Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері




Осы бөлімді жазған кезде «Экология және тұрақты даму», «ТҚН» курстарынан өткен кездегі алған білімдерін пайдалану қажет. Студент жобаланатын өндірістің төмендегі келтірілген схемамен (1-сурет) сәйкес қоршаған ортаны ластау көздеріне сипаттама берулері қажет, өндіріс пайдаланатын шикізаттық, отындық, энергетикалық ресурстарды көрсету; өнімді даярлау кезіндегі алынған қоршаған ортаны ластау өнімдері; оларды тазалау немесе жою әдістері, қайта пайдалану әдістері; олардың қауіптілік класстары; өндірістің қауіптілік класын анықтау және нормативті құжаттармен сәйкес нормативті санитарлы-қорғаныстық аймағының өлшемдері.

Өндірістік үрдістер мен мекемелердің экологиясындағы ұйымның тұрақты даму қатнасында ең бағалы және қызықтысы, дипломдық жұмыстағы келесі мәселелерді жасау:

- қалдықсыз өндіріс, сонымен бірге қалдықтарды пайдалану (қатты, сұйық және басқа күйінде) осы өндірістерде және аралас салалы өндірістерде, ауылшаруашылық өндірістерінде;

- тұтыну қалдықтарын пайдалану;

- рұқсат етілген концентрацияға дейін зиянды заттардан ағынды суларды тазалау;

- шекті рұқсат етілген қалдықтарды анықтаумен атмосферадағы технологиялық қалдықтардың зиянды заттардан тазалау;

- өнім алуға пайдалану және өнімнің дәстүрлі түрін алмастыратын, шикізат өндірісі үрдісінде пайдалану, бірақ аздығымен ерекшеленетін, оны алу (өндіру) табиғатқа минималды шығын келтіретін өнімдер;

- жеке технологиялық үрдістердегі немесе өндірістерде түгелдей энергия отынды жинау ша-ралары.

Жобаланатын өндірістерде, цехтарда, технологиялық желілер үшін экологиялық төл құжатты жобалап құруда немесе оны бағалауда келесі аспектілері қосылуы қажет:

- Цехтар мен өндірістік объектілер. Мұнда өндірістік объектілер мен цехтардың атаулары туралы, олардың бекітілген қуаттылығы, шығарылатын өнімдер мен олардың көлемдері туралы мәліметтер келтіріледі.

- Жер ресурстарын пайдалану. Негізгі және қосымша ғимараттардағы бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер келтіріледі, сонымен бірге административті тұрмыстық қызметтегі, территорияның қатты қаптама аудандары мен көгалдандыру газондары туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен бірге осы бөлімде уақытша пайдаланылатын бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер беріледі: құрылыстық материалдар қоймалары, жолдар, құбыр өткізгіштер, электр берілісі желілері және басқада желілі үймереттер.

- Өнім түріндегі қосымша материалдар қорлары мен шикізат шығыны. Мұнда қосымша қорлар мен шикізат түрі туралы, қолданылатын шикізат өнімдері мен шикізат шығыны атаулары, сонымен бірге жылдағы жалпы тұтынатын өнім бірлігі туралы мәліметтер келтіріледі.

- Өнім түрі бойынша энергия қорының шығыны. Осы бөлімдегі ең маңыздысы, энергияға кететін өзіндік құнның артуымен байланысты, өндіріске кететін шығын мен өнім түрлері бойынша мәліметтер келтіріледі: электр энергиясы, газ, мазут, көмір және отынның басқа түрлері, сонымен бірге жылулық энергия; осы мәліметтерді өнім бірлігінде жалпы шығын бойынша беріледі, жылулық энергия бойынша қазандықта қанша шығындалады және қайтымды қорларды пайдаланғанда қанша болатындығы көрсетіледі.

- Өндіріс бойынша толығымен атмосфераға тасталынған зиянды заттардың сипаттамасы. Мұнда бөлінетін зиянды заттардың атаулары, олардың мөлшері, сонымен бірге тазалаудан өтпеген тасталынған заттар және тазалуға жіберілген заттар, сонымен бірге соңғы мәліметтерінде қанша зиянды заттар ауланды және қаншасы залалсыздандырылды және қанша жойылды көрсетіледі. Өндірістің атмосфераға тасталған зиянды заттардың (жеке түрлері бойынша) жалпы көлемі, олардан қаншасы ауланды және қаншасы пайыздық мөлшерде рұқсат етілген мөлшердегі қалдықтар мен мөлшерден асып кеткен қалдықтардың мөлшері туралы мәліметтер келтірілген.

- Атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын бөлетін көздердің сипаттамалары. Мұнда сызбаларда нөмірлеріне ұсыныстары көрсетілген мәліметтер, көздерден шыққан зиянды заттар мен олардың көлемдері туралы, шаң аулайтын жабдықтарды орнату туралы, оған кететін күрделі және пайдалану шығындары көрсетіледі, сонымен бірге атмосфеараға тасталынатын зиянды заттардың көлемі- максималды, жылдық-қосынды және өнім бірлігі мәліметтері келтіріледі, сонымен бірге қалдықтардағы (олардың көлемі мен температура) газ ауалы қоспалардың көрсеткіштері туралы мәліметтері келтіріледі.

- Су объектілерінен алынған, судың көлемі. Мұнда су объектілерінің атаулары келтіріледі, сонымен бірге су өткізу жүйелері, суды жинау лимитін бекіту және жылдағы алынған мөлшері, технологиялық және қосымша қажеттіліктерге кететін суды пайдалану, сонымен бірге шаруашылық- ауыз су шығындары мен тасмалдау кезіндегі судың жоғалымы туралы мәліметтер.

- Ағынды су көздерінің сипаттамалары Мұнда ағынды сулар көздерінің атаулары, жіберу режимі, бақылау-өлшеу аспаптары, ағынды сулардың максималды және орташа шығындары көрсетіледі (рН сутегілік көрсеткіштері, қалқымалы заттар, түсі, улылығы, арнайы нормативті қоспалары).

- Тазалау үймереттерінің сипаттамалары. Мұнда тазалау құрылғыларының атаулары және ағынды суларды тазалау әдістері, оның жобаланған өткізу қабілеттілігі және ингредиенттер бойынша тазалау тиімділігі беріледі.

- Су айналым жүйелерінің сипаттамалары (САЖ). Осы мәліметтер өндірістің экологиялық төл құжатында міндетті түрде көрсетілмейді. Олар айналымдық жүйелер туралы мәліметтерден (қызмет етілетін өндірістің атауы, судың шығыны, жүйелердің типтері, жазылу туралы мәлімет) және суды қайта пайдалану жүйелері (алғашқы және қайта пайдалану және судың шығындары туралы мәліметтер) туралы мәліметтер бар.

- Өндірістегі пайда болатын қалдықтардың сипаттамасы. Мұнда қалдықтардың атаулары, олардың мөлшері және пайдалану туралы мәліметтер беріледі, сонымен бірге осы мақсатта берілген басқа өндірістер мен мекемелер, қалдықтарды залалсыздандыру (жою), оларды қоймалау, шақыру кезеңділігі және қалдықтарды пайдалану себептері туралы мәліметтері беріледі. Егер өндірістің, қалдықтарды көмуге (қоймалау) арналған полигоны мен жинайтын арнайы жерлері болса, оларды орналастыру орындары, қамтыған ауданы, санитарлы-қорғаныстық аймақтардың өлшемдері және осы үймереттерді сипаттайтын басқада мәліметтер келтіріледі.

- Бұзылған жерлерді қайта өңдеу және топырақтың бұзылған қабатын аршып алу. Мұнда бұзылған жерлердің ауданы мен егістікке, ауылшаруашылыққа, орман ағаштарын отырғызуға, су қоймалары мен басқада мақсатта пайдалану үшін оларды қайта қалпына келтіру туралы, сонымен бірге топырақтың өнімділік қабатын пайдалану мен оларды аршу туралы мәліметтері келтіріледі.

- Өндірістегі көліктер. Мұнда машиналардың типі және саны, олардың жүріп өткен уақыты, зиянды заттардың (СО, NОх, көмірсутегі) меншікті қалдықтары мен жылдық қалдығы туралы мәліметтер келтіріледі.

- Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарға төленетін ақы, қалдықтарды орналастыру. Мұнда рұқсат етілген, бекітілген лимиттері, осы лимиттер шегіндегі төлем мөлшерлері, мен осы мөлшерден асып кеткендегі төлемдері, бекітілген лимиттер шегіндегі жеке көлемдері және олардың асып кетуі туралы мәліметтер келтіріледі.

o Өндірістік орындардың табиғатпен толық өзара байланысындағы экологиялық төл құжаты, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған өндірістер үшін міндетті түрде болатын құжаты, соңғы уақытта осы құжат жыл сайын өндірістегі болып жатқан өзгерістермен жаңартылып отырады: өнімділіктің өзгеруі мен шығарылатын өнімнің түрі, жаңа тазалау қондырғыларының құрылғылары және т.б.

Дипломдық жобаларды жасау кезінде (жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта қалпына келтіру) жобаның жазбасында экологиялық төл құжаттың алдыңғы немесе соңғы бөліміне жататын, экологиялық төл құжаттың барлық бөлімдерінің атаулары көрсетілуі керек; осы мәліметтер сандық материалдармен, кейде жазбаша түріндегі сипатта болуы мүмкін.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных