Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Болат пен шойынның термиялық өңдеуінің технологиялық процессі




Металдар мен металл қорытпаларының физика-химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды термиялық әдіспен өңдейді.Термиялық өңдеудің кез келгені қыздыру,белгілі бір температурада ұстап тұру,суыту сияқты үш кезеңнен тұрады.

Металдың қыздыру температурасы мен суыну жылдамдығын өзгерту арқылы оның структуралық өзгеріс жылдамдығын арттыруға немесе кемітуге болады. А.А.Бочвардың еңбектері бойынша термиялық өңдеудің барлық түрі бес топқа бөлінеді:1.бірінші күйдіру, 2.екінші күйдіру,3.шынықтыру,4.жұмсарту,5.химия-термиялық өңдеу.

1.Алдын-ала деформацияланған металды рекристалдандыру (қайта кристалдандыру) температурасынан (tрек=0,4Тs) жоғары температураға дейін қыздырып,сол температурада белгілі уақыт ұстап тұрып суытуды бірінші реттік күйдіру (отжиг 1-го рода) немесе рекристалдандыру (қайта кристалдандыру) деп атайды.Термиялық өңдеудің бұл түрі суық күйде өңделген (штамптау,созу,соғу т.б) детальдарды жұмсарту үшін қолданылады.

2.Металды фазалық өзгерту температурасынан (кризистік нүкте) жоғары температураға дейін қыздырып,сол температурада белгілі уақыт ұстап тұрып суытуды екінші реттік күйдіру (отжиг 2-го рода) немесе металдың физикалық қайта кристалдануы деп атайды.Термиялық өңдеудің бұл түріне қойылатын негізгі шарт өнделетін металдың фазалық өзгерісі немесе кризистік нүктеден жоғары температураға дейін қыздыру болуға тиіс.

3.Металды физикалық өзгерту температурасынан жоғары температураға дейін қыздырып, сол температурада белгілі уақыт ұстап тұрғаннан кейін үлкен жылдамдықпен суытуды шынықтыру ( закалка) дейді. Шынықтыру екінші реттік күйдіру сияқты, айырмасы тек онық фазалық өзгеріс нүктелері бар металдарға ғана қолданылатындығанда. Шынықтырған метал теңсіздік (тұрақсыз) күйге келеді. Болат, шойын, дюралюминий, қола сияқты қорытпаларды шынықтыру арқылы олардың беріктік, қаттылық, үйкеліске беріктік қасиетерін жоғарылатуға болады.

4. Металды фазалық өзгерту температурасынан төмен температураға дейін қыздырып, сол температурада біраз уақыт ұстап тұрғаннан кейін баяу жылдамдықпен (әдетте ауада) суытуды жұмсарту (отпуск) дейді.

Жұмсартылған металл теңсіздік күйден тепе-теңдік күйге өтіп, оның қаттылығы мен беріктігі төмендеп, пластикалық қасиеті жоғарылайды.

Металды теңсіздік күйден тепе-теңдік күйге өткізетін процесстер қалыпты температурада да жүруі мүмкін. Металдың өздігінен жұмсаруы оның табиғи ескеруі (естественное старение), ал оның төменгі температураларда (1000 – 1500 С) жұмсаруы жасанды ескеруі (искусственное старение) деп аталады.

5. Қалыпты немесе жоғары температурада, диффузия құбылысы арқылы металдың сыртқы қабатының химиялық құрамын өзгертуді химия-термиялық өңдеу деп атайды. Өндірісте термиялық өңдеудің бұл түрінің цементтеу, азоттау, циандау, алитерлеу деген т.б. түрлері қолданылады.

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных