Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша қызметі.Ақша жүйесі. Қазақстандағы ақша жүйесі. Инфляция.




Ақшаның пайда болуымен байланысты, жалпы тауар айналысын Т-А-Т түрінде бейнелеуге болады. Бұл процесте ақша сарапшы және айналыс құралы кызметін атқарады. Ақшаның айналыс процесіңдегі сарапшылығының арқасыңда, тауардың тауарға айырбасталуына тән болатын индивидуалдық уақыттық және кеңістік шектелу жойылады.

Тек нақтылы, қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқанша ғана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.

Ақшаны айналыс құралы ретінде қолданғанда, сатып алу, сатуға жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарының төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті. Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек қоғамның хал-жағдайы жақсара түсті.

Ақша жүйесі дегеніміз – жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері: ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары; ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты; нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру; ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын қаржы-несие органдары жүргізеді.

Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі металл атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында – тек бір металл. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: мыс, күміс, алтын.

Алтын метализмі алтын монеталық стаңдарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол дәуірде алтын монетасы еркін соғылған, құн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі тұңғыш жүргізген ақша реформасы негізінде елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады.

Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.

Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жеткіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді банкноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк вексельдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады.

Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыру ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді. Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных