Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






12 страница. 2. Аудиттің халықаралық стандарттары.1-Т.- Алматы: Раритет, 2001




2. Аудиттің халықаралық стандарттары.1-Т.- Алматы: Раритет, 2001

3. Кодекс этики аудиторов РК. Казахстанские стандарты по аудиту (под ред. С.Х. Кошкимбаева. Алматы, Каржы-Каражат, 1995).

4. Абленов Д.О. “Аудит негіздері” Алматы, Экономика, 2005 ж

5. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы 2006 ж.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Аудиттегі мәнділік деген не?

2. Мәнділік деңгейін анықтау жолын атаңыз.

3. Мәнділік деңгейін анықтауда аудитор қандай қадамдық процедураларды қарастырады?

4. Аудиторлық мәнділіктің сапалық сипатына не жатады?

5. Аудиторлық мәнділіктің сандық сипатына не жатады?

6. Аудитор қандай жағдайларда субъектінің есептілігі барылық маңыздылығы жағынан шынайы болып табылады деген шешімге келе алады?

7. Қандай жағдайларда аудитор аудиторлық есепке тиісті ескертулерді кіргізу туралы қорытынды жасауға міндетті?

8. Аудиторлық тәуекелділік деген не?

 

Тақырып -18: «Аудиторлық қорытынды есеп беру»

Дәріс сұрақтары:

1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі

2. Аудиторлық қорытынды түрлері

3. Аудит материалдарын жүзеге асыру

 

Дәрістің мақсаты: аудиторлық қорытындының мәні, мазмұны, оны құру тәртібі, түрлері және оның материалдарын жүзеге асыру шаралары туралы теориялық білімді қалыптастыру

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: аудиторлық қорытынды, аудиторлық ұйым, қаржылық есептілік, сенімділік, оң қорытынды, шартты-оң қорытынды, теріс қорытынды, бұзушылық фактілері

 

Дәрістің мәтіні:

Аудиторлық тексеріс нәтижелерін қорытындылаушы және жалпылаушы құжаты аудиторлық есеп беру (аудиторлық қорытынды) болып табылады, ол тек қана нақты фактілер мен сәйкес құжаттар сілтемелеріне негізделіп, анықталған кемшіліктерді, бұзушылықтарды және асыра пайдаланулардың кезекті мазмұндалуын қамтуы тиіс. Аудиторлық есеп беру шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық және әлеуметтік қызметінің аудитінің нәтижелерін рәсімдеу және көрсету үшін қажет. Ол жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша тексерілген ұйым басшысының шешім қабылдауына негіз болып табылады. Аудиторлық есеп беру жеңіл, түсінікті тілмен жазылуы тиіс.

Аудиторлық есеп берудегі барлық фактілер олардың әрқайсысы бойынша келесі сұрақтарға құжаттарға негізделген жауаптарды алуға болатындай түрде мазмұндалуы керек:

- не бұзылған (параграфы, параграф бабы, тармақшасы көрсетілген үкім, стандарттар, нұсқау, бұйрық);

- кім бұзған (лауазымды немесе материалды жауапты тұлғаларды көрсете отырып);

- бұзушылық уақыты (бұзушылық күні немесе кезеңі);

- бұзушылық әдісі (жетіспеушілік, ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану);

- бұзушылықты не тудырған (бұзушылықтарды тудыратын себептер мен шарттар);

- тигізілген материалдық зиянның мөлшері.

Мазмұндалатын бұзушылықтар фактілерінің соңғы редакциясы кінәлі тұлғалардан сәйкес түсіндірмелерді алғаннан соң, олардың келіспеушіліктерін мазмұны бойынша қайта тексеруден кейін бекітіледі. Аудиторлық есеп беруде материалдарды мазмұндау барысында тексерілетін кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне баға беретін (квалификациялайтын) түсініктерді қолдануға болмайды. Мысалы, мемлекетке қарсы тәжірибе, жауапкершіліксіз көзқарас, ұрлық, қызметтік жағдайды асыра пайдалану сияқты терминдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Аудиторлық есеп беруде қорытынды мәліметтер және анықталған бұзушылықтардың мазмұны көрсетіледі, қосымшаларға сілтемелер жасалады. Аудиторлық есеп беруге қосымшаларда әдетте келесі бұзушылықтар келтіріледі: іссапар шығыстары бойынша нормалардан ауытқу, еңбек ақы мен сыйлық ақыларды негізсіз есептеу, мемлекет қаражаттарын мақсатқа сәйкес пайдаланбау, штатты тәртіпті бұзу, өнім, жұмыс, қызмет және т.б. көлемдеріне артық жазулар. Аудиторлық есеп беруде, кез-келген құжатта сияқты, өшірулер және келісілмеген түзетулер болмауы тиіс.

Аудиторлық қорытындының (есеп берудің) қатаң стандартталған нысаны жоқ. Сонымен қатар белгіді бір сызбаға нгегізделуге нұсқау беріледі. Аудитор қорытындысы 3 бөлімнен құрылуы керек: кіріспе, талдамалық және қорытынды.

Кіріспе бөлім аудиторлық фирма туралы жалпы мәлімет болып табылады және келесі элементтерді қамтиды:

- «Аудиторлық қорытынды» деген құжат атауы;

- аудиторлық фирманың заңды мекен-жайы және телефондары;

- аудиторлық фирмаға аудиторлық қызметті жүзеге асыру лицензиясын берген органның атауы, лицензия нөмірі, берілген күні және қызмет ету мерзімі;

- аудиторлық фирманың мемлекеттік тіркеу куәлігінің нөмірі;

- аудиторлық фирманың есеп айырысу шотының нөмірі;

- аудитке қатысқан барлық аудиторлардың аты-жөні.

Талдамалық бөлім аудиторлық фирманың экономикалық субъект бойынша және жалпы тексеріс нәтижелері туралы есеп беруі болып табылады және мыналарды қамтиды.

- «Аудиторлық фирма есеп беруі» деген бөлім атауы;

- талдамалық бөлім кімге арналған;

- ұйым атауы;

- аудит объектісі;

- экономикалық субъектіде ішкі бақылау жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері;

- бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері;

- қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында заңнаманың орындалуын тексерудің жалпы нәтижелері.

Аудиторлық есеп берудің талдамалық бөлімі аудит бағдарламасында белгіленген сұрақтарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысындағы оң және теріс жақтары көрсетілген тексеріс нәтижелерін кезекті мазмұндау болып табылады:

- өнім, жұмыс, қызметтер өндіру және өткізу;

- негізгі құралдарды пайдалану және сақтау,

- еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу, еңбек ақы қорларын пайдалану;

- ТМҚ-дың нақты бар болуы, сақталуы, пайдаланылуы;

- кассалық, банктік, есеп айырысу операциялары;

- өнім өндірісіне және өзіндік құнына шығындар;

- кірістер, шығыстар, резервтер және қаржылық жағдай;

- бухгалтерлік есептің, есеп берудің және ішкі шаруашылық бақылау жағдайы.

Қорытынды бөлім- аудит нәтижелері бойынша қалыптасқан аудиторлық фирманың қаржылық есеп берудің сенімділігі жайлы пікірі және ол мыналарды қатиды:

- «Аудиторлық фирма қорытындысы» атауы;

- қорытынды бөлім кімге арналған;

- аудит объектісі;

- қаржылық есеп беру сәйкес болуы тиіс нормативтік актіге нұсқау;

- экономикалық субъектінің және аудиторлық фирманың арасында қаржылық есептіліктер сенімділігіне деген жауапкершіліктің бөлінуі;

- аудиттің жүргізілуі негізделетін нормативтік акт;

- аудиторлық қорытындының сөзсіз оңнан өзге нысанда құрылуына әкелген маңызды жағдайлардың мазмұндалуы және мүмкін болса олардың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруіне әсерінің құндық өлшемде бағалануы;

- аудиторлық фирманың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруінің сенімділігі туралы пікірі;

- аудиторлық қорытынды күні, оған қоса қорытынды ұйымның қаржылық есептілігіне қол қойылған күнінен бұрын аяқтала алмайды.

Аудиторлық есеп берудің әр бетіне тексерісті жүргізген аудитор қолын қояды және оны дербес мөрімен бекітеді. Аудиторлық есеп беру бухгалтерлік есептілікпен бірге тігіліп, экономикалық субъектінің атқарушы дирекциясына және акционерлеріне (қатысушыларына) тапсырылады.

Сыртқы мүдделі тұлғаларға (салықтық қызметтерге, несиелік ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына балансты басылымға шығарған жағдайда және т.б.) бухгалтерлік есептіліктің сенімділік дәрежесін қамтитын аудиторлық қорытындының қорытынды бөлімі ғана беріліп, қаржылық есептіліктерін, оның ішінде баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қорытындыға қосымша ретінде келтіріледі (егер оларға алдыңғы бөлімдерде сілтемелер бар болса).

Аудиторлық фирма аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен кейін, бірақ қаржылық есептілікті беру күніне дейін болған оқиғаларға жауапты болмайды. Егер аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен есептілікті беру күніне дейінгі кезеңде болған және есептіліктің сенімділігіне әсер ететің оқиғалар туралы мәлім болса, олар субъектіден сәйкес өзгертулерді енгізуді талап етуге міндетті.

Аудиторлық ұйым қаржылық есептілікті беру күнінен кейінгі оқиғаларға жауапты болып табылмайды. Ол клиенттен есептілікке қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етуге міндетті емес. Аудиторлық фирма экономикалық субъектіге аудиторлық қорытындыны кемінде екі нысанда ұсынуы тиіс. Әр дана оған қосымша қаржылық есептілік нысанымен қатар біртұтас болып табылатын және тігілуі керек.

 

Аудиторлық қорытынды түрлері

Аудиторлық қорытынды ұйымның қаржылық есептілігінің сенімділігі мен шынайылығының тәуелсіз куәлігі болып табылады. Аудиторлық қорытындының 4 нысаны бар:

1. Оң;

2. Шартты-оң, яғни белгілі бір ескертулері (шектеулері) бар;

3. Теріс- аудитор қаржылық есептіліктің сенімділігін толығымен растай алмаса;

4. Қорытынды беруден бас тарту.

Оң аудиторлық қорытынды ұйымның қаржылық есептілігінің оның қаржылық жағдайын, пайда мен зияндарын, ақша қозғалысын, негізінен дұрыс көрсететінін, ал бухгалтерлік есеп заңнамалық және нормативтік актілер талаптарына сәйкес екендігін растайды. Оң нәтиже аудитор мыналарға сенім білдіргенде беріледі: ұйымның қаржылық есептілігі дұрыс, бухгалтерлік есептің сенімді және шынайы мәліметтеріне негізделген болса; бухгалтерлік есеп белгіленген принциптер мен талаптарға сай, ал ұйымның есеп саясаты дұрыс таңдалған болса; салықтар және басқа міндетті төлемдер уақытылы және толық төленсе; есеп берулерге қосымшаларда және түсіндірмелерде қаржылық есептілікке қатысы бар барлық сұрақтар ашылып көрсетілсе, ішкі бақылау шаруашылық операциялардың тиімділігін және мақсаттылығын растаса, қаржылық есептілік мәліметтері аудиторға ұйым туралы белгілі мәліметтерге қайшы келмесе.

Шартты-оң қорытынды аудитордың келіспеушілігі және күмәндәнуі маңызды, бірақ елеусіз мәні болған жағдайда қаржылық есептілік сенімділігн шектеулермен (ескертулермен) растайды. Егер қорытындыны жасау кезінде оны қалыптасытыру мүмкіндігіне күмән туса немесе аудитор пікірі қаржылық есептілік мазмұнына сәйкес келмеген әлде қайшы келген жағдайда аудитор сөзсіз оң қорытынды жасауға шамасы келмей қалуы мүмкін. Егер қанағаттанарлық есеп жазбаларының жоқтығы немесе қажет аудиторлық процедураларды орындау мүмкін еместігі салдарынан барлық қажетті ақпаратты ала алмаса, ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі әлде мүлдем жоқтығы салдарынан жеке құжаттар мен фактілерді жасыру туралы күдіктер, т.б. бар болса, аудитордың сенімсіздігі туады. Аудитор келіспеушілігі кәсіпорын басшылығының қаржылық-шаруашылық қызмет және қаржылық есептілік көрсеткіштері бойынша пікірлерінің сәйкес келмеуі; есеп объектілерін бағалау әдістері мен басқа есептік мәндердің есептелу дұрыстығымен келіспеу, шоттар корреспондециясының тексерілген шаруашылық операциялардың экономикалық және құқықтық мәніне сай болмауы; заңнамалық актілерді, ережелерді және басқа да нормативтік құжаттардың мәнін түсіндіру және қолдану бойынша айырмашылықтар және т.б. Осы жағдайда қорытындыда аудитордың сұрақ бойынша пікір білдіруден бас тартқанын көрсету қажет. Аудитор, оның пікірінше қаржылық есептілік жағдайына әсер ететін барлық мәселелрді көрсетуі тиіс.

Теріс қорытынды аудитордың қаржылық есептілік сенімділігіне күмәні соншалықты, оның пікірінше пайдаланушыларды шатастырады және қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен сенімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Аудиторлық қорытындыда аудитор қаржылық есептіліктің заңнамаға және бухгалтерлік есептің нормативтік актілеріне сәйкес еместігін түсіндіретін себептерді нақты атап көрсетуі қажет.

Аудитордың қорытынды беруден бас тартуы күмәндәну немесе тексеріс көлемінің шектелуі соншалықты, ол аудиторға қаржылық есептілік жағдайы туралы қорытынды жасауға негіз бермейді. Қорытындыда қорытынды жасау неге мүмкін емес екенін нақты және анық көрсету қажет. Егер кәсіпорын аудиторлық тексеріс барысында немесе одан кейін бухгалтерлік есептегі заңнаманы және басқа да нормативтік актілерді орындаудағы елеулі кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоятын болса, қаржылық есептілікке өзгерістер енгізсе, аудитор теріс немесе шартты-оң қорытындыны сәйкесінше шартты-оң және оң қорытындыға өзгерте алады.

Аудиторлық қорытынды өзгертілгенге дейін кәсіпорынның бухгалтерлік есебіне, ішкі бақылауына және қаржылық есептілігіне жасалған түзетулер, нақтылаулар және толықтырулардың тексерісі жүргізілуі тиіс.

Аудит материалдырын жүзеге асыру

Аудит материалдырын жүзеге асыру кезеңінде 2 процедура бар:

1. Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шаралар;

2. Жоспарланған шаралардың орындалын бақылау.

Осы кезеңдегі аудитор қызметі анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоюмен байланысты шараларды дайындаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың орындалуын тексеруді қамтиды. Аудиторлық ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі бұзушылықтарды жою бойынша жоспарды құрайды, аудит материалдарын құқық қорғау органдарына тапсырады, материалдық зиян келтіргенге кінәлі тұлғаларға қуыным (иск) ұсыну, кадрларды орналастыруды жүзеге асырады, аудит нәтижелері бойынша басқа да шараларды жүргізеді.

Аудиторлық топ мүшелері шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларын және басқа да жұмысшыларының назарын аудара отырып, кемшіліктерді жоюда белсенді көмек көрсетеді. Аудиторлар анықталған бұзушылықтардың жойылу толықтығын тексеріп, оған бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына қатысады.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларға мыналар кіреді.

Біріншіден, анықталған кемшіліктерді аудит барысында, оның аяқталуын күтпей, жою. Мысалы, кассадағы нақты бар ақша мен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы ауытқу 3 күн ішінде жойылады. Анықталған артықшылықтар кірістеледі, ал жеткіліксіздік кәсіпорында белгіленген өтеу нормалары шегінде кінәлі тұлғамен, қылмыстық жауапкершілікке тартусыз, өтеледі.

Екіншіден, кемшіліктерді жою дайындалған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар жоспарын құрып, оған сәйкес жұмыс атқарылады.

Үшіншіден, аудит материалдарын талқылау жоғарыда тұрған ұйымда жүзеге асырылады. Ведомстволық кәсіпорындарының бірінде анықталған кемшіліктерінің талқылануы басқа ішкі ведомстволық ұйымдарды ұқсас бұзушылықтарды алдын алу үшін жүргізіледі.

Төртіншіден, аудит материалдарын тергеу органдарына тапсыру. Материалдық зиянға әкеліп соқтырған ірі жетіспеушіліктер, қызмет жағдайын асыра пайдалану анықталған жағдайда аудит материалдары кәсіпорын басшылығының келісімімен құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және кейін болдырмау шараларын жүзеге асырудың уақытылығына және толықтығына бақылау жүргізу де маңызды болып табылады. Оған жататындар:

1. Тексерілетін ұйым басшысының кемшіліктерді жою туралы ақпаратты шаруашылық жүргізуші субъекті басшысы аудиторлық ұйымға курьер арқылы немесе поштамен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша жүргізілген шаралар туралы жазбаша есеп беруді жібереді.

2. Аудитордың келуі және орында тексеруі. Аудиторлар тексерілетін объектіге анықталған кемшіліктердің жойылу фактісін тексеру мақсатымен келе алады.

3. Кейінгі аудит барысында кемшіліктерді жою бойынша шаралардың жүзеге асырылғанын тексеру.

Кейінгі тексеріс кезінде аудитор міндетті түрде алдыңғы аудит материалдарымен танысады, есеп беруде және қорытындыда көрсетілген кемшіліктер мен бұзушылықтарды қарастырып, қандай шаралар жүргізілгенін және оларды жою бойынша шаруашылық жүргізуші субъект қандай шаралар қабылдағанын анықтайды.

 

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы 20.11.1998ж. (өзгертулер мен толықтырулармен)

2. Международные стандарты аудита. 510 «Первоначальные соглашения-начальные сальдо», 700 «Аудиторский отчет по финансовой отчетности»

3. Әжібаева З.Н. Аудит негіздері-Алматы: Экономика, 2004

4. Шеремет А.Д., Суиц В.П. Аудит- М.: ИНФРА-М, 1995

5. Ержанов М.С. Аудит-1 (базовый учебник)- Алматы: Бастау, 2005

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Аудиторлық қорытынды (есеп беру) дегеніміз не?

2. Оның мақсаты неде?

3. Аудиторлық қорытындыға қосымшаларда не көрсетіледі?

4. Аудиторлық қорытындының бөлімдерін атаңыз және әрқайсысының мазмұнын ашыңыз.

5. Аудиторлық ұйым қандай оқиғаоарға жауапты?

6. Аудиторлық қорытындының түрлеріне сипаттама беріңіз

7. Аудиторлық қорытынды қай жағдайда өзгертіледі?

8. Аудит материалдарын жүзеге асыру кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

9. Осы кезеңдердегі аудиторлық ұйым қызметі неде?

10.Анықталған кемшіліктерді жою және оларды алдын-алу шараларына не кіреді?

4.9.7 Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары

Тақырыптардың негізгі мазмұны
  Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп
  Бухгалтерлiк есептiң концепциялары мен қағидалары.
  Бухгалтерлiк баланс
  Шоттар жүйесі және екi жақты жазу
  Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру
  Ағымдағы активтердің есебi Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерiнiң есебi
  Дебиторлық борыштардың есебi
  Тауарлық-материалдық қорлардың есебi
  Ұзақ мерзiмдi активтердің есебi
  Мiндеттемелер есебi
  Еңбек ақы есебi
  Табыстар мен шыгыстардың есебі
  Аудит негiздерi. Аудиттiң мәнi, пәнi мен әдiстерi
  Аудиттің нормативтік–құқықтық реттелуі. Аудит стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы
  Аудиторлық қорытынды есеп беру

 


4.9.8. Пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Пән: «Бухгалтерлік есеп және аудит»

Мамандық 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1

«Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, қағидалары, шаруашылық құрал-жабдықтары, құралу көздері, шаруашылық процесстер мен шаруашылық операциялар, бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп туралы түсінікті толық және терең меңгеру, оның даму тарихын зерртеу және қазіргі экономикада алатын орнын анықтау, бухгалтерлік есеп пәнін анықтау.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

2. Бухгалтерлік есептегі өлшем түрлері.

3. Шаруашылық есеп түрлері.

4. Бухгалтерлік есеп объектілер мен олардың түрлері

5. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.

6. Бухгалтерлік есептің әлемдік үлгілері.

7. Кәсіпкерлік нысандары.

 

Студент білуі тиіс:

ü дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

ü бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін;

ü бухгалтерлік есеп дамуының тарихи аспектілерін;

 

Студент меңгеруі тиіс:

ü бухгалтерлік есеп ерекшеліктерін басшылыққа ала білуді;

ü есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

ü кәсіпорын мүліктерін жіктей білу;

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2

«Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен қағидалары» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп қағидалары, есептеу қағидасы, үздіксіздік қағидасы, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс пен шығыс, пайда мен зиян, сыртқы және ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп және басқару есебі, есептілік түрлері.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп қағидаларына талдау жасау, ақпаратты пайдаланушылар үшін қаржылық есептіліктің мәні мен маңызын түсіну, қаржылық есептілік элементтері туралы түсінікті ашып көрсету.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных