Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекеттік меншік түсінігі және түрлері




Мемлекеттік меншік Конституциямен (6 б.), Азаматтық кодекспен (192 б.) меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.

Мемлекеттік меншік қатынасы теңдікті жариалай отырып, белгілі бір ерекшеліктерге ие:

1)мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады;

2)мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзіреті шегінде, белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде қимылдайды;

3)мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады;

4)мүлікті меншікке алуда әр түрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық, баж салығы, жинау және т.б.;

5)мемлекетік меншік негізінде әлеуметтік жадай жүзеге асады, яғни тұрғындардың күнкөрісі жақсарады.

Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Респубомкасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекеттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.

Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстн халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншік субъектісі болып мемлекет табылады. Мемлекеттік меншікті басқару және меншік иесінің құқықтық өкілеттігін жүзеге асыру мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асады.

«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлықтың 1 бабы негізінде мемлекеттік кәсіпорындар мынадай түрге бөлінеді: а) республикалық меншіктегі – республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; ә) коммуналдық меншіктегі – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік меншік субъектісі министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомствалар, министрліктердің бірқатар департаменттері және басқа өкілетті органдар, оған өкілдік ете алатын әкімдер болып есептелінеді. 1996 жылы 25 маусымда Үкімет қаулысымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілген еді, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлықтың 2 бабына сәйкес жергілікті әкімдер бекітеді.

Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады:

- қозғалмалы және қозғалмайтын заттар;

- ақша, шетелдік валюта;

- бағалы қағаздар;

- міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.

Қазіргі заң мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін айыруда қор жөніндегі бұрынғы дәрежелеуді сақтаған (АК-тің 200 б.). қоғамдық өнім экономикалық түрде бөлінеді, ол қоғамдық өнімнің құрамындағы қажетті бөліну мен мақсатты бөлінуге негізделеді.1

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Азаматтық кодекстің 192 б. 2 т-на сәйкес республикалық мемлекеттік меншіктің объектісіне жататындар: республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Бұрынғы Азаматтық кодексте болмаған «қазына» деген ұғым пайда болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасына республикалық қаражаты, алтын-валюта қоры және алмаз қоры, мемлекеттік меншіктің 193 б-да аталған объектілері (жер, оның қойнауы, су, жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар) және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік жатады.

Республикалық бюджетке түсетін түсімдер:

- Республикалық бюджеттің кірістері (арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына (бюджеттеріне) есептелетін сомадан басқа), олар мыналардан тұрады: а) адамдардың салықтарынан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер; ә) салықтық емес түсімдер; б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер;

- Алынған ресми трансферттер (гранттар);

- Республикалық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі борышты өтеу (Заңның 7 бабы.).

Алтын-валюта қорын неисе ретінде беруге болмайды. Қазақстан Республикасы Президенті шешімдерінде қаралған реттерден басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы Президенті болсын-болмасын кепілдік және басқа міндеттілікті ұсынуға жол берілмейді.

Алтын-валюта қорын толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі жүргізеді (Жарлықтың 58 бабы).

Бағалы металдар мен бағалы тастардың мемлекеттік қоры бағалы металл, оның ішінде алтыннан және бағалы тастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетте қаралған қаржыға сатып алған зергерлік бұйымдарынан тәркіленген немесе қараусыз қалған, кейін мемлекет меншігіне өткізілген мүліктерден, табылған көмбеден, тарихи және мәдени ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған бағалы металдар мен бағалы тастардан, бұйымдардан құралады.

Мемлекеттік (бюджеттік) қор Мемлекеттік күзетте сақталады. Бұл қорға тапсырылған құндылықтарды беру, есептеу, сату және оған өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асады (Жарлықтың 11 бабы).

Қазынаға сондай-ақ мынадай мемлекеттік меншік объектілері де жатады: жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар (ҚРАК 193 б.). жер, сондай-ақ, заңдарда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (ҚР Конституциясы 6 б., 3 т.).

Заңда тек мемлекет қана меншік иесі болатын мүліктердің тізбесі тлық қамтылған.

Қазіргі заң республикалық кәсіпорындарға мүлікке шаруашылық жүргізу құқығын, ал қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге оралымды бсқару құқығын бекіткен.

Азаматтық кодекстің 192 бабының 3 тармағына сәйкес коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жергілікті бюджет қаражаты мемлекеттік заңды тұлғалардан бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

Конституцияның 87 бабында жергілікті атқарушы органдардың қарауына коммуналдық меншікті басқару да енеді делінген.

Коммуналдық меншіктің ерекшелігі оның қызметінің жергілікті мәселелерге арналып, белгілі мақсатқа жұмылдырылатындағымен ерекшеленеді.

Мемлкеттік Азаматтық Кодекстің 192 бабы негізінде мемлекеттік мүліктің біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құқықтық өкілеттіктеріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды. Яғни мемлекет өзі үшін заң шығарып, мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібін айқындап отырады.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтық субъектісі ретінде мемлекеттік меншікті өзінің органдары арқылы басқарады, солардың ішінде мемлекеттік заңды тұлғалар арқыла да басқарады.

Мемлекеттік иелену құқығы дегеніміз, қарамағындағы заңмен қорғалатын мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдарға немесе кейбір бөліктерін кәсіпорындармен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарына беруге қарамастан өзінің құзіретінде қала береді.

Мемлекет өзінің кәсіпорындарына, қазыналық кәсіпорындар мен иесі ретінде бұл мүліктерге иелену құқығын сақтайды.

Пайдалану құқығы дегеніміз мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы қоғам мүддесі үшін пайданың бәрін алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән мүмкіндігі болып табылады.

Мемлекеттік билік ету құқығы мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану, мүлікті бөлу, ұтымды құқықтық әдістерді айқындау, сол арқылы мемлекеттік меншікті басқаруды өз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен тұрады. Мемлекеттік билік ету құқығы жаңа номаларды шығару, оларды өзгерту мен тоқтату, сондай-ақ оралымды қызмет процесінде өндірістің қаржылары мен өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік актілердің көмегін пайдалана отырып жүзеге асырады.

Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қатынастары Азаматтық Кодекс пен басқа да көптеген заң актілерімен реттеледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных