Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәрістік сабақтар конспектісі




Тақырып 1. Кіріспе

Телекоммуникацялық сала қазіргі кезде әлемдегі ең үздік динамикалық дамушы салалардың бірі болып табылады, телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы берілетін ақпарат көлемі әрбір 2-3 жылда екі есеге өсіп отыр.

Сала әлемдік қауымдастықта өндірістік және экономикалық процестерді ауқымдаумен байланысты революциялық түрлендіруді басынан кешуде, бұған жаңа технологияның пайда болуы және дамуы әсерін тигізіп отыр: компьютерлік және телекоммуникациялық жүйелердің бірігіп қолданылуы; талшықты-оптикалық техниканы енгізу; ақпаратты беру, сақтау және өңдеудің цифрлық тәсілдері мен құрылғыларының дамуы септігін тигізіп отырғаны белгілі. Біртұтас ақпараттық-коммуникациялық жазықтық қалыптасып, мемлекет қызметінің саяси, экономикалық және қорғаныс салаларында оның ролі күшейіп отыр.

Азақстан Республикасының телекоммуникациялық саласы экономиканың ең үздік динамикалық даму үстіндегі, сәтті де, перспективалы саласына айналып отыр. Соңғы онжылдықта телекоммуникация рыногы елеулі өзгерістерді басынан кешірді, байланыс операторлары санының өсуі, көрсетілетін қызметтер спектрінің кеңеюі, байланыс кәсіпорындары табыстарының өсуі айғақ.

Саланың маңызды бөлігі мемлекет пен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Қазақтелеком» ұлттық операторы Қазақстанды әлемнің 230 елімен байланыстырып, шалғай шет елдердің 154 операторымен, ТМД және Балтия мемлекеттерінің 17-мен бірігіп жұмыс істейді.

 

 

Сурет 1.1 – Халықаралық желіні ұйымдастыру схемасы.

 

Негізгі телефондық аппараттардың телефондық тығыздығы Республика бойынша 100 адамға шаққанда 17 телефоннан, қалар бойынша – 24,4, ауылдық жерлерде – 7,2-ні құрайды.

Негізгі телефондар 2005 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша 2,55 миллиондай аппараттарды құраса, оның ішінде ауылдық жердегілерінің саны 467 мың ғана. Бұл көрсеткіштер экономикасы дамыған европа елдерінің көрсеткіштерінен әлдеқайда төмен.

Көрсеткен қызметтен түсетін табыстар құрылымында (2005 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет) халықаралық байланыс 25%-ды, сымсыз байланыс – 36,5%, жергілікті телефондық – 9,4%, Интернет торабына қатынас құру қызметі – 4,7%, радиобайланыс, радиохабарларын тарату, телевидение – 4%, почталық – 2,8%, телеграфтық байланыс –0,8%, басқа да қызмет түрлері – 16,7%ды құрап отыр.

1.2 суретте көрсетілгендей, табыстардың негізгі бөлігі сымсыз байланыстан, халықаралық, қаларалық телефондық байланыстардан түседі екен.

Рыноктағы алдыңғы орында сымсыз байланыс және қаларалық, халықаралық телефондық байланыстар қызметі тұр.

Сымсыз байланыстың динамикалық дамуындағы елеулі фактор – осы қызмет үлесінің (34,6%) жергілікті телефон (9%) байланысының 23,6%-ға дейінгі үлесіне дейін артуы. Интернетке қатынас құру қызметі жалпы рыноктың 3,7%-ын құрайды. Жаңа қызметтер (басқа да қызмет түрлері – 17%) де рынокта елеулі орын алып отыр.

Сурет 1.2 – 2010 жылдың қаңтар, ақпан айларындағы байланыс қызметтерінен түскен табыстардың құрылымы

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных