Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс жоспары




1) Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы, оның қажеттілігі

2) Макроэкономикалық тепе-теңдік және оны қамтамасыз етудегі қаржының рөлі

3) Нарықтық тепе-теңдіккке салықтардың әсері

 

Қоғамдық өндірісті қажетті бағытта дамытуда мемлекет тарапынан түзету мемлекеттік қаржылық реттеу арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық реттеудің алғышарттары негізінде мыналарды қарастырады:

Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарын есепке алу;

Қоғам дамуы және оның мүшелерінің түпкі мүдделерін анықтайтын ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламаларын жасайды;

Халықтың түрлі әлеуметтік, ұлттық, кәсіби топтарының мүддесін еркін білдіретін демократиялық ой-пікір жүйесінің болуы.

Елімізде шаруашылық іс-әрекетті жүргізуді норма және ережелерден ауытқуды ескеретін заңдармен нормативтік актілерді орындауды қамтамасыз ететін тиянақты жүйенің болуы.

Мемлекеттік қаржылық реттеудің нәтижелілігі оны белгілеудің шарттарын орындау кезінде тиісті мақсатқа жеткізеді. Ондай шарттарға мыналар жатады:

а) экономикалық құрылымдық қайта құрылуы технологиялық шектермен жүзеге асырылады: табиғат ресурстарын алуда өндіруден тұтыну тауарларын жасауға дейін ауытқиды;

б) басқарудың және меншік нысанын барлық деңгейдегі шаруашылық процесстердің және құрылымдардың демонополизациясы,

в) заңға қайшы емес нарықтық және коммерциялық іс-әрекеттер еркіндігі мен барлық шаруашылық субъектілердің және барлық меншік түрлерінің шынайы негізінде бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту;

г) жоғарғы шарттардан туындайды: қозғалғыш өндіріс факторларының кедергісіз қозғалысы мүмкіндігі салалары арасында өндіріс, территория, мемлекет шекаралары, сонымен қатар бірнеше мемлекеттік бір интеграциялық кеңістік шегінде экономикалық кеңеске бірігуі.

Мемлекеттік реттеу жүйесін типтерге, бөліктерге, түрлерге, формалар мен әдістерге бөлу маңызды.

Типтер мыналардан тұрады: экономикалық және әкімшілік. Экономикалық реттеу типінде мынадай бөліктер ерекшеленеді: қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, сонымен қатар еңбекті төлеу.

Қаржылық реттеудің түрлері: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюталық - қаржылық, ішкі шаруашылық (фирма ішіндегі ұйым, коорпорация және т.б. кәсіпорындар шегінде).

Реттеу нысандары көрсетілген түрлерде анықталынады. Олар қаржылық субкатегорияның түрі және барлығына ортақ: мысалы, бюджеттік түрде нысан болып қаржыландыру (субвенция, субсидия, трансферттер), салықта - тікелей және жанама салық салу, валюталық қаржыда - сыртқы инвестициялау, сыртқы заем және қарыз. Мемлекеттік несиенің әр түрлі нысандары бар.

Жалпы нысаны жоспарлау болып табылады.

Жіктеудің ең көптүрлі элементтері болып реттеу әдістері саналады. Олар жекеленген нысандар үшін арнаулы болады (мысалы, салықта қойылым әдісі, заемдарда конверсия) немесе бірнеше нысанда пайдалану үшін (мысалы, бюджетте және қаржылық жоспарда баланстық әдіс, шаруашылық субъектілерінің қаржылық жоспарларында, осы нысандарда резервтердің құрылуы, әр түрлі нысандар мен түрлердегі индексация әсері және т.б.) әдістер дербес әдістер мен тәсілдер бола тұра реттеу жүйесінің қозғалғыш және өзгергіш элементтері болады. Мысалы, салық салуда санкциялар, табыстарды декларациялау, мүлікте активтерді жеңілдету, аванстық төлемдер және т.б. қолданылады. Бюджеттік қаржыландыруда - шығындарды нормаға келтіру, қаржыларды пайыздық аудару, бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері, бюджеттік артықшылық және т.б. пайдалану.

Валюталық қаржылық реттеуде негізгі әдістер болып мыналар табылады:

1) валюталық бағам;

2) ақшалай капиталға пайыздық қойылым;

3) халықаралық төлем құралдарының және бағалы қағаздардың бағамдары;

4) валюталық тәуекелділікті сақтандыру әдістерінің көптүрлілігі.

Ішкі шаруашылық реттеуде коммерциялық немесе шаруашылық есеп айырысу, қаржыларды нормаға келтіру, қаржылық қорларға алу нормативтері және оларды пайдаланудың әдістері қолданылады. Қаржылық реттеу жүйесінің элементтері - түрлері, нысандары әдістері - қабылданған бағытта экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге арналған. Нарық жағдайында реттеудің жанама әдістеріне баса көңіл бөлінеді. Мемлекет шаруашылық процестің барлық қатынасушыларына жалпы қызметтің шарттары мен ережесін бекітеді, артықшылықты қызмет саласына - преференциалды: бұл - салықтар, олардың қойылымы, қаражаттарды бөлу көлемдері, субвенция, жеңілдіктер, тарифтер, бекітілген бағалар, ақша-несие, валюта, кедендік және әлеуметтік реттеу нормативтері. Осы басты ықпал ету индикаторлары негізінде екінші сұраныс және ұсыныс тепе-тендігі сипатымен жүргізілетін: еркін бағалар, несиеге пайыз қойылым, валюталық бағам, әр түрлі қорларды құру нормативтері және оларды шаруашылық субъектілерде пайдалану, реттеудің нарықтық бағытталған элементтері құралады.

Алайда реттеудің жанама элементтерінің қызметі мемлекет тарапынан тікелей, директивті әдістермен толықтырылуы мүмкін, әсіресе алдағы белгіленген бағыттан ауытқыған кезде.

Қолданылатын элементтер - реттегіштер, бүтін экономикалық механизмде тығыз байланыста қызмет етеді; сондықтан мемлекет, қаржы, ақша-несие саясатын белгілегенде қоғамның экономикалық деңгейін, әлеуметтік жағдайын ескеруі керек және экономикалық, әлеуметтік мүдделерге әсер етуі үшін белгілі бір түр, нысан, әдістерді таңдағанда қоғамнын дамуының стратегиялық және жедел мақсаттарын дұрыс анықтаған жөн.

Әлеуметтік - экономикалық процеске әр түрлі нысан мен әдістердің, жанама да, тікелей де есер етуі олардың қаржылық түріне ие. Мұндай әсер етудің мақсаты экономикалық өсумен бірге жүретін ұлттық шаруашылық эволюциясы, әлеуметтік-экономикалық жүйенің арнайы, уақытша кезеңдерінде қызмет етуіндегі әлеуметтік саланың дамуы болып табылады.

Макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайы маңызды экономикалық көрсеткіштердің тендігін көрсетеді, олар:

1) сұраныс пен ұсыныс;

2) тауар мен ақша массасы;

3) жинақ және инвестиция;

4) инфляция және жұмыссыздық;

5) еңбек өнімділігі және оны өтеу;

6) қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері, мемлекеттік бюджет кірістері мен шығындары;

7) бюджет тапшылығы және оларды жабу;

8) төлем балансының активі және пассиві.

Қаржы теориясын "мультипликатор" деген ұғым мемлекеттік қаржылардың өндіріске әсерін, ұлттық өнім көлемімен өлшенетінін түсіндіру үшін пайдаланылады.

Мультипликатор тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) анықтамасынан екі әдіспен шығады:

1) шығын бойынша, яғни барлық өндірілтен өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығындарының жиынтығы;

2) табыс бойынша (немесе бөлу), яғни субъектінің өнімді өндіруден алатын табысы бойынша.

Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ (GNP) келесі

формуламен жазылады:

GNP =С+Іg+G+Хn;

С - үй шаруашылықтарының немесе мемлекеттің барлық халқының тұтыну шығындарының көлемі;

Іg - жалпы және ішкі инвестациялар;

G - мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуы (трансферттік төлемдерді қоспағанда);

Хn - таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан артық болуы.

ЖҰӨ барлық табыстар саласы бойынша есептеу келесі элементтерді қосумен анықталады:

1) тұтынғанкапитал көлемі (амортизация);

2) бизнестегі жанама салықтар;

3) жалданған жұмысшылардың жалақылары;

4) ренталық төлемдер;

5) пайыз (жеке бизнестің ақшалай табысын, ақша капиталын жеткізушілерге төлеу);

6) жеке меншіктен табыс (жеке салымдардан);

7) корпорациялар табыстары (осы табыска салық, дивиденд, бөлінбеген пайда жатады).

Одан әрі ЖҰӨ-нен таза ұлттық өнім бөлінеді (ТҰӨ), ол ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға жұмсалған шығындар (амортизациялық) айырмасы.

Инфляция немесе дефляцияны есепке алатын ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ көрсетеді.

Кейнсиандық үлгіде шығындардағы өзгерістер деп өндіріс көлемі, табыс және жұмысбастылық арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі. Өндірістің тепе-теңдік деңгейі - осы өнім көлемін сатуға кететін шығындарды қамтамасыз ете алатын өндіріс көлемі немесе ТҰӨ тепе-теңдік деңгейінде жалпы сатылған тауарлар көлемі, барлық сатып алынған тауарлар көлемі, барлық сатып алынған тауарлар көлеміне тең (С+ Іg + G +Хn).

Осыған байланысты, тепе-теңдіктің бұзылуы болып жалпы шығындардың жалпы өндіріс көлемінен асуы табылады, ол соңғысының өсуіне әкеледі; кез келген жалпы шығындардың жетіспеушілігі ТҰӨ азайтуға әкеледі. Сызбада бұл жағдай координаттар жүйесінде көрсетілген, онда ОД биссектрисасы табыстар мен тұтынудың немесе нақты ТҰӨ және шығындардың тепе-тендігін көрсетеді, яғни горизонтальды осьтегі бұл сызықтың кез кслген нүктесіндегі көрсеткіштер вертикальды осьте жатқан (жалпы шығындар) көрсеткіштеріне тең. Жиынтық шығындардың ерекше бөлігін С элементі алып жатыр, ал оның горизонтальды оське иілу бұрышы тұтыну деңгейін анықтайды: бұрыш 45% жақын болған сайын, үй шаруашылығының тұтынуы өсе береді. Вертикаль бойынша биссектриса және тұтыну сызығының әртүрлілігі жинақ көлемін көрсетеді (олардан инвестиция қаражаты құрылады).

Биссектрисаның шығындар сызығы С, Іg, G, Хn қиылысу жүйесінің тепе-тендігі - шығындар – ТҰӨ жағдайын сипаттайды. Сонымен бірге, шығындардың әрбір элементінің қосылуы тепе-теңдік нүктесін оңға жылжытады, ол ТҰӨ өлшенетін ұлттық өндірістің өсуін көрсетеді.

Берілген үлгі сызбасындағы ерекшелік - шығындарды өсіру, мысалы аб, ұлттық өнімді үлкен көлемге –QQ1өсіреді.

 

Ұлттық өнім-жинақ шығындар жүйесіндегі макроэкономикалық

тепе-тендіктің өзгеруі

 

Бұл әсер өндіріс көлемінде қарастырылған шығындардың мультипликативті ісімен көрсетіледі, ал құбылыстың өзі мультипликатор деп аталады. Оның мәні - экономика үшін шығындар мен табыстардың үздіксіз, қайталанып тұратын құбылыстарға тән, онда бір экономикалық агент шығындаған ақша қаражаттарын екіншісі табыс түрінде алатын тізбектелген реакция орын алады. Бұл әрбір ауысқан сайын кеми бергенімен, Таза Ұлттық Табыстың бірнеше өзгерісіне әкеледі. Кему процесі экономикалық агент табысының бөлігінін тұтынылмауымен, бірақ жинақталуымен сипатталады. Неғұрлым табысқа жинақ аз болса, соғұрлым әрбір циклде шығын көп және сәйкесінше мультипликатор да жоғары.

Мультипликатордың сандық мәні. Таза Ұлттық Өнімді шығындардағы өзгеріс өсімі қаншаға өсіретінін және керісінше - шығындардың кемуі ұлттық өнімнің мультипликаторға еселік әсерін көрсетеді.

Мультипликатордың қызметінің негізделуі "жинақтауға шекті бейімділік" - МРS ұғымымен анықталады және "тұтынуға шекті бейімділік" - МРС. Бірінші жағдайда, бұл қатынас табыс өзгерісіне жинақ өзгерісін, екіншіде - табыс өзгерісіне тұтынудың өзгерісі қатынасын білдіреді. Бұдан шығатыны: мультипликатор мағынасы мына қатынастардан

Мультипликатор құбылысы дискрициондық фискалдық саясат өткізудс пайдаланылады, онда мемлекеттік шығындар мен салықтарды ұлттық өндіріс пен жұмысбастылықтың нақты көлемін өзгертуге саналы әсер ету, экономикалық өсу мен инфляцияны бақылау қарастырылады.

Салықтар тұтыну көлемінің азаюына және тепе-тендік Таза Ұлттық Өнім көлемінің азаюына әкеліп соғады. Дәл осындай әсерді өндіріс көлеміне (салықпен бірге) жинақ пен импорт көрсетеді. Барлығы бірге табыс - шығын жүйесінің ағынын көрсетіп, ішкі тұтынуды қозғамайды.

Тұтыну азайып, шығындар инвестициямен, экспорт және мемлекеттік сатып алуларымен толтырылады.

Салықтың азаюы жинақ шығындарының және Таза Ұлттық Өнімнің еселеп өсуіне, графиктің жылжуына әкеліп соғады. Осылайша салық мультипликаторының кері қызметі көрінеді.

Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы болып табыстың тұтыну компоненттерінен тәуелділігі табылады, яғни ол:

mt=ТхМРС

мұнда: Т - салық төлемдерінің мөлшері.

Осылайша, салықтық мультипликатор мемлекеттік шығындар мультипликаторынан аз. Сәйкесінше, мемлекеттік шығындардағы өзгерістер салықтың сондай өзгерісіне қарағанда шығын жинағына көбірек әсер етеді. Шығын және салық мультипликаторының бұл ерекшеліктері балансталған бюджет мультипликаторының феноменіне әкеледі. Мұнда мемлекеттік шығындар және салық салу Таза Ұлттық Өнімді сондай мөлшерге өсуге әкеледі. Мысалы, егер Т және G 10 млрд. теңгеге өседі. Осылайша, балансталған бюджет мультипликаторы бірлікке тең: me=me+mt=1.

Негізгі ұғымдар: экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу, нарықтық тепе-теңдік,

Иллюстрациялық материал: сызба - сурет, формулалар






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных