Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Каржылык есеп беруді жасау




Жоғарыда айткднымыздай, қаржылықесеп берудін қүрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылык-қаржылық кызметінің нәтижесі туральг есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпаратгармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ каржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы өрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

- инвесторлар - жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардын алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін аныктау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың кажетгілігі анықтау үшін; кәсіпорыннын келешектегі күтшепн дивидендтерді төлеу қабілетгілігін анықтау үшін кажет акдараттарды талап етеді;

- кредитор - алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- жабдықтаушылар - кредиторлыққарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді

- сатып алушы - кәсіпорын қандай кезенде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

- қызметкерлер - кәсіпорынның түрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, езінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер — түрақты түрде дивиденд алып түруын кездейді;

- Мемлекеттік органдар - кәсіпорыннын тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдцелі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалык саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

- Жұртшылық - жұмыс орнын табу мақсатында қажетгі ақпараттарды елді мекенді, аймақгы дамытуға керек акпаратгарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Қаржьшық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дүрыс қалыптастыруға, болашак ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндетемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың баскарушы органдарьшың қызметіне кджет акдаратгармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Кәсіпорыннын қаржьшық есеп беруін әркилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (баска жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ереже барлык пайдаланушылардын мүддесіне ортак әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпаратгарға мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша кдражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмүнын түсіндіру керек.

Қаржъшық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні керсетілуі тиіс. Сондай-ак, ұйымның қызмет түрі, занды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен кезендердің мәліметгерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, елшем бірлігі — мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін - занды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жыддың 31-ші желтоқсанынадейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезендігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір ретген кем болмауы керек).

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класскд топтастырып, экономикалық мазмүнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмүн қаржылық есеп берудің элементтері болып табьшады.

Актив — бұл қүндық бағасы бар субъекттің қүкығы мен жеке мүліктік жөне мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Ол өткен мәміленін немесе баска оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтік пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, кызметгі) өндіру үшін, сондай-ак өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі қүрылыста сатылуы немесе баска активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, "ноу-хау", гудвилл және т.б.); сондай-ак активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.

Шаруашылық жүргізуші су бъекттің активтерге меншік қүқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта ендеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жүмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірак, олар уақыт кеңістігінде әр уақытга бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға, аякталмаған қүрьшыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды калыптастыру). Бүл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.

Міндеттемелер - бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндетгемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды телеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім-шарттык қатынаска отырған кезде пайда болады. Міндетгеме оны телеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың езі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы – бұл субъекттің міндетгемес ішегерілген активі.Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класска бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратьшмаған табыс. Қаржылык есеп беруді пайдаланушылар үшін бүндай бөліну, шаруашылық қьізметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің күрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің каржьшык жағдайының тұрактьшығын керсетеді.

Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық кызметінің нәтижесі

(шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс — бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шыгыс — бұл есептік кезенде активтердің азаюы, не міндетгемелердін көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру — шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) карап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашьшық қызметі бойынша және т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі кызметі мен тетенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша белуі мүмкін.

Табыстар — бүл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі кызметтен алатын табыстардың қатарына: енімді, жұмысты, қызметті сатканнан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық кұндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметгерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдықемес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдык, айырмадан түскен табыстары жатады.

Шыгыстар — өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес кызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі кұралдар т.б.)- Зиян экономикалык олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану — бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылык-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану түжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:

- кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің элементтерін багалау. Бағалаудың кемегімен олардың қүны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндетгемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

• бастапқы кұны - активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша керініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан) калыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

• ағымдағы кұны — активтер есеп берудегі акшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған үқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;

• сату құны—активтер өзінің сатьшған құны (ақша қаражатының сомасы) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеггемелер езінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;

• дисконтгалған құны — активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтгалған қүньш білдіреді, ағыаддаш қүны бойынша көрініс табады, ол субъектгің әдетгегі қызметінің барысьшда солайша топтап көрсеті леді (немесе кортьшдыланады);

• баланстық қүны - актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндетгемелерді бағалау үшін бастапқы күнын негізге алады және сонымен қоса баска да бағалау әдістерін пайдаланады.

Енді біз каржылық есеп беруді жасаудың тәртібі мён мазмұнын және соған тіркеме ретінде берілетін түсініктеме хаттамасын қарастырамыз.

Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шотгар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметгерімен салыстырьшады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен (егер баланс баптарының

номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.

Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік үсыныстарында анықталған ақпаратгардан тұруы тиіс.

Баланс Бас кітапта көрсетілген шотгардың қалдығының негізінде жасалады. Ол міндетгеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде үзақ және ағымдағы кезендерге жіктеледі.

Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндетгемелердің өзара зачет жасалуы рүқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары баска баптарға енгізілмеуі керек, немесе бүрып қоюға болмайды (мысалға, дебиторлык қарызды, кредиторлық карызбен жабуға болмайды).

Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмүнын ашудың қаржылык есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте кажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, үзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жьш соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің кемегімен баланстың барлык баптары расталуы тиіс.

Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның каржьшык жағдайы талданады.

Қаржылық-шаруашылық кызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржьшық-шаруашьшық қызметінің есеп беруі келесі керсеткіштерден тұрады:

- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетгі төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, кайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

- енімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

- жалпы табыс -өнімді, жұмысты, кызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты езіндік қүнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

- кезең шығыстары - өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;

- негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) - жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) - кәсіпорынньщ негізгі кызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидии т. б.).

- салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы - негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;

- табыс салығы бойынша шығыс — 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең ұшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

- салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) — салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);

- тетенше жағдайдан алынған табысы (зияны) - есептік кезенде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;

- таза табыс (зиян)^ есептік кезеңце кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.

Сонымен, каржылық-шаруашылыққызметінің нәтижелері: 70 - "Негізгі қызметген түскен табысы", 72 - "Негізгі емес қызметген түскен табысы", 80 - "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметгердің) өзіндік құны", 81 - "Тауарларды (жұмыстарды, қызметгерді) сату барысында жұмсалған шығындары", 82 - "Жалпы және әкімшілікшығындары", 84 - "Негізгі емес қызметбойынша шыккан шығындары", 85 - "Табыс салығы бойынша шыкқан шығындары", 71 - "Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты шегерімдер, сондай-ақ баға шегерімдері", 86 -"Төгенше жағдайдан және токтатылған операциядан келген табыстары (зияндары)", 87 - "Баска ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табысы (зияны)" шотгарының деректерінің негізінде шыгарьшады. Басқаша айтқанда, есеп беруге кажетгі барлық деректерін бухгалтерлік есеп шотгарьшда көрініс тапкан маліметгерден тікелей альшады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондык), инвестициялык және қаржы жөнівдегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы кызметінде пайдаланылатын таза ақшалай каражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквивалентгерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы акхиалай қаражат пен оньщ

эквиваленттері көрсетіледі1.

№4 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған "Акша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның каржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы кызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық кызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы езгеріс нәтижесі болып табылатын занды түлғанің қызметі) тұрғьщан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражатгарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жьшдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша каражаттарының козғалысы операциондык, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мүның өзі занды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық кьізметтен түсетін ақша қаражатгарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бүл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражатгары мен телемдердің негізгі түрлері ашып керсетіледі, не жанамаәдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында акдіалай түсім қаражатгары мен төлемдердің негізгі тұрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндетгемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақинвестициялықнемесе каржылыққызметгің нәтижесі больш табылатьш кірістеріне немесе зияндарьша кэрап түзетулер енгізіледі.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісше ақша қозғалыстарының негізгі тұрлері ашылады. Мысалға, енімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық телем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздык, төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық кызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен,

берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс телемдерінен және т.б. шығыстарынын түрады.

Жанама әдістер — бұл әдісте тазатабыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық жөне инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректир) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметгері мен каржьшық-шаруашьшық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек кана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

- негізгі кұралдарды, материалдық емес активтерді және баска да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және баска да тұсімдер;

- негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзак мерзімді активтерді сатып алуға жүмсалған ақша қаражаттарының шығысы;

- қаржылык инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың үзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылықинвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржьшық-шаруашьшык қызметінің нәтажесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көріністабады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің езгерісінің нәтижесі болып табьшады.

Оған мыналар жатады:

- шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қагаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа датүсімдер;

- алынған банктік және банктік емес несиелерді втеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған каражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражатгар.

Кәсіпорын қаржьшық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді, және негізгі кұралдарды ұзак мерзімді несиенің есебінен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәспіорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді (таблицаны) пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі (ақша қаражатының қозғалысын жанама әдіспен есептеу):

- өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың

әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады (+,—);

- еткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, сондай-ақ есептік кезеннің соңындағы таратылмаған табысы (зияны) салыстырылады.

Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне (операциондық, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады. Осы жанама әдіс бойынша жасалған кесте жоғарыда келтірілді.

Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей әдіс бойынша анықтаған кезде олардың козғалысына әсер ететін факторлардың мазмүны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцияларының ара жігі ашылады.

Егер де операциялар езінің экономикалық мазмұны бойынша біртектес болып келсе, онда олар есеп беруде бір бапқа біріктірілуі мүмкін. Тікелей әдістің негізінде жасалған ақша каражатының қозғалысы ту ралы есеп беру нысаны төменде келтіріледі.

Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба. Түсініктеме жазба — кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық қүжат. Онда, бірінші кезекте, бизнес-жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептерімен коса, орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезенде кәсіпорынның жүмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады.

Түсініктеме жазба қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі негізгі мәселелерді ашуы керек.

1. Есеп бөлігіне қатысты субъекттің есеп саясатында қаралеан негізгі ережелері (есепті уйымдастырудың нусқасы):

— материалдық емес активтер мен негізгі құралдар — бағалаудың тәсілдері мен амортизацияны есептеу;

— субъектгің инвестициялық саясаты — қаржьшық инвестицияның баланстык құнын анықтау және қайта бағалаған үзақ мерзімді каржылық инвестицияның есептен шыкқанын, қайта бағалаудан алынған табысын шығару; инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою; қайта бағалаудың кезеңцілігін сақтау т.б.с.с;

— тауарлы-материалдық запастар — запастарды есепке алудың әдісі және оларды бағалау, сатып алынған тауарларды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді бағалаудың әдісі;

— тапсырыс берушілермен және сатып алушылармен, әртүрлі дебиторлармен, еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серікрестіктермен есеп айырысудың нысаны; күмәнді қарыздар бойынша резервтерді жасау;

— меншік капиталы — жарғылық және резервтік капиталын калыптастыру, қосымша төленбеген капиталды табысқа жатқызу, есептік жылдағы табысты тарату, дивидендтерді төлеу т.б.;

— міндетгеме - несиелік саясатын, демалысқа шыққан еңбеккерлердің еңбек ақысы төлеудің резервін жасау және т.б.;

— табыс және шығыс, өндірістік есеп-табыс пен шығыс есебін үйымдастыру, негізгі және көмекші өндірістегі шығын есебін үйымдастырудың әдістері (жай, тапсырыс, өндеу бойынша және т.б.); аяқталмаған өндірісті бағалау әдістері(инвентарлық, дайын болу деңгейі бойынша және т.б.), өндірістің өзі шығарған шала фабрикаттардың козғалысының есебі (шала фабрикаттык, шала фабрикаттык емес), үстеме шығыстарын таратудың әдістері және т.б.

Егер де есепті жылда қабылданған есептік саясатта өзгерістер орын алса, онда оларды ашып және олардың негізділігін дәледдеу керек; ал егер де олардың соңынан мәнді материалдық және қаржылык өзгерістер туындайтын болса, онда мұндай өзгерістерді бағалау (есептеу) керек.

2. Тусініктеме жазба баланс бойынша үзақ және агымдагы активтерді, меншік капиталын, узақ және агымдагы міндеттемелерді ашып көрсетеді:

— Үзақ мерзімді активтердің белігіне қатысты:

негізгі құрал — ұзақ мерзімді жалға алынған, меншігіндегілер, уақытша әкелінгендер мен Қазақстаннан шығарылғандар; активтерді иелік етудің шектеулері; міндеттеме бойынша кепілдікке қойылған активтер; амортизацияны есептеу әдісі; запастағы немесе консервациядағы негізгі құралдар, сондай-ақ әзірше өндірісте пайдаланбай тұрған негізгі құралдар және т.б.;

материаддық емес активтердің тұрі, олардың амортизациясын есептеудің әдістері;

инвестиция - инвестор қожалық ететін шаруашылық серіктестіктерінің тізімі және олардың қатыстық үлесі, табыс үлесі; инвестордық табысына пайыздардың, роялтилердің, дивидендтердің және қыска

мерзімді қаржьшық инвестициялардың біршама сомасы енеді; инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қоюжәнет.б.;

ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар түрлері бойынша және топшыланған өтеу мерзімі бойынша топтастырылады; болашақ кезеңнің шығыстары, оларды есептен шығару мерзімі бойынша есепке алынады және т.б.

— Ағымдағы активтердің бөлігіне қатысты тауарлы-материалдық запастардың түрлері бойынша, болашақ кезеңнің шығыстары есептен шыгару мерзімі бойынша, ақша қаражаттарының түрлері бойынша, қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы және баланстың құны бойынша, дебиторлық карыздардың топшьшанған етеу мерзімі бойынша ашылады.

— Меншік капиталдарының белігіне қатысты: есептік жылда жарлық капиталына енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратгар. Акционерлік қоғамдардың әрбір акциясыныңтүрлері бойынша келесі мәліметтерді келтіру керек: айналыста жүрген, шығарылған, жарияланған акциялардьщ сомасы мен саны; номиналды (атаулы) және ағымдағы акцияның қүны; есептелген дивидендтер; айрықша акциялары бойынша төленбеген дивидендтер; сатып алынған меншік акциялары (акция түрлері, саны, құны); есептік кезенде және келешекте шығару опциондардың жағдайын және сомасын, пайдасын көрсете отырып жарияланған акциялар.

— Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты (өтеу мерзімі бір жылдан астам кезендерге жататындар): несие мен қарыз қаражатгарының қамтамасыз етілуі және етілмеуі; кейінге қалдыралған салыктар; қарыз қаражаттары мен банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемесі; карыз қаражаттарын және банкі несиелерін өтеу мерзімі және несиелік келісім-шарттардан шығатын түсініктеме бойынша баска да талап етілетін мәселелер.

— Қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысты (өтеу мерзімі ағымдағы жылда жасалатындар): қысқа мерзімді несиелердің сомасы; ұзак мерзімді несиенің ішіндегі қысқа мерзімге қатыстысы; салық, салым және басқа да телем түрлеріне кіретін кредиторлық қарыздардын сомасы; болашак кезеңде түсетін табыс түрлері; күтпеген жағдайлар бойынша жасалатын телемдерді есептеу; ұзақ мерзімді міндетгемелердің қайта каржыландыруға (рефинансированияға)' жатқызылған бөлігі (қайта қаржыландыруға жатқызылған кредиторлык қарыздардың сомасы және мерзімі) және т.б.

3. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылган тусініктеме жазбада мына сурақтар қамтшуы керек:

— кәсіпорынның барлық қызмет түрінен алынатын табыстың төмендеуіне әсер ететін факторлар; сатылған енімнің езіндік кұнының өсуіне әсер ететін, факторлар;

— жалпы және әкімшілік шығыстарының деңгейін өсіретін немесе төмендететін факторлар;

— төтенше жағдайлардан алынған табыстар мен шығыстар — есептік кезенде орын алған әрбір төтенше жағдайға түсінік беру керек;

— есептік кезенде орын алған және қаржылық шаруашылық қызметіне мәнді әсер ететін немесе етпейтін шаруашылық операцияларын баяндау керек.

4. Ақша қаражатының қозгалысы туралы есеп беру бойынша жазылган тусініктеме жазбада мына сурақтар баяндалуы керек:

— операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады (тікелей ме, жоқ әлде жанама ма);

— түсетін ақша қаражаттары мен клиент атынан төленетін ақша қаражаттары нетто-негізінде ашыла ма, әсіресе, кәсіпорынның өз ақша қаражатынан клиентгердің ақша қаражаты асып кеткен жағдайда;

— ақша қаражатының козғалысы бойынша шектеулер және т.б.

Бұл арада ескеретін бір жайт, түсініктеме жазбада кейбір мәселелер бойынша қайталанып берілетін түсініктемелерге жол бермеуді қадағалау керек.

5. Тусініктеме жазбада кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржшық жагдайына жалпы бага берілуі керек.

Бухгалтерлік есеп беру нақты бір кезең уақытындағы қаржылық-шаруашылық кызметінің бір-бірімен байланыскан кешенді керсеткіштерін көрсетеді. Бухгалтерлік есеп берудің нысаны ақпараттылығымен және кисындылығымен өзара байланысқан, ал бұл кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайы туралы ақпараттарды динамикалықтүрғысынан жан-жақты қамтамасыз етеді және қаржылық талдау үшін толық қанды базасы ретінде қаржылық есеп берудің пайдалануына өз септігін тигізеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдісі (әдістемесі) қаржылық есеп беруге берілген ақпараттың көлеміне және мақсатына тәуелді болып келеді. Егер де талдаудын мақсаты шаруашылық жүргізуші субъекттің даму

мүмкіндігі мен жағдайы туралы ақпараттарды көрнекті өрі жай ғана алу болса, онда талдаушы (аналитик) экспресс-талдаумен ғана шектеледі. Егер де талдаудың мақсаты шаруашылық жүргізуші субъекттің экономикалық жағдайын тәптіштеп толык, түрінде талдау болса, онда қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық талдау көрсеткіштерін пайдалануы керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных