Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі үдерістердің жіктелуі




Дәріс. Негізгі үдерістер және олардың тамақ өнеркәсібіндегі ролі. Жылулық үдерістер. Салмақ алмасу үдерістері.

Дәріс жоспары:

1. біртексіз жүйелердің және оларды бөлу, тұндыру, сүзу үдерістерінің жіктелуі.

2. жылулық үдерістер – жылу алмасу әдістері, жылутасығыштар және олардың қасиеттері, буландыру үдерістері

3. салмақалмасу үдерістері - абсорбция, адсорбция, кептіру

4. Қант қызылшасынан қант алу технологиясы

 

 

Тамақ өндірісі технологиясы физика, химия, биология сияқты ғылымдардың заңдылықтарына негізделген.

Технологиялық үдерістер туралы ғылым негізіне табиғаттың негізгі заңдары – салмақ сақтау заңы мен энергия сақтау заңы жатады.

Ал тамақ технологиясының негізі физи­ка-химиялық, биохимиялық және микробиологиялық үдерістердің күрделі кешенінен тұрады. Көптеген технологиялық үдерістерді зерттеу барысында барлық өндірістер үшін ортақ нәрсе - шикізатты жартылай фабрикат немесе дайын өнімге айналдыратын энергия алмасу немесе салмақ алмасу екені анықталды.

Әсіресе технологиялық үдерістер жылулық энергияның алмасуымен жүзеге асырылады. Үдерістің қозғаушы күші деп қарастырылатын кеңістіктегі екі нүктенің потенциалы арасындағы айырмашылықты айтады. Ал технологиялық үдерістердің қозғаушы күші ретінде концентрациялардың айырмашылығы немесе химиялық потенциал айырмашылығы алынады. Жалпы көптеген үдерістердің қозғаушы күшіне механикалық күш жатады.

Негізгі үдерістердің жіктелуі

Барлық үдерістерді қозғаушы күшіне және алмасу типіне қарай былай бөлуге болады:

№1 кесте. Негізгі үдерістердің жіктелуі

Алмасу типі Қозғаушы күші Үдерістер Технологиялық операциялар
Қозғалыс санының алмасуы Механикалық күш, қысым Механикалық, гидромеханикалық ұсақтау, кесу, сұрыптау, сығу(престеу), тұндыру, сүзу
Жылу алмасу Температуралар айырмашылығы Жылулық қыздыру, салқындату, буландыру
Салмақ алмасу Концентрация айырмашылығы Жылуалмасу кептіру, экстракциялау, адсорбциялау, абсорбциялау, кристалдау, еріту, айдау(перегонка)

 

Бұл жіктелу тек қана тамақ өндірісіндегі негізгі үдерістерді ғана қамтиды, мұнда арнайы технология бөлімінде қарастырылатын химиялық, биохимиялық, мик­робиологиялық үдерістер кірмеген.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных