Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Есеп саясаты шешетін бухгалтерлік есептегі ережелер




2. Кәсіпорын бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:

- келіп түскен негізгі кұралдар объектісін бағалау - бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі кұралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген және кәсіпорынның сатып алуға телеген накты шығындар негізінде, негізгі кұралдар объектісінің бастапқы кұны анықталады; кұрылтайшылардың берген объектілері — олардың өзара келісімі бойынша; тегін берілген объектілер — эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал кәсіпорынның өзі дайындаған объектілерін — нақты өзіндік құны бойынша; айырбас нәтижесіде алынған объектілер — ағымдағы бағалары бойынша анықталады;

- негізгі қуралдың амортизациясы — бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі құралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады: кұнын есептен шығарудың біркалыпты (түзу сызықты) әдісі; кұнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі (өндірістік әдіс); қүнын есептен шығарудың сандык, сомасы бойынша есептелінетін әдісі (кумулятитівтік әдіс); қалдык, құнын азайтатын әдісі. Екі және одан да кеп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі қүралдың қандай түрі бойынша пайдаланатындығын көрсету керек. Негізгі қүралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады; негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды; пайдалы кызмет ету мерзімі-кезеңі, негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңі; жою қүны — есептен шығарылуымен байланысты шығындары, негізгі кұралды жою барысында алынған запас бөлшектердің, қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың кұнын алып тастағаннан шығады;

- Негізгі құралдарды жөндеу — жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңцігі мен жөндеу жұмысынын, мерзімі; негізгі күралды жөдеуге арналған резерв қорларын жасауы; жендеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;

- материалдық емес активтердің амортизациясы — әрбір материалдық емес активтердің әрбір

түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір кәсіпорын өз бетінше аныктай алады;

- болашақ кезеңнің шыгыстары — кезендері нақты анықталмаған жағдайда, кезең барысында ол енімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік қүнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен (тау-кен дайындық жүмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнім түрін игеруге кеткен шығыстарына, жерді игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды;

- алдагы шыгыстар мен төлем резервтері — кәсіпорын кандай резервтерді және қандай келемде кұруды және олардын, пайдадану тәртібін анықтап өзі шешеді (кезекті демалысқа ақы төлеу резервтері, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындык жұмыстарын жүргізуге кеткен өндірістік шығындары және басқалары);

- күмәнді қарыздар бойынша резервтері — кәсіпорын түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәнді болып табылмайтындығын, резервтерді құрудың әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі таңдай алады;

- қаржылық инвестиция — кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі кдрастырады: қайта бағаланатын қүнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша; ұзак мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын калай көрсетудің мәселесін шешеді: демек ол табыс ретінде де, немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясын есептеудің әдісін кәсіпорынның өзі тандайды: үлестік қатынасу әдісін немесе күндық әдісін.

- табысты тану — №5 "Табыс" деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес (БЕС) табыстар келесідей жағдайларды сақтаған кезде танылады: табыс сомасы барынша дәлденген деңгейі бойынша бағаланады; экономикалық олжа жасалған мәмілемен байланысты, сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана, оны субъекті алады. Жалпы қағидасымен қатар, кейбір операциялары бойынша, табысты танудың косымша жағдайлары қарастырылуы мүмкін:

- тауарды сату бойынша — субъектінің сатып алушыға меншік күқығын беру;

мәміле бойынша күтілетін немесе нақты шығыстар, барынша дәлденген деңгейде бағалануы мүмкін;

- көрсеткен қызметі бойынша — есептік күнге жасалған мәміленің біту сатысын барынша дәлденген деңгейде анықталады; мәмілені жүргізу кезіндегі жасалған және мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;

- дивиденттер, пайыздар түріндегі табыстар — пайыздар активтерден алынатын нақты табыстарды ескеріп уакытша қатынастык негізде танылуы тиіс; роялтилер келісім-шарттың мазмұнына сәйкес есептелген әдісі бойынша танылуы тиіс; дивидендтер акционерлер оны алу құқын белгілеген жағдайда ғана танылуы тиіс. Жоғарыда аталған барлық жағдайда табысты тек есептеу әдісі бойынша танылатындығы қарастырылған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных