ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарСемей
Мазмұны: 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және зертханалық сабақтар 4 Курстық және рефераттық жұмыстар тізімі 5 Студенттің өздік жұмысы 6 Әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Атом – Микробөлшектер, химиялық элементтің қасиеттері сақталатын оның ең кіші бөлшегі. Атомдық нөмір – Элементтердің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтің реттік нөмірі, атомдық ядродағы протон санына тең, ол атомның химиялқы және көпшілік физикалық қасиеттерін анықтайды. Атомдық спектрлер – Еркін немесе өзара бірімен-бірі әлсіз әсерлесетін атомдардың электрондық энергия деңгейлері арасында кванттық асысулар кезінде пайда болатын шығару және жұтылу спектрлері: а.с.- сызықтық, яғни жеке сызықтардан тұрады. Аса нәзік әсерлесу – Атом ядросы мен электрон арасындағы кулондық әсерлесуден басқа ядроның спині болуымен байланысты әсерлесу. Аса нәзік түзіліс – Атом ядросы магниттік моментінің (спиндік) атомның электрондары туғызатын магнит өрісмен әсерлесуі себепші болатын атомдағы, молекуладағы электрондардың энергия деңгейлерінің жіктелуі. Атомның векторлық моделі – Атомдағы электрондардың бұрыштық моменттерінің (орбиталық және спиндік) векторлық қосылуын қарастыруға негізделген атом моделі. Бас кванттық сан – Атомдағы электронның энергетикалық деігейлерін анықтайтын бүтін сан n. Бор постулаттары – Атомдардың орнықтылығын және бұлардың сызықтық спектрлерін түсіндіру үшін Резерфордтың классикалық (планетарлық) моделіне Бордың енгізген екі постулаты (ұйғарымы). Бордың бірінші постулаты (стационар күйлер постулаты) – Атомда стационарлық күйлер болады, бұларда ол энергия шығармайды. Атомның стационар күйлеріне электронның стационар орбиталары сәйкес келеді. Электронның стационар орбиталар бойынша қозғалысы кезінде электромагниттік толқын шығарылмайды. Бордың екінші постулаты (жиіліктер ережесі) – Электрон бір стационар орбитадан басқасына ауысқанда энергиясы бұларға сәйкес стационар күйлердің энергиялары айырмасына тең hv = En – Em бір фотон шығарылады (жұтылады). Гейзенбергтің анықталмағадық қатынастары – Микробөлшек бір мезгілде координатқа (x,y,z)да, және импульстің белгілі сәйкес мәндерін қабылдай алады және электронның мипульс моментінің қайсыбір бағытқа проекциясын анықтайды. Комптон эффекті – Электромагниттік сәуле еркін немесе әлсіз байланысқан электрондардан шашырағанда оның толқын ұзындығының өсу құбылысы. Корпускулалық-толқындық дуализм – Материяның кез-келген бөлшектерінің (фотондар, электрондар, протондар, атомдар және т.б.) әрі бөлшектік әрі толқындық қасиеттерге ие болуы. Магниттік спиндік кванттық сан ms –Сыртқы магнит өрісі бағытына спиннің проекциясын анықтайды. Магниттік резонанс – Электромагниттік өріс энергиясын тұрақты магнит өрісіне орналастырылған заттың талғап (резонансты) жұту құбылысы. Ядролық магниттік резонанс (ЯМР), электрондвқ парамагниттік резонанс (ЭПР) болады. Мозли заңы – Сипаттаушы рентген сәлесі спектрлік сызықтарының v жиілігін осы сызықты шығаратын химиялық элементтің z атомдық нөмірімен байланыстыратын заң (формула). Нәзік түзіліс – Атомдағы, молекуладағы электрондардың спиндік және орбиталдық магниттік моменттерінің әсерлесуі нәтижесінде электронның энергия деңгейлерінің бірнеше деңгейшелерге жіктелуі. Спектірлік сериялар – Атомның қайсыбір тұрақты берілген спектірлік сериясы үшін деңгейі мен барлық жоғарырақ энергия деңгейлері арасындағы ауысулар кезінде пайда болатын спектрлік сызықтардың реттелген жиынтықтары. Спин –Бөлшектің кеңістіктегі өозғалысымен байланысты емес, оның меншікті импульс моменті. Спин-орбиталық әсерлесу – Бөлшектердің (электрон) орбиталық және спиндік импульс моменттерінің шамалары және өзара бағдарлануларына тәуелді болатын әсерлесуі; бұл жүйенің (атомның) энергия деңгейлерінің нәзік жіктелуін тудырады. Толқындық функция (пси-функция) – Кванттық мехникада бөлшек күйін бейнелейтін координат пен уақыт комплекс функциясы. Осы бөлшектің әйтеуір бір күйін белгілейтін толқындық функциясыболады (c1 және c2 – кез келген комплекс сандар) құбылыс кезінде энергияның сақталу заңын өрнектейтін формула: мұндағы m –электрон массасы, W-ұшып шыққан электронынң максимум энергиясы, А - шығу жұмыс. Франк-Грец тәжірибелері – Атомдардың дискретті энергия деңгейлері болатындығы дәлелденген тәжірибелер. Энергия деңгейі – Энергияның квантталған мәні. Энергия деңгейлері –Атом, молекула және микроболшектерден тұратын, кванттық мехнаика заңдарына бағынатын басқа да кванттық жүйелердің энергиясы қабылдай алатын мүмкін мәндер.
v атомдық физиканың негізгі принциптері, заңдары мен заңдылықтарын бұлардың логикалық мазмұнын және математикалық өректерін оқып үйрену. v негізгі атомдық құбылыстарды біліу. v атомның қазіргі заманғы теориясынның эксперименттік негіздерін теорияның салдарын және практикалық қолдануларын білу. v гипотезалар мен модельдердің қолданылу аясы айқын түсініп білу.
Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студент мыналарды істей білу тиіс: · кванттық физиканың заңдары мен принциптерін физиканың нақты есептерін шығару үшін қолдана білу; · атомдар мен молекулаларды зерттеу үшін қолданылатын негізгі құралдар, приборлармен жұмыс істей білу, қарапайым жұмысиарын жүргізіп оны шеше білу, алынған нәтижелерді өңдеп, талдап және бағалай білу; · құбылыстардың математикалық модельдерін құрып және бұл үшін тиісті математикалық аппаратты есептеу математикасы әдістерін қоса қолдана білу;
3.Пән пререквизиттері: молеклалық физика, жоғары математика, химия 4.Пән постреквизиттері: Кванттық механика. Кванттық физика. Қоланбалы ядролық физика.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|