Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көмекші мектепте математика сабақтарының алдына қоятын негізгі талаптары




 

Бақылау математикаға оқыту процесімен жүреді. Білімді тексеру оқушылардың білімді меңгеру сапасын көрсетеді, дағды мен іскерлік, білім кемістіктерін анықтауға және оларды уақытша жоюға мүмкіндік береді. Егер бақылау оқушылардың білім сапасының жоқтығын немесе басқа тақырыптағы білімнің төмен екендігін көрсетсе, онда мұғалім өзінің жұмысын талдау қажет: оқу және дидактикалық материалдарды, әдісті таңдау дұрыстығы оқу процесінің ұйымдасуының дұрыстығы, барлық сынып оқушыларымен әрбір оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескеруі қажет. Математика сабағындда көбінесе бақылаудың үш түрі қатысады: алдын-ала, күнделікті және қорытынды.

Оқушылардың білімін алдын-ала бақылау, оқу жылының басында жүргізіледі. Жаңа материалдарды өту кезінде оқушылардың тәжірибесіне сүйене отырып қандай білімді еске түсіру қажеттігін көрсетуге болады. Алғашқы білімді бекітудің алдында күнделікті бақылау жүргізіледі. Бұл оқушылардың жаңа материалдарды дұрыс түсінгенін және оқушылардың есінде қателерді бекітпеу үшін жүргізіледі. Күнделікті бақылау мұғалімнің оқушыларды жаңа материалдарды қаншалықты меңгеретінін анықтауға, еске түсіру мен білімді меңгеру кезінде қандай қиыншылықтарға тап болатынын және олардың себебі неде екенін анықтауға мүмкіндік береді. Күнделікті бақылау оқушылардың жаңа білімді мысалдармен есептерді шешуде (алдымен мұғалімнің басқаруымен, ал кейіннен өз бетінше) қолдана алады ма екенін көрсетеді және көмек қажет ететін оқушыларға дер кезінде көмек көрсетумен қиындықтарын анықтау.

Күнделікті бақылау тақырыпты меңгеруді ары қарай жалғастыруға болады ма?, әлде кідіріс жасаған дұрыспа екенін көрсетеді. Оқушылардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастырып, жаңа көрнекіліктерді қолдана отырып, қосымша түсінік беріп өтуге болады.

Қорытынды бақылау тоқсанның немесе оқу жылының соңында тараудың тақырыптарын меңгергеннен кейін оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Оның мақсаты оқу тәтижесінің көрінуі болып табылады. Математика бойынша білімді бақылау тәсілдері әр түрлі бұл ауызша сұрау және жазбаша сұраумен тәжірибелік жұмыстар. Ауызша сұрау франтальды және индивидуальды түрде жүргізілуі мүмкін.

Фронтальды сұрау кезінде- сыныпқа сұрақ түгелімен қойылады, бірақ қиыншылықтары бірдей деңгейде емес. Мұғалім әрбаланың мүмкіндігін меңгеріп, сынып оқушыларымен дифференциалды түрде жұмыс жасайды. Мұғалім ауызша сұрау кезінде оқушылардың өткен материалды түсіну деңгейін, олардың математикалық теорияларды меңгеруін көре және тәжірибе жүзінде мысалдарды, есептерді және басқа да тапсырмаларды орындау кезінде ережелерді білуін талап етеді. Оқушылардың талдауы, өздерінің әрекеттерін түсіндіруді талап ететін сұрақтарды қою тиімді болып табылады. Мысалы: сыныптағы тік төртбұрышты формадағы заттарды көрсетіндер. мұндай сұрақтар білім сапасын көрсетіп қана қоймайды және оны түзетуде де орны ерекше. Ауызша сұрауды үй тапсырмасын тексерумен байланыстыруға болады. Мысалы: мұғалім жауаптары бірдей мысалдарды атауды сұрайды. Ауызша сұрау көбінесе сабақтың басында жүргізіледі, бірақ ол сабақтың кез-келген этабында жүргізілуі мүмкін. Индивидуальды сұрау кезінде- мұғалім(көбінесе оқушыны тақтаға шақырады) барлық сыныпты оқушылардың жауабына назар аудару үшін қажет ете біледі. Индивидуальды түрде сұрау мұғалімге оқушы білімін тереғ тексеруге мүмкіндік береді. Соған орай ол оқушының жеке ерекшеліктерін ескереді. Сонымен сұрақтар мен тапсырмалар оқушының ерекшелігін ескере таңдалады.

VIII типтегі мектеп сыныбының үлкен еместігін (12 оқушы) ескере мұғалімдер сабақ барысында сыныптың әрбір оқушысынан жеке немесе франтальды түрде сұрауға мүмкіншілігі бар. Бұл мұғалімге барлық оқушылардың математикалық білімді меңгеру ерекшелігін жақсы анықтауға мүмкіндік береді және әр қайсына уақытында қажетті көмек көрсетеді.

Мұғалім бақылаудың кез-келген формасында оқушылардың типті минималды жетістіктерін ынталандырып, мадақтап отыруы қажет. Білімді жазбаша тексеру математика сабағында өздік және бақылау жұмысын ұйымдастыру жолымен жүргізіледі. Білімді жеке тексеру үшін шағын жазбаша жұмыс берілуі мүмкін. Шағын өздік жазбаша жұмыстар ьұғаліммен күрделікті жүргізіп отырылады. Олар аз уақыт ішінде сыныптағы барлық оқушылардың білімді меңгеру деңгейін тексеруге, оқушылардың жеке қиыншылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында өзіндік жұмысы бірінші рет ұйымдастырылуы мүмкін. Төменгі сыныптардан әсіресе 1-2 сыныпта өзіндік жұмысының көлемі шағын 7-10 минутқа есептелуі болуы қажет. Бұл төменгі сынып оқушыларының ерекшелігімен байланысты: өзіндік жұмысы кезіндегі дағдарыстың жеткіліксіздігі, тез шаршағыштықпен көңіл-күйдің басқа нәрсеге ауып кетуі, өзін-өзі бақылауының жеткіліксіздігі.

Жоғарғы сыныптарда өздік жұмысы кейде сабақтың үлкен бөлігіне (18-20мин) есептелуі мүмкін. Жоғарғы сыныптарда оқушылардан өзіндік жұмыстарын орындау кезінде көбінесе өз-өзін бақылауды талап ету қажет. өзіндік жұмысы үшін арналған тапсырмалармен жаттығуларды мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере құрайды. Олар көлемімен қиындық деңгейі бойынша әр түрлі болуы мүмкін. өзіндік жұмыстың бағасы мұғалімнің шешуі бойынша журналға қойылады.

Төменгі сыныптардан бастап оқушылар өздерінің жұмыстарын бірін-бірі тексеруі қажет. Оқушылар жұмыстарымен алмасып, олардың дұрыс орындалуын тексереді. Бұл оқушылардың жауапкершілігін жоғарылатады, өзінің жұмыстарымен жолдастарының жұмысына деген сыншыл қарым-қатынас дамиды. Жазбаша бақылау жұмысы тақырыпты немесе бөлімді меңгергеннен кейін тоқсанның немесе дылдың соңында жүргізіледі. Жазбаша бақылау жұмысы әр түрлі мақсаттардан: номерлеу білімін арифметикалық қасиеттермен ережелерін, белгілі бір тапсырмалардың шешуін, өлшеу сызу дағдыларынфигураларының қасиеттерін тексеруден тұрады. Тоқсандық немесе жылдық бақылау жұмысында математиканың әр түрлі бөлімдерінен сұрақтар қойылады. Ереже бойынша тоқсандық немесе жылдық бақылау жұмыстарында 10-12 мысалдармен тапсырмалар кездеседі. Төменгі сыныптардың бақылау жұмысына өлшеу мен құрастыруға арналған тәжірибелік жұмыстар, ал жоғарғы сыныптардың бақылау жұмысында сызу жұмыстары кездеседі. Білімді күнделікті және тематикалық(тақырыптық) тексеру кезіеде оқушыларға арнайы тапсырмалар берілуі мүмкін. Оқушы оқитын бағдарламалардың талабына сай оқушы жұмысы бағаланады. Мұғалім тақтада жазылған тапсырманың барлығын оқып, барлық сөзі түсінікті ме екенін анықтау қажет.

Дидактикалық материалдармен (палочкалар, есептеуіш) қолданатын балаларға бақылау жұмысы негізінде осы көмекші құралдармен қолдануға рұқсат ету қажет. Оқушы бақылау жұмысын мұғалімнің ешқандай көмегінсіз өз бетінше орындауы қажет.

Жұмысшы орындап болғаннан кейін оқушыларға тексеруге уақыт беру қажет.

Мұғалім бақылау жұмысын талдау кезінде қателерді сыныптағы әрбір оқушының қиыншылықтары мен олардың себептерін көрсетуі қажет.

Бақылау жұмысын сапалы талдау бақылау жұмысынан кейін болатын сабақта қателермен жұмысты жүргізуді дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылармен бірге ең көп қате жіберілген тапсырманы талдайды. Кейде мұғалімдерге көрнекіліктердің жаңа түрлерін қолданып қосымша түсініктер беругетура келеді. Кейде жеке оқушылармен сабақтан тыс уақытта қосымша жұмыс істеу талап етіледі.

Мұғалім оқушылардың математикалық білімін, іскерлік пен дағдысын ескере отырып баға қоюы қажет. Егер оқушылар баға не үшін қойылатынын нені білдіретінін түсінсе, онда оның тәрбиелік ролі зор. Түзету мектебінің 1-ші сыныбындағы оқушылар «5», «4», «3», «2» деген бағаның мағынасын түсінбейді. 1сынып оқушысы дәпттерде қызыл сиямен жазылған бағаға қоймас бұрын, оның мағынасын түсіндіру қажет. Өзінің және жолдастарының жауабын сыни түрде бағалауға үйрету өте маңызды болып табылады. 1сыныптан бастап жолдастардың жауабына оқушылардың назарын мынадай сұрақтар қою арқылы аудару қажет:

Дана бүршіктерді дұрыс санады ма? Ол қандай қателік жіберді? Қанат әрекетті дұрыс орындады ма? Қанатқа бестік деген баға қоюға болады. Камила бәрін дұрыс есептеді,бірақ сандарды әдемі жазбады.

Оқушылардың жазбаша жұмыстары мен ауызша жауаптарын бағалау кезінде тек интелектуалды ғана емес, сонымен қатар физикалық кемістіктерін ескеріп, әрбір балаға дифференциалды түрде ықпал ету қажет. Егер баланың сал ауруы, аяқ-қолы дірілдейтін, көз кемістіктері болған жағдайда әдемі жаза алмайды және бұл үшін оның төмендеуінің қажеті жоқ. Баға оқушылардың бір ғана жауабына емес, сабақ барысында орындаған жұмысына қарай, яғни сабақ сайын балл қойылып отырады. Бұл біршама әділ баға, өйткені сабақтағы көптеген жұмыс түрлеріне қойылады: үй жұмысын тексеру кезіндегі жауапқа, ауызша есепке, мысалдар мен тапсырмаларды өз бетінше шешуіне, тапсырманың шешімін түсіндіруіне және т.б.

Бір сабақ ішінде мұғалім өз бетінше жұмыс жасаған оқушыны және тақта алдында жеке сұралған оқушыны бағалауы тиіс. Бұл бағалар сабақ барысында қойылады. Арифметикалық диктант өлшеу мен сызу жұмыстарын жеке бағалау қажет. Оқушылардың білімін күнделікті тексеретін болғандықтан тоқсан ішінде оқушылардың көптеген бағалары болады. Тоқсанның соңында тоқсандық баға, ал жылдың соңында жылдық баға қойылады.

 

Лекция № 3.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных