Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






4 страница. Жаңадан алынған қалдықты бастапқы қалдық ретінде келесі айда шоттың дебетіне жазады




Қа = Қб + Ад - Ак (1)

Қа – айдың аяғындағы қалдық;

Қб – бастапқы қалдық;

Ад – дебеттік айналым;

Ак – кредиттік айналым.

Жаңадан алынған қалдықты бастапқы қалдық ретінде келесі айда шоттың дебетіне жазады. Міндеттемелер шоты актив шоттарына керісінше.

 

Міндеттемелер шоттары құрылымы:

 

Қа = Қб + Ад – Ак (2)

Міндеттемелер шотында қарағанда айнадағындай теріс көрсетіледі. Міндеттемелер шотының кредитіне шаруашылық құралдарының көздерінің айдың басындағы қалдығы, көбеюі және айдың аяғындағы қалдығы көрсетіледі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі.

Сөйтіп активті шоттарда тек қана дебеттік қалдық, ал міндеттемелер шотында тек кредиттік қалдық болады. Егер шотта қалдық қалмаса шот жабылды деп саналады.

Қаржылық нәтижені есептеу және капиталға әсерін анықтау үшін шоттардың екі тобы белгіленіп бөлінеді. Олар кіріс және шығыс шоттары. Осы шоттардың ерекшілігі – бұл шоттарда қалдық болмайды. Бұл шоттар әр есеп беру мерзімінде жабылады. Осы мақсатпен жиынтық кіріс (зиян) деген бөлек шот ашылады. Шығын азайтады, кіріс көбейтеді. Егер кіріс шығыннан асса пайда алады. Шығын кірістен көп болса зиян шегеді. Шаруашылық операция жасауда шаруашылық құралдары мен олардың көздері құрамында болатын екі жақты жазу бухгалтерлік есептің екі объектісіне өзгеріс енгізеді. Шаруашылық операциялардың шоттарда көрініс табуын, олардың біреуінің дебетінде екіншісінің кредитінде бірдей сомада жазылуын екі жақты жазу деп атайды. Екі жақты жазу әдісін қолдану баланстың активтері, капиталы мен міндеттемелерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді:

1. Шоттарда дебетте жазылған ай басындағы жалпы қалдық сомасы басқа шоттардың кредитінде жазылған айдың басындағы қалдықтарының жалпы сомасына тең болуы тиіс.

2. Шоттар бойынша дебеттік айналымның жалпы сомасы кредиттік айналымның жалпы сомасына тең болуы тиіс. Бұл теңдік шоттарда екі жақты жазу әдісін қолданғанда түсіндіріледі.

3. Шоттар бойынша дебеттік соңғы қалдықтардың жалпы сомасы кредиттік соңғы қалдықтар сомасымен бірдей болуы тиіс.

Кәсіпорын мүлкінің және оның көздерінің өзара байланысын екі жақты жазу бейнелейді, ал шоттардың корреспонденциясы операцияны шоттың қай жағында көрсететінін анықтауға (дебет, кредит) мүмкіндік береді. Сонымен шаруашылық операцияның екі жақты жазу көмегімен бейнеленуі нәтижесінде шоттардың арасында пайда болған байланыс шоттар корреспонденциясы деп аталады. Бір-бірімен корреспонденция көмегімен байланысқан шоттар корреспонденцияланатын шоттар деп аталады. Бухгалтерлік өткізбе қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Бір шот дебеттелетін екіншісі осы сомаға кредиттелетін өткізбе қарапайым, ал егер де шаруашылық операция бойынша белгілі бір сомаға бірнеше шот дебеттеліп және бірнеше шоттар кредиттелетін өткізбе күрделі деп аталады.

Бухгалтерлік есепте шоттардың екі түрі пайдаланылады: синтетикалық және аналитикалық шоттар. Экономикалық жағынан топтасқан біртекті шаруашылық құралдарының және олардың көздерін есептеу үшін ашылған шоттар синтетикалық (жалпылаушы) шоттар деп аталады. Жекелеген объектілерді жіктеу мақсатында ашылған шоттар аналитикалық (талдамалық) шоттар деп аталады. Мысалы: Материалдар 1310 шот синтетикалық, оған қосымша отын: көмір, газ, мұнай, жағармай-аналитикалық шоттарашылуы мүмкін. Синтетикалық есеп шоттарында есеп тек ақшалай өлшеммен жүргізіледі, өйткені синтетикалық шот негізінде кәсіпорын есеп жүргізеді. Ал аналитикалық шоттарда операциялардың есебі ақшалай өлшеммен, қажет болған жағдайда заттай, еңбек өлшемдерімен де көрсетіледі. Кейбір синтетикалық шоттар бойынша біртекті аналитикалық шоттар бір синтетикалық шот шегінде қосымша топтастырылады. Стнтетикалық шот шегінде құрылған біртекті аналитикалық шоттар топтарын аралық (субшоттар) деп атайды. Оларды барлық кәсіпорындар бірынғай синтетикалық шоттардың көрсеткіштерін толықтыратын қорытынды көрсеткіштерді алу үшін енгізеді. Синтетикалық шоттардың 2 түрі бар: жай және күрделі. Жай шоттар аналитикалық есеп жүргізуді қажет етпейді. Ал күрделі шоттар субшоттарға және аналитикалық шоттарға бөлінеді.

Синтетикалық шоттар мен аналитикалық шоттар арасында өзара тығыз байланыс бар:

1. Аналитикалық шоттардағы айдың басындағы қалдық сомасы синтетикалық шот бойынша айдың басындағы және аяғындағы қалдыққа тең болады.

2. Аналитикалық шоттардың дебеті мен кредиті бойынша 1 айдағы айналым сомасы синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымға тең болуы тиіс.

3. Аналитикалық есептің шотына жазылатын әрбір шаруашылық операциясы тиісті синтетикалық шотқа жеке немесе қорытылған түрде жазылуы тиіс.

 

Қорытынды:

Шоттар-қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады Баланстың активінің негізінде ашылған шоттар активті, пассивінің негізінде ашылған шоттар пассивті деп аталады. Есеп тәжірибесінде актив, капитал және міндеттемелер шотында әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін, яғни шоттардың азаюы немесе көбеюі. Осы өзгерістерді көрсету үшін шоттардың дебеті мен кредиті қолданылады. Екі жақты жазу тәсілі бухгалтерлік есептің спецификалық әдістерінің бірі болып табылады. Екі жақты жазу арқылы баланстың тепе‑теңдігі қамтамасыз етіледі..

Дәріске әдістемелік нұсқау:

1. «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).

2. Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).

3. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.

4. Тестіні орындаңыз.

5. Ситуациялық есепті шығарыңыз.

6. СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы

-28.02.2007

2. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуоазия ұлттық университеті, 2006

3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

5. Типтік шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрімен №185 бұйрығымен 23.05.07 жылы бекітілген

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік шот терминіне түсінік беріңіз.

2. Бухгалтерлік есеп шоттарының қажеттілігі?

3. Есептің Дебет және Кредит символдары не үшін қолданылады?

4. Символдардың көмегімен Кірістер және Шығыстар шотындағы өзгерістердің бейнеленуі.

5. Активті шоттарда есепті кезең соңындағы қалдық қалай анықталады?

6. Пассивті шоттардаңы соңғы қалдықты қандай формуламен анықтайды?

7. Екі жақты жазуға анықтама беріңіз.

8. Шоттар корреспонденцисы деген не?

9. Қарапайым бухгалтерлік жзулардың күрделі жазулардан айырмашылығы қандай?

10. Аналитикалық шоттар не үшін керек?

 

5-Тақырып: «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру»

Сабақ жоспары:

6. Бухгалтерлік құжаттар, олардың мақсаты мен жіктелуі.

7. Түгендеу және оны жүргізу тәртібі

8. Есеп тіркелімдері

9. Есеп нысандары

10. Бухгалтерлік жазулардың қатесін түзету тәсілдері.

11. Есеп саясаты туралы түсінік және оның мәні мен маңызы

Сабақтың мақсаты: Құжаттар мен құжатайналымының мәні мен маңызын түсіну, олардың жіктелуін, Қазақстанда қолданылатын есеп нысандары мен есғп регистрлерін білу, түгендеуді жүргізу тәртібін меңгеру және бухгалтерлік жазулардағы қателіктерді түзете білу, сонымен қатар, есеп саясатының шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін жүргізуде алатын орны мен маңызын жете түсіну.

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік құжат, құжаттау, деректеме, түгендеу, қызыл сторно, корректура, есеп тіркелімдері, есеп нысандары, есеп саясаты.

Дәрістің мазмұны:

Үздіксіз қызмет қағидасына сәйкес, бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектісінің құрылуынан бастап оның жойылуына дейін жүргізіледі. Барлық шаруашылық операциялары бухгалтерлік есептің шоттарында алғашқы растаушы құжаттарға тіркелуі арқылы есепке алынады. Бухгалтерлік құжаттар олардың растылығы мен заңдылығын бекітеді.

Есеп құжаттары есептік жазулардың негізі болып табылады және шаруашылық қызметті басқару үшін де қолданылады. Бухгалтерлік құжат негізінде шаруашылық операциялардың дұрыстығы бақыланып, шаруашылық қызметке ағымдық талдау жүргізіледі және де кейбір шаруашылық бұзушылық себептері анықталады.

Құжат белгілі бір түрде кодталған және арнайы тасмымалдаушыда тіркелген ақпараттық хабарлама болып табылады. Құжаттарда экономикалық ақпаратпен қоса заңдық ақпараттар да қолданылады.

Заңды ақпаратты тасымалдаушы ретінде көріну себебі – олар материалдық объект ретінде, жүргізілген шаруашылық операциялар туралы толық ақпарат алуға және оның дәлелдік күшін қамтамасыз етуге қажетті мәліметтер жинақтайды. Құжаттар «деректеме» деп аталатын жекелеген элементтерден тұрады. Деректемелер тұрақты және айнымалы болып екі түрге бөлінеді. Тұрақты деректемелерге шаруашылық субъектісіне қатысты мүлде өзгермейтін немесе ұзақ уақыт бойы өзгермейтін деректемелер жатады. Олар: шаруашылық субъектісінің атауы мен мекен –жайы, банктегі ағымдық шотының нөмірі, цех немесе қоймасының нөмірі, жұмысшылардың табельдік нөмірлері. Айнымалы деректемелер операцияның сипатына байланысты болып келеді.

Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктер бойынша жіктеледі: Мақсаты бойынша, олардың түрлері: Үкімдік, атқарылушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді. Құрастырылған орнына байланысты ішкі және сыртқы құжаттар болып бөлінеді. Көрсету тәсілі және операцияның мазмұнының көлемі бойынша жіктеледі.

Құжат айналымын басқару жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:

• бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау

• бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау

• кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құру

• есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру

• істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі

Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарының папкаларға тігіліп нөмірленуі сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз етуге арналған.

Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның көздерінің есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:

• нақты қолда бар мүліктерді анықтау;

• нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;

• есепте міндеттемелердің көрсетілуін анықтау.

Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады.

Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер және т.б.

Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сойкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндетті болып табылады:

• ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда;

• жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасау алдында;

• тауарлы-материалды қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда;

• мүлікті ұрлау, зиян келтіру фактлері анықталғанда;

• ұйым қайта құрылған немесе таратылған кезде бөлу балансын құру алдында жүргізіледі;

• нормативті актілерімен қарастырылған өзге де жағдайларда.

Түгендеу жүргізілу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мысалы, белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы болып бөлінеді және т.с.с.

Нақты қалдық және бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы түгендеу нәтижесінде анықталған ауытқулар келесідей көрініс табады.

Тауарлық – материалдық құндылықтар артық шыққан жағдайда, оның пайда болу себептерін және кінәлі адамдарды анықтайды. Қалдықтар кірістеледі және шаруашылық субъектінің кірісіне енгізіледі.

Д 1310, 2410, 2710-2740 К 6280

Тауарлық – материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқы мерзімді дебиторлық борыш» шотында «Жетіспеушілік пен жоғалтулар» аралық шотында есепке алынады.

ТМҚ-ның жетіспеушілігі табиғи кему нормасының шегінде өндіріс шығындарына жатқызылады.

Алайда, жетіспеушілік фактісі анықталғанша ТМҚ - ды табиғи кему нормасының шегінде есептен шығаруға тыйым салынады. Егер кәсіпорында бекітілген табиғи кему нормасы болмаса, онда тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі нормадан тыс жетіспеушілік болып саналады. Табиғи кему нормасынан асқан жетіспеушілік сомасы кінәлі адамға жүктеледі.

Есеп тіркелімдеріне бухгалтерлік жазуларды тіркеу барысында қателіктер жіберілуі мүмкін. Оларды түзету үшін бухгалтерлік есепте келесі тәсілдер қолданылады:

1. Корректуралық тәсіл қателіктер шаруашылық операцияларын құжаттарға бухгалтерлік өткізбе құру арқылы тіркеу барысында, есеп тіркелімдерінде қорытынды шығарылмай тұрып анықталғанда қолданылады. Қате жазу бір сызықпен сызылып, үстінен дұрыс сомасы немесе шоты жазылады. Мысалы, кассаға есеп айырысу шотынан 5721 теңге келіп түсті. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік өткізбе құрады:

Дт 1010 Кт 1040 5271. Бухгалтерлік өткізбе сомасынан қате жіберілген. Қате келесі тәртіппен түзетіледі:

Д 1010 К1040 5271

2. Сторнолық жазу. Бұл тәсіл шоттар корреспонденциясында немесе сомасында қате жіберілгенде қолданылады. Есеп автоматтандырылған жағдайда операцияның сомасынан қате жіберілсе, бұл жазуды кері сан жазу деп атайды.

Мысалы, ұйымның кассасынан қызметкер Б.С. Султановқа операциялық шығыстарға 17520 теңге берілді. Оған келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:

Дт 7210 Кт1010 17520,

Ал негізінен бұл соманы Б.С. Султановтың есебіне жазу керек еді. Мұндай жағдайда сторнолық жазу жазылады:

 


Дт 7210 Кт 1010,, осыдан кейін дұрыс корреспонденция беріледі:

 

Дт 1250 Кт 1010 17520

Дәл осылай сторнолық жазу қате берілген жазудың күшін жояды.

Егер операцияның сомасы ұлғайтылып қате берілсе, онда кері сан жазу тәсілі қолданылады. Мысалы, жоғарыда берілген операция бойынша кәсіпорын шығынына 17250 теңге апарылған делік. Онда кері сан жазу арқылы артық соманы алып тастаймыз.

Дт 7210 Кт 1010 17520

Дт 7210 Кт 1010 -270

Бұл тәсілді есеп тіркелімдерінің қорытындысы шығарылып қойылғаннан кейін де қолдануға болады.

3. Қосымша жазу тәсілі шаруашылық операциясын бейнелеу кезінде сомасы азайтылып қате берілгенде қолданылады.

Мысалы, кәсіпорын қызметкеріне 28547 теңге еңбек ақы есептелінді. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік жазу құрады:

Дт 7210 Кт 3350 27547

Жетпей тұрған сомаға дәл осындай қосымша бухгалтерлік жазу құрылады:

Дт 7210 Кт 3350 1000.

 

Қорытынды.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің негізгі элементтеріне жататын құжаттау мен түгендеу бір-бірін өзара толықтырушы әдістер болып табылады. Құжаттау арқылы ұйымда жүргізілген шаруашылық фактілері алғашқы құжатта көрініс тауып жатса, түгендеу жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің сенімділігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар мен есеп тіркелімдеріне тіркелетін бухгалтерлік жазулар, нысаны мен жүйесіне қарай, қолмен немесе машина арқылы толтырылады. Олардың құжаттарға ұқыпты түрде, дәл және түзетусіз енгізілуі талап етіледі. Ал анықталған қателер арнайы тәсілдерді қолдана отырып түзетеді. Олардың ішінде кеңінен таралған үш тәсіл бар: корректуралық, сторнолық және қосымша жазу тәсілі.

Әдістемелік нұсқау:

1.Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).

2.Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.

3.Тестіні орындаңыз.

4.Ситуациялық есепті шығарыңыз.

5. СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

6. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007

7. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуоазия ұлттық университеті, 2006

8. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.

9. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

10. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Алматы: ТОО «Lem», 2005

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Бухгалтерлік құжатқа түсініктеме беріңіз.

2. Барлық құжаттарға тән жалпы деректемелерді атаңыз.

3. Құжаттардың жіктелу белгілерін атаңыз.

4. Ақтаушы құжаттардың өкімдік құжаттардан айырмашылығы неде?

5. Есеп тіркелімдері деп нені айтады?

6. Есеп тіркелімдерінің түрлерін атаңыз?

7. Қателерді түзетудің корректуралық әдісіне сипаттама беріңіз?

8. Қандай жағдайларды сторнолық жазу әдісі қолданылады?

9. Бухгалтерлік есепті жүргізудің мемориалды-ордерлік нысанының мәні неде?

10. Бухгалтерлік есепті жүргізудің журналдық-ордерлік нысанына сипаттама беріңіз?

6 - Тақырып: «Ағымдағы активтердің есебі:

Ақша құралдары және олардың эквиваленттері»

Сабақтың мақсаты: ақша құралдарыменолардың эквиваленттерң туралы түсінікті ашу, олардың кәсіпорын кассасындағы, аңымдық банктік шоттағы тенгемен және шетел валютасындағы есебін оқып зерттеу.

 

Дәріс сұрақтары:

1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.

2. Касса операцияларының есебі.

3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.

4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.

Негізгі түсініктер: ақша құралдары, ақша эквиваленттері, овердрафт, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, валюта, валюталық бағам, бағамдық айырма.

Дәрістің мазмұны:

Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым – қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар не нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма – қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен роль атқарады.

Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.

Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.

Ақшы қаражатының эквиваленті деп ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдарды айтады. Мысалы, банктік овердрафт. Овердрафт –бұрын дебеттік қалдықтан асатын сомаға төлем жасағанда активті шотта пайда болатын кредиттік қалдық. Яғни, банк төлеген сома клиент шотындағы ақшадан асып түссе овердрафт туындайды. Овердрафт әдетте қысқа мерзімді міндеттеме ретінде есепке алынады.

Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетіне қажет нақты ақша кассада сақталады. Кассаға қабылданған нақты ақша КО-1 нысанындағы кассалық кіріс ордері бойынша кіріске алынады. Кассадан берілген нақты ақша КО-2 нысанында кәсіпорынның шығыс ордері куәландырады. Кәсіпорында кассаның кіріс және шығыс ордерлерінің мәлеметтері жүзеге асқан соң касса кітабына (КО-4) тіркеледі.

Кассадағы операциялар есебі 1000 «Ақша қаражаты» бөлімшесінің 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының банк мекемелері заңды тұлғалар арасындаға есеп айырысуларды жүргізу үшін және ақша қаражаттарын сақтау үшін теңгемен және шетел валютасында банктік шоттар ашады. Банктік шот – бұл клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау туралы банк пен клиент арасындағы келісімдік қатынасты бекіту әдісі. Ұйымдар банктерде ағымдық, корреспонденттік, жинақтық, депозиттік және карт-шоттар аша алады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных