статистикасы;

11. Оралым және рекреация статистикасы;

12. Моралдық статистика;

13. Құқық статистикасы, қоғамдық саяси жүйе және қоғамдық пікір статистикасы;

14. Қоғамдық саяси жүйе және көпшілік пікір статистикасы;

15. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарының статистикасы.

Әлеуметтік статистиканың әр саласы белгілі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерден тұрады. Олардың ішінде халықтың тұрмыстық деңгейінің көрсеткіштері ерекше орын алады. Себептері мынада:

- халықтың әл-ауқатын, экономикалық жағдайын көрсетеді;

- мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын жүргізу үшін пайдаланады;

- түрлі елдің экономикалық даму деңгейлері халықаралық салыстыру үшін қолданылады.}

&&&

$$$002-020-001$3.2.20.1 1. 2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы

{ Халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің негізгі ақпарат көзі – үй шаруашылықтарын ішінара бақылау. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылауды ұйымдастырудың мақсаты - үй шаруашылықтарының құрамы, халықтың ақшалай табыстары және шығындарының құрылымы мен деңгейі туралы мәліметтерді жинау.

Үй шаруашылықтарының ішінара зерттеу принциптері:

1. Үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы облыстық және республикалық деңгейлер бойынша өкілеттілік болуы тиісті;

2. Тауарлар мен қызметтердің кем жіктелуі пайдаланылады;

3. Тұрақты ақшалай шығындарды тіркеу кезінде қысқа (екі апталық) уақыт мерзімін қолданады. Себебі, экономикалық тұрақсыздықтардай, бағалардың көпшілігі және инфляцияжағдайларындағы өзіндік шығындар туралы халықтың есіне түсіру қиын болады.

Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы аумақтық белгі бойынша тұрғын үйлердің тіркелімі негізінде қалыптастырылған.

Бұл тіркелім 1999 жылғы Қазақстан Республикасындағы халық санағы қорытындысы бойынша құрылған.

Үй шаруашылықтарының бас жиынтығы алты стратқа бөлінеді:

1) үлкендер саны 30 мың бірліктен жоғары үй шаруашылықтары бар ірі қалалардағы үй шаруашылықтарының санын қосады;

2) орта саны 10 мың бірліктен жоғары, бірақ 30 мың бірліктен аспайтын орта қалалардағы үй шаруашылықтары;

3) шағын – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын шағын қалалардағы және қала үлгісіндегі қыстақтардағы үй шаруашылықтары;

4) Алматы қаласындағы үй шаруашылықтары;

5) Астана қаласындағы үй шаруашылықтары;

6) ауылдық мекендердегі үй шаруашылықтары.

Келесі тұрғын үйде тұратын үй шаруашылықтары есепке алынады.

Тұрғын үйлердің келесі типтері: жеке үй, жеке үйдің бөлімі, жеке пәтер есепке алынады. Іріктемелі жиынтықтың көлемі 12 мың үй шаруашылығының бірліктерінің жасалады.

Әр страттағы таңдама мөлшерін есептеу мына формула қолданылады:

, мұндағы,

ni – і – страттағы үй шаруашылықтарының іріктеме көлемі;

N – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі;

Ni - і – страттағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі;

n – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының іріктеме жиынтығының көлемі.

Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өкілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында көп сатылы кездейсоқ ықтималдылық таңдама әдісімен шаруашылықтар құрылады.}

&&&

$$$002-020-001$3.2.20.1 1.3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі

{ Халықтың тұрмыс деңгейі дегеніміз – абыройлы өмір сүру үшін, яғни салауатты өмір салтын жүргізу, әлеуметтік және аумақтық мобильдіктің қамтамасызщ етілуі, ақпаратпен алмасу және қоғам өміріне қатысу үшін материалдық ресурстарға қол жеткізу.

Халықтың тұрмыс деңгейі күрделі экономикалық категория ретінде жеке және интегралдық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Интегралдық көрсеткіштер адам мүмкіндігінің дамуының негізгі мүмкіндіктерін есепке алады:

- өмірдің ұзақтығы және денсаулық;

- білім алу;

- экономикалық өндірісте жұмыс істеу.

Адам дамуының индексі үш индекстің арифметикалық ортасы ретінде есептеледі: адам өмірінің ұзақтығы, білім деңгейі және халықтың жан басына шаққандағы нақты жалпы ішкі өнім индекстері.

Шекті мәндер:

Көрсеткіш индексі min max
1. Туылу кезіндегі өмір сүрудің болжамды ұзақтығы    
2. Ересек халықтың сауаттылығы (%)    
3. 5-24 жас аралығындағы оқушылардың жиынтық үлесі (%)    
4. Ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықтың жан басына шаққандағы нақты жалпы ішкі өнімі, АҚШ долларымен, ($)    

 

Индекстер былай есептеледі:

 

Халықтың қайыршылық индексін есептеу әдістері

1. Индустриасы дамыған елдер үшін = немесе

, мұндағы,

Р1 – 60 жасқа дейін жетпей өлген халықтың үлесі, (%);

Р2 – сауатсыз ересек халықтың үлесі, (%);

Р3 – елдегі медиандық табыстан 50 % деңгейінде табысы бар халықтың үлесі, (%);

Р4 – 1 жыл және одан да көп уақыт бойын жұмысы жоқ, экономикалық белсенді халықтың үлесі, (%).

2. Дамушы елдер үшін – адам дамуының негізгі салаларындағы халықтың айырылу көрсеткіштерінің үшінші реттегі орташа шамасы ретінде:

а) Ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігі бойынша 40 жасқа дейінгі өлгендердің үлесі;

б) білім алу мүмкіндігі бойынша ересек халықтардың салауатсыздық үлесі;

в) лайықты өмір сүру үшін ресурстарға қажеттілік бойынша халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне, қауіпсіз ауыз суға қатысу мүмкіндігі жоқ және 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың орташа арифметикалық үлесі.

Мүмкіндіктер бойынша халықтың кедейлік коэффициенттері орташа арифметикалық 3 көрсеткіштен тұрады:

а) білікті медициналық қызметкерлердің көмегінсіз туылған балалардың үлесі;

б) 15 және одан жоғары жастағы сауатсыз әйелдердің үлесі;

в) 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың үлесі.

Кедейлік деңгейі – жалпы халық санының өмір сүру минимумынан төмен табысы бар халықтың үлесі.

Халықтың тұрмысын сипаттайтын жеке көрсеткіштер:

1. Жалақы – келісім шартқа отырған жалдамалы жұмыскерлер табысы.

2. Тұрғындардың табысына (жалақыдан басқа) барлық көзден алынған ақшалай және натуралды табыстардың барлық қалған түрлері жатады: жеке қосалқы шаруашылықтың пайдасы, материалдық көмек, зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар, ұтыстар, мұра, сақтандыру төлемдері, қайырымдылық, гранттар және т.б.

3. Номиналдық жалақы және номиналдық табыс ағымдағы бағадағы бұл көрсеткіштердің ақшалай көрінісі болып табылады.

4. Нақты жалақы мен нақты табыс әрбір азамат өз жалақысы мен пайдасына ала алатын материалдық игіліктер мен қызметтердің сомасын сипаттайды.

Нақты және номиналдық табыс арасында байланыс бар:

 

Інақты жалақы = Іноминалдық жалақы: Ітұтыну бағасы, мұндағы

І – индекс.

5. Қолда бар табыс – бұл міндетті төлемдер мен төлемақыларды санамағанда, номиналдық ақшалай табыс.

6. Тұрғындардың табыстары ағымдағы шығындардың орнын толтыруға немесе жинақтар үшін қолданылады. Тұрғындардың ағымдағы шығындарының құрамына тағамдарды, сусындарды, темекіні, аяқ-киімді, жиһазды сатып алуға кеткен шығын, комуналдық және басқа да қызмет төлемақылары кіреді. Әлемдік статистикада жалпы тамаққа 50 пайыздан көп жұмсаса, ол кедей болып табылады.

7. Тұрғындардың жинақтары – бұл табыстар мен ағымдағы шығындар арасындағы айырма. Жинақтардың ақшалай және натуралды формалары бар.

8. Тұрғындардың, орташа есеппен, жан басына шаққанда, азық- түлік және азық- түліктік емес тауарлардың маңызды түрлерін тұтынуы.

9. 100 отбасы немесе 1000 тұрғынға шаққанда ұзақ мерзімді қолданылатын заттармен қамтамасыз етілуі.

10. Төменгі және жоғарғы децильдерді бөлу қатарының әр түрлі шеттеріндегі жиіліктерді 10 пайыздан бөлетін табыстар орналасқан интервалдар.

11. Тұрғындар табыстарының дифференциациясының децильдік коэффициенті тұрғындардың ең жоғарғы табысты топтарының 10 пайыз мимималды табыстарының ең аз табысты топтарының 10 пайыз максималды табыстарының қаншаға артық екендігін көрсетеді.

12. Халықтың жан басына шаққандағы орташа жылдық табысынан азық-түлікті тұтыну икемдігінің динамикалы коэффициенттері

13. Халық табыстарының концентрациялық көрсеткіштері: Лоренц және Джини коэффициенттері, табыстың бөліну теңсіздігіне қатысты сипаттамасын береді:

а) Лоренц коэффициенті – квадрат диагоналының біркелкі бөлінуінің осы квадраттың жарты ауданынан ауытқу үлесіне тең:

 

, мұндағы,

Уі – жалпы табыс сомасынан і – халық тобының табыс үлесі;

Хі – жалпы халық санынан і – халық тобының үлесі.

Лоренц қисығы тік бұрышты координаттың жүйесінде грфикпен көрсетіледі: абцисса осі бойынша – халық санының (х) (жинақталған) жиіліктері; ал ордината осі бойынша – халық табыстарының (жинақталған) жиіліктері;

ә) Халық табыстарының барлық сомасы мен халықтың квантильдік топтарының арасындағы бөлінуді Джини коэффициенті сипаттайды:

, мұндағы,

Хі - жалпы халықтың санынан і – халықтың әлеуметтік тобының үлесі;

Уі – жалпы халықтың і – әлеуметтік тобының шығын үлесі;

п - әлеуметтік топтардың саны;

cum yi - табыстың кумулятивтік үлесі.

Егер Джини, Лоренц коэффициенттерінің мәндері 0- ге жақындаса, онда табыстардың бөлінуі бір қалыпты болады және керісінше. Егер коэффициенттердің мәндері 1 –ге жақындаса, онда қоғамда дифференциация көбірек болады.

14. Егер сапалы, альтернативті белгілер берілсе, ассоциация және контингенция коэффициенттері қолданылады:

а) , мұндағы,

а, b, c, d – сапалы альтернативті белгілер, соның ішінде:

а, c, - белгілері бар бірліктер саны, үлесі;

b, d - белгілері жоқ бірліктер саны, үлесі.

б)

Ассоциация және контингенция коэффициенттерін есептеу кестесі:

 

А b с+ b
С d с+ d
а + c b+ d а+b+ c+d

 

13. Құрылымдық айырмашылықтардың сызықтық коэффициенті:

 

, мұндағы,

d1, d0 - зерттелген жиынтық құрылымының есептегі және базистік жылға қатысты көрсеткіштері;

п – құрылымдық құрамның саны.

16. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті:

 

17. К. Гатевтің интегралдық коэффициенті:

 

18. Салайдың индексі:

 

19. Халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтыну динамикасы физикалық көлемінің орташа гармониялық индексінің көмегімен зерттеледі:

 

, мұндағы,

- есептегі, базистік жылдағы халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуы;

ір - тауардың, қызметтің жеке индексі.

Табыс деңгейі әр түрлі отбасы топтары бойынша тұтыну бағасының индекстік өкілі тауарлар жиынтығы бойынша көтерме сауда бағасының индексі және базистік кезеңдегі сатып алу құрылымының негізінде анықталады.}

 

$$$002-020-100$Дәріс №020.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{ 1. Әлеуметтік статистканың пәні не?

2. Әлеуметтік статистканың зерттеу объектілеріне не жатады?

3. Әлеуметтік статистка қандай бөлімдерді қамтиды?

4. Үй шаруашылығын ішінара зерттеудің принциптері

5. Үй шаруашылығының бас жиынтығы қандай страттарға бөлінеді?

6. Халықтың тұрмыс деңгейі деген не?

7. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті қалай есетеледі?

8. Нақты және номиналды табыстар қалай анықталады?}

 

&&&






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных