Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






16 страница. СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар




Такырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, тауарлық-матриалдық қорлар және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Есеп 1.

Компания компакт дискілерді сатумен айналысады. Ағымдық жылдың қаңтар айының басында (01.01…) компанияда дискілердің қалдығы (1000 дана 700 теңгеден)- 700000 теңгені құрады.

Бір ай ішінде сатып алынды:

03. 01....- 500 дана 600 теңгеден

07. 01....- 200 дана 500 теңгеден

23.01.... - 250 дана 550 теңгеден

30.01....- 300 дана 650 теңгеден.

Сатуға дайын тауарлардың саны 2250 дана. Бір ай ішінде компакт дискілердің 2000 данасы сатылды. Сатып өткізілген тауарлардың өзіндік құнын ФИФО, орташа құн әдістері бойынша есептеп шығарыңыз.

Есеп 2.

«Өркен» компаниясы ТМҚ есебін өзіндік құн мен таза өткізу құнының ең аз мөлшерімен, негізгі тауарлық топтар әдісін қолдана отырып жүргізеді. Бас бухгалтердің көмекшісі келесі талдауды жүргізді:

ТМҚ категориялары Бастапқы құн Таза өткізу құны

А 22000 20000

Ә 45000 95000

Б 18000 36000

В 56000 55000

Барлығы: 141000 206000

Бухгалтерлік баланста ТМҚ-ның қандай сомасы көрсетілуі тиіс?

Такырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, негізгі құралдар және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):

№1 Есеп

Кәсіпорын 230 000 000 теңгеге ұшақ сатып алады. Келісім-шарт бойынша ұшаққа меншік құқығы жабдықтаушы зауытында сатып алушыға беру кезінде өтеді.Сатушы 5 200 000 теңге баж салығын төлейді. Сондықтан бұл соманы шот-фактура сомасына қосады да, алынуға тиісті шот сомасы 235 200 000 теңгені құрады. Ұшақты сатып алушы орналасқан жерге дейін жеткізу шығыны 10 000 000 теңге болды.Тасымалдау кезінде ұшақтың корпусы зақымдалған және оны жөндеуге 80 000 теңге жұмсалды. Ұшақты сатып алған күннен екі аптадан кейін ғана пайдалана бастады. Ұшақ тұрағын (ангарды) күтіп ұстауға ай сайын 20 000 теңге кетеді. Сатып алушы төленуге тиісті шот сомасын ұшақты сатып алған күні төледі.

 

Ұшақтың корпусының, оның двигателі мен салон жабдығының пайдалы қызмет мерзімдері әр түрлі. Сатушының сатып алушыға жіберген шотында ұшақтың жалпы құны ғана көрсетілген. Алайда, сатып алушы құрған қаржылық есептілік ҚЕХС талаптарына сай келуі үшін, двигателдің, ұшақтың корпусының және салонының бастапқы құнын анықтау қажет.

Негізгі құралдар есебін жүргізген бухгалтер қалпына келтіру құны бойынша бағалауды кәрзеңкелік әдіспен жүргізу туралы шешім қабылдады. Ол дәл осындай двигательдер мен салон жабдықтарын сататын жабдықтаушылардан олардың бағасы туралы мәліметтер алады. Алынған мәліметтер бойынша орта баға:

- двигательдер 140 000 000

- салон жабдығы 50 000 000

Ұшақты негізгі құрал объектісі ретінде танумен байланысты бухгалтерлік өткізбелерді құрастырыңыз.

 

№2 Есеп

Кәсіпорын жаңа қызметі үшін жер учаскесін сатып алмақшы. Жердің сатып алу құны – 170 000 теңге, көрсеткен қызметі үшін брокерге – 6 000, адвокатқа 2 000 теңге төлейді. Жойылу құны 4 000 теңгені құрайтын ескі ғимаратты бұзуға 10 000 теңге және жерді тегістеуге 1 000 теңге жұмсады. «Негізгі құралдар/Жер» шотының дебетіне тіркелетін соманы есептеңіз.

 

№3 Есеп

Активтің бастапқы құны - 100 000 теңге. Бастапқы пайдалы қызмет мерзімі -10 жыл. Тозуды есептеудің бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылып келген және ешқанда жойылу құны болжанбаған. Активті екі жыл пайдаланғаннан кейін бухгалтер оның пайдалы қызмет мерзімін қайта қарастырып, 6 жылға теңеді. Активтің қалған пайдалы қызмет мерзіміне тозу шығындарын қай та есептеңіз.

№4 Есеп

«Сәуле» пиццериясы пиццаны тасымалдап жеткізу үшін автокөлік сатып алды. Автокөліктің құны 14 000$. Көлік 5 жыл пайдаланылады. Пайдалану мерзімінен кейінгі қалдық құны шамамен 2 000 $ құрайды. Компания көлік 5 жылдың ішінде 80 000 км жол жүреді деп есептеді.

1. 5 жылға бірқалыпты түзу сызықты әдіспен амортиацияны есептеңіз.

2. Автокөлік бірінші жылы 10 000 км, екінші жылы 15 000 км, үшінші жылы 18 000 км, төртінші жылы 20 000 км және бесінші жылы 17 000 км жол жүрген. Амортизацияны өндірістік тәсілмен есептеңіз.

3. Амортизацияны кемімелі қалдық әдісімен есептеңіз.

Такырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, міндеттемелер және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):

№1 Есеп

2004 жылдың 15 наурызында «Шар - Құрылыс» компаниясы дивидендтер төлейтінін жариялады.

А) Дивидендтер жарияланғанда және

В) Дивидендтер төленгенде қандай бухгалтерлік өткізбелер құрылады?

№2 Есеп

«Сара жол » компаниясы бір жылға, сомасы- 1120000 ш.б. пайызсыз вексель жазып беріп, 1000000 ш.б. сомасында ақша қаражатын алады. Олай болса вексель бойынша нақты пайыз 12% (120000/1000000) құрайды. Вексельдің ағымдық құны 1000000 ш.б.(1120000/1,12=1000000 ш.б.).

Вексель бойынша қарызды қалай есепке алады?

 

Такырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, еңбек және оны есепке алу, еңбек ақы есептеу тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):

№1 Есеп

Есептің мақсаты- жұмысшыға мерзімдік еңбек ақы есептеу тәртібін меңгеру.

Тапсырма

Төмендегі берілген мәліметтер бойынша жұмысшыға мерзімдік еңбек ақы сомасын есептеңіз.

Берілгені

III разрядты электржөндеуші Оспанов Қ.Қ., табельдік нөмірі 1012, ағымдық айда 17 жұмыс күнін нақты өтеді (ағымдық айда 23 күн бар). Бір айлық тарифтік ставка – 25760 теңге.

№2 Есеп

Есептің мақсаты‑ жұмысшыға кесімді‑үдемелі жүйе бойынша еңбек ақы есептеуді меңгеру.

Тапсырма

Берілген мәліметтер бойынша жұмысшыға кесімді еңбек ақы есептеңіз. Есеп шешуін келесі кестеде орындаңыз.

Кесте

Еңбек ақыны кесімді-үдемелі жүйе бойынша есептеу

Норма бойынша шығарылатын өнім Нормадан тыс шығарылғаны Артық орындалған норма пайызы Тұрақты кесімді баға бойынша еңбек ақы мөлшері Норманы артық орындағаны үшін үдемелі қосымша төлем мөлшері Еңбек ақының жалпы сомасы (4 бағ. + 5 бағ.)
           

 

Берілгені

Жұмысшы осы айда 18 күн жұмыс істеп, 280 бөлшек жасап шығарды. Жұмыс күнінің ұзақтығы‑ 7 сағат. Бір бөлшекті шығаруға бекңтңлген уақыт нормасы-40 мин, кесімді баға-150 тг. Өнім бекітілген нормадан 10%‑ға артық шығарылса, белгіленген кесімді баға 15%-ға көбейеді. Егер норма 10%-дан артық орындалса, онда кесімді баға 25%-ға өсіріледі.

Такырып

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, табыстар мен шығындарды танудың нормативті реттелуңн, оларды есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):

№1 Есеп

Төменде берілген әрбір оқиға үшін:

1. Операция жасалған күнге бухгалтерлік өткізбе беріңіз.

2. Табысты танудың қай әдісін қолдануға болатындығын анықтаңыз.

Берілгені:

Есеп беру мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатындығын есіңізде сақтаңыз.

1. 2005 жылдың 31-желтоқсанында «АРТ» компаниясы арнайы машинаны 500000 тг сатып, 200000 тг қолма-қол алады. Қалған 300000 тг және оның үстіне қосылған 10% 2006 жылдың 31-желтоқсанында алатын болды. «АРТ» компаниясы машинаны 2006 ж. 5-қаңтарында жеткізіп береді. Сатып алушының несие қабылеттілігі жоғары деп саналады, сондықтан төлемді уақытында алу кепілі бар.

2. 2005 ж, 15-қарашада «Барыс» компаниясы Х өнімін 50000 тг сатады. Сатып алушы оның орнына екі дана тауар береді. Сатып алушы тауарларды 2006 ж. 31-қаңтарында жеткізіп беруге уәде береді.

3. 2006 ж. 2-қаңтарында «Айқара» компаниясы ай сайын шығатын «Айқара» газетіне бір жылдық жазылымға 200000 тг жинап алды. Газетке жазылған оқырмандарға бірінші шығарылған басылымды тарату осы жылдың наурыз айына қойыолып отыр.

 

Такырып

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алған мағлұматын кеңейтіп, аудиторлық қызметтің реттелуінің әр түрлі деңгейлері туралы теориялық аспектілерді нақтылау.

1. Тапсырма. Ұсынылған және өз бетіңізше таңдап алынған ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып:

1) Аудиторлық қызмет қағидаларын сипаттаңыз;

2) Аудиторлық қызмет түрлерін ашып көрсетіңіз;

3) Кестеде аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттейтін заңнамалық актілерді келтіріңіз.

2. Тапсырма. Берілген есепті шығарыңыз.

Есеп

"Жәңгір" қайырымдылық қоры аудиторға бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және қаржылық есептілікке бастамашылық аудит жүргізіп беруі туралы өтініш жасады.

Жауап беріңіз: а) аудитор екі ұсынысты қабылдай ала ма? ә) аудитордың әрекетін анықтаңыз

Такырып

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша берілген теориялық материалды толық меңгеру үшін аудиторлық дәлелдеулер мен оларды алу процедураларының әдістемелік тәсілдерін толықтырып, практикалық дағды қалыптастыру.

1. Тапсырма. Ұсынылған және өз бетіңізше таңдап алынған ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып:

1) Аудиторлық дәлелдеулердің мүмкін болатын түрлеріне сипаттама беріңіз;

2) Дәрісте берілген аудиторлық процедуралардың әрқайсысына сипаттама беріп, олардың құрамына кіретін әдістерін анықтаңыз.

Такырып

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары мен әдістемелік нұсқаулары

Мақсаты:

2. Тақырып бойынша алынған теориялық білімді есте сақтау және тәжірибелік білім беру.

3. Тақырып бойынша сұрақтарды толықтырып, білімін тереңдету.

Есеп

«Самұрық» компаниясы қаржылық есептілікте «Ақша қозғалысы туралы есебін» көрсетпейтін болып шешім қабылдады.

Аудитор мұндай жағдайда аудиторлық есептің қандай түрін құрады?

Есеп

Аудиторлық фирманың аудит жүргізуге келісім бергені туралы келісім-хатты құрыңыз. Тапсырманы орындау барысында 210-АХС талаптарына негізделіңіз.

Келісім-хат келесі мәліметтерден тұруы керек:

1) аудиторлық тексеріс объектісі және мақсаты туралы;

2) аудит негізделетін заңнамалық актілер мен нормативті құжаттар туралы;

3) жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша аудиторлық фирманың есептілігінің нысаны жөнінде;

4) тараптардың жауапкершілігі мен міндеттері жөнінде;

5) бухгалтерлік есеп және есептілікте анық емес мәліметтер мен мәнді қателіктердің анықталмай қалу тәуекелділігінң болуы туралы.

Келісім-хатқа қосымша аудиторлық фирма туралы мәліметтерді қосыңыз (атқаратын қызметтер, фирма персоналы мен біліктілігі туралы, қолданылатын аудит әдістері туралы және т.б.). Келісім-хат презентация арқылы таныстырылады.

4.9.12 Студенттердің / магистранттардың оқу үлгерімін қадағалау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау жұмыстары, тесттік тапсырмалар; өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.)

Аралық бақылау өткізуге арналған сұрақтар

1-ші аралық бақылау өткізуге арналған сұрақтар

1. Бухгалтерлік есептің пәні болып не табылады?

2. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементтеріне не жатады?

3. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем түрлерін атаңыз.

4. Қаржылық қызметтің қандай сатылары бухгалтерлік есепте бейнеленеді?

5. Шаруашылық субъектісінің мүлкіне не жатады?

6. Негізгі құралдарға не жатады?

7. Материалдық емес активтерге не жатады?

8. Кәсіпорын міндеттемелері деген не?

9. Меншікті капиталға не жатады?

10. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есептің қандай үлгілері бар?

11. Қазақстанда кәсіпорындардың қандай ұйымдастырушылық‑құқықтық ныандары бар?

12. Бухгалтерлік құжатқа түсініктеме беріңіз.

13. Барлық құжаттарға тән жалпы деректемелерді атаңыз.

14. Құжаттардың жіктелу белгілерін атаңыз.

15. Ақтаушы құжаттардың өкімдік құжаттардан айырмашылығы неде?

16. Есеп тіркелімдері деп нені айтады?

17. Есеп тіркелімдерінің түрлерін атаңыз?

18. Қателерді түзетудің корректуралық әдісіне сипаттама беріңіз?

19. Қандай жағдайларды сторнолық жазу әдісі қолданылады?

20. Бухгалтерлік есепті жүргізудің мемориалды-ордерлік нысанының мәні неде?

2-ші аралық бақылау өткізуге арналған сұрақтар

1. Табыс пен шығыс есебі қандай нормативті құжат негізінде жүргізіледі?

2. Табыс деген не?

3. Кәсіпорын табысы қандай түрлерге бөлінеді?

4. Кәсіпорын шығысы қандай түрлерге бөлінеді?

5. Тану дегеніміз не?

6. Тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен табыс қалай танылады?

7. Табыспен байланысты операцияладың қандай төрт түрін білесіз?

8. Табыс қалай өлшенеді?

9. Активті бергеннен кейін табыс қалай танылады?

10. Активті бергенге дейінгі танылатын табысқа мысал келтіріңіз.

11. Аудиторлық қорытынды (есеп беру) дегеніміз не?

12. Оның мақсаты неде?

13. Аудиторлық қорытындыға қосымшаларда не көрсетіледі?

14. Аудиторлық қорытындының бөлімдерін атаңыз және әрқайсысының мазмұнын ашыңыз.

15. Аудиторлық ұйым қандай оқиғаоарға жауапты?

16. Аудиторлық қорытындының түрлеріне сипаттама беріңіз

17. Аудиторлық қорытынды қай жағдайда өзгертіледі?

18. Аудит материалдарын жүзеге асыру кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

19. Осы кезеңдердегі аудиторлық ұйым қызметі неде?

20.Анықталған кемшіліктерді жою және оларды алдын-алу шараларына не кіреді?

 

Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар

1. Бухгалтерлік есептің концепциялары, стандарттары және принциптері

2. Шаруашылық есептің жалпы сипаттамасы, түрлері.

3. Бухгалтерлік есептің мақсатымен міндеттері.

4. Есеп ақпараттарын пайдаланушылар және түрлері.

5. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер.

6. Қаржы және басқару есептерінің жалпы сипаттамалары.

7. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беруді реттеудің нормативтік жүйесі.

8. Бухгалтерлік есепті жүргізудің принциптері.

9. Бухгалтерлік есептің әдісі мен негізгі элементтері

10. Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен маңызы.

11. Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп беруде ашылып көрсетілуі.

12. Баланстың құрылымы және құрамы.

13. Шаруашылық операцияларының әсерінен баланстағы болатын өзгерістер және олардың сипаттамасы.

14. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар.

15. Бухгалтерлік шоттардың мәні мен маңызы.

16. Шаруашылық операцияларын шоттарға жазу тәртібі.

17. Шоттар схемасы. Шоттардың дебеті мен кредиті туралы түсінік.

18. Шоттар сальдосы. Шоттардың түрлері.

19. Екіжақты жазу әдісінің негіздемесі және оның бақылаулық маңызы.

20. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары.

21. Есеп саясаты

22. Бухгалтерлік есептеу циклының негізгі сатылары.

23. Есептеу мәліметтерінің қайнар көздері, бухгалтерлік құжаттар, олардың есептегі ролі мен маңызы.

24. Құжаттарды дайындап толтыруға қойылатын талаптар.

25. Құжаттардың реквизиттері және олардың жіктелуі.

26. Есеп регистрлары және олардың маңызы.

27. Есеп регистрларының түрлері.

28. Бухгалтерлік есеп формалары және олардың сипаттамалары.

29. Бухгалтерлік құжаттарда кеткен қателерді түзету әдістері.

30. Есептеу циклының аяқталуы.

31. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері жайлы түсінік.

32. Кассадағы қолма-қол ақшалар есебі.

33. Есеп айырысу шотындағы және банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі.

34. Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бақылау.

35. Қорлардың түрлері мен жіктелуі.

36. Қорлардың бағалануы.

37. Қорларды өзіндік құны бойынша бағалау әдістері.

38. Қорлардың кіріс және шығыс операцияларын құжаттау.

39. Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі және оның құжатталуы.

40. Дайын өніммен оны сатудың есебі.

41. Дебиторлық қарыздарға түсініктеме және олардың түрлері.

42. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.

43. Күмәнді дебиторлық қарыздар есебінің тәсілдері және оны бағалау әдістері.

44. Алдағы кезең шығындарының есебі. Берілген аванстар есебі.

45. Негізгі құралдарға түсініктеме.

46. Негізгі құралдардың бағалануы.

47. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.

48. Негізгі құралдар амортизациясы есебі. Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.

49. Негізгі құралдарды түгендеу.

50. Негізгі құралдардың жал операцияларының есебі.

51. Материалды емес активтер және олардың сипаттамасы.

52. Материалды емес активтер түрлері.

53. Материалды емес активтер есебі.

54. Материалды емес активтер амортизациясының есебі.

55. Меншікті капиталдың құрылымы.

56. Жарғылық капитал жайлы түсінік және оның қалыптасу тәртібі.

57. Жарғылық капитал есебі. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебі.

58. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен пайдаланудың есебі.

59. Міндеттемелер туралы түсінік. Міндеттемелердің жіктелуі.

60. Займдар есебі.

61. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есебі.

62. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысудың есебі.

63. Қызметкерлермен еңбенк ақы бойынша есеп айырысудың есебі.

64. Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері.

65. Өнімді сатудан (жұмыс жасау, қызмет көрсетуде) табыстар мен шығындарды тану әдістері. Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі.

66. Негізгі емес қызметтің табыстары мен шығындарының есебі. Кезең шығындарына түсінік. Кезең шығындарын танудың ерекшеліктері және оларды кәсіпорынның қаржы нәтижесіне қосудың тәртібі.

67. ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы.

68. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары.

69. Қаржылық есеп берудің элементтері.

70. Қаржылық есеп берудің құрамы мен құрылымы және оны құрастыруға қойылатын негізгі талаптар.

Емтиханға дайындалуға арналған тестілік тапсырмалар

1. Кәсіпорын жабдықтаушылардан 6000 тенгеге материалдар алынды. Осы операция баланстың түрлі өзгерістерінің кайсысына жатады?

А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 E) 5

 

2. Бухгалтерлік баланстың ерекшелігі

А) Актив = Меншікті капитал - Міндеттемелер

В) Актив = Меншікті капитал + Міндеттемелер

С) Актив + Меншікті капитал Актив = Міндеттемелер

D) Актив * Меншікті капитал Актив = Міндеттемелер

E) Актив / Міндеттемелер Актив = Меншікті капитал

 

3. Қызметкерлерді іссапарға жіберу үшін оларға келесі құжат беріледі

А) іссапарлық кассалық ордер

В) іссапарлық куәлік

С) табель

D) аванстық есеп

E) кіріс ордері

 

4. Бухгалтерлік баланстың пассиві қандай бөлімдерден тұрады?

А) ұзақ мерзімді активтер, ағымдағы активтер

В) меншікті капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер, ағымдағы активтер

С) ұзақ мерзімді активтер, ағымдағы активтер, меншікті капитал

D) ұзақ мерзімді міндеттемелер, меншікті капитал, ағымдағы міндеттемелер

E) ұзақ мерзімді активтер, меншікті капитал

 

5. Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша келесі топтарға бөлінеді:

А) алғашқы, жиынтық

В) ішкі, сыртқы

С) кесімді, күрделі

D) аралас, жиынтық

E) жай, күрделі

 

6. Мүлікті тексеруді қамту толықтығына қарай түгендеу келесідей бөлінеді:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных