Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халқы 45,55 млн (1996 жыл санағы бойынша).




Корейлер Орталық Азия мен Алтай жерлерінде тұрған тайпалардың тікелей ұрпақтары болып табылады. Корей Республикасында шамамен 30 мың қытайлықтар мен басқа нәсілдердің тұрғындары кездеседі. Территорияның кішкентай болғанына қарамастан, елдің ішінде алты диалектте сөйлейді. Жалпы диалект сөздер айтылуымен, сөздің қолданылуымен, кейбір грамматикалық формаларымен ерекшелінеді. Корей Республикасы тығыз орналасқан сегіз елдің қатарына жатады: орташа тығыздық 1960 жылы 28 % -дан 1990 жылы 70 %-ға дейін көтеріліп кетті. Сонымен қатар халықтың 40 %-ы мемлекеттегі ірі екі қаласына шоғырланған, олар: Сеул және Пусан. Діні – буддизм, конфуцийшілдік, христиан.

Корей Республикасында тектері бірдей болып келетін адамдар да кездеседі. Ең көп таралғандары Ким 28 %, Семей Ли 15 % және Пак 9 %.

1975 жылдан бастап Корей Республикасында міндетті 11 жылдық оқу міндеті енгізілді (жылдық және мектепке дейінгіні бірге есептессе). Корей Республикасында шамамен 10 мың жалпы білімдік мектептер және 600 техникалық училищелер мен 200 астам жоғарғы оқу орындары кездеседі. Ең ірі жоғарғы оқу орыны – Ким Ир Сен атындағы университеті саналады.

Ақшалық бірлік – Корей Республикасының вонасы.

Сеул қаласы.

Бұл қалада елдегі халықтың төрттік бөлігі (10 млн) қалыптасқан, сонымен қатар мұнда өнеркәсіптік компаниялардың көбісі және қаржылық операциялардың 70%-ы да осы қалада шоғырланған. Қала 22 аймаққа және 475 кварталға бөлінген.

Жалпы территориясы бойынша екінші орында тұратын қала Пусан қаласы. Оның халқы шамамен 4 млн адам, осы қала арқылы сыртқы сауданың 2\3 бөлігі өтеді. Пусане қаласы курорт қаласы болып саналады. Сонымен қатар Корей Республикасында Тэгу (2 млн), Тэджон (800 мың), Пхохан, Ульсон, Кванджу, Чханвон және Масан қалалары бар.

Неркәсібі.

Шаруашылықтың негізгі саласы болып өнеркәсіп саналады. Қайта өндейтін салалар тауардың 9 % өнімін береді. Сонымен қатар тауардың жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпке негізделген, оның үштен бір бөлігі машина жасау өнеркәсібі болып табылады. Ал жеңіл өнеркәсібінде көбінесе тоқыма өнеркәсібі (20%) және тамақ өнеркәсібі (12 %) ең ірі салалар болып саналады. Өндіретін өнеркәсіптің мекемелер саны елдегі мекемелердің жалпы санының тек 5%-на сәйкес келеді.Негізгі саласы болып көмірді өндіру болып саналады, ол салада шамамен 60 мың адам жұмыс жасайды, ал мемлекеттегі жалпы 360 шахтадан тек 14 ғана әрбір жыл сайын 300 мың тонна көмір өндіреді. Өздерінің жеке энергорусарстарын өндіру түгел мемлекеттің қажеттіліктерін жаба алмайды. Корей Республикасының өнеркәсіптің негізгі өндіретін саласы көмір өндірумен қатар, вольфрам концентраты, алтын, күміс, мыс сияқты пайдалы қазбалармен қатар, металды емес минералдар да алынады, оларға әктас, тальк, каомин және т.б. минералдар жатады. Профильді салалардың бірі қара металургия жатады: шамамен металлдың 40 % әлемдік нарыққа шығарылады, көбінесе АҚШ, Жапония елдеріне тасымалданады. Корей Республикасы болатты өндіруден әлем бойынша сегізінші орында тұр.

 

 

Корей Республикасында түсті металургия онша маңызды орын алмайды: алюминий, қорғасын, мырыш, мыс және пайдалы қазбалар өндіріледі. Түсті металургияның негізгі зонасы жалпы Корей Республикасының Онсана аймағына шоғырланған.

Машина жасау өнеркәсібі әлемдік шаруашылықпен тығыз байланысқан сала болып саналады, осы саланың өнімдерін сыртқы нарыққа шығарып сату мемлекеттің экономикасын дамытудағы негізгі себеп болып табылады. Автомобильжасау саласы Корей Республикасындағы өнеркәсіп салаларының ең қарқынды дамып бара жатқан саласы болып табылады. «Хёндэ» автомобиль компаниясы машиналардың 60 % -ын шығарады, олардың негізгі классы болып субкомпакт пен компакт типтегі модельдер (Стелла, Эксел, Соната және т.б модельдері).

Елдегі өндіріс бойынша екінші компания «Дэу» жалпы мемлекет бойынша Пупхен мен Пусан қаларындағы екі ішкі компаниядан құралған, ол автомобильдердің 16 %-ын шығарады. Жеңіл автомобильдерден басқа Корей елінде ауыр жүк машиналары мен автобустар шығарылады.

Сонымен қатар Корей елінде динамикалық түрде профильді сала –электроника саласы да даму жолында, осы саламен елдің болашағын байланыстырды және оның жалпыхалықтық еңбек бөлінісіндегі рөлін анықтады. Электронды өнеркәсіп дамуының негізігі факторы болып ТНК-ның жалпы белсенділігі алынады, яғни арзан және квалификациясы бар жұмыс күшін жұмылдыруға негізделді.

Экономикадағы басқарушы позицияларда елдегі Самсон, Хендэ, Лакки Голдстар, Дэу төрт компаниялары алып жатыр. Әлемдік деңгейде бұл компаниялар сенімді түрде жапониялық, американдық және батыс еуропалық компанияларымен бәсекелеске түсіп жүр. Самсон компаниясы (Үш жұлдыз) 1938 жылы құрылды. Қазіргі кезде бұл компания электроника, қатаң машинажасау, мұнай химиясы және т.б. салаларын қамтитын 29 ішкі компаниялардан тұрады.

Хендэ компаниясы 1940 жылы құрылып, қазіргі кезде автомат, кемежасау, ауыр жүкті машина жасау, құрылыс өнеркәсібі, металургия, электрон, жеңіл өнеркәсіп пен саудамен айналысатын 30 ішкі компаниялардан тұрады.

Лакки Голдстар компаниясы Лакки және Голдстар дейтін екі компанияның бірігуінен пайда болды, 30 компаниядан тұрады. 1931 жылы құрылды, бірақ екі компаниянвң бірігуі 1962 жылы болды. Лакки компаниясы химиялық өнеркәсіпке негізделсе, ал Голдстар компаниясы электрондар мен электротехниканы шығаруға (кір жуатын машиналар, видеомагнитофон, видеокамера, тоңазытқыш пен қысқа толқынды пештер сияқты тұрмыстық электрқұрылғыларын шығаруға) негізделеді.

Дэу компаниясы ең жас мекеме болып саналады, ол 1967 жылы құрылды. Оның құрымына автомобиль жасаумен, кемелер жасаумен, құрылыс өнеркәсібі мен электронды саламен толық айналысатын 29 компания жатады.

Корей Республикасы 80 жылдарда кеме жасау саласы бойынша әлем деңгейінде Жапониядан кейінгі екінші орынды иеленді, қазіргі кезде бұл саланың әлем бойынша мәні азайса да, Корей Республикасында бұл сала елдің экономикасында елеулі рөл ойнайтын салалардың бірі болып табылады. Бұл салаға негізінен елдегі екі ірі компания Хендэ және Дэу компаниялары негізделген.

Химия өнеркәсібі негізінен мұнай шикізатына негізделген. Мұнайды қайта өндіру әрекетін елдегі Хонам, Ссанчён, Кыкдон, Юкон, Кёнин дейтін бес компания жүзеге асырады.

Бұл компаниялардың өнімдері: мазут (33%), дизельді жанармай (29%), реактивті жанармай, бензин, керосин мен мұнайхимия шикізаттары.

Тоқыма өнеркәсібінің рөлі өнеркәсіп үшін де, елдің экономикасы үшін де маңызды: өнеркәсіптің осы саласынан бастап экспортқа шығу басталды. Оңтүстік Корей Республикасының өнеркәсіп саларының ішіндегі тоқыма саласының әлем бойынша дамуы елдің экономикасының көтерілуіне елеулі әсерін тигізді. Тоқыма өнеркәсібінің негізгі мекемелері көбінесе елдің ірі қалаларында орналасқан.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных