Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Созылмалы гепатиттегі клиникалық синдромдар.




Ø Оң қабырға астының ауырсыну синдромы: бауыр капсуласының керілуінен, тамаққа тәуелсіз, көбіне дене қимылына байланысты, пальпацияда бауыр шетінің ауырсынуы болады.

Ø Цитолиз синдромы бауыр жасушаларының жеткіліксіздігі синдромымен қатар жүреді: гепатоциттердің зақымдануынан немесе дистрофиясынан қызметінің бұзылуы. Жасушалар өлімінен пайда болған заттар қанға сіңеді.

Клиникалық көріністе: сарғаю, дене температурасының жоғарылауы, дене массасының төмеңдеуі пайда болады,кеуде, иық белдеуі терісінде телеангиоэктазиялар, бауыр алақандары, ер адамдарда гинекомастия, «ақ тырнақтар» белгісі, «лактклған бауыр тілі» пайда болады.

Зертханалық белгілері: АсАТ, АлАТ жоғарлайды, билирубиннің тік және тәкелей емес фракциялары жоғарылайды..

Ø Иммунды –қабыну синдромы қызба, артралгиялар, теріде, өкпеде, бүйректе,васкулиттармен, лимфаденопатиямен, спленомегалиямен сипатталады.

Ø Холестаз синдромы: тері қышуы, сарғаю, пигментация, ксантелазмалар және ксантомалар, гипербилирубинемия,холестеринемия, сілтілі фосфатаза көбеюі

Ø Астено – вегетативті синдром: тез шаршау, әлсіздік, эмоционалды тұрақсыздық, тітіркенгіштік, агрессивтік.

Ø Диспепсиялық синдром: метеоризм, кекіру, майлы тамақтың жақпауы, тәбеттің төмендеуі, үлкен дәреттің тұрақсыздығы (жиі диарея)

Ø Гепатомегалия синдромы

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

- Қан мен зəрдің жалпы анализдері
- Копрограмма
- Бауырдың биохимиялық сынамалары, серологиялық маркерлер

- Гепатобилиарлы жүйені ультрадыбыстық зерттеу;

- Өңеш, асқазанды эндоскоптық зерттеу.

Бауыр биопсиясы
МРТ

Емі: Диета №5

Этиологиялық ем.

Гепатопротекторлар.

В топ витаминдері

Глюкокортикостероидтар

 

Бауыр циррозы – архитектоникасының бұзылысымен, фиброздың дамуымен және құрылымы бұрыс регенерация түйіндерінің түзілуімен жүретін, ақырында бауыр шамасыздығы мен портальді гипертензияға әкелетін бауырдың диффузды зақымдану процесі.

Бауыр циррозы – бауырдың этиологиясы әртүрлі диффузды аурулардың ақырғы сатысы. Оның созылмалы гепатиттен айырмашылығы – бауыр архитектоникасының бұзылысы және паренхиманың түйіндік өзгерістері.

 

Этиологиясы.

Ø Созылмалы вирусты гепатитер.

Ø Созылмалы алкоголизм

Ø Аутоиммундық гепатит

Ø Гепатотропты әсер ететін улар мен дәрмектер

Ø Бауырда веналық қанның ұзақ іркілісі

Ø Бауырішілік және бауырдан тыс өт жолдарының аурулары

Ø Криптогенді бауыр циррозы

 

Патогенезі. Этиологиялық факторлардан бауыр паренхимасының некрозы дамиды, осы жерге тыртықтар және тірі гепатоциттерден түйіндер түзіледі. Нәтижесінде қан бірден орталық венаға барады. Сау қалған бауыр жерлері ишемияға, содан кейің некрозға ұшырайды.Нәтижесінде порталды гипертензия, бауыр шамасыздығы дамиды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных