Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Консолидалынган (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау




Есептік кезең біткен соң шаруашылық жүргізуші субъект каржылық есеп беруді жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъекттің құрамында Қазакстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде түратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидалынған (консолидацияланган) есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңцы тұлғаның есеп беруін біріктіреді.

Занды тұлға (коммандалық жәнетолық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) заңды тұлғаның өзінің жарлык қорына саліан салымдарының басым көшиілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым белігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.

Заңды тұлға (коммандылық жәнетолык, серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артықшылығы бар) заңды тұлғаның §ар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.

Негізгі және еншілес занды түлғалардың консолидацияланган есеп беруі. Заңды түлға баскд кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыру ы мүмкін; егер де сол сатып алыніан акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақнлау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі заңды түлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын кұрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды.

Қаржьшық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүдделі болып келеді. Бұндай қажетгілік консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.

Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық-шаруашылық кызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған

ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.

№ 13 БЕС сәйкес "Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі" негізгі занды тұлга жергілікті және шетелдегі еншілес заң тұлғалардың консолңдалынган (консолидацияланған) қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатга болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекететіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген сетіктестіктердің мәліметі консолидалынған каржьшықесеп беруге қосьшмайды.

Негізгі кәсіпорын өз кезегінде, еншілес кәсіпорында болуы мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидацияланған қаржылық есеп бермеуі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорын талап етпесе.

Негізгі заңды тұлға және оның еншілес завды түлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен консолидациялайды (яғни, біріктіреді):

• есеп беруді өзара сәйкестендіреді (есеп беру косымша өнделеді, жіктемесі өзгертіледі, түзетулер енгізіледі);

• активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша косылады;

• кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді және кейбір баптар жойылуы мүмкін.

Бірнеше занды тұлғалардың есеп беруінен бір гана қаржылықесеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталдар және т.б. мөліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады.

Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде де, еншілес занды түлғада да көрсетілмейді.

Топтық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында белек керсетіледі, яғни еншілес занды түлғаның нақты таза активімен алмастырылады. Баланста әрбір еншілес серіктестіктің және негізгі заңды түланың үлесі бойынша меншік капиталы калыптастырылады. Бүл жерде меншік капиталында негізгі занды тұлғаның үлесінен оған енген (кірген) еншілес серіктестіктердің үлесі көп немесе аз болуы мүмкін.

Негізгі занды түлғаның таза активінен оған енген (немесе кірген) еншілес серіктестіктердің таза

активтері асып түссе, онда оның ағымдағы сатып алынған активтерінің құнынан мәмілесі бойынша ететін міндеттемесін шегеріп, келіп қосылған заңды тұлғалардын гудвиллі ретінде анықтайды және консолидацияланған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке бап болып көрініс табады.

Егер де негізгі занды тұлғаның қүрамына кіретін еншілес заңды түлғаның құны олардың таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы құны мен сол күні алынған міндеттемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл (бэдвилл) пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстың жеке бабы болып көрініс табады.

Негізгі занды тұлға 100% акцияны иеленген жағдайда, еншілес кәсіпорын өзінің акционерлерінің мүддесін ескеруі қажет, өйткені олардың меншігінде 50% акция қалуы мүмкін. Акционерлердің бүл мүддесі азшылық мүддесі болып саналады және оларға тиесілі таза активтің және таза табыстың (зиянның) сомасы консолидацияланған каржьшық есеп беруде көрініс табуы тиіс.

Таза табыстағы (зияндағы) азшылықтың ұлесі есепті кезеңдегі еншілес түлғаның алған таза табысынан анықталады және оның деңгейі есеп беруде көрсетілгенімен, ол негізгі заңды тұлғаның меншігі болып саналмайды, сондықтан ол консолидацияланған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде жеке бап болып көрсетіледі. Таза активтегі азшылықтың үлесі консолидацияланған қаржылық есеп берудің жасаған күніндегі меншік капиталындағы еншілес заңды тұлғаның сомасынан анықталады. Азшылықтың таза активі бойынша үлесі консолидацияланған баланста жеке көрсетіледі. Яғни міндеттемеден бөлек, меншік капиталының құрамында "Азшылық үлесі" деген жеке ашылған бап көрсетіледі және ол негізгі занды тұлғаның меншігі болып саналмайды.

Мысал. "Шолақ-Қорған" ААҚ негізгі занды тұлға бола тұра, "Теріскей-бет" ЖШС 70% қатыстық үлесін сатып алған. Сатып алынған таза активтің қүны 2450 мың теңге құраған. Есепті жылдың соңында еншілес заңды тұлғаның таратылмаған табысы 650 мың теңге құраған. Консолидацияланған бухгалтерлік балансты дайындау кезінде бірінші кезекте еншілес заңды тұлғаның таза активіндегі азшылықтың үлесін анықтау керек.

Консолидацияланған есеп беруді жасаған кезде дебиторлық және кредиторлық шоттары бойынша қарыздың негізгі және еншілес занды тұлғаларға қатысты тек сыртқы қарыздары ғана көрсетіледі, ал олардың ішкі қарызы бір-біріне жаткызылады.

Алынғандардың және сатып алынғандардың көлемін шынайы көресту мақсатында қаржылык-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы консолидацияланған есеп беруде, негізгі және еншілес тұлғалардың арасында жүзеге асатын операциялар шегеріліп тасталынады. Мүндай ішкі топталған операцияларға мыналар жатады: тауар мен қызметті сату және сатып алу; материалдық емес активтер мен негізгі құралдарды сату және сатып алу; қарыз беру және қарызды алу және т.б.

Қаржылык-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру консолидациясы келесі түрде жүргізіледі: негізгі және еншілес заңды түлғалардың арасындағы өнімнің (тауардың, қызметтің, жұмыстың) өзара айналымы, дивидендті, пайызы шегеріліп тасталынады.

Негізгі заңды тұлғалар және оның еншілес заңды тұлғалары, яғни консолидацияға кіретіндері қаржылык есеп беруді бірлесіп, белгілі бір күні жасайды, ол үшін бір тұтас есептік саясатын пайдаланып, аналитикалық операцияларын және каржылык-шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.

Егер де олардың есеп беруі әр кезде жасалатын болса, ал оның айырмасы үш ай қүраса, онда олардың мәліметін консолидациялауға болмайды. Егер де топ мүшелерінің пайдаланатын есеп саясаты әрқилы болса, онда каржылық есеп беруді консолидациялауға қабылдаған есеп саясаты негізге алынады, соған сәйкес түзетулер жасалынады. Еншілес заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесі консолидацияланған есеп беруге олардың сатып алынған күнінен бастап енпзіледі. Егер де сатып алу процесі жыл бойы жүретін болса, онда сатып алынған заңды тұлғаның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі есептік кезенде сатып алынғанға дейін және сатып алынғаннан кейін болып, екіге жарып көрсетілуі мүмкін.

Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидацияланған каржылық есеп беруі. Негізгі заңды түлғалардың каржылық есеп берулерінде тәуелді занды тұлғалардың инвестициясы консолидацияланған қаржылық есеп беру кезінде "Тәуелдішаруашылықсеріктестіктерініңинвестициясынынесебі"(14БЕС)деген бухгалтерлік есептің Стандартына сәйкес есепке алынуы мүмкін. Бүл жерде үлестік қатысу әдісін пайдаланады. Тәуелді занды тұлға - бүл инвестордың біршама ықпалында түратын түлға және ол еншілес

те, бірігіп бақыланатын занды тұлға да емес болып табылады.

Қазақстан Республикасынық зандарына сәйкес, егер басқа занды тұлға оның дауыс беруші акциясының 20-дан - 50% дейін иелік етсе, онда ол тәуелді шаруашылық серіктестігі болып танылады. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің инвестициясы қаржылық есеп беру консолидациясына үлестік катысу әдісі бойынша есепке алынады, тек мына жағдайларды қоспағанда:

• инвестициясы жақын арада сату мақсатымен алынса;

• тәуелді шаруашылық серіктестігі катаң шектелген ұзақ мерзімді жағдайда әрекет ететін болса.

Егер де инвестор тәуелді шаруашылык серіктестігінің еншілес түлғасының да акциясына бірдей иелік етсе, онда ол еншілес тұлғаға қатыстысын 13 БЕС сәйкес консолидациялайды, ал қалған бөлігін, яғни тәуелді заңды түлғаның бөлігін -үлестік қатысу жолымен консолидациялайды.

Егер де тәуелді занды тұлға өзінің тәуелді занды түлға ретіндегі анықтамасына сәйкес келуін тоқгатса, онда ол кезден бастап, оның инвестициясы қабылданған есеп саясатьша сәйкес, ұзак мерзімді инвестицияның есебі бойынша есепке алынады.

Кәсіпорында еншілес занды тұлғаның инвестициясы болмаса, онда ол жеке қаржылық есеп беруді жасайды.

Инвестордың да, тәуелді заңды тұлғаның да каржылық есеп беру күні сәйкес келеді. Егер де негізгі компания мен тәуелді заңды түлғалардың қаржылык есеп беру күні сәйкес келмесе, онда тәуелді тұлға негізгі кәсіпорынның жасаған күні бойынша жасайды. Дегенмен де, олардың күні сәйкес келмесе, онда мәнді операциялардың, кұбылыстардың нәтижесі бойынша түзетулер жасалынады.

Негізгі және тәуелді занды тұлғалар қаржылык есеп беруде біртүтас есептік саясатын пайдаланса, аналитикалық операцияларын және қаржылық-шаруашылық қызметінін окиғаларын қолданады.

Егер де олардьщ пайдаланған есептік саясатында өзгешеліктер болса, онда тәуелді занды тұлғалардың қаржылық есеп беруіне тиесілі түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер енгізу мүмкін болмаса, онда орын алған факт түсініктеме жазбада көрініс табады.

Бірлескен кызмет бойынша қатысутық улесті қаржылык есепте көрсетудің ерекшеліктері. Өзінің қатысу үлесін есептеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъекттер, "Бірлескен қызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылык есепте көрсету" деп аталатын №5 БЕС басшылыкқа ала

отырып, олардың үйымдық-қүқықтық нысанынан тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады.

Бірлескен қызмет — жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады.

№15 БЕС сәйкес, бірлескен кызметі бойынша қатысушылар өзінің қаржылық есеп беруінде жөне консолидацияланған есеп беруінде танылуы тиіс:

- бірлесіп бақыланатын ендірісте: активтер консолидацияланады және міндетгемелерін өз жауапкершіліктеріне алады; олардың жасаған шығысы олардың бірлесіп қызмет етумен байланысты, қызметті немесе тауарды сатқаннан түскен табыстан өз үлестерін алады;

- бірлесіп бақыланатын активтері: активтердін, сипатына сәйкес жіктелініп, бірлесіп бақыланатын активтері әрқайсысының үлесі бойынша анықталады; бірлескен қызмет олардың қабылданған міндеттемелері бойынша; баска қатысушылармен бірлескен қызметінде бірігіп жасаған өз міндеттемесінің үлесін; бірлескен қызмет бойынша өзінің жасаған шығысын қоса өз үлесіндегі өнімін пайдаланудан немесе сатудан түскен табысы бірлескен қызметте қатысу үлесіне сәйкес жасаған шығысы бойынша анықталынады.

Бірлесіп бакыланатын заңды түлғаның қатысушылары өзінің жекелеген қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған қаржылық есеп беруінде пропорционалды консолидация үшін арналған екі бірдей есеп берудің бір форматын пайдалана отырып, өзінің қатысу үлесін көрсету керек.

Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғада катысу үлесі жақын арада сату мақсатында алынса, кдтаң ұзак мерзімді шектеулер жағдайында әрекет ететін болса, онда бұндай жағдайларда пропорционалды консолидация әдісі пайдаланылмайды.

Бірлескен қызметке қатысушылардық қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттар ашылуы тиіс: бүкіл бірлескен кызметке қатысты міндеттемелер және әрбір қатысушының үлесі; үшінші жақка (тарапқа) қатысты шартты міндеттемелердің жағдайы және т.б., өйткені бүл аталғандардан зиян шегу ықтималдығы зор.

Бірлескен қызметке қатысушылар каржылық есеп берген кезде мына жағдайларды ашып беруі тиіс:

- үлестік катысушымен байланысты міндеттеменің жалпы сомасы және осы қызметке қатысы жоқ

міндеттемелер;

- бірлескен қызметтің мақсаты бойынша оның басым белігіне сипаттама беру және олардың тізімін келтіру керек;

- үлестік қатысумен байланысты ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді актвитердің, ағымдағы міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың жиынтық сомасы.

Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу. Есептік кезенде кез келген занды тұлғанын. қызмет нәтижесін ашу керек, өйткені қаржылык, есеп беруде келтірілген сандар (цифрлар) болған окиғаның себебін толық аша бермейді.

Көптеген себептердің ішінен ең маңыздысы зертгеледі, әсіресе бір занды тұлғанын екінші бір нарық субъектісімен болған ара қатынасы, яғни шаруашылық жүргізуші субъектің қаржылык нәтижесіне қатты кері әсер еткен факторлар алынады. Егер де екі субъекттін, арасында айрыкша қатынастар қалыптасса, онда олар "байланысқан тараптар" деп аталады. Ондай байланысқан тараптар қатынасын № 10 БЕС реттеледі. Занды түлғаның кызметіне, яғни қаржылық нәтижесіне және жағдайына әсер ететін негізгі факторлар, ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі факторларға осы заңды тұлғаның қызметіне кдтысты шешімдерді қабьшдауға және басқаруға, жоспарлауға тікелей араласатын басшылардың іскерлік атағын (репутациясын) және жіктемесін жатқызуға болады. Кей кезде басшылардың қабылдаған шешімдеріне жақын туысқандары едәуір әсер етуі мүмкін. Сыртқы факторларға инвестициялық және контрактылық жағдайды жатқызуға болады.

Көптеген занды тұлғаларға инвестиция көбінесе қосымша каржылық ресурстарының көзі ғана болып табылады. Занды тұлғаның бағалы қағазын ала отырып, инвестор оның басқару қызметімен байланысты құқын және оның мүлкін бірлесіп қожалықетуші болып табылады.

Контрактылық факторға заңды тұлғаның басқа субъектілермен жасасқан контрактісін, баскару аясына берілетін кьізметін, есеп жүргізу тәсілін, ақпараттык кызмет керсетуін жатқызуға болады. Бұл қызмет түрлерін басқарушы қызметкер шешім қабылдау үшін пайдалануы мүмкін және онымен айлалы (немесе епті) әрекет жасап және оны біршама өндеп содан соң жүзеге асыруы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандар (жазылғандар) шын мәнінде занды тұлғаның қызметіне едәуір әсер етуі мүмкін, сондықтан бір-бірімен байланысты тараптар болып келесі жағдайларды сақтағанда ғана танылады:

- занды тұлға тікелей немесе жанама бір немесе бірнеше бақылаушы делдалдар арқылы бакыланатын кәсіпорынның қызметін бакылайды;

- жеке тұлға өзі есеп беретін заиды тұлғаның үлестік акциясын иелену арқылы жанама немесе тікелей бақылай алады;

- басшы қызметкерлер (жоспарлауға, басқаруға, бакылауға жауап беретін және соған кұкы бар тұлға), сондай-ақ жақын туыстық байланыстары бар жеке тұлғалар да.

Егер де екі занды түлғаның жалпы басшысы бір ғана түлға болса шаруашылық жүргізуші субъектер 10 БЕС сөйкес байланысты тараптар болып танылмайды, өйткені ол бұл екі зандытұлғаның өзара іскерлік қатынасына саяси әсер етпейді; занды тұлға несиелік-қаржылық кәсіподакдық, кайырымдылық кызметте күрылса; егер де жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, сауда агенттерімен басқа да ұйымдармен экономикалык түрғыдағы тәуелділіктерін аса үлкен емес үлестік қатынаста жасаған операциялары болады.

Занды түлғның қызметі белгілі бір дәрежеде нарықтың басқа субъектілеріне (жабдықтаушы, сатып алушы) тәуелді болып келеді, бірақ олар бұл кезде оның саясатына әсер ете алмайды, өйткені олардың ара қатынасы келісімшарттық негізде жүреді, тек егер субъект басқа субъектпен басқару немесе ақпаратгармен қамтамасыз ету келісім-шарттарын қоспағанда, бұл соңғы жағдай бір тараптың екінші тарапқа әсер етуіне әкеледі, демек олар байланысқан тараптар ретінде танылуы мүмкін. Байланысқан тараптар арасындағы жасалатын операциялар шаруашылық қызметтің жай түрі болып табылады.

Кәсіпорын-инвестор өз кызметін тәуелді немесе еншілес занды түлғалар арқылы жүзеге асырып, олар аркьілы басқа заңды түлғаның үлесін алады да, инвестицияланған занды түлғаның саясатына біршама әсер етеді немесе оларды бақылауына алады.

Байланысқан тараптардың арасындағы операцияларды жасаған кезде анықталатын баға біршама дәрежеде түрлендірілуі мүмкін, ал байланыспаған тараптардың арасындағы операцияларды жасаған кезде мүндай мүмкіндік туындамайды.

Байланысқан тараптардың арасында өзара жасалатын операцияларға бағаны белгілеу үшін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін:

- бақыланбайтын багаларды салыстыру әдісі — экономиканың салыстырмалы нарығында сатып алушыларға сатылатын сатушымен ешқандай байланыста емес, ондағы салыстырылатын тауарларға

сүйене отырып баға белгіленеді;

- қайта сатылатын багасы бойынша - бүл әдіс тауарларды басқа тәуелсіз жаққа сатқанға дейін байланысты тараптардың бірінен екіншісіне аударған жағдайда пайдаланылады. Бұл кезде сатушы тараптардан өз пайдасын және өз шығындарын өтеп алу үшін қайта сатылатын бағалар төмендетіледі;

- қосымша шыгындар әдісі - жабдыктаушылардың жасаған шығындарына қолайлы үстемелер қосылады.

Қайта сату бағасын анықтау үшін орташа рентабельділік деңгейін пайдаланады, ал ол үқсас өнеркәсіп саласының айналысын немесе капиталды пайдалануын салыстыруға мүмкіндік береді.

Кей жағдайларда байланысты тараптардың пайдаланатын мәмілелерінде тек жасалған шығындар деңгейінде (өнімнін өзіндік құны бойынша) баға белгілеу басшылыкка алынуы мүмкін немесе жалпы баға белгілеуден бас тартады (демек, тегін кызмет көрсетеді)

Байланысты тараптар сатып алынған акциялары бойынша, сондай-ак црылтайшылық құжаттары, жарлығы, акцияны шығару туралы ақпараттары бойынша анықталады. Байланысты тараптарды анықтау үшін келесі сызба ((схемасы) пайдалануы мүмкін:

Есептік кезең өтеу мен қаржылық есеп беруді жасау кезінде түсіндірме жазбада байланысты тараптар туралы ақпараттар ашып көрсетіледі. Байланысты тараптардың арасында операциялар болмаса да, катынастық жағдайы ашылып көрсетіледі. Есеп беруші занды түлға текбайланысты тараптар болып кана коймай, сонымен катар тараптардың қатынастык (инвестициялык немесе контрактылық) сипатына қарап ашылады. Әрбір қатынастың сипатына карамастан, олар міндетті түрде ашылуы тиіс.

Есеп беретін тараптар келесі операциялардыңтүрлері мен элементтерін ашады: қүндық немесе пайыздыктүрінде көрсетілген операциялардың келемі; белгіленген баға саясаты; тауарларды сатып алу неиесе сату; жылжымайтын және басқа да активтерді сатып алу немесе сату; кызметгі көрсету немесе алу; жал бойынша келісім; зертгеу және тәжірибелік-конструкторлык жұмыстың нәтижесін беру; лицензиондық келісім; қаржылық операциялар (қарызды және қолма-кол нысанында салынған үлестерді коса алғанда); кепілдік; баскару бойынша контракті; марапатгау және басқарушы қызметкерлердін алатын карызы; баска да езара жасалатын операциялар.

Есеп беретін тараптар бір-бірімен байланысты тараптар болса, онда жасалатын операциялардың бағасын белгілеудің әдісі мен тәсілдері ашылады.

Кей жағдайда байланысты тараптар арасындағы операциялардың мазмүны ашылмауы мүмкін: екі субъекттің арасында өндірілетін болса және олар бір консолидацияланған каржылық есеп беруге енетін болса; негізгі шаруашылық серіктестіктерінің каржылықберуі, консолидацияланған жарғылықесеп беруінде ашык түрде баспада жарияланады және т.б. осы тәріздес консолидацияланған қаржылык есеп берілген жағдайда.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных