Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Несеп мүшелері

ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

 

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Несеп жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

 

 

 

 

Қарағанды 2014

 

 

Тақырыбы: Несеп жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

М ақсаты: Студенттерді несеп жүйесі мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың дамуы туралы мәліметтер беру.

Дәріс жоспары: 1. Несеп жүйесі мүшелерінің жалпы сипаттамасы және олардың организмдегі маңызы.

2. Несеп жүйесі мүшелерінің оногенезі және олардың дамуының ерекшеліктері.

3. Несеп шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы

4. Несеп жүйесі мүшелерінің даму ауытқулары

 

Несеп-жыныс жүйесі несеп мүшелері мен жыныс мүшелерін біріктіреді. Бұл мүшелер бір-бірімен өздерінің дамуы бойынша тығыз байланысты және де олардың сыртқа шығару өзектері жалпы бір несеп-жыныс түтігіне бірігеді (еркектердің несеп шығарғыш өзегі) немесе жалпы бір кеңістікке ашылады (әйелдерде қынаптың кіреберісі). Бірақ, оқып-үйренуге қолайлы болу үшін бұл мүшелер жеке-жеке қаралады.

Несеп мүшелері

Несеп мүшелері организмнен зат алмасудың суда еріген соңғы заттарын – тұздар мен азоттық қосылыстарды шығару қызметін атқарады. Несеп мүшелері, біріншіден, екі безден (бүйректер, олардың экскреті – несеп), екіншіден, несеп жиналатын және оны шығаратын мүшелерден (несеп ағарлар, қуық, несеп шығарғыш өзек) тұрады.

Несеп мүшелерінің онтогенезі. Жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда несептік жүйенің біртіндеп өсіп, күрделіленетін бір бастамадан емес, дәйекті түрде бір-бірін алмастыратын бірқатар морфологиялық түзілістер түрінде нефрогендік ұлпадан дамуы (басты бүйрек, алғашқы бүйрек, тұрақты бүйрек), олардың ерекшеліктері болып табылады.

Басты бүйрек немесе алдыңғы бүйрек. Адам ұрығында пронефрос өте тез жоғалып кетеді. Эмбрионда пронефростың түтікшелері дамудың 9-10 сомиттік сатысында (3-ші аптаның соңында) пайда болады. Барлық түтікшелер (шамамен 7 жұп) 7-ден 14-сомиттердің тұсында дамиды. Краниальді орналасқан түтікшелер, олар бірінші болып дамиды, соңғы түтікшелер пайда болғанша (4-апта) кері дами бастайды.

Пронефростың жолы оның түтікшелерінің дистальды ұштарының каудальды бағытта бір-бірімен біріккенше өсуінен пайда болады. Осының нәтижесінде үздіксіз түтік пайда болады. Ол каудальды бағытта өсіп, клоакаға жетеді де, онда ашылады. Сүтқоректілер мен адамның ұрықтарында пронефростың түтікшелері ешқашан қызмет атқармайды. Бірақ пронефростың жолы әрі қарай функциональды маңызға ие болып, мезонефроспен (алғашқы бүйрек) байланысады.

Алғашқы бүйрек ұрықта дамудың едәуір дәрежесіне жетеді. Оның түтікшелері тұрақты бүйрек пайда болғанша зат алмасудың азоттық қосылыстарын шығару қызметін атқарады. Мезонефростың түтікшелері пронефростың түтікшелері сияқты мезодермадан дамиды.

Адамның ұрығында мезонефростың түтікшелері бітеу көпіршіктер түрінде 4-аптаның ортасында пайда бола бастайды. Кешікпей түтікшелер пронефростың жолымен байланысады. Пронефростың түтікшелерінің кері дамып, олардың орнына мезонефрос түтікшелерінің пайда болуына байланысты, пронефростың жолы мезонефростың жолына айналады. Мезонефрос қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде оның алдыңғы түтікшелері пронефростың артқы түтікшелерін жауып тұрады. Бірақ көп ұзамай мезонефростың алдыңғы түтікшелері пронефростың түтікшелері тәрізді жойылып кетеді.

Жаңадан артқы түтікшелердің түзілуімен қатар алдыңғы түтікшелердің жойылуының нәтижесінде 4-9 апталық ұрықта мезонефростардағы түтікшелердің кеңейген бос ұшында екі қабат тостағанша жасап кіреді – гломерулалық капсула. Капсуланың ішінде артерия гломерула деп аталатын капиллярлар шумағын түзеді. Гломерулада негізінен сұрыптаулы сүзілу жүреді. Осының нэтижесінде түтікшелерге жеткілікті мөлшерде сұйық өтеді. Түтікшелер арқылы өтіп, сұйық олардың эпителиальдық клеткаларының әсеріне ұшырайды. Бұл клеткалар белгілі химиялық заттарды кері сорады, мысалы тұздарды, қантты, сөйтіп оларды қанға кері қайтарады, бұлармен бірге қанға көп мөлшерде су да қайтады. Нәтижесінде азотты және басқа да зат алмасудың байланыстарының концентрациясы жоғарылайды.

Сонымен, алғашқы бүйрек шығарғыш жолының қызметін атқаратын тұңғыш секреттік мүше болып табылады. Метанефрос (тұрақты бүйрек) қалыптасқаннан кейін, мезонефрос бөліп шығарғыш мүше ретінде өзінің қызметін доғарады.

Тұрақты бүйрек екі бастамадан дамиды: ол мезонефрос жолының ұлпасынан және мезонефростан каудальды орналасқан мезодермадан. Әуелі мезонефрос жолының томпаюы, метанефростық дивертикул пайда болады. Ұзындығы 5-6 мм ұрықта бұл дивертикулды мезонефрос жолының клоакаға кіретін жерінде бүршік тәрізді томпаю түрінде пайда болады. Пайда болысымен бұл дивертикулдың бітеу ұшы кеңееді де, кейіннен бүйректің түбегін береді. Мезонефрос жолының маңында қалатын бөлігі жіңішке күйінде қалады да, кейінде несеп ағарды береді.

Метанефростық дивертикулдың өсуімен бірге оның дистальды ұшының айналасында мезодерма шоғырланады да, онымен бірге краниальді бағытта орын ауыстырады. Мезодермадан тұрақты бүйректің бөлгіш (шығарғыш) түтіктері пайда болады. Сондықтан бұл мезодерманы метанефрогендік ұлпа деп атайды.

Өзінің краниальды бағытта қозғалысы кезінде метанефростың бастамасы көлемі жағынан тез ұлғайып мезонефросты ығыстырады. Осымен қатар метанефростың ішкі дифференциялануы жүреді. Дивертикулдың астаулық ұшы қоршаған метанефрогендік мезодермаға кіріп краниальды және каудальды бағыттарда үлкен тостағаншалар деп аталатын өсінділер береді. Кешікпей олар кіші тостағаншаларға тармақтанады. Әрбір кіші тостағаншаның ұшынан көптеген өсінділер басталып, қоршаған түтікшелерін береді.

Туу қарсаңында бүйректің ортасы бірінші бел омыртқаның, кейде 12-кеуде омыртқасының деңгейіне шейін көтеріледі.

 

ҚУЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН КЛОАКА МАҢЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

 

Алғашқы артқы ішектің өсіндісі ретінде аллантоис пайда болғаннан кейін (3 апта), ішектің бұл өсіндіден каудальды орналаскан бөлігі кеңіп клоакаға айналады. Клоакалық кеңею пайда болған сәтте артқы ішек әлі бітеу болады, бірақ оған бағытталған эктодермалық батыңқы тереңдік бар. Ол клоакадан клоакалық жарғақпен бөлінген. Кейінірек бұл жарғақ тесіліп, ішектен каудальды шығатын жкр пайда болады. Клоакалық тесік пайда болған уақытта маңызды ішкі өзгерістер жүреді – клоака екіге бөлінеді: тік ішекті беретін дорзальды және несеп-жыныстық қойнау деп аталатын вентралды бөліктерге. Клоаканың толық бөлінуі жарғақтың тесілуінен бұрын жүреді де, оның екі бөлігі жеке-жеке ашылады.

Мезонефростардың жолдары клоаканың краниальді бөлігінің екі жағынан келіп шығады. Клоака бөлінгеннен кейін мезанефростардың жолдары аллантоисқа ашылатын болып шығады.

Сонымен, мезонефростың жолдары жаңадан пайда болған несеп-жыныс қойнауына ашылады, ал ол аллантоиска жалғасады. Аллантоистың проксимальды бөлігі кеңіп, қуықты береді.

Аллантоистың кіндікке баратын ұшы біртіндеп кері дамиды да, несептік жолды береді. Құрмақтық дамудың соңына қарай қуысы бңтеліп, қуықтың ұшынан кіндікке дейін созылып жатқан эпителийлік тартпа пайда болады. Ол ортаңғы кіндіктік жалағама деп аталады.

Несеп-жыныстық қойнаудың мезонефростық жолдардың ашылатын жерлерінен төменгі бөлігі жіңішке күйінде қалады да, несеп шығарғыш өзектің бастапқы бөлімін береді.

Несеп шығарғыш өзектің құрылысы жынысқа байланысты болғандықтан, оның дамуын және даму аномалияларын сыртқы жыныс мүшелерінің дамуымен бірге қарастырған жөн.

Бүйрек, құрсақ қуысының артқы қабырғасында іштіктің артында жатқан қос, несеп бөліп шығаратын, экскреттік мүше. Бүйректер соңғы кеуде және жоғарғы екі бел омыртқаларының деңгейінде омыртқа жотасының бүйір беттерінде орналасқан. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен орта есеппен 1-1,5см төмен орналасқан (жоғарғы жағынан бауырдың қысымына байланысты).

Қ ұ р ы л ы с ы. Бүйректің ұзына бой кесіндісіне оның қуыстан және қойнауды қақпадан басқа барлық жағынан қоршап жатқан бүйрек затынан тұратынын байқауға болады. Бүйрек заты қыртыстан және милық заттан тұрады.

Қыртыстық зат мүшенің шеткі қабатын алып жатады, оның қалыңдығы 4 мм шамасында. Милық зат конус тәрізді, бүйрек пирамидалары деп аталатын құрылымдардан тұрады. Пирамидалардың табаны мүшенің сыртқы бетіне, ал ұшы бүйректің қойнауына қараған. Бірнеше пирамидалардың ұштары қосылып, еміздікшелер деп аталатын дөңгеленген төмпешіктер түзеді. Еміздікшелердің саны орта есеппен 12. Әрбір еміздікшенің ұшында уақ тесіктері бар. Бұл тесіктер арқылы несеп жолдарының алғашқы бөлімдері – бүйрек қойнауында орналасқан тостағаншаларға бөлінеді. Қыртыстық зат пирамидалардың арасына кіреді де, бүйрек бағаналары деп аталады.

Бүйрек – түтіктері несептік немесе бүйректік өзекшелер деп аталатын күрделі түтіктік без (экскреттік, бөлгіш мүше). Бұл өзекшелердің бітеу ұшы екі қабат қабырғалы қапшық түрінде қан тамырларының капиллярлар шумақтарын қаусырып жатады. Әрбір шумақ тостағанша тәрізді терең шұңқырында жатады және екеуі бірге бүйректің денешігін береді. Қапшықтан ирек өзекше басталады. Ол қапшық және шумақпен бірге қыртыстық затта жатады. Одан кейін өзекше пирамидаға өтеді, онда ілмегін түзіп қыртыстық затқа қайтып келеді. Несептік өзекшенің соңғы бөлімі – қосқыш бөлім жинағыш түтікшеге барып ашылады. Бір жинағыш түтікшеге бірнеше бөлім ашылады, ал ол өзі тік бағытпен қыртыстық зат арқылы пирамидаға өтеді. Тік жинағыш түтікшелер біртіндеп бір-бірімен қосылып, 15-20 қысқа жолдар түзеді.

Бүйрек денешігі (қапшық пен шумақ) – ирек өзекше ілмегі, қосқыш бөлім бүйректің құрылым-қызметтік бірлігі – нефронды береді. Нефронның қызметі – несеп түзу: шумақтың эндотелі арқылы несепті құратын су мен минералды тұздар, ал ирек өзекшенің эпителі арқылы органикалық заттар бөлінеді. Әр бүйректе жиынтығы бүйрек затының негізін құрайтын бір миллионға жуық нефрон бар.

Бүйректер арқылы тәулігіне 200л жуық алғашқы несеп сүзіледі де, кері сорылудың нәтижесінде 1,5-2л ақырғы несеп түзіледі.

 

БҮЙРЕК ТҮБЕГІ, ТОСТАҒАНШАЛАР ЖӘНЕ НЕСЕПАҒАР

Несеп қуыққа жеткенше кіші, үлкен тостағаншалар, бүйрек түбегі және несепағар арқылы өтеді.

Кіші тостағаншалар – саны 8-9, бір ұшымен 2-3 емізікшелерді қаусырып, екінші ұшымен үлкен тостағаншалардың біреуіне ашылады. Үлкен тостағаншалар әдетте екеу – жоғарғы және төменгі. Үлкен тостағаншалар бүйрек қойнауының өзінде қосылып, бүйрек түбегін түзеді. Бүйрек түбегі қақпадан бүйрек тамырларының артынан шығады да, төмен қарай иіліп, несепағарға жалғасады.

Несепағар – ұзындығы 30см, диаметрі 4-7мм түтікше. Несепағар түбектен басталып, тікелей іштіктің артында төмен әрі медиальды бағытта астау қуысына барады. Астау қуысында ол қуықтың түбіне барады да, оның қабырғасын қиғаш бағытта тесіп өтеді. Несепағардың өң бойында түбектен бастап, құрсақ, астау қуысындағы бөлімдерін ажыратады.

Тостағаншалар түбек және несепағар бүйректің экскреттік (шығарғыш) жолдарының макроскопиялық көрінетін бөлімін құрайды.

Қ у ы қ несептің жиналатын орны болып табылады. Одан несеп несеп шығарғыш өзек арқылы мезгіл-мезгіл сыртқа шығарылады. Қуықтың сиымдылығы орта есеппен 500-700мл және ол әр адамда әр түрлі. Қуықтың пішіні және оның көрші мүшелерге қатысты орналасуы мүшенің толуына сәйкес өзгеріп отырады. Қуық бос болғанда ол түгелдей кіші астау қуысында қасағалық қоспаның, артында жатады; артқы жағында оны тік ішектен, ер адамдарда тұқымдық көпіршіктер мен тұқым шығарғыш жолдардың соңғы бөлімдері, ал әйелдерде жатыр мен қынап бөліп тұрады. Қуық несеппен толғанда, оның жоғарғы жағы өзінің пішіні мен көлемін өзгертіп, жоғары көтеріледі, қуықтың өзі жұмыртқа тәрізді пішінге ие болады. Оның төменгі кеңіген және бекіген бөлімі – түбі, төмен және артқа қараған; ал мойын, жіңішкеріп несеп шығарғыш өзекке жалғасады; үшкірленген ұщы іштің алдыңғы қабырғасының төменгі бөліміне жанасып жатады. Ұшы мен түбінің арасында жатқан бөлімі қуықтың денесі деп аталады.

 

Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

негізгі:

А.А Идрисов.Адам анатомиясы: Атлас Т.1.: Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана: Адам анатомиясы: Атлас Т.2.: Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

Адам анатомиясы. Атлас: тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана: Сарыарқа

1 том. – 2011

Адам анатомиясы: Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы: Атлас / [et al.]; ред.. - Астана: Фолиант Т.2.: Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010

қосымша:

Т. Смит Адам денесі: суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия: Атлас структур, срезов и систем 2008

Адам анатомиясы: Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана: Сарыарқа, 2008.

Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы: Кітап баспасы

Т.3: Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.

"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы: оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова; КГМУ. - Қарағанды, 2010.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жүректің дамуының заңдылықтары. | Жыныс мүшелерінің онтогенезі


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных