Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






10 страница. Келісілген(қайталанушы) аудит




Келісілген (қайталанушы) аудит. Бұл аудитордың (аудиторлық фирманың) қайта өткізіп отырған немесе осы клиентке тұрақты жүргізілетін аудит түрі. Сондықтан аудитор клиент қызметінің ерекшеліктерін, оның бухгалтерлік есебінің оң және теріс жақтарымен жақсы таныс болады.

Қорытынды:

Аудит Қазақстан республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес бере, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметі болып табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

1. «Аудит негiздерi. Аудиттiң мәнi, пәнi мен әдiстерi» тақырыбын оқып зерттегеннен кейін тақырып бойынша негізгі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).

2. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.

3. СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен;

2. Кодекс этики аудиторов РК. Казахстанские стандарты по аудиту (под ред. С.Х. Кошкимбаева. Алматы, Каржы-Каражат, 1995).

3. Абленов Д.О. “Аудит негіздері” Алматы, Экономика, 2005 ж

4. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы 2006 ж.

5. М.С. Ержанова, Аудит-1, Алматы, “Бастау” баспа үйі, 2005 ж.

 

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Қазақстанда тәуелсіз бақылаудың пайда болуы қай жылы көрініс тапты?

2. Қазақстанда алғашқы аудиторлық ұйым қай жылы құрылды және қалай деп аталды?

3. Қазақстанда аудиттің пайда болуының объективті себептерін атаңыз?

4. Қазақстанда аудиттің ары қарай дамуына себеп болған аудиторлық бақылаудың қандай артықшылықтарын атай аласыз?

5. Заң бойынша аудит дегеніміз не және берген анықтамаңызға талдау жасаңыз.

6. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың аудиттен айырмашылығы неде?

7. Аудиттің мәні мен мақсаты неде?

8. Шетел әдебиеттерінде аудитке қандай анықтама беріледі?

 

15-Тақырып. Аудиттің нормативтік–құқықтық реттелуі. Аудит стандарттары мен аудитордың мамандық этикасы

Сабақтың мақсаты Қазақстандағы аудитті нормативтік реттеу құжаттарын зерттеп білу, «Аудиторлық қызмет туралы» Заңының құрылымы мен мазмұнын білу, әр түрлі экономикалық ситуацияларда заң талаптарын, қолдану аясын білу, аудит стандарттарының мәні мен маңызын, аудитордың мамандық этикасының қажеттілігін ұғыну.

Дәріс сұрақтары:

1. Аудиттің нормативтік реттелуі.

2. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары

3. Аудиттің фирмаішілік стандарттары

4. Аудиттің мамандық этикасы

Негізгі түсініктер: аудит қағидалары, аудит стандарттары, жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, фирма ішілік стандарттар, аудиттің мамандық этикасы, кәсіби аудиторлардың этикалық Кодексі

Дәрістің мазмұны:

1. Аудиттің нормативтік реттелуі.

Аудиторлық тексеру нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірбиеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.

Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз- бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. Аудиторлық қызметті реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға ҚР “Аудиторлық қызмет туралы” Заңымен қатар аудиторлық қызметке тікелей және жанама реттейтін заңдар (ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексі, ҚР Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР-ның “Лицензиялау туралы” заңы) және басқа да нормативті құжаттар жатады

“Аудиторлық қызмет туралы” заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті реттейтін бірінші денгейдегі құжаттарға жатады.

Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнының, есепке алынуға тиісті сомаларды немесе қаржылық қорытынды есепте ашылып көрсетілуге тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі айып пұл төлеу, сот процесстері және тағы сол сияқты қаржылық зардап шегуге алып келуі мүмкін.

Қазіргі кездегі басшылыққа алып жүрген заңнамалардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасының “Азаматтық кодексінің”, “Әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы” заңның, “Лицензиялау туралы” заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады. Олар:

1. Азаматтық-құқықтық

2. Әкімшілік

3. Қылмыстық

Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби пікірін құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.

Кәсіби пікірін құрастыру және оны білдіру кезінде ол Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік құжаттардың талаптарын және аудиттің этикалық нормаларын басшылыққа алуға тиісті.

2. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірбиесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Ол халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті денгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және постулаттармен реттеледі. Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

- жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

- аудит өткізудің барлық кезендері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;

- аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

- Қазақстан аудиттің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

- аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәлеметтерді біз ізге салу міндеттерін шешеді;

- аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірбиесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

- ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процесін түсінуге көмектеседі;

- кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;

- мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

- аудиторға клиенттермен келісөз жүргізуге көмектеседі;

- аудит өткізу процесінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Жалпы стандарттар- аудитор алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейдегі орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже. (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көніл бөлу талап етіледі).

Жұмыс стандарттар- аудиттің алдында тұрған міндеттерді (жоспарлау, көзбен шолып байқау және бақлау, дұрыс мәлеметтерді жинау және ішкі бақлау жүйесіне тиісінше зерттеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде аудиторлар басшылыққа алатын ережелер

Қорытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары- аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны, орналастырылуы және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық қорытынды қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкестігі көрсетілуі тиіс.

Жалпы халықаралық аудит стандарттарының баяндалу стилі хабарлай айту үлгісімен берілген және онда аудиторға бірнеше альтернативтік іс-әрекеттерді қарастыру жиі ұсынылатын көптеген мысалдар мен ұсыныстар қарастырылған.

Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудан белгіліенген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизімнің жетілдіруіне қарай аудиторлық стандарттарды уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.

Республикамызда халықаралық бірлескен фирмалар қызметінің дамуына, сонымен бірге аудиторлық қызметтің аймақтарда енгізілуіне байланысты аудитті халықаралық масштабта үйлестіру қажеттілігі туындады. Тәжірибе көрсеткендей, аудиторлық қызметтің алыс және жақын (ТМД) шетелдердегі даму жолы бірдей, сондықтан аудиттің кезекті мәселелерін шешуші қандай-да бір елдің аудиторлық фирмалары оның методологиясына, ғылыми және практикалық маныздылығына көніл аударды және экономикалық құрылыстың ерекшеліктерін ескере отырып аудит стандарттарын жасайды.

Қазақстандағы «Халықаралық аудит стандарттары» нұсқасы бухгалтерлер мен аудиторлардың Еуразия аймақтық Халықаралық федерациясының шешімімен негіз етеп алу үшін ТМД елдеріне ұсынылған.

Тексеру жүргізу кезінде аудитор өзінің қызметін ел ішінде қабылданған стандарттардың көмегімен, ал кейбір жағдайларда - өзінің кәсіби тәжірбиесі мен түйсігінің көмегімен реттеуге тиісті.

3. Аудиттің фирмаішілік стандарттары

Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процесінде қолданылатын нақты іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмайды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.

Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру жүргізудің нақты процедураларының, аудиторлық дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-қатынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорытынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде ол қажетті дәлелдеулер жинауды жеңілдетеді, тексеру жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық қорытынды жасау кезінде қате жіберу тәуекелділігін азайтады.

Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада аудиторлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстардың көлемін ұлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды – ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақтыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәлеметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандықтан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.

Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.

Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:

- аудиторлық фирмалардың құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы;

- заңдар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;

- тексеру жүргізу әдістемесі.

Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жұмысының ерекшелігін, оның ұйымдық құрылымын, клиентерімен өзара қарым-қатынасын жасау принциптерін, ішкі бақылаудың және ішкі қорытынды есеп берудің құрылымын, жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін, олардың білім деңгейіне қойылатын талаптарды, кәсіби этика мәселелерін және тағы басқаларды ашып көрсетеді.

Екінші блок құжаттарының негізін бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру мәселелерін реттеуші нормативтік құжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің құрамы; есептің белгілі бір салалары бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы; аудиторлық процедуралардың орындалу реті; аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесесұраулар тізімі құрайды.

Үшінші блокқа қатысты әдістемелер келесі бағыттар бойынша жасалынады:

- бухгалтерлік – клиенттің бухгалтерлік есебінің жекелеген бөлімдері бойынша әдістемелер;

- заңдық – клиент қызметінің құқықтық жағынан қамтамасыз етілуін тексеру әдістемелері (құрылтай құжаттарының және жарғылық капиталдың аудиті, шаруашылық келісім-шарттарының сараптамалары, салық заңының сақталуына талдау жасау және т.б.);

- арнайы – ортақ арнайы белгілерді иеленуші кәсіпорындар тобына тексеру жүргізу әдістемелері (шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, шетелдік инвестициялары бар объектілердің өкілдіктерінің және т.б. аудиті).

Бұл стандарттардың әрқайсысында төмендегілер болуы мүмкін:

- тексерудің мақсаты мен міндеттері;

- тексерілетін бөлімдер көрсетілген аудит өткізу бағдарламасы;

- нормативтік-құқықтық құжаттар;

- клиенттің бухгалтерлік және басқа құжаттары (қаржылық есеп беруі, регистрлер, бастапқы құжаттар);

- есептің осы участогы бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы (аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізуге арналған тестілер немесе сұраулар тізімі; осы участоққа тексеру жүргізу кезінде қолданылатын аудиторлық роцедуралардың тізімі);

- аудиторлық процедуралардың орындалу реті;

- аудитордың жұмыс құжаттарының жасалынған нысандары.

Сондай-ақ, аудиторлық стандарттардың болуы аудиторлық фирма мен оның жұмыскерлерінің қызметіне тиімді ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

4. Аудиттің мамандық этикасы

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп (рухани аспект) және кәсіби әдеп (іс-тәжірибелік аспекті).

Әдеп кең мағынада өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдепі ретінде баяналады. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.

Кәсіби бухгалтерлердің халықаралық Федерациясының (КБХФ) “Кәсіби аудиторлардың этикалық кодексінен” бірқатар үзінділерді келтірейік.

Мақсаттары. Аталмыш кодекске сәйкес аудитордың кәсібі төмендегі мақсаттарды көздейді:

- ең жоғары стандарттардың талаптарына сай жұмыс істеу;

- қоғамның мүддесі соны талап ететіндіктен, ең жоғары кәсіби деңгейге жету.

Кодекстің негізгі принциптері:

Сенімділік – қоғамға дұрыс ақпараттар және сенімді ақпараттық жүйелер қажет.

Кәсіптенгендік – қоғамда клиенттер, жұмыс берушілер және басқа да мүдделі жақтар бухгалтерлік есеп саласында кәсіптенген маман ретінде көрсете алатын тұлғаларға деген қажеттілік бар.

Қызметтердің сапасы – аудиторлар көрсететін барлық қызметтердің ең жоғары стандарттарға сай келетіндігіне кепілдік қажет.

Нанымдылық (көз жеткізгендік) – аудиторлардың кәсіби қызметін пайдаланушылар көрсетілген аудиторлық қызметтерді реттейтін кәсіби этиканың тұжырымдамалық негізі бар екендігіне көз жеткізген болуға тиіс.

Негіз болатын принциптер. Бухгалтерлік кәсіптің мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіби аудиторлар бірқатар ұйғарымдарды немесе негіз болатын принциптерді сақтауға тиіс.

Оларға төмендегілер жатады:

Адалдық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін адал атқаруға тиісті.

Әділдік (объективтілік) – кәсіби аудитор әділ болуға және қате түсініктерді немесе қате қарым-қатынастарды, мүдде қақтығыстарына немесе әділдікті ескермеуге бағытталған қандай да бір әсер етуші факторларды болдырмауға тиісті.

Кәсіби жетік білімділік және тиісті ұқыптылық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметтерін тиісті ұқыптылықпен, жетік біліммен және зор зейінмен көрсетуге, сонымен бірге ол клиентке немес жұмыс берушіге өзінің кәсіби білімін іс-тәжірибенің, заңнамалардың, әдіснамалардың соңғы жетістіктеріне негізделген, жетік білімді кәсіби қызмет көрсетуді кепілдендіретін деңгейге дейін тұрақты түрде көтеріп отыруға міндетті.

Ақпараттардың құпиялығын сақтау – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін көрсету кезінде алынған ақпараттардың құпиялығына құрметпен қарауға тиісті және кез-келген ондай ақпараттарды (заңдық немесе кәсіби құқық не болмаса міндет ондадай ақпараттарды жариялауды талап есетін жағдайларды қоспағанда) тиісті арнайы рұқсатсыз пайдаланбауға және жария етпеуге тиісті.

Кәсіби мінез құлық – кәсіби аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттер мен әдістерге сәйкес болуға тиісті. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясына қатысушы ұйымдардан этикалық принциптерді жасау (құру) кезінде кәсіби аудитордың өз клиентерінің, үшінші жақтардың, аудиторлық кәсіптің басқа мүшелерінің, персоналдың, жұмыс берушілердің және қоғамның алдындағы жауапкершіліктерінің мөлшерін қарастыру талап етіледі.

Техникалық стандарттар – кәсіби аудитор техникалық және кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіби қызмет көрсетуге тиісті. Кәсіби аудиторлар клиенттердің немесе жұмыс берушілердің құсқауларын тиісті ұқыптылықпен және шеберлікпен орындауға міндетті. Одан басқа аудиторлар кәсіби бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жасап ұсынған (мысалы, халықаралық аудит стандарттары), бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет, басқа да реттеуші органдар жасаған, тиісті заңдарға сәйкес жасалынған техникалық және кәсіптік стандарттардың талаптарын сақтауға тиісті.

 

Қорытынды:

Сонымен нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз- бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. Қазақстанда аудиторлық қызметті реттейтін бірінші деңгейлі құжат ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы болып табылады. Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және постулаттармен реттеледі.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Аудиторлық қызметтің негіздері және оның реттелуі туралы түсінік алып, ұғым қалыптастыру үшін оның теориялық аспектілерін терең білу қажет. Сондықтан, дәріс материалымен жұмыс істеу барысында ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңына негізделіп, аудиттің халықаралық стандарттары, аудитордың мамандық этикасы ұғымдарына көңіл аударыңыздар. Ол үшін берілген әдебиеттер бойынша оқу материалын зер қойып оқып, бақылау сұрақтары мен тестілік тапсырмаларға жауап беріңіз және СӨЖ тапсырмасын орындаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен;

2. Аудиттің халықаралық стандарттары.1-Т. 120‑Стандарт «Аудиттің халықаралық стандарттарының тұжырымдамалық негіздері» - Алматы: Раритет, 2001

3. Кодекс этики аудиторов РК. Казахстанские стандарты по аудиту (под ред. С.Х. Кошкимбаева. Алматы, Каржы-Каражат, 1995).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных