Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 6. Ұйымның міндеттемелерінің есебі 4 страница




Ықпал ету - бұл инвестиция салынған компанияны қыржылық және операцияның саясаты бойынша шешім қабылдауға қатысу, яғни директорлар кеңесінің мүшесі болу компания саясатын жасауға қатысу сипаттағы басқа да іс-әрекеттер. Халықаралық тәжірибеде акцияның 20%-ін дауыс беру құқықтарымен иемдену инвестицияға салынатын компанияға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Бақылау жасау – ұйым қызметімен қандай да бір пайда алу мақсатында осы ұйымның қаржылық және операция саясатын басқару мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік инвестиция салынған компанияның акцияларының 50%-ін дауыс беру құқықтарымен иемденуді білдіреді. Ешқандай ықпалды, басқаруды қамтамасыз ете алмайтын инвестиция бұл барлық акцияның 20%- аз мөлшеріндегі акцияларының дауыс беру құқықтығы мен иемдену.

Мұндай инвестициялар өз құны бойынша көрсетеді. Содан кейінгі БҚ-ның нарықтық құнынан төмендеуін көрсету үшін кезең сайын түзетіліп отырады. Инвестицияны 20-50 дейін акцияға салу осы компанияның операциялық қызметіне ықпал етуге жеткілікті. Бұл инвестициялар үлестік қатысу әдісін қолдана отырып есептеледі. Бақылауды қамтамасыз ететін инвестиция бұл инвестор компанияның қаржылық және операциялық саясатын басқаруға мүмкіндік беретін инвестиция. Бұл жағдайда акция 50% жоғары болуы керек. Осындай бақылау үлесі пайда болған жағдай да «Бас ұйым-Еншілес ұйым» қарым –қатынас туындайды.

Олардың қарым-қатынасының ерекшелігіне байланысты қаржылық есептіліктің жалпыға түсінікті болуы үшін олар біртұтас экономикалық бірлік немесе Бас ұйыммен, еншілес ұйымнан тұратын топ ретінде қаралады. Осыған байланысты олар өздерінің қаржылық есептілікке жинақтайды. Сонымен, акциялары қор биржасында еркін айналыста жүрген ірі компаниялардың көпшілігі еншілес ұйымдарға ие, сондықтан Шоғырландырылған қаржылық есептілікті топтастыруға міндетті.

Шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл топтың біртұтас экономикалық ұйым ретінде дайындаған қаржылық есептілігі.

Шоғырландырылған баланста қорлар шоты өзіне Бас және еншілес ұйымдардың қолында бар қорларын қамтиды. Сол секілді пайда мен залалдар туралы Шоғырландырылған есептілікте сатудан түскен табыс Бас және еншілес ұйымдардың барлық табыстарын қамтиды. Осылайша, жасалған есептілік Бас ұйымның жетекшілері мен акционерлері мақсатына қол жеткізу үшін қаншалықты дәрежеде алға жылжығанын анықтауға мүмкіндік береді.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну барысында №27 ҚЕХС (Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік) стандарты қолданылады. Бас ұйым тек мына жағдайларда ғана аталатын есептілікті тапсырудан босатылады:

· Ол өзге ұйымның толық немесе жартылай меншігіндегі еншілес ұйым болып табылады және оның дауыс беруге құқығы бойынша меншік иелері осы есептілікті топтастырмайтын жөнінде хабарланған және оған қарсы емес.

· Бас ұйым өзінің қаржылық есептілігін бағалы қағаздар жөніндегі комиссия немесе өзге реттеуші органға ашық нарыққа қандай да бір бағалы қағаздарын шығару мақсатында бермеген және беру үшін дайындық жасамаған.

· Осы Бас ұйымның соңғы немесе кез-келген аралық бас ұйымы халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының талабына сәйкес келетін Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындап шығарады.

Сатып алынған акцияның (дауыс беру құқығы бар) үлесіне сәйкес еншілес компанияның сатып алынған таза активтерінің үлесі анықталады. Мысалы: А компаниясы Б компаниясының жай акциясының 50% сатып алды. Б компаниясының жарғылық капиталы 100 мың жай дауыс беру құқығы бар акция. Үш басқа инвесторлар, олардың акциясы 1000, 2000 және 3000 жай акциядан тұрады. Бұл инвесторлар өз келісімі бойынша А компаниясына дауыс беру құқығын берді.

Консолидацияланған қаржылық есептілікті жасау әдісі сатып алу әдісі деп аталады. Бұл есептілікті жасаудың жалпы тәртібі бас және еншілес компаниялардың өзара қарым-қатынасына тәуелді. Себебі: еншілес компанияның саясаты бас компаниясының саясатына байланысты болады.

Қаржылық есептілік бас және еншілес компанияның есептіліктерінің әрбір ұқсас бабын бір-біріне қосу жолымен жүргізіледі. Бұл кезде бас компанияның есептілігіне еншілес компанияның сәйкесті баптары 100% мөлшерінде қосылады, яғни 50% -дан 100%- ға дейінгі акцияны иемденген жағдайда, егер Бас компанияға еншілес компанияның дауыс беретін акциясының 100%-дан аз мөлшері тиісілі болса, онда еншілес компанияның өзгеде акциянерлері бар деген сөз оларды азшылық (меншиньство) дейміз. Олардың жалпы акциядағы үлесі Бас компанияның үлесіне қарағанда аз сондықтан оларды азшылық үлесі (доля меншинство) деп атаймыз. Бірақ, азшылық үлесінің болуы консолидацияланған есепке ешқандай әсер етпейді. Еншілес компанияның есептілігінің баптары толығымен консолидацияға енгізіледі. Активтердің сомасы Бас компанияның 100% активтердің еншілес компаниялардың қосындысына тең. Сәйкесінше топтың пайда сомасы бас және еншілес компаниялардың пайдасының қосындысынан тұрады. Бірақ Бас компанияның акциясы 100% төмен болса, ақпаратты шынайы беру үшін акциянерлердің азшылық үлесін дұрыс көрсету керек. Сәйкесінше консолидацияланған есептілікте жаңа бап «Азшылық үлесі» бабы пайда болады.

Егер акцияны сатып алу барысында еншілес компанияның таза активінің құнымен салыстырғанда аз немесе көбірек төлесе айырма іскерлік бедел немесе (гудвилл) пайда болады. Іскерлік бедел консолидацияланған есептілікте көрсетілуі тиіс. Сонымен іскерлік бедел дегеніміз – еншілес компанияны нақты сатып алу құнымен оның активтерінің әділ құнының арасындағы айырманы айтамыз. Мысалы: А компаниясы Б компанияның 60% дауыс беру құқығы бар акциясын 55 млн-ға сатып алды. Б компаниясының активтерінің әділ құны 100 млн тг. Ал міндеттемелердің әділ құны 20 млн тг.

А компаниясының үлесін Б компаниясының үлесін және іскерлік беделі анықтау.

ЖК = А – М

Жағымды гудвиллдің амортизациялық аударымдары шығын ретінде танылып табыстар мен шығыстар есептілігінде көрсетіліп пайданың сомасын азайтады. Жағымсыз гудвилл консолидацияланған бухгалтерлік есептілікте кейінге қалдырылға табыс ретінде белгіленген уақыт ішінде тең үлеспен табысқа жатқызды және пайда мен залал туралы есептілікте көрсетіледі. Жағымсыз гудвиллді есептен шығару мерзімі жағымды гудвиллдің амортизациясына ұқсас.

Консолидацияланған бухгалтерлік балансты дайындау кезеңдері:

· Еншілес компанияның активтері мен міндеттемелерінің индитификациялау (теңестіру) және оларды әділ құны бойынша бағалау.

· Іскерлік беделді анықтау.

· Консолидация кезеңдегі есеп саясатына сәйкес азшылық үлесін анықтау.

· Активтер мен міндеттемелердің шамасын қосу арқылы алынған шамаларға түзетулер кестесін құру.

· Осы түзетулерді ескере отырып бас және еншілес компаниялардың активтері мен міндеттемелерін қосу.

Іскерлік бедел сатып алу уақытында 1-ақ рет анықталады. Таза активтердің әділ құнының өзгерген немесе өзгермегеніне қарамастан қайтадан түзетілмейді. Бұл жағдай тек қана құнсыздану жағдайында ғана бұзылады.

 

Орытынды

Шоғырландыру кезінде негізгісі біртұтас компания көзқарасы тұрғысынан қарау болып табылады.

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде топ ішілік операциялардың, топ ішілік дебиторлық және кредиторлық қарыздардың нәтижесін есепке қоспау керек.

Пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есептілікке топ ішіндегі операциялар бойынша айналымдарды қоспау керек. Ал азшылық үлесі жеке бап ретінде көрсетіледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных