Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






скери қолданбалы, эстафеталық дайындығы




Әскери-қолданбалы эстафеталық дайындықтың құрылымы

Бес-күндік әскери дала жиыныныңаяқталу салтанатына арналған

«Сап түзеу және ән» байқауындағы _____________ сыныптың бөлімшесінің бағалану хаттамасы Бөлімше бойынша

Баяндау, сапта бөлімше бойын ша амандасу Киімі айыру белгісі Бір қатар дан екі қатар түзеу және керісінше Орындарында бұрылулар Жазылу және сығылу Аралық, ара қашықтық ты сақтау Қатарда ғы тәртіп Саптық жүріс Сап тағы ән Жалпы ұпайы
                   
                   

 

Жеке бағалану

 

Аты-жөні Саптан шығу, сапқа қайту Орнында бұрулары Қозғалыста бұрулар Жүріп әскери амандасу Жалпы ұпайы
         
             

 

Керекті заттар:КА-74 макеттері, противогаздар, зембілдер, дәрігерлік сөмке шина, мақта-дәке таңғыш жасайтын материалдар, тор.

1-этап. 1 ер бала КА-74 макетін арқаға алып, белгі берілуіне противогазды киіп жүгіріп, 50 см биіктікте орналасқан тордың астынан жер бауырлай өтіп, межедегі магазиннің оғын төгіп кейін қайтады да, КА-74 макетін келесі оқушыға береді.

2-этап. 1 ер бала КА-74 макетін арқаға алып, противогазды киіп жүгіріп, тордың астынан жер бауырлай өтіп, межедегі магазиннің оғын жарақтап кейін қайтады да, КА-74 макетін келесі оқушыға береді.

3-этап. 2 ер бала зембілмен, 1 қыз бала дәрігерлік сөмкесімен жанында жүгіріп, межедегі жарақат алған оқушыға (оң аяғы жділіншігінен сынған) алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, зембілмен кері алып қайтады да, КА-74 макетін келесі оқушыға береді.

4-этап. 1 қыз бала Ка-74 макетін арқаға алып, дайындалған материалдан мақта- дәке таңғыш жасап бір оқушыға таңады да, эстафетаның аяқталғанын баяндайды.

№ мектеп – гимназиясының

 

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы– ұйымдастырушы

 

Бес-күндік әскери дала жиыныныңаяқталу салтанатына арналған әскери-спорттық мерекеге дайындалу және өткізу жайлы

Жастардың АӘД бағдарламасына сәйкес бұйырамын:

1. Бес-күндік әскери дала жиынының аяқталу салтанатына арналған әскери-спорттық мереке жылы өткізілсін. Мерекеге мектеп мұғалімдері, оқушылар тартылсын, ата-аналар, соғыс, еңбек ардагерлері және қорғаныс істер жөніндегі басқарманың қызметкерлері шақырылсын.

2. Мереке мектеп ауласында сағат 15.00-де 10-11 сынып оқушылары салтанатты сапқа тұрғызылып ашылсын. ҚР Туы әкелінсін және мектеп директоры Бес-күндік әскери дала жиынының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырсын. Мерекелік бағдарламаға саптық тәсілдерді орындау, АӘД бағдарламасы көлеміндегі практикалық іс-әрекеттер және спорттық деңгейлерді тапсыру бойынша жүргізілсін. Жарысқа қатысуға АҚ, дәрігерлік дайындық және спорттық деңгейлерді тапсыру бойынша жүргізілсін. Жарысқа қатысуға әр взводтан 18 оқушыдан команда құрылсын. Сайыста тәсілдер мен іс-әрекеттердің дұрыс орындалуына көңіл бөлінсін.

3. Мерекені ұйымдастыру және өткізу үшін төмендегідей ұйымдастыру комитеті құрылсын:

Төрағасы: директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары; мүшелері:

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы ________________________________

кәсіподақ ұйымының төрағасы ___________________________________

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ___________________________________

4. Ұйымдастыру комитеті ____________ сәуірге дейін әскери-спорттық мереке жарыстарының түрлері мен өту тәртібі көрсетілген бағдарламасын бекітуге тапсырсын.

Төрешілер алқасына қажетті құжаттар, жарыс өткізетін орындар мен керекті заттарды мамырға дейін дайындалсын.

Қонақтарға шақыру билеттері тапсырылсын.

Төрешілікке қорғаныс істері жөніндегі басқармадан офицерлер, қала мектептерінің АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары шақырылсын.

5. АӘД сынып оқытушы-ұйымдастырушысы, дәрігерлік дайындық мұғалімі, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері командалар құрамын белгілеп, оларды жарысқа қатысуға дайындасын.

6. Сынып жетекшілері сыныптарында жиналыс өткізіп, оқушыларды мерекелік бағдарламамен таныстырсын. Оқушыларды жарысқа дайындауда, ОМБ-ны толықтыруда АӘД оқытушы-ұйымдастырушысына, дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне көмек көрсетілсін. Қадірлі қонақтарға естелік сыйлықтар дайындалсын.

7. Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары сынып жетекшілермен бірлесе отырып, салтанатты сапқа тұратын және жарыс өткізілетін жерді дайындасын. АӘД үздіктері мен жарыс жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар дайындалсын. Жарысты суретке және бейнетаспаға түсіру ұйымдастырылсын.

8. Директордың шруашылық жөніндегі орынбасары мерекеге қажетті заттарды ұйымдастыру комитетінің сұранысы бойыншашеберханада жасатсын. Мереке кезінде дәрігерлік көмек пен асхананың қызмет етуін қамтмасыз етсін.

9. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасап директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

«Бекітемін»

мектебінің директоры:

Бес-күндік әскери дала жиыныныңаяқталу салтанатына арналған әскери-спорттық мерекенің бағдарламасы

Іс-шаралар Өтілетін уақыты Өтілетін орны Жауапты
  Мерекенің ашылу салтанаты: - сынып взводтарын сапқа тұрғызу; - баяндауды қабылдау, амандасу; - мерекенің ашылуын хабарлау (ҚР-ның туы әкелінеді, әнұран орындалады); - мектеп директорына, Ұлы Отан соғысы, ауған соғысы ардагерлеріне, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкіліне сөз беру; - қысқа концерттік қойылым; АӘД курсының аяқталуы жайлы бұйрықпен, жарыстың өткізілу тәртібімен таныстыру; - ҚР-ның туын алып шығу; - взвод бойынша салтанатты шерумен өту.     14.50-15.00   15.00-15.05   15.05-15.10     15.10-15.20     15.20-15.30   15.30-15.40   15.40-15.45   15.45-15.50 Саптық алаң АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы. Директор     Взвод коминдерлері
  Әскери-спорттық сайыс. а) АӘД бойынша: «Сап түзеу және ән» байқауы; әскери кедергілерден өту; - пневматикалық қарудан ату; - автоматты толық емес бөлшектеу және жинау; әскери-қолданбалы эстафета. б) Спорт түрлері бойынша: - 100 метрге жүгіру; - кермеде тартылу, жатып дене көтеру; - гранатаны қашықтыққа лақтыру; - 2000 және 1000 метрге жүгіру. 16.00-17.30 Саптық алаң   Спорт алаңы Тир   Спорт алаңы Қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқарманың офицерлері, АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары   Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері
  Взводтарды сапқа тұрғызу, жарысты қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау 17.40 Саптық алаң Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы

 

Бес-күндік әскери дала жиынының аяқталуына арналған әскери эстафеталық спорттық мерекенің бағдарламасы.

Бес-күндік әскери дала жиыныныңаяқталу салтанатына арналған әскери-спорттық жарыстың шарттары

І. Мақсаты мен міндеті

- оқушылардың алғашқы әскери дайындық бағдарламасын игеру сапаларын анықтау;

- әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қазығушылықтарын арттырып күштілік, шыдамдылық, жылдамдық, икемділік қасиеттерін дамыту;

- Отанын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті мен азаматтық парызын адал атқаруға тәрбиелеп, әскери қызметке дайындау.

ІІ. Жарысты өткізуге жауаптылар

Жарысты өткізуде басшылық жасау директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы ____________________________

Кәсіподақ ұйымының төрағасы ________________________

Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері ________________________жүктеледі.

ІІІ. Жарысқа қатысушы сыныптар

1. 10 а 10 б 10 в 11 а 11 б 11 в сыныптары;

IV. Жарыс түрлері

1. «Сап түзеу және ән» байқауы (әр сыныптан 7 ер, 4 қыз бала).

2. Әскери-қолднбалы эстафета (4 ер бала).

3. Пневматикалық винтовкадан ату (2 ер, 1 қыз бала).

4. Автоматты толық емес бөлшектеу және жинау (2 ер, 2 қыз бала).

5. Әскери-қолданбалы эстафета (6 ер, 2 қыз бала).

6. 100 метрге жүгіру (2 ер, 1 қыз бала).

7. Кермеде тартылу (2 ер, бала). Жатып дене көтеру (2 қыз бала).

8. Гранатаны қашықтыққа лақтыру (2 ер бала – 700 г., 2 қыз бала – 500 г.).

9. 2000 және 1000 метрге жүгіру (2 ер, 2 қыз бала).

V. Жарысты қорытындылау

Жеңімпаз командалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, үздік көрсеткіш көрсеткен оқушылар мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы:

4.Бақылау сұрақтары:

1.Эстафеталық сайыс түрлері.

2.100 метрге жүгіру;

3.Кермеде тартылу, жатып дене көтеру;

4.Гранатаны қашықтыққа лақтыру;

5.2000 және 1000 метрге жүгіру.

6. Пневматикалық винтовкадан ату

7. Гранатаны қашықтыққа лақтыру

8. Кермеде тартылу

9. Сап түзеу және ән» байқауы

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1.Әскери қолданбалы, эстафеталық дайындығы

2.Оқыту әдістемесі.

7. Үй тапсырмасы:

1.Әскери қолданбалы, эстафеталық дайындығы

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» 21.03.2007ж

2. «Әскери міндеттілік және әскери қызметі туралы» Қазақстан

3. Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі Заңы.

4. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.- 254б.

5. Орта жалпы білім беретін мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған бағдарламалар. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы, 2006.

6. Сборник нормативных документов и программ начальной военной подготовки,

Г.Н. Челноков, 1997г.

7. Программа начальной военной подготовки молодежи, О.К. Косумасов, 1998г.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995ж.

2. Қазақстан Республикасының “Қорғаныс туралы” Заңы, 09.04.1993

3. Қазақстан Республикасының “Ұлттық қауіпсіздік туралы” Заңы, 26.06.1998

4. Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық «Қазақстан -2030» бағдарламасы

5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы». 2005 ж. 7 қаңтар

6. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» 21.03.2007ж

7. «Әскери міндеттілік және әскери қызметі туралы» Қазақстан

8. Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі Заңы.

10. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.- 254б.

11. Орта жалпы білім беретін мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған бағдарламалар. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы, 2006.

12. Сборник нормативных документов и программ начальной военной подготовки,

Г.Н. Челноков, 1997г.

13. Е.Ж. Қожамжаров и др. Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі.

ҚарМУ - 2006ж.

14. Программа начальной военной подготовки молодежи, О.К. Косумасов, 1998г.

15. К. Аманжолов, А. Тасболатов.Алғашқы әскери дайындық. – Алматы:

Мектеп 2006-376 б.

16. Программа подгатовки студентов по специальности 03.04 “Начальная военная подгатовка и физическая культура”, 1998г.

17. Каргин С.Т., Дошаков С.Х. Бастапқы әскери дайындық негіздері. – Қарағанды, 2002ж

Қосымша әдебиеттер:

1. Алғашқы әскери дайындық. Ай сайын шығатын Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал.

2. Алтынбаев М.Қ. Алғашқы әскери дайындық. А., Мектеп, 2004.

13. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Т.Қарғабаев, Түркістан, 2007.

14. Т.Қарғабаев Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007.

15. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары., Түркістан, 2007.

WEB САЙТТАР ТІЗІМІ

1.www.Arms.Ru

2.http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі.

3.www.nuo.kz-ҚР Ұлттық университеті.

4.asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

Практикалық (семинар)сабақтың әдістемелік нұсқауы

«Дене мәдениеті» кафедрасының

«01» 09.2016 ж. мәжілісінде талқыланды және №1 хаттамамен бекітілді.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к., доцент Б.З.Абусейтов

 

Құрастырған: Аға оқытушы,аға лейтенант Б.Р.Ахметов

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных