Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Курстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар




 

Әрбір студент курстық жұмысын курстық жұмысты ресімдеу бойынша талаптарға сәйкес рәсімдеуі қажет. Курстық жұмыс баспа әдісімен баспа машинкасының немесе компьютер мен принтердің көмегімен А4 пішіндегі ақ қағаздың бір жағында бір интервал арқылы орындалуы қажет. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Барлық жұмыс бойынша бейнелердің біркелкі тығыздығы, қарама-қарсылығы мен бірдей айқындығы сақталуы қажет.

Беттердің келесі өлшемдерін сақтау қажет: шеттері – сол - 30 мм, оң – 10 мм, жоғарғы – 20 мм, төменгі – 25 мм. Азат жол – 0,8 (төртінші белгіден).

Әрбір тарау (бөлім) мен әрбір параграф (тарауша) аяқталған ақпаратты беріп, жиынтығында курстық жұмыстың тақырыбын ашуы керек.

Тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) атауларын астын сызбай, соңында нүктесіз бас әріппен азат жолдан (төртінші белгі) теру қажет. Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, онда олар нүктемен ажыратылады.

Беттер араб цифрларымен барлық мәтін бойынша алмаспайтын нөмірлеу арқылы нөмірленеді. Беттің нөмірі беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз қойылады.

Мұқаба, бірінші бет нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөміріне қосылады.

Мазмұны мен кіріспенің бірінші беті нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөмірленуіне енеді. Беттерді нөмірлеу кіріспенің екінші парағынан 4 нөмірінен басталып әрі қарай мәтін бойынша жалғасады.

Жеке беттерде орналастырылған суреттер мен кестелер курстық жұмыстың беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізіледі.

Курстық жұмыстың тараулары (бөлімдері) бар жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрларымен белгіленген және азат жолдан жазылған реттік нөмірлермен белгіленуі қажет. Параграфтардың (тараушалардың) әрбір тарау (бөлім) шегінде нүктемен ажыратылған нөмірі болуы қажет. Параграф (тарауша) нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.

Мысалы:

1 Қазақстанның қаржылық жүйесі мәнінің теориялық негіздері

 

1.1 Қаржылық жүйе ұғымы

1.2 Қаржылық жүйенің қызметі

 

Курстық жұмыстың әрбір тарауы (бөлімі) жаңа парақтан, беттен басталады. Мәтін тарау мен параграфтың атауынан екі жолдық интервалмен (екі Enter) бөлінеді. Бір тараудың ішіндегі параграфтар (тараушалар) мәтіннен өзара екі жолдық (екі Enter) интервалмен бөлінеді. Тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) атаулары бас әріптен басталып, тырнақшаға алынбайды, атаудың соңында нүкте қойылмайды.

Суреттерді (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фотосуреттер) тікелей олар бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру керек. Суреттер түрлі-түсті болуы және алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленуі мүмкін. Тарау (бөлім) шегінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Барлық суреттерге сілтемелер берілуі қажет. Суреттерге қажет болған жағдайда атау және түсініктемелік мәліметтер (суреттік мәтіндер) беріледі. «Сурет» сөзін және оның атауын оның түсініктемелік мәліметтерінен кейін келесі үлгіде орналастырады:

Мысалы:

 

 

 

 

 

 

2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013

көлденеңінен – жылдар

тігінен – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі

 

1 сурет Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруі

 

Кестелер тікелей олар бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі беттерде орналастырылуы қажет. Барлық кестелерге сілтемелер берілуі керек. Кестенің атауын кестенің астында азат жолмен келесі жолдан «Кесте» сөзінен және оның нөмірінен кейін орналастыру қажет.

Мысалы:

1 кесте

Инновацияларды енгізу кезіндегі қосымша құнның артуы

 

№ р/с Инновациялардың түрлері Қосымша құнның артуы
  Жаңа өнімді алу технологиясы 17%
  Электромагниттік және химиялық активация технологиясы 30%
  «Де-Смет» фирмасының желісіндегі экстракциялық май өндірісінің технологиясы 33%
  Күнжараны ұсақтау техникасы мен технологиясы 20%

 

Жолдар саны көп кестені келесі бетке (параққа) көшіруге болады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке (параққа) ауыстыру кезінде «Кесте» сөзі және оның нөмірі мен атауы кестенің бірінші бөлігінің сол жоғарғы бөлігінде бір рет көрсетіледі, басқа бөліктерінің жоғарғы жағында нөмірді көрсетіп «Кестенің жалғасы» деп жазылады. Кестенің бөлігін көшіру кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызығы жүргізілмейді. Көп бағаналы кестені қосымшаға орналастырған орынды.

Кестелерде келтірілетін өлшемдердің өлшем бірліктері келтірілуі, оларды қысқарту ережелері сақталуы қажет. Бағаналар мен басқа мәтіндерде еркін қысқартуға рұқсат етілмейді. Кестенің мәтіндік материалдарында сөйлемнің соңында нүкте қойылмайды.

Егер кестенің бағанында қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бір рет жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға болады; егер екі немесе одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші рет қайталау кезінде оны «тағы да» сөзімен, ал одан әрі тырнақшалармен алмастыруға болады. Қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тынақшаларды қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифрлік немесе басқа да мәліметтер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады. Кестелер алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленеді. Кестеде мәтінге қарағанда шрифтінің кішірек өлшемін қолдануға болады.

Ескертуді мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе осы ескертулер жататын кестеде орналастыру қажет. Кестеге ескертулерді кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін көлденең сызықтың жоғарғы жағына жазады.

«Ескерту» сөзін азат жолдан бас әріппен, ыдыратып және астын сызбай теру керек. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен теріледі. Бір ескерту нөмірленбейді, бірнеше ескерту нүктесіз рет бойынша араб цифрларымен нөмірленеді.

Мәтіндегі формулалар мен теңдеулер жеке жолға жазылады. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жақтарында біреуден кем емес бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол тең (=) белгісінен немесе қосу (+), азайту (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе басқа да математикалық белгілерден кейін көшіріле алады, және бұл белгілер келесі жолда қайталанады.

Символдар мен сандық коэффициенттердің мағынасын түсіндіру олар формулада қандай кезекпен келтірілсе, формуланың астында да сондай кезекпен келтірілуі керек. Әрбір симфол мен коэффициенттің мағынасын жаңа жолдан беру керек. түсініктеменің бірінші жолын қос нүктесіз «мұндағы» сөзінен бастайды.

Курстық жұмыста формулаларды барлық жұмыстың шегінде араб цифрларымен дөңгелек жақшаларда жолдың оң жақ шетінде реттік нөмірлеу арқылы нөмірлеу керек.

мысалы:

Э1-n = ЧП1-n / ВА1-n (8)

Эср = ∑ Э1-n / n (9)

Эк=[∑(ЧП1+ЧП2+ …+ ЧПn )] / [∑(ВА1+ВА2+…+ВАn)], (10)

мұндағы

Э1-n – 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның экономиакалық тиімділігі;

ЧП1-n – 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның таза пайдасы;

ВА1-n - 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның жалпы активтері;

Эср - 1- ден n-ге дейінгі кәсіпорынның орташа экономикалық тиімділігі;

n - кәсіпорындар саны;

Эк – кластердің тиімділігі;

ЧП1, ЧП2, …, ЧПn –n кәсіпорындардың таза пайдасы;

ВА1, ВА2, …, ВАn - n кәсіорындардың жалпы активтері.

 

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер тік жақшаларда келтіріледі. Бір дерек көзіне бірнеше рет сілтеме жасалған уақытта тік жақшада дерек көзінің реттік нөмірінен басқа тиісті беттерінің нөмірі де қойылады. Мәтіндегі сілтемелердің саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі дерек көздерінің санына сәйкес болуы қажет.

Деректер жөніндегі мәліметтерді курстық жұмыс мәтінінде дерек көздеріне сілтемелердің қойылу тәртібінде орналастырып, нүктесіз араб цифрларымен нөмірлеп және азат жолдан басу керек (3 қосымшаны қараңыз).

Қосымшаларды курстық жұмыстың жалғасы ретінде ресімдейді және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналастырады. Барлық қосымшаларға мәтінде сілтемелер болуы керек. Қосымшаларды олардың мәтіндегі сілтемелеріне сәйкес орналастырады. Әрбір қосымша беттің жоғарғы жағында ортасында «Қосымша» сөзін және бас әріптен бастап оның атауы мен нөмірін көрсету арқылы жаңа беттен басталады. Қосымшалардың атаулары мәтінге симметриялы бас әріптен басталып келесі жолдан басталып жазылады. Қосымшалар араб цифрларымен нөмірленеді және дипломдық жұмыстың қалған бөлігімен ортақ алмаспайтын нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс.

 

1 қосымша






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных