Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Р экономикасын реформалау кезеңдері




Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарланған, аралас нарықтық экономикаға көшуі, ТМД-ның басқа елдері сияқты эволюциялы-реформаторлы сипатқа ие.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуінің басты мәселелері:

1.Мемлекет меншігін мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Мемлекет иелігінен алу дегеніміз мемлекеттен экономиканы тікелей мемлекеттік басқару функциясын алып тастау, меншікті жекеменшікке беру, жекешелендіруді білдіреді.

2.Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік тобын құру (10- 15% еңбекке қабілетті халықтың жалпы санынан).

3.Тауар және қор биржаларын, сондай-ақ нарықтың әр түрлерін құру сияқты нарықтық инфрақұрылымды құру.

4.Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында экономиканы демонополизациялау.

5.Бағаларды бейтараптандыру, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаларға көшу.

6.Экономиканың тұрақтылығы, қаржылық-экономикалық тұрақтылық.

Халықтың әлеуметтік қорғанысының мықты жүйесін қамтамасыз ету дегеніміз мемлекеттің абсолюлютті жеке меншікті монополиясын жеңуді білдіреді. Мемлекеттік меншік үлесі азайып, 30 – 40 пайыз шамасында болады.

Экономикалық қатынастар трансформациясының процесін қарастыра отырып, дағдарысқа қарсы басқарудың келесі кезеңдерін қарастыруға болады.

Болжамдық ретінде сипаттауға болатын бірінші кезең (1989-1991 жж.) әлеуметтік–экономикалық дамудың жалпыодақтық бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. Ол, жоғары нарықтық бағалар бойынша, өнімді өткізумен айналысатын кооперативтер иелерін құрумен, әкімшілік–жоспарлық жүйенің негізгі ережелерін үйлестіруге ұмтылуға негізделетін бұрыңғы әлеуметтік–экономикалық және шаруашылық жүйені сақтап қалу ұмтылысымен сипатталады. Тәжірибеде дағдарысқа қарсы басқару әдістемесінің болмауы, аталмыш басқарудың жекелеген әдістері мен тетіктерінің жүйесін пайдалануға әкелді, ол өз кезегінде барлық халықшаруашылығындағы ұдайы өндіріс процесінің тұрақтылығын қалпына келтіре алмады.

Екінші кезең (1992-1993 жж.) кәсіпорындардың өндірістік –шаруашылық іс-әрекетін басқару формалары мен әдістерін күрделі түрде өзгертпей, бұрыңғы салалық министрліктерді акционерлеу процедурасын рәсімдеу жолымен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру процесіндегі, ұлттық институционалдық қайта құрулардың басталуымен сипатталды.

Үшінші кезең (1993ж. 15 қарашасынан 1996ж. аралығы) ұлттық валютаны енгізумен және монетаристік әдістәсілдермен оны нығайтуға ұмтылыстан басталды. Инфляцияға қарсы саясатты күшейту, жағымсыз салалармен қатар жүреді, өйткені несиелердің қымбаттауы, техникалық қайта жаңарту мен экономика субьектілерінің көптеген бағдамаларын, сондай-ақ инвестициялық жобалардың көбісін қысқартуға әкеледі.

Төртінші кезең (1997-1999жж) әлемдік нарықтардағы конъюнктурада тәуелді экономиканың тұрақсыздығымен сипатталады. Республика экспортының шикізаттық мамандануы, экономиканы әлемдік конъюнктураға тәуелді етіп, әлемдік нарықтың өзгеріп отырған жағдайларына жылдам бейімделу мүмкіндігін шектеді.

Бесінші кезең (1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін) экономикалық өсімнің тұрақтылығымен байланысты. Тұрақты өсу траекториясына шығу баланстанған әлеуметтік-экономикалық дамуға бағдарланған үйлесімді әдістеме элементтерін пайдалану нәтижесінде мүмкін болды. Үйлесімді әдістеме ұзақ мерзімді дағдарысқа қарсы саясатты айқындайды, сонымен қатар макроэкономикалық, жағдайлық тәсілдемелердің әдістері мен механизмдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Стратегиялық мақсаттың қалыптасуы дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастырумен, әлеуметтік-экономикалық даму процесінің тұрақтылығын күшейтеді.

 

Өзін - өзі тексеруге және қайталауға арналған тестілік сұрақтар:

 

1. Өтпелі қатынастардың бірінші тобының қозғалысы мыналармен байланысты:

а) еңбек кооперациясын бөлу мен арттыруды тереңдету;

б) меншік формасының ауысуы;

в) әлеуметтік саладағы қайта құрулар;

г) саяси саладағы қайта құрулар;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

 

2. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің біріктірілетін қызметтері (F) болып табылмайды:

а) әміршіл экономика жағдайындағы мемлекеттің қызметтері;

б) бұрынғыдан бас тарту және жаңа құқықтық орта құрумен байланысты қызметтер;

в) нарықтық экономиканы реттеу қызметтері;

г) бұрынғыдан бас тарту және жаңа нарықтық орта құрумен байланысты қызметтер;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

 

3. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің реттеуші және шоғырландырушы ролінің күшеюі мыналарды қамтымайды:

а) жағдайлық мемлекеттік басқарудан бағдарламалық – мақсаттық және стратегиялық басқаруға өту;

б) адамның азаматтық және жеке еріктерінің базасын сынау;

в) жеке меншікті мемлекттік қорғау;

г) адекватты құқықтық базаны құру;

д) қылмыспен күрестің басымды бағыттары.

4. Әміршіл - әкімшіл экономиканың нарықтық экономикаға өту шығындарына мыналар жатады:

а) салық салу жүйеісінің шығындары;

б) экономикалық дағдарыстың күшеюі;

в) әлеуметтік тәелсіздіктің күшеюі;

г) аномия мәселесі және «көзделмеген жағдайлар» ықпалының күшеюі;

д) жауаптардың барлығы дұрыс.

5. Аномия құбылысының мәні мынада:

а) нормативтік жүйелердің қүұлдырауы;

б) заңды және дәстүрлі тәртіптің бұзылуы;

в) заңдардың жаңадан құрылған жүйесі бірден үйлесімді бола алмайды;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных