Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эпитеттің стилистикалық мәнері




Эпитет туралы нақты қабылданған тұрақты анықтама жоқ. Д.А.Әлкебаева өз еңбегінде былай дейді: «Филология ғылымында эпитетті әдебиетші, тілші ғалымдар түрлі бағыттарда зерттеуде.Әдебиетшілер эпитетті антикалық, классикалық, романтикалық, реалистік деп бөледі,ал тілшілер дәстүрлі, тұрақты, метафоралық деп қарастырады». Көркем тал сөзі мағыналық бірнеше бірлікте тура мағынасында да ауыспалы мағынасында да келіп,тұрақты эпитет құрайды,публицистикалық мәтінде ол ауыспалы мағынасында қолданылып тұр,көркем тал –жастар, шәкірттер, жеткіншектер,өсіп жеткендік, яғни жастардың көркем екенін көңілі, көзі, жаны көркем деп метафоралық эпитетті сөз ретінде қолданылған.

 

41.Метафораның стильдік қызмет і.Метафоралық бірліктерді лексемдік деңгейде зерделеу олардың әртүрлі аспектілерінің зерттеу бағытын айқындауға көмектеседі.Белгілі бір зат не құбылыс атауы басқа бір зат не құбылыстың түрі,тұлғасы, қимыл-әрекет ұқсастықтарына қарай ауысып аталу тәсілін метафора деп атайды. Метафоралық тәсіл арқылы пайда болған ауыс мағыналардың барлығы дерлік жалпы халыққа түсінікті байырғы сөздерден жасалады. Көркем әдебиетте метафоралар жалпы халық тіліндегі метафорадан бөлектеу болады. Көркем әдебиетте күнделікті қолданылып жүрген метафоралардың әлдеқайда образды,әлі халыққа тарамаған күйде келеді.Метафора заттық және құбылыстық ұғымдарға атау беру үшін қызмет атқарады. Бір заттың бойындағы белгіні,қаситетті екінші атаудың бойынан іздеу-ұқсату жалпы метафоранның басты шарты: ол-ұқсату,салыстыру,сол ұқсату арқылы мағына жаңадан қалыптасып,келесі күрделі атау жасалып, басқа сөз таптарына ауысып отырады.Метафоралар лингвистикалық зерттеу нысаны ретінде өзінің басқа тілдік деңгейлермен салыстырғанда қарқынды даму нәтижесінде өзгерістерге көбірек ұшырайтын тілдік жүйенің бөлігі болып табылады. Жаңа сөздің пайда болыуы немесе ауысуы мен лексикалық құрамының өзгерісіне, оның өсуіне байланысты мәселелрді зерделеу қандай да бір тілдің дамуындағы үрдісті, сөзжасамдық жүйенің қарқында қасиеттерін анықтауға, белгілі бір шамада сөздіктің әрі қарай өсуін болжауға, оның өзгерістерінің лингвистикалық және экстралингвистикалық себептерін зерделеуге мүмкіндік береді. Тіл білімінде метафоралық қолданыстардың лингвистикалық боллмысын анықтауға,олардың құрылымдық семантикалық ерекшеліктеріне сай классификациялау талпыныстары жасалынып келеді.Зерттеушілердің пікірінше, кез келегн жазушының шығармасында немесе авторы белгісіз халық туындыларында метафораның екі түрі кездеседі. «Бірі- бүкіл халыққа түсінікті,тұрақты ауыс мағына алған, дәстүрлі қолданылып келе жатқан метафоралар, екіншісі- әлі жалпыхалықтық сипат ала қоймаған, жеке тұлғаның сөздік қорынан шыққан метафоралар.Олар көбіне әдебиетте қолданылып және лингвистикадағы метафора деп ажыратылып, екеуі екі ғылымның нысаны ретінде қаралуда» дейді. Мысалға Ә.Кекілбай өлеңдерін алайық:

Одан да тыныш ішіп тапқыныңды,

Өлеңнің біл отына таптануды.

Үмітке жүкті дүние туар бір күн

Айтар сол бұрқануды, аттануды. Метафора адамның терең ойлауының ерекшеліктеріне қатысты туындайды.Егер ойды басқалай,әдейі өзгертіп айтса, онда метафора қажет болғандықтан емес, онсыз болмайтындықтан пайда болады, ол адамның ойлау қабілеті мен тіліне тән деп айтуға болады.Сөйлеу мен жазуда метафораларды жиі қолдану сөйлеуші тілінің сұлулығын көрсетеді. Сонымен бірге, сөйлеушінің санасы, сөйлеу мен ойлауы, қиял ұшқылрлығы жақсы байқалады. Метафораларға жиі жүгіну сөйлеушінің не жазушы адамның тіл мәдениетінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.\

 

42.Теңеу- ерекше стилистикалық тәсіл. Әсерлі сөздің жасалу тәсілі сан алуан болып келеді.Соның ішінде ерекше байқалатын стилистикалық амал-тәсіл- теңеу.Теңеу- ерекше стилистикалық тәсіл, мәтінде көрнектә орын алатын әсерлі сөз.Әсерлі сөз стилистика ғылымында эмоционалды-экспрессивті лексикаға да және көркем ойға, мазмұнға құралған сөйлемге де байланысты айтылады.Теңеудің семантикалық- стилистикалық мәнін айқындайтын амалдардың қатарына метафора, эпитет, метонимия,теңеулерді жатқызады.Теңеудің көркемдік сипаты көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу стильі және публицистикалық стильде ұқсату мен бейнелілікке құрала отырып, адресанттың айналасындағы зат құбылыстың субъективті,объективті теңелетін заттардың жалпы сипатын санада сақталған.Жалпы қазақ тіл білімінде теңеулерді алғаш жазған Т.Қоңыров болатын.ол өзінің «Қазақ теңеулері» еңбегінде «Теңеу мүшелерінің бір-біріне қатынасынан, әсіресе, белгінің бір-біріне қатынасынан ассоциациялық теңеулердің бес түрлі структуралық типі келіп пайда болған.Ал бұл структуралық типтердің мүшелерінің бір-бірімен байланысу тәсілдері екі түрлі жолмен жүзеге асярылады. Оның бірі- теңеу мүшелерінің парадигмалық қатынасы, екіншісі-теңеу мүшелерінің синтагматикалық қатынасы» деп жазады. Теңеулердің басты метафоралық сипаты туралы Т.Қоңыров былай дейді: «Тұрмыстық заттардың теңеу образдары болып мейлінше жиі, төтенше мол қолданылатыны сонша, олардың бірталайы өздерінің теңеулік құрылымын жоғалтып, метафоралық сипатқа ие болған.» Ә.Кекілбайұлы өлеңдеріндегі теңеулерде осы бір заңдылық сақталғандай көрінеді.Мысалы:

«Думан қуған дәреннің елесі де

Сүр сүбедей тәтті екен-кел,мүжиін» Теңеу-бүгінгі бағзы заман өмірінің адам санасындағы ұқсату белгісінің көркемдік қуаты.Қорыта айтқанда,қазақ тілінің көркем әдебиет стилінде метафоралар мен теңеулерді молынан қолдану көркем әдебиет стилін терең меңгеру дегенді білдіреді.

 

43.Көркем әдебиет стлиі,оның өзіндік тілдік-стильдік ерекшеліктері. Көркем әдебиет стилі көркем шығармаларды жазуда қолданылатын стиль.Проза мен поэзия қашанда даму үстінде болғандықтан бұл стиль де даму үстінде болады.Бұл стилдің басты ерекшелігі жеке адамның тілдік қолданысы көркем стильді дамытып отырады. Тың қолданыстар мен тіркестерді жазушы не ақын қолданғанда тілдік нормалардың ішінде көркемдік нормаларға сүйенуі керек.дегенмен де тың қолданыстар бұл нормаларға бағынбағанымен әдеби тілдің көркемдік дәрежесін арттыратынын жоққа шығаруға болмайды. Бұл стиль кез келген тілдің ең басты көрсеткіші болады,оның үстіне, бұл стильде барлық стильдер тоғысады. Көркем стиль шығарманы өнер туындысы дәрежесіне көтеретін стильдің бірі, сондықтан тілдік нормадан ауытқу бұл стильдің бұзылуына соқтырады.Кез келген көркем әдебиет стильі бұрынғы дәуірлердегі теңеу, метафора,эитеттің жаңа түрлерін ұсына отырып, олардың қолдану мен жасау техникасын толықтырады. Тілдік нормалар мен көркем стиль тығыз байланыста болады, алайда бұнда анықтап алатын бір жайт, тілдік нормаларғңа жататын көркем нормалардың көркем стильде реттеуші қызмет атқаруы.Р.Сыздық бұл туралы: «Ұлттық әдеби тіл нормасы мен ұлттық көркем әдебиет нормалары дегендер бір категория емес. Стильдердің қай-қайсының да тірегі, негізі қазығы, қоймасы-ұлттық әдеби тіл, соның нормалары.Демек,көркем тіл нормалары- тұтастың бөлшегі,жалпының тармағы ретінде танылуы тиіс». Қазақ тіл білімінде көркем әдебиет стильі Б.Шалабайдың зерттеуінде терең түрде қарастырылғанын айта кету керек.Көркем әдебиет стилінің басты ерекшеліктеріне онда тыңнан жасалған қолданыстардың болуын,жекелік фактордың орын алуын, әдеби тілді дамытып байытып отыратынын жатқызуға болады.Р.Сыздық көрсеткендей бұл стиль барлық стильдерден жоғары тұрады, себебі бұнда тілдің барлық мүмкіндіктері ашылады.

 

44.Лексикалық нормалардың стиль түрлерінде және сөз қолданыстарын реттеуі мәселесінің зерттелуі. Р.Сыздық лексикалық нормаларды үшке бөледі: жалпы жазба әдеби тіл нормалары, ауызекі сөйлеу тілінің нормалары, сөздердің қолданыстағы нормалары.Лексикалық нормаға бағыну үдерісінде қиындық келтіретін жаңа қолданыстар мен жаға сөздер.Лексикалық нормаға бағынудың бірден бір көрсеткіші жаңа қолданыстардың жарыспалы сипаттан арылуы. Бүгінде кез келген ақын я жазушы, журналист, тіпті, тіл тасушылар жаңа қолданыстарды лексикалық жүйеге көптеп енгізуде. Лексикалық нормаға бағыну үшін жаңа қолданыс зат не құбылыстың барлық ерекшелігін дәл қамту керек. Бүгінде көптеген жаңа сөздер лексикалық жүйеге еніп, төл сөзіміздей қолданылып кетті. Мәселен, мұзайдын- каток, жидашы-фольклорист,азагүл-венок.Р.Сыздық лексикалық нормалардан жөнсіз ауытқуға апаратын тұстарды көрсетеді: «қазақтың бүгінгі кең байтақ даласының түпкір-түпкіріне тегіс түсініксіз жергілікті сөздерді молынан не орынсыз келтіру, көне сөздердің мағынасын дұрыс түсінбей жұмсау, қолданыстан шығып қалған, «пассив» сөздерді «тықпалау», қажетсіз тұста жаңа сөз жасай қою,не оның сәтсіз шығуы «орысшылдықтан» орынды-орынсыз қашқақтау, яғни орыс тілі арқылы енген,едәуір орын тепкен, нормаға айналған халықаралық кірме сөздерді аударып қазақша балама «тауып беру» немесе сыртқы тұлғасын өзгертіп, «қазақыландырып» жұмсау, штамп элементтерге, жылтырауық «әдемі» сөздерге үйірсектік таныту,сөздердің стильдік қызметін дұрыс танымау т.т».Мысалға Х.НұрмұхановтыңБасқа тілдің басқыншылығынсыз лингвоэкологияның бұзылуы лексикалық нормаларды және лексикалық синтагматика (Тіркесу) заңын бұрыс қолданудан басталады деп айта аламыз.Басқа тілдің басқыншылығынсыз лингвоэкологияның бұзылуы лексикалық нормаларды және лексикалық синтагматика (тіркесу) заңын бұрыс қолданудан басталады деп айта аламыз. «Лингвоэкология тілдің дамуының объективті бет-бейнесін көрсете білуге тиіс.Оған төніп тұрған қауіп жөнінде қоғамға дабыл қағып,әдеби тілдің тағдырына адамдар, қоғам тіршілік етіп отырған орта қамқорлыққа алынып,қорғалуы тиіс,»-дейді Н.Уәли. Сол себепті, бүгіндегі барлық тілші, әдебиетшілердің басты мақсаты бұрыс қолдануларды әртүрлі стильдер көлемінде лексикалық нормаларға сай дұрыстау екендігі бәрімізге түсінікті.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных