Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бухгалтерлік есеп» пәні. Курс тақырыбы: «Еңбек және оның төлемақысының есебі»




Курс тақырыбы: « Еңбек және оның төлемақысының есебі »

Сабақ тақырыбы: « Төлемақы формалары мен түрлері. Тарифтік тор және оның разрядтары »

Жоспар:

1. Жалақы ұғымы

2. Еңбекақының түрлері

3. Еңбкақы нысандары, мерзімді еңбекақы және оның жіктелуі

4. Келісімді еңбекақы нысан, оның жіктелуі

5. Ынталандыру сипаттағы төлемдер

1. Жалақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбека келісім – шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Жұмыс берушінің белгілеген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төмен жалақының деңгейінен төмен болмау керек.

Іс жүзінде еңбекақы ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – келісімді және мерзімді.

2. Кәсіпорындарда берілетін еңбекақылар келесі түрлерге бөлінеді:

1. Негізгі

2. Қосымша

3. Мерзімді еңбекақы деп, нақ істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай мерзімдік және сыйақылы -мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерзімдік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштер үшін қосымша еңбекақы сыйақы – мерзімділік төлем болып табылады.

Тарифтік мөлшерлемсі және әр түрлі машықтақ – мамандырылған топтарындағы қызметиесінің айлығын бұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып біріңғай тарифтік сеткесына белгіленген тарифтік – мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.

Тарифтік мамндандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланады.

Ал мамандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігіне, мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамассыз етеді. Бұл анықтамалар біріңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.

4. Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбекақы туралы мәселесін ұжымдық келісім – шарттың негізінде дербес түрде ашады ал тарифтік – мамандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.

Келісімді еңбекақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде әзірлеген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді. Келісімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

Тікелей келісімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасы қою арқылы белгіленеді;

Келісімді – сыйақы – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайланады;

Келісімді – прогрессивті еңбекақы төлемі. Еңбека төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланады.

Жанама келісімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскісінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем - ақысына шыққандағы процентімен анықталады.

Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбека төлемін нормаларған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын ала кешендік жұмысьың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімді бағасы бойынша анықтайды.

5. Ынталандыру сипаттағы төлемдер Сыйлық еңбеккерлердің жеткен жетістігі үшін ақшалай қолдап дем беру және оның одан әрі өсу қарқынын ынталандыру болып табылады. Сыйақы, негізінен үстеме төлем ретінде берілуі мүмкін. Ол:

ü Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйақы беру

ü Басшы қызметкерлерге, мамндарға және қызметкерлерге сыйлық беру болып бөлінеді

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных