Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемелекеттің фискалдық саясатының мәні




Фискалдық саясат, яғни мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығыстар жәнесалық салу арқылы экономиканы тұрақтандыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттері болып саналады. Мемлекеттің қаржы саясаты өндірісті өркендету, жұмыспен қамтуды көбейту немесе инфляцияны төмендету саясаты болып саналады.

Мемлекет фискалдық саясаты экономиканы тұрақтандыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Экономиканың құлдырау кезеңіндегі демеуші фискалдық саясат қолданылды. Ол өзіне: мемлекеттік шығыстардың көбеюін, салықтардың төмендеуін немесе екеуінің үйлесімділігін енгізуі тиіс.

Фискалдық саясаттардың бірнеше түрлері бар, олар: дискрециялы фискалдық саясат, дискрециялы емес фискалдық саясат, экономикалық цикл барысындағы фискалдық саясат, ашық экономикадағы фискалдық саясат, ұсынысқа бағдарланған фискалдық саясат.

Мәселен, дискрециялы фискалдық саясат – бұл, ұлттық өндіріс және жұмыспен қамтылудың нақты көлемін өзгерту, инфляцияны және экономикалық өсудің жеделдеуін бақылау мақсатында, салықтармен және үкімет шығыстарымен саналы түрде үстемдік ету.

Дискрециялық емес фискалдық саясат, мемлекеттік шығыстар мен салықтар деңгейіндегі өзгерістерде, өздігінен (автоматты түрде) тұрақтылық орнағанда болады. Қол жеткізілген тұрақтылық, шын мәнісінде қарапайым салық жүйесінің, таза ұлттық өнімнің (ТҰӨ) көлемінің өсуі бойынша, барлық салықтар салық түсіруді қамтамасыз етуі үшін енгізіледі. Себебі – таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көлемінің өсуі бойынша, барлық салықтар салық түсімінің өсімін береді. Мәселен, жеке табысқа салынатын салық таза ұлттық өнімнің (ТҰӨ) өсу шегі бойынша прогрессивті ставкалармен салынады. ТҰӨ-нің өсуі және өндіріс құралдарын сатып алудың көбеюімен салықтардан корпорацияларға түсетін табыстар, айналымнан түсетін салықтар, акцизден және халықтың еңбек ақысы да өседі.

Бұған керісінше, таза ұлттық табыстың (ТҰТ) төмендеуі жағдайында, осы көздердің барлығынан түсетін салық түсімдері де төмендейді. Мемлекеттің трансферттік төлемдері (жұмыссыздықбойынша жәрдемақы, кедейшілік бойынша жәрдемақы, фермерлерге субсидиялар және т.б.) тікелей қарама-қайшылықтарға ие болады.

Экономикалық цикл барысындағы фискалдық саясат – жұмыссыздық пен инфляцияны жою мақсатын көздейді. Құлдырау кезеңінде ынталандырушы фискалдық саясат мына шараларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік шығыстардың көбеюі немесе 2) салықтардың төмендеуі немесе 3) есептік 1 мен 2-нің қосымшасы.бұл – құлдырау немесе тоқырау кезеңіндегі фискалдық саясаттың бюджет тапшылығына бағытталуы тиіс.

Оған керісінше, егер инфляция себебінен артық сұраныс пайда болса, онда ұстамды фискалдық саясат болады. Ұстамды фискалдық саясат негізі: 1) үкіметтік шығыстарды азайту немесе 2) салықтарды көбейту немесе 3) 1 мен 2-нің үйлесуі. Фискалдық саясат бюджеттің оңды сальдосына бағдарлануы тиіс.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) тек қана мемлекеттік шығыстар мен салықтар арасындағы айырмашылықтарға, яғни тапшылық көлеміне ғана емес, сонымен бірге бюджеттің абсолюттік көлеміне де тікелей қатысты.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных